Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері
Адамзат қоғамының өмір сүруінің алғы шарты еңбек. Еңбек дегеніміз адамдардың өмір сүруі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек қатынастары дегеніміз тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.
Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті,жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын және онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу.
Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек саласындағы материалды және рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады.
Еңбек құқығы әдісі еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшеліктерінің барынша жалпылама көрінісі. Еңбек құқығының әдісі құқықтық реттеу қандай тәсілмен жүзеге асырылдаы деген сауалға жауап береді. Еңбек құқығ әдістері құқықтық нормалардан көрініс табады. Еңбек құқығы әдістерін мынадай белгілермен: а.еңбектік құқықтық қатынастар және солардың негізінде туындайтын басқа да қатынастарды реттейтін императивтңк және диспозитивтік нормалардың қосындысымен; б.еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті және шартты әдістердің қосындысымен; в.әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстра отырып, қоғамдық қатынастарды реттеуде әлеуметтік әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен; г.жалдамалы еңбекті реттеудің даралығы мен саралап жіктелінуі; д. Еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітуімен сиптталады.
Ажетті қорғану және аса қажеттілік
Кейбір кезде қылмыс жасалған кезде, сол қылмыстың құрамы, оның қоғамдық қауіптілігі сияқты белгісі бола отырса да, іс қимыл қылмыс болып табылмайтын мән жайлар болады. ондай мән жайларға қажетті қорғану; қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру; аса қажеттілік
Жедел іздестіру шараларын жүзеге асыру; орынды тәуекел ету; күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немесе өкімді орындау;
Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғаеушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.
Барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.
Адам өміріне қол сұғушыға не қаруды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезінде адамға зиян келтіру қажетті қорғаныс шегінен шығу болып табылмайды.
Аса қажеттілік
Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа адамдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе қылмыс болып танылмайды.
Құқық қорғау мүдделеріне алды алынғанға тең немесе одан гөрі елеулі зиян келтірілген, төнген қатердің сипаты мен дәрежесіне және қатер жойылған жағдайда көрінеу сәйкес келмейтін зиян келтіру аса қажеттілік шегінен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана жауптылыққа әкеп соғады.