Кәсіпорынның айналым капиталының мөлшері
Кәсіпорынның айналым капиталы құрылымын білу өте маңызды, өйткені ол белгілі бір мөлшерде, сол уақыттағы немесе басқа уақыттағы кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын көрсетеді. Мысалы, дебиторлық қарыздың шектен тыс өсуі, қоймадағы дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің өсуі кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуін көрсетеді. Дебиторлық қарыз айналымнан құралдарды алып, оны өз айналымында қарыз дебиторлар қолданады. Аяқталмаған өндіріс көлемінің, қоймадағы дайын өнім көлемінің ұлғаюы айналымнан құралдардың алынғанын, сату көлемінің төмендегенін көрсетеді.
Айналым қаражатының жалпы нормативі жеке нормативтер сомаларынан тұрады:
Н жалпы=Нөқ+Наө+Ндө+Нбш (9)
Мұндағы:
Нөқ-өндірістік қорлар нормативі;
Наө-аяқталмаған өндіріс нормативі;
Ндө-дайын өнім нормативі;
Нбш-болашақ шығындар нормативі
Өндірістік запастардың негізгі элементтері бойынша, ақша нысанындағы, айналым құралдарының мөлшері мына формуламен есептеледі:
Д=Т+С+М+Ф+П. (10)
Айналым капиталының орташа запас мөлшері (Д), біртекті немесе әр түрлі материалдар үшін ағымдағы уақытты (Т), сақтандыру (С), транспорттық (М), технологиялық (Ф) запастар, және жеткізу, түсіру, қоймаға апару (П).
Айналым капиталының орташа запас мөлшері Д=Т+С+М+Ф+П |
біртекті немесе әр түрлі материалдар үшін ағымдағы уақытты (Т) |
сақтандыру (С) |
транспорттық (М) |
Технологиялық(Ф) |
запастар, және жеткізу, түсіру, қоймаға апару (П) |
*Ағымдағы қор. Өндірісті материалдық ресурстармен қамтамасыз етуге арналған.
ТЗ = Рсут * Ип (11)
Мұндағы: Рсут – материалдық ресурстардың орташа тәуліктік шығыны.
Ип – тасымал арасындағы интервал (күн)
Сақтандыру қоры. Материалмен жабдықтау уақыты жабдықтаушылар тарапынан бұзылған жағдайда құрылады:
СЗ = ТЗ* 0,5 (12)
*Көлік қоры. Жабдықтау уақытының бұзылуы көлік ұйымымен байланысты болған жағдайда құрылады. Нақты көрсеткіш сақтандыру қорына сәйкес анықталынады.
Қкөл=Қмо*Қкүн (13)
Қмо – материалдардың орташа тәуліктік қажеттілігі;
Қкүн-жүк айналымы мен құжат айналымының арасындағы күндер саны.
Қмо=Нш*q/Тн (14)
Нш-шығын нормасы, көлем, Тн-360
*Технологилық қор. Материалдық құндылықтар технологиялық процесс талаптарына жауап бермеген жағдайда құрылады.
Тех з = (ТЗ + СЗ + ТРз) * Ктех (15)
Мұндағы: Ктех – технологиялық қор коэффициенті.
Кәсіпорынның айналым капиалының құрылымы әр түрлі себептерге байланысты үнемі өзгеріп отырады.
Айналым капиталының мөлшері, әрқашан кәсіпорынның жұмысына қажетті, олардың минимальді есепті сомасын құрайды. Шикі заттың фактілі запастары, ақша қаражаттары және т.б. мөлшерден жоғары немесе төмен немесе оған сәйкес болуы - бұл ағымдағы қаржылық қызметтің ең өзгергіш көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Айналым капиталының мөлшерінің толмауы өндірістің қысқаруына, өндірістік программанның және өнімді өткізудің орындалмауына әкеп соқтырады.
Мөлшерден көп запастар айналымнан ақша қаражаттарын бөледі, материалды-техникалық жабдықтардың жетіспеушілігін көрсетеді, Өнімді өткізу мен өндіріс процесінің ритмсіздігін көрсетеді. Бұл ресурстарды тиімсіз немесе жеткіліксіз пайдалануға әкеледі.
Қаржыландыру көздеріне байланысты айналым капиталы жеке және заемды айналым капиталы болып бөлінеді.
Кәсіпорын айналымында жеке және заемды айналым капиталының болуы ұйымның өндірістік процесінің ерекшелігі ретінде қарастыруға болады. Әрқашанда өндіріс қажеттіліктерін қаржыландырудың минимальді сомасы жеке айналым қорларымен қамтамасыз етіледі. Кәсіпорынның ішкі және сырқы факторладың әсерінен болатын қажеттіліктер кредиттермен жабылады.
Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеп соқтырады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражаттарының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді. Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынның сметасымен үйлестіру қажет.