ЭкономикалыҚ мазмҰны
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1.1Кәсіпкерлік тәуекел
1.2Потенциалды банкрот
КӘСІПОРЫННЫҢ КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІЛІГІ МЕН ПОТЕНЦИЯЛДЫ БАНКРОТТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы
2.2Атырау бекіре балық өсіру зауытының кәсіпкерлік тәуекелін талдау
2.3 Атырау бекіре балық өсіру зауытының потенциялды банкроттылығын талдау
ОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Экономика, гректің «Oikonomia» сөзінен шығатын үй шаруашылығын ұтымды түрде жүргізе білу шеберлігі деген мағынада қолданылатын материялдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесінде адамдар, мекемелер, мемлекеттер арасында пайда болатын қатынастар.
Осыған орай әрбір мемлекет ішкі және сыртқы бағыттағы экономикалық саясатты ұстанады. Ел экономикасының ішкі саясатының ұтымды дамуының бірден бір көзі ЖІӨ көрсеткіштерінің неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ішкі экономика дәрежесі жоғары көрсеткіштерден көрінетін болады. Оған мысал ретінде, ішкі экономикасы жөнінен алдыңғы орынды ұстанған Қытай Халық Республикасы, ең әлемдік экономикалық тұрақтылықты ұстанып келген Америка Құрама Штаттарын соңғы 2014 жылдың көрсеткіштері бойынша ЖІӨ бойынша асып түсіп, қазіргі таңда І орынды иеленіп отыр. Бұл көрсеткіште Қазақстан Республикасы 418 млрд АҚШ долларымен 40 орынды иеленді. Ел экономикасының сыртқы саясатына келетін болсақ, онда елдің импорттық, экспорттық өнімдері, субсидиялар, экономикалық көмек және ең маңыздысы мемлекетаралық валюталық қатынастар. Өйткені валюта қатынастары елдің ішкі экономикасының дамып, жоғарлауына немесе керісінше құлдырып, төмендеуіне үлкен ықпал жасайтын көрсеткіш. Соның ішінде әлемдік нарықта қолданыста жүрген доллар мен евроның көрсеткіштерінің күрт өзгерістерге ұшырауын, қазіргі таңда Республикамызда экономикалық құбылыстардың бірден- бір себебі болып отыр. Мемлекетіміздің экономикалық жандауының басты үлесі мұнай, ал валюталық өзгерістер мұнай бағасының түсуіне, мемлекетіміздің нарығында жүрген тауарлардың, қызмет көрсетулердің бағаларының жоғарлауына ықпалын жасауда.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1.1Кәсіпкерлік тәуекел
Кез-келген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлер міндетті түрде тәуекелдерге барады. Себебі, жалпы экономиканы басқарудың барлық деңгейінде белгілі-бір шешімдерді қабылдау процесі соңғы нәтижелердің белгісізділік жағдайында іске асырылатыны белгілі. Соған байланысты кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрін жүзеге асыру әртүрлі тәуекелдермен тығыз байланысты деп айта аламыз. Экономикалық тұрғыдан алып қарағанда тәуекел – бұл «жоғалту қауіпі», «жоғалту ықтималдылығы» деп түсіндіріледі. Сондықтан да күнделікті өмірде тәуекелді әртүрлі материалдық және моралдық шығындардың пайда болуына әкелетін кейбір қолайсыз жағдайлардың пайда болу ықтималдылығы деп қарастыруға болады.
Кәсіпкерлік тәуекел- өнімдерді тауарларды, қызмет көрсетулерді өндірумен, оларды өткізумен, тауар-ақша және қаржы операцияларымен, коммерциямен байланысты кез келген қызмет түрінде пайда болатын әлеуетті мүмкін қауіптілік, ресурстарды ықтимал жоғалтулар. Ол ресурстардың күтпеген, есептелмеген шығыны ретінде немесе ресурстарды ұтымды пайдалануға есептелген нұсқамен салыстырғандағы табысты ала алмауы ретінде сипатталады.
Кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде оған қатысушы барлық тұлғалар көптеген объективті және субъективті себептерге байланысты әртүрлі тәуекелдерге барады.Тәуекелді белгілі-бір жағдайлардың болуы да, болмауы да мүмкін деп қарастырсақ және осы жағдайлардың біреуі іске асқан кезде кәсіпкерлік қызметке қатысушы тұлғалар мынандай экономикалық нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін:
– оң нәтиже – пайданың көбеюі, шығындардың азаюы немесе белгілі-бір тиімділікке қол жеткізу;
– теріс нәтиже – салынған ақша қаражаттарының жартысын жоғалту, жеткілікті мөлшерде табыс алмау немесе қосымша шығындардың пайда болуы;
– нөлдік нәтиже – кәсіпкерлік келісімге қатысушылардың қаржы-шаруашылық нәтижелерін көрсететін көрсеткіштерге әсер етпеуі.
