Аудиторлық елеулілік АХС 320
Елеулі белгілерді бағалау кәсіби пікірдің мазмұның білдіреді. Тексерудің жоспарын жасау барысында аудитор сандық қатынастағы елеулі бұрмаларды анықтау мақсатында елеуліктің қолайлы деңгейін белгілейді. Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктін арасында кері байланыс болады, яғни елеуліктін деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын аудиторлық тәуекелдіктің деңгейі соғұрлым төмен немесе осыған керісінше болады. Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктің арасындағы кері байланысы аудитор аудиторлық процедураның сипатын, орындалу мерзімін және көлемін анықтау барысында назарға алады (ХАС 320 «Аудиттегі елеулік»).
ХАС 320 - Аудиттегі елеулілік. Бұларда тиісті жоспарлау процесі, клиент қызметінің бағыты мен сипатын аудитордың түсіну маңыздылығы, аудиттегі елеулілік тұжырымдамасының баяндалуы, елеулілік пен аудиторлық тәуекелдіктің өзара байланысы, аудиторлық тексерулерді жоспарлау мен өткізу және олардын нәтижелерін бағалау барысындағы елеулілік ұғымының қолданылуы сипатталады.
Аудиторлық тәуекел
Аудиторлық тәуекелдіктің мағынасын былай түсіндіруге болады: аудитор қаржылық есептілік дұрыс жасалған деген қорытындыға келеді, осының негізінде аудиторлық қорытындыға пікір-ескертпе айтылмайды, яғни пікірдің шынайылығына күмән келтірмейді, ал шындығына келгенде – қаржылық есептіліктің елеулі ақауы болады. табылады. Аудиторлық тәуекелділікті бағалаудың негізгі екі әдісі бөліп көрсетіледі:
а) бағалаушылық (интуициялық, яғни түйсіктік);
ә) сандық.
1. Қолайлы аудиторлық тәуекелділік-аудит аяқталғаннан кейін қаржылық есептемеде елеулі қателіктердің барын және стандартты аудиторолық пікір-ескертпесіз (пікірдің шынайылығына күмән келтірмейді) білдірілгенін аудитор мойындауға әзірлік шарасы.
2. Шаруашылық ішіндегі тәуекелділік – сегментте қателіктің барын және бұл қателіктің шаруашылық ішіндегі бақылау жүйесінің тексеруінде рұқсат етілген деңгейдегі шаманы тыс (артық) екенің аудитордың болжау шарасы.
3.Бақылау тәуекелдігі-сегменттегі шамадан тыс қателік клиенттің шаруашылық ішіндегі бақылау жүйесіндетабылмайтын және жойылмайтыны аудитордың болжау шарасы.
АХС 530
ХАС 530 Аудиторлық сұрыптау және іріктемелік тестілеудің басқа процедуралары. Сұрыптауды жүргізу, іріктеулерді жіктеу және қателіктерді экстрополяциялау бойынша ұсыныстар беріліп, факторлары анықталады.
АХС 230 Аудиторлық құжаттама
ХАС 230 Құжаттау – аудитор жасайтын немесе алатын жұмыс қаражаттарының типтік формалары мен мазмұны туралы мәлімет келтірілген. Жұмыс қаражаттарының тиістілігімен сақталу мәселелері ашып көрсетілген. Құпиялықты сақтау. Өзінің практикалық қызметінде аудитор клиенттің құпиялығы бар құжаттарын оның арнайы рұқсатынсыз ашпайды. Біздің шындық өмірімізде, егер ақпарат тек аудиторға қарсы шағымдану болған кезде оның өзін-өзі қорғау мақсатында жария етілген болса, онда аудитордың клиентен рұқсат алуға міндетті еместігі өте қисынды.
Жұмыс құжаттарын сақтау. Аудитордың жұмыс құжаттарын қанша уақыт сақтауға болатындығы жөніндегі сұраққа ресми жауап нормативтік-құқықтық актілерде немесе қандай да бір ресми құжаттарда жоқ. Көптеген аудиторлар, егер олар сот процессіне шақырылған жағдайда, өздерінің жұмыс құжаттарының болғанын дұрыс көреді. Жұмыс құжаттары "ескерту" қызметін атқарады. Сонымен бірге жұмыс құжаттарын шексіз уақыт сақтау жалпы алғанда қымбат, әрі оның керегі де жоқ. Жұмыс құжаттарының екі жағының да жүзі бар қылыш болуы мүмкін екендігін ескеру керек. Бір жағынан құжаттар, аудитордың кәсіби стандарттарға сәйкес әрекет жасағандығын растайтын дәлелдеулер береді. Басқа жағынан қарағанда кінәліні қорғаушы жақ аудитордың жұмысына сенімсіздік тудыруға әрдайым әрекет жасайды, яғни жұмыс құжаттарын пайдаланады және аудиторға қарсы пайдаланылуы мүмкін сәйкессіздіктерді немесе дұрыс емес жәйттерді табуы мүмкін.
АХС 240
ХАС 240 қаржылық есеп беру аудитінің барысында алаяқтық пен қателіктерді қарастырудағы аудитордың жауапкершілігі - «өтірік» және «қате» ұғымдарын анықтайды, кәсіпорын басшысының өтірік пен қатені ескертудегі жауапкершілігін белгілейді. Аудитор өтіріктің немесе қателіктердің нәтижесінде пайда болатын материалдық (елеулі) үнемдеуді анықтау мүмкіндіктерін ескеріп, аудитті жоспарлауы керек. Өтіріктер немесе қателіктер туралы куәландыратын мәліметтерді алған жағдайда аудиторға әрекет ету ұсынылады. Стандарттардың қосымшасында өтірік немесе қателіктердің тәуекелділігін арттыратын жағдайлар немесе оқиғаларға мысалдар келтірілген.
АХС 300 Жоспарлау
Жоспарлау» (300-399) деп аталатын үшінші бөлімде үш стандарт келтірілген: ХАС 300 - Жоспарлау, ХАС 310 - Бизнес білімі, ХАС 320 - Аудиттегі елеулілік. Бұларда тиісті жоспарлау процесі, клиент қызметінің бағыты мен сипатын аудитордың түсіну маңыздылығы, аудиттегі елеулілік тұжырымдамасының баяндалуы, елеулілік пен аудиторлық тәуекелдіктің өзара байланысы, аудиторлық тексерулерді жоспарлау мен өткізу және олардын нәтижелерін бағалау барысындағы елеулілік ұғымының қолданылуы сипатталады.