Азақстан Республикасның сайлау құқығының түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері
Дүние жүзі мемлекеттерінде сайлау жүйесінің тепе-тең және мажорлық екі жүесі бар.Қазақстанда мажорлық сайлау жүйесі қабылданған. Бұл орайда мажорлық жүйеде, 1) егер оларға сайлаушылар тізіміне енгізілген бірінші тур сияқты, екінші турда да азаматтардың 50 проценттен астамы қатысса, сайлау өткен болып есептеледі; 2) егер кандидатқа берілген дауыстар саны дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының 50 процентінен асса, ол сайланған болып есептеледі.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі деп Қазақстан Республикасы Конституциясының және Президенттің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығында көзделгендей Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының депутаттарын, Мәслихат депутаттарын Қазақстан Республикасының азаматтары тікелей де, сондай-ақ жанама да сайлайтын сайлау тәртібі түсініледі. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау құқығы халықтық егемендіктің бір көрінісі болып табылады, өйткені оларды пайдалана отырып, азаматтар мемлекеттің жоғары өкілді органдарын қалыптастырады. Президент пен Парламент депутаттарын сайлау кезінде дауыс беруді есептеудің мынадай жүйесі қолданылады: 1) егер дауыс беруге сайлаушылардың не Парламент Сенаттың депутаттарын сайлаған кезде тандаушылардың елу проценттен астамы қатысса, сайлау өткен деп есептеледі; 2) дауыс берудің бірінші турында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) елу проценттен астам дауысын жинаған; басқа кандидатпен салыстырғанда кайтадан түскен кезде сайлаушылардын (тандаушылардың) елу проценттен астамы болуға тиіс дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) көп санын алған; бір ғана кандидат дауысқа түскенде қайтадан дауыс беру кезінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылар (таңдаушылар) санының елу проценттен астам дауысын жинаса, ол кандидат сайланған болып есептеледі.Мәслихат депутаттарын сайлаған кезде дауыстарды есептеудің мынадай жүйесі қолданылады:1) егер дауыс беруге сайлаушылардың елу проценттен астамы қатысса сайлау өткен болып есептеледі; 2) егер оның кандидатурасына дауыс беруге қатыскан сайлаушылардың елу проценттен астамы қатысса, ал қайтадан дауыс берген кезде – басқа кандидатпен салыстырғанда сайлаушылардың елу проценттен астамы болуға тиісті сайлаушылардың көп санын жинаған кандидат сайланған болып есептеледі; 3) егер сайлауға бір кандидат дауысқа түссе, егер оның кандитатурасына дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде елу проценті қатысса, ол сайланған болып есептеледі. Қазақстан Республикасы сайлау құқығының көздері нормативтік құқықтық актілер болып табылады, оларда Қазақстан Республикасының сайлау органдарын қалыптастыруға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейтін конституциялық-құқықтық актілер болады.
2. Азаматтардың сайлауға қатысу принциптері.Қазақстан Республикасындағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзге асыруына негізделеді.Сайлау құқығы принциптері Қазақстан Республикасының Конституциясымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қырқүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен бекітілген. Ол мынадай принциптер. Жалпыға бірдей сайлау құқығы принципі жынысына, ұлтына, нәсіліне, дінге көзқарасына, әлеуметтік шығу тегіне және тағы басқаларына қарамастан Қазақстан Республикасының белгілі бір жасқа толған барлық азаматы мемлекеттк биліктің сайлау органдарына сайлауға және сайлануға құқығын білдіреді. Жалпыға бірдей сайлау құқығы белсенді сайлау құқығына және бәсең сайлау құқығына бөлінеді. Белсенді сайлау құқығы – ол Республиканың 18 жасқа толған азаматының сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы. Бәсең сайлау құқығы – ол Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы.