Кәсіпкерлік тәуекелдердің түрлері
Белгілері | Тәуекелділіктің түрі |
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері бойынша | Өндірістік, коммерциялық, қаржылық |
Көлемі бойынша | Локальды, салалық, мемлекеттік |
Пайда болу табиғаты бойынша | Обьективті, субьективті |
Пайда болу саласы бойынша | Сыртқы, ішкі |
Сақтандыру мүмкіндіктері бойынша | Сақтандырылатын, сақтандырылмайтын |
Сонымен қатар, кәсіпкерлік фирмалардың өздерінің қызметі барысында кездесетін тәуекелділіктің нақты түрлері бар:
- Құқықтық тәуекел заңдық актілердің төмен сапасымен және заңнамадағы кенетті өзгерістерге байланысты;
- Инвестициялық тәуекел технико- экономикалық көрсеткіштердің сапасыз талдаулармен, жоба құнының көзделмеген өсуі, қоршаған орта туралы заңдардың;
- Сақтандырушы тәуекел сақтандыру қорларын құрумен және оны басқарумен, және де жеке мүлікпен, ақшалай қаржатпен, персоналмен байланысты;
- Инновациялық тәуекел осы сферадағы белгісіздіктерден пайда болады, яғни идеяларды ойлап табудан бастап, оны тауарларда немесе технологияларда жүзеге асырып, соңында сәйкес өнімді нарыққа өткізуге дейін.
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері бойынша:
· Өндірістік тәуекел- өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.
· Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.
· Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.
Көлемі бойынша кәсіпкерлік тәуекелдер:
· Локальды тәуекел- жеке фирмалардың тәуекел(компаниялар, бірлестікер, олардың бөлімшелері)
· Салалық тәуекел- саланың мамандануына байланысты тәуекел;
· Мемлекеттік тәуекел- мемлекеттік әлеуметтік саяси жағдайлардың нашарлануымен, инфляцияның өсуімен, төлемсіздік мәселесімен, заңдылықтың орындылмауымен байланысты болады.
Пайда болу табиғаты бойынша:
· Субъективті тәуекел кәсіпкердің жеке тұлғасымен байланысты.Себебі: кәсіпкерлік тәжірбиесінің жеткіліксіздігі, білімнің жеткіліксіздігі, нарықтық тәртіпті бұзуы;
· Обьективті тәуекел ақпараттың жетіспеушілігі, заңдылықтардың, несиелеу жағдайларының, салық салудың, инвестициялаудың және т.б. күтпеген жерден өзгеруімен байланысты;
Пайда болу салалары бойынша:
· Сыртқы тәуекел саясаттағы күтпеген өзгерістермен, өндірістің макро жағдайындағы үлкен аймақтардағы апат жағдайларымен, валютамен және т.б байланысты;
· Ішкі тәуекел кәсіпорынның мамандануымен байланысты тәуекелдер, өндірістік, қаржылық, сақтандыру және т.б
Сақтандыру мүмкіндіктері бойынша:
· Сақтандырылатын тәуекел көрсеткіші сандық анықтама беруге келетін және сақтаныру қаупін өз мойнына алатын ұйымдарды сақтандырумен байланысты;
· Сақтандырылмайтын тәуекелдер сақтандыру мүмкін емес үлкен қомақты қаржыға тәуекел болатын және сақтандыру қаупін өз мойындарына алуға дайын емес жағдайдағы кең көлемді тәуекел;
Кәсіпкерлік тәуекелділіктің төмен немесе жоғары деңгейде болуы кәсіпорынның нақты ішкі сферасында, сондай- ақ сыртқы ортадағы факторлардың әсерінен болады, яғни бәсекелестердің, серіктестердің, мемлекеттік органдардың, жеткізіп берушілердің және т.б іс әрекеттері.
Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне әсер етуші факторлар:
· Салықтар
· Кредиттер
· Бақылаушы органдардың қарым- қатынасы
· Халықтың төмен тұтынушылық сұранысы
· Комуналдық төлемдер
· Ақпаратпен қамтамасыз етілудің төмен деңгейі
· Серіктестердің өз міндеттемелерін дұрыс орындамауы
· Кадр саясатының төмен деңгейде қалыптасуы
· Тасымалдау қызметтерінің төмен деңгейі
Өзінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру кезеңінде шығатын тәуекелдерді анықтап, тәуекелділіктің деңгейіне әсер етуші факторларды анықтап, тәуекел нәтижесінде болатын шығындарды анықтарды анықтағаннан кейін, кәсіпорын алдында сол мүмкін болады- ау деген тәуекелдерді минимизациялау, яғни туекелдің қауіп деңгейін барынша төмендету мақсаты қойылады.
Ең жай және радикалды тәсіл тәуекелділікке бармау.Бұл тәсілді қолдануда кәсіпкерлік ұйым шаруашылық қызметін жүзеге асырудан тәуекелдің үлкен деңгейімен байланысты қызмет түрін немесе қаржылық операцияларды орындаудан бас тартады. Бұл тәукелділіктің нәтижесінде мүмкін жоғалтулардан толықтай қорғайды, бірақ оның есесіне тәуекелділік қызметпен байланысты табысты алуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан бұл тәсіл тек қана ірі, ауқымды, ең жоғарғы, күрделі деңгейдегі тәуекелдерге байланыста қолданылады.
