Кәсіпорынның бас жоспары

Жаңа жоба немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта құру жобасын жасау кезінде құрылыс үшін соғу алаңын қарастыру қажет. Территорияның өлшемдері барлық керекті ғимараттар мен құрылыстарды, теміржол және автомобиль жолдарын орналастыруға, сонымен қатар кәсіпорын болашақта үлкеюін қамтамасыз ете алатындай болу керек. Кәсіпорын территориясына басқа ғимараттар қоюға болмайды. Құрылыс алаңын батпақты жерде, көктемгі еру кезінде су астында қалатын және иілу бұрышы үлкен жерлерге орналастыру рұқсат етілмейді. Жауын – шашын және басқа да суларды шығару үшін алаңның иілу бұрышы 0,001-0,003 жеткілікті. Жер асты сулары жер асты қондырғылардың орналасу тереңдігінен төмен болуы керек. Автомобиль және темір жолдарына, инженерлік желілерге энерго- және су желілеріне, кәріздерге жақын орналасуын қарастыру керек. Құрылыс алаңын нан зауыты, макарон фабрикасы, кұрама жем заводтарының және т.с.с. жанында дәнді, дайын өнімді, қалдықтарды және басқа да қосымша өнімдерді жүйелі қолдану мақсатында орналастыру керек. Өндіріс алаңын таңдағаннан кейін негізгі және қосымша ғимараттарды, шеберханалар мен басқа ғимараттарды, яғни бас жобаның негізі болатын құрылыстарды алдын – ала орналастырады.

Бас жоспарды құру кезінде келесі талаптарды орындау керек: жерді орнықты пайдалану; нәтижесінде негізгі және қосымша өндірістерді нығыздайтын етіп өндіріс ғимараттар мен құрылыстарды үлкейту; алаң ішілік темір жолдарын максималды түрде қолдану керек; жүк ағынының алаң ішілік сұлбаларын және жүк автомобильдерінің территория бойымен қозғалу сұлбаларын максималды түрде қысқарту керек; негізгі өндірістік ғимараттарды орналастыру технологиялық процесстердің өтуінің талаптарына және қарама – қарсы келетін жүктік ағындардың болмауын қамтамасыз ету; территорияны нақты өндірістік, қоймалық, темір жолдар және қосымша алаңдарына бөлу.

Негізгі өндірістік ғимараттарды санитарлы – қорғау талаптарына сай тұрғын үйлерге қатысты ық жаққа орналастырады. Тұрғын үй мен өндірістік аймақтың санитарлы айымашылығы 100 м болуы керек. Бірақ қондырғылардың шуының жоғары болуына байланысты ұн және құрама жем зауыттарын тұрғын үйлерін 150 м қашықтықта орнатады. Санитарлы – қорғау аймағы әкімшлік мағызы бар ғимараттар, көгалдандыру және дем алу алаңдары үшін қолданылуы мүмкін.

Ұн және құрама жем зауыттарының жанында химиялық кәсіпорындар және ветеринарлық емханалар орналасуына рұқсат етілмейді. Территорияда ғимараттарды табиғи жарықты қолдану мүмкіншілігі жоғары және цехтердің аэрациясы дұрыс жүретіндей етіп соғады. Ғимараттар мен құрылыстардың арақышықтары санитарлы және өрт қауіпсіздік нормаларға сай болуы керек. Қоймалар, қосымша цехтерді және энергетикалық құрылыстарды негізгі ғимараттарға жақын орналастырады. Элеватордың жұмыс мұнарасынан ұн зауытына дейін – 12 м; ұн зауытынан қосымша құрылыстардың корпусына дейін – 25 м

Темір жолдарын өндірістік ғимараттың сыртында жобалаған дұрыс, ол ішкі автомобиль жолдарымен қиылыспай дәнді қабылдау мен жіберу жұмыстарын жеңілдетіп жылдамдатады. Ішкі территорияның жүру жолын сақина түрінде жасап, асфальтпен қаптау керек. Автомобиль жолдарының енін дайын өнім қоймасының жанында 20 м, қалған бөліктерде 6,5 м етіп қабылдайды.

Инженерлік желілер, кәріз, силостық кабельдерді, жылу трассасының линиясын автомобиль және темір жол жүретін жолдардан алшақ және ғимараттар астында болмайтындай етіп өткізеді. Ғимарат пен су құбырларына дейінгі арақашықтық 5 м, кәріз үшін 3 м болуы керек. Трансформаторлы станцияны негізгі өндірістік ғимаратта, қазандықтарды өндірістік цехтерге жақын етіп орналастырған жөн.

Өрт қауіпсіздігі нормаларының талаптарына сай ғимараттар арасында арақашықтықты өрт сөндіру машинасы сиятындай етіп және бұл машиналар темір жолдарын кеспейтіндей етіп өтуі керек, сонымен қатар өрт сөндіру гидранттары 50 – 100 м қашықтықта сақинала түрде немесе көлемі 250 – 500 м3 болатын үш сағаттық сумен қамтамасыз ететін қосымша сыйымдылықтар орнатылу керек.

Жоғары өрт қауіпті құрылыстарды басқа ғимраттарға қарағанда желді беттен орнатқан дұрыс. Резервуарлар мен жақын ғимараттар арақашықтығы 25 м кем болмауы керек. Кәсіпорын территориясын дарбазамен қоршайды. Кем дегенде екі – негізгі және қосымша кіру дарбазалары, ал шығу дарбазасы тікелей басты жолға болуы керек.

Бас жоспар келесі экономикалық көрсеткіштермен сипатталады. Солардың ішіне аймақтардың алаңын, ғимараттарды салу тығыздығы және бөлек құрылыстың саны кіреді. Бас жоспардағы ғимараттар мен құрылыстардың орналасу тиімділігін технико экономикалық көрсеткіштері арқылы анықтайды.

Кәсіпорын территориясындағы пайдалану үнемділігін анықтау үшін құрылыс коэффициентін анықтайды.

кәсіпорынның бас жоспары - student2.ru (1)

Мұндағы,

∑Ff – ғимараттың ауданының қосындысы;

Fж – жалпы аудан;

Астық қабылдау және өңдеу өндірістеріндегі құрылыс коэффициенті 42 – 44% болуы керек. Территорияның ұзындығының оның еніне қатынасы 3 - тен артық болмайды.

Көгалдандыру коэффициенті

кәсіпорынның бас жоспары - student2.ru (2)

Мұндағы,

∑Fк – территориядағы барлық көгалдандырылған аудандарының қосындысы;

Fж – жалпы территория.

Наши рекомендации