3. Сайлау органдары.Қазақстан Республикасындағы сайлауға әзірлік пен оны өткізуді мемлекеттік сайлау органдары ұйымдастырады. Бұл органдар бірыңғай жүйе құрады. Мемлекеттік органдарың бірыңғай жүйесіне: Республиканың Орталығы сайлау комиссиясы; аумақтық сайлау комиссиясы; округтік сайлау комиссиялары; учаскелік сайлау комиссиялары кіреді. Сайлау комиссияларының өкілеттіктерінің мерзімі бес жыл. Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) республиканың сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесін басқарады және тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. ОСК Республика Президентінің ұсынысымен Парламент Мәжілісі қызметке сайлайтын және кызметтен босататын төрағадан, төраға орынбасарларынан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. ОСК төрағасының және хатшысының жоғары заң білімі болуы тиіс. ОСК –на мынадай өкілеттер берілген: Республика аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуын бақылауды жүзеге асырады; осы заңның бірыңғай қолданылуын қамтамасыз етеді; Президент пен Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға әзірлік пен оның өткізілуін ұйымдастырады; Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін құрады; Президент және депутат сайлаулары бойынша дуыс беру үшін бюллетеньдердің, сондай-ақ Президенттікке кандидатты қолдаушы сайлаушылардың қолын жинау, сондай-ақ Сенат депутаттығына кандидатты қолдаушы таратқыштардың қолын жинау үшін қол қойылатын парақтың нысандары мен мәтінін, басқа да сайлау құжаттарын белгілейді; Сайлауды әзірлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебін тыңдауға, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер органдарының сайлау туралы заңдарды сақтауы мәселелері жөніндегі ақпараттарды тыңдауға құқылы; Президенттікке кандидаттарды, оның сенімді өкілдері мен бастамашылық топтарды тіркейді; бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тіркеу туралы хабарларды жариялайды; Президент және Парламент депутаттары сайлауының қорытындысын шығарады, сайланған Президентті және Парламент депутаттарын тіркейді, осы туралы хабарларды жариялайды; Мәслихаттардың кезекті және кезектен тыс сайлауларын шақырады; Қайтадан дауыс беруді және қайтадан сайлау өткізуді тағайындайды және ұйымдастырады; Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлығына бірдей міндетті шешімдер қабылдайды. Аумақтық сайлау комиссиялары 9-дан 15 мүшеге дейін құрамда белгіленген сайлау күнінен жеті күннен кешіктірілмей құрылады. Аумақтық сайлау комиссиясының өкілеттігін шартты түрде екі топқа бөлуге болады: ОСК-ның өкілеттігін қамтамасыз етумен байланысты топ. Оған, атап айтқанда, әкімшілік бірлік аумағында сайлау туралы заңдардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, Президент, Парламент және мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелері сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету, Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенімді өкілдері мен бастамашылық топтарды тіркеу, пункттерді дауыс беруге әзірлеу, Сенат депуттары сайлауындағы берілген дауыстың нәтижесін шығару және оны ОСК-на беру; мәслихат депутаттары сайлауы бойынша сайлау округтерін құру, сайлау комиссияларын хабарландыру, мәслихат депутаттары сайлауының қорытындысын шығару, Сенат пен мәслихаттың шығып қалған депутаттарының орнына қайтара дауыс беру мен қайтара сайлау өткізуді ұйымдастыру жатады. Аумақтық сайлау комиссияларының ерекше өкілеттігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау да жатады. Олар тиісті әкімшілік бірліктер (қалалар, аудандар) аумағында орналасқан жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау комиссиясның қызметін орындайды. Тиісті әкімдердің шешімдерімен құрамында 9 -15 мүшесі бар округтік сайлау комиссиялары құрылады. Олар сайлау округтерінде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттары сайлауын ұйымдастырып, өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссияларына олардың жүктелген міндеттерді орындауын қамтамасыз ететіндей өкілеттіктер берілген. Олар Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттары сайлауын өткізуді ұйымдастырады, учаскелік сайлау комиссияларының қызметін үйлестіреді, олардың шешімдерін кері қайтарады және тоқтата тұрады; учаскелік сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне түскен өтініштер мен шағымдарды қарайды; Парламент Мәжілісі депутаттығына ұсынылған кандидатураларды, олардың сенімді өкілдері мен бастамашылық топтарды тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді; сайлаушылар тізімінің уақытында және дұрыс жасалуын бақылайды. Учаскелік сайлау комиссиялары құрамында 9-15 адамнан тиісті әкімдердің шешімдерімен құрылады. Олар тиісті сайлау учаскелерінде Прзидент, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлдауын ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз етулері тиіс. Учаскелік сайлау комиссиялары учаскеде сайлау шараларын өткізеді: сайлаушылардың тізімін жасайды, учаскелік комиссиялардың орналасқан жері туралы хабарлайды, сайлаушыларға дауыс беру күнін, уақытын және дауыс беретін орнын хабарлайды, дауыс беруді ұйымдастырады, берілген дауыстың есебін шығарады және дауыс берудің қорытындысын анықтайды, дауыс беруді әзірлеу және ұйымдастыру және басқа мәселелер бойынша түскен өтініштер мен шағымдарды қарайды.
4. Сайлау алдындағы үгіт.Сайлау алдындағы үгіт үшін жағдай жасау сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің демократиялық кепілі болып табылады. Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеумен басталады және сайлау алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша 00 сағатта аяқталады. Қазақстан Республикасының белменді сайлау құқығы бар азаматтары, қоғамдық бірлестіктері сайлау алдындағы үгітті жүргізуге құқылы. Мемлекет қай кандидаттың болсын кедергісіз үгіт жүргізуіне кепілдік береді. Сайлау алдындағы үгіт әртүрлі жолдармен жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары пайдаланылады, сайлау алдындағы жария шаралар (жиналыстар, сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулер, сайлау алдындағы айтыстар мен тартыстар, митингілер, шерулер, демонстрациялар) өткізіледі. Баспа, дыбысжазу және басқа үгітшілік материалдар шығарлады және таратылады.