Сондай- ақ, кәсіпкерлік қатынастарға тән тәуекелдерге әсер етудің төмендегідей әдістерін пайдалануға болады:
· серіктестерді таңдау туралы қосымша ақпараттар жинақтау;
· өзін-өзі сақтандыру және кездейсоқ шығындардың орнын жабу үшін ақша қаражаттарын резервке сақтау;
· тәуекелді бөлу (әртараптандыру);
· сақтандыру.
Кәсіпкерлік келісімге қатысушы барлық субъектілер өздерінің тәуекелдерін неғұрлым төмендетуге қызығушылықтары бар. Бірақ олар тәуекелден толығымен қаша алмайды.
Серіктестерді таңдау бойынша қосымша ақпараттар жинақтау тәжірибе жүзінде келесідей шаралардың көмегімен іске асырылуы қажет:
- кәсіпкерлік субъектілерінің ұйымдастырушылық құрылымында міндетті түрде заң бөлімдерінің, аналитикалық бөлімшелердің, болжау, жоспарлау үшін маркетингтік зерттеу қызметтерінің болуы керек;
- баспасөз беттеріндегі және қауіпсіздік бөлімдерінің материалдары негізінде серіктестер бойынша ақпараттарды үнемі қадағалап, бақылап отыру қажет.
Өзін-өзі сақтандыру бұл тәуекелдерді өзіне қабылдау болып табылады және тәуекелмен күрестің салыстырмалы түрде ең арзан әдісі болып саналады. Бұл жағдайда мүмкін болатын шығын ағымдық ақша қаражаттарымен немесе арнайы құрылған резервтердегі қаражаттармен жабылады. Сондықтан да өзін-өзі сақтандыру мүмкіндіктерін пайдалану шектеулі. Осы әдіс негізінен мүмкін болатын шығындар сомасы аз болған жағдайда ғана өзін-өзі ақтайды. Өзін-өзі сақтандыру әдісін пайдаланудың кәсіпкерлік субъектілері үшін келеңсіз жақтарының болатынын да ескерген жөн. Бұл ең алдымен айналым капиталындағы ақша қаражаттарының азаюына әсер етеді. Кездейсоқ пайда болатын шығындардың орнын жабу үшін ақша қаражаттарын резервтендіру бағыты да тәуекелді төмендетудің тиімді құралдарының бірі болып табылғанымен кәсіпкерлік қатынастарға қатысушы тұлғалар мешікті капиталдарының белгілі-бір бөлігін резервте үнемі ұстауы қажет. Яғни, бұл ақша қаражаттары жаңа және тиімді келісімдерді бекіту кезінде пайдаланылмайды, себебі, оларды айналысқа жіберу өте қауіпті дегенді білдіреді.
Кәсіпкерлік келісімге қатысушылар арасында тәуекелдерді бөлу әдісі, яғни кәсіпкерлік субъектілері үшін тәуекелді төмендетудің бір құралы — әртараптандыру әдісі. Әртараптандыру дегеніміз бір-біріне байланысты емес әр түрлі объектілер арасында тәуекелдерді бөлу.
Тәуекелді сақтандыру — бұл белгілі-бір тәуекелдерді сақтандыру компаниясына беру.
2.2 Потенциялды банкрот
Банкроттық нарык шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімімен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының "Банкроттык туралы" 23.02.06. Заңына сәйкес, карызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын және еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялык кызметгі каржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз кұрылымына байланысты ұғымдар кіреді.
Баланстың канағаттанғысыз кұрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктін жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылык механизімінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатынын тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:
- экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
- инфляцияның аса жоғары деңгейі;
- фирманың құнды кағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
- бәсекелестің жоғары деңгейі және сонын нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі.
2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
- жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс төлемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
- өндіріс көлемінің төмендеуі;
- ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
- аяқталмаған жоғары шығындар;
- өнімнің төменгі рентабельділігі;
- өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
- үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
- ескі басқарма басшыларының нарықты кұруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық,бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.
Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін,сондықтан нарықтық экономикасы дамыған дамыған елдерде,оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі қалыптасқан.
Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
- банкроттықты құқықтық реттеу;
- кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік - әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамассыз етілуі;
- перспективалы тауар өндірушілерді қолдау максатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;
- қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;
- банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
- кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.
Қазақстан Республикасының «Банкроттык жайында» Заңына сәйкес, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде кабылданады. Банкроттық, борышкердің сотқа жазган өтініші бойынша ерікті тұрде немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал еріксіз түрде, кредиторлардың немесе "Банкроттық жайында» Заңымен өкілет берген тұлғалардың өтініші негізінде жасалады.
Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып борышкердің төлеу кабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің міндеттемелерін 3 ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жок деп саналады.