Нарық экономикасын мемлекеттік реттеу
Қазіргі заманғы нарық экономикасының жағдайында бірнеше қызметті алып жүретін мемлекетсіз іс жүргізу мүмкін емес. Рыноктың өзінің атаулы сипатына қарамастан, қоғам алдында тұрған міндеттерді шешуге қабілетті, жақсы қалыптасқан тетіктері бар. Бұл бірақ, мемлекет атқаруға тиісті рөлді теріске шығармайды. Нарық экономикасын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі бірде-бір кәсіпкер шешуге қабілетті емес, сондай проблемалардың пайда болуымен байланысты: қорщаған ортаның ластануы, жаппай жұмыссыздық, инфляция, кезеңдік толқулар және т.б.
Мемлекеттік реттеудің мақсаты, мемлекеттің барлық экономикалық саясаты тәрізді, үш деңгейге бөлінеді. Жоғары мақсаты: ьарлық қоғамның ең жоғары игі жағдайына жету. Екінші деңгей – негізгі мақсаттар тобы: қоғамның еркін дамуы және құқықтық тәртіп. Үшінші деңгей – қолданбалы мақсаттар: экономикалық өсу, жұмыспен толық қамтылу, бағаның тұрақты деңгейі, ұлттық валютаның тұрақтылығы және сыртқы экономикалық тепе-теңдік.
Мемлекеттің экономикадағы рөлі оның қызметінде нақтыланады. Бұл қызметтер айтарлықтай көпжақты, оның ішінде ең маңыздысы мыналар:
1. Экономиканың құқықтық негіздерін дайындау және бекіту, яғни, мемлекет парламент пен үкіметтік құрылымдар негізінде кәсіпорындар мен рыноктағы тұрғындар арасындағы «ойын ережесін» анықтайды.
2. Макроэкономикалық дамудың басымдылығын анықтау, яғни, мемлекет бүгінгі күні ел үшін не маңызды, ол қанша ресурстарды қажет ететінін, қайтарымы қаншалықты тез болатынын, қабылданған щещімдердің әлеуметтік, экологиялық, микрошаруашылықтық нәтижелері қандай болатынын анықтайды.
3. Әлеуметтік құндылықтарды орындау, негізгі өтетін жері үдерісті салық салу болып табылатын жеке табыстарға салық салу, табыстарды қайта бөлу және трансферттік төлем жүйесін жүзеге асыру.
4. Қоғамдық игіліктерді өндіру, өйткені, рынок кейбір жағдайда қорғаныс мақсатындағы тауарларды өндіруді қамтамасыз етуге қабілетсіз болған кейбір жағдайда, құқық қорғау органдарын, жол құрылысын және т.б. дамыту.
5. Сыртқы әсерлерге өтемақы. Сыртқы әсерлер (экстерналдық) деп игілікті өндіру мен пайдалануға байланысты, ол осы рыноктық мәміленің қатысушысы емес, адамның үлесіне тиген пайда мен шығындар аталады.
6. Трансакциялық шығындарды азайту. Трансакциялық шығындар – бұлар өндіріспен емес, оған ілеспелі шығындармен байланысты (баға туралы ақпараттарды іздеуге, әріптесті таңдаудағы, шартқа отырудағы, меншіін қорғаудағы және т.б. шығындар).
7. Экономикалық қызметті реттеу: экономикалық өсуді ынталандыру қызметі мен тұрақтандыру қызметі.
Батыстың «Экономикс» оқулығында бұл барлық қызметтер үш жаһандық қызметтерге түйіндестірілген – тиімділік (мемлекет өндірістің тиімді қызмет етуіне жағдай жасауы тиісті); әділдік (салық арқылы табыстарды қайта бөлу, қарт, еңбекке жарамсыз адамдарды қолдау және т.б., еңбек рыногын реттеу, жұмыссыздарды материалдық қамтамасыз ету, ең төмен еңбекақының деңгейін ьелгілеу); тұрақтылық ( тұрақтылықты қолдау, экономикалық жағдаяттың ауытқуын жұмсарту).
Мемлекеттік реттеудің құралдары:
1. Құқықтық реттеушілер.
2. Әкімшілік реттеушілер.
3. Экономикалық реттеушілер (тура және жанама).
4. Институциялық реттеушілер.
Институционалдандырудың пайда болуы мыналар болып табылады:
- мемлекет өкіметінің атқарушы құрылымының қалыптасуы;
- мемлекеттік меншік объектілерін құру және сақтау;
- экономикалық бағдарламалар мен экономикалық болжауды әзірлеу;
- экономика бойынша зерттеу орталықтарын, экономика ақпараттары институтын, өнеркәсіптік-сауда палатасын, әр түрлі экономикалық кеңес пен одақтарды қолдау;
- Кеңесшілердің, консультанттардың, экономика проблемелары бойынша сарапшылар кеңесі институтының қызметін қамтамасыз ету;
- кәсіпкерлер мен кәсіптік одақтарды құқықтық және ақпарттық қолдау, өзара іс-қимылдың ұтымды нысаны;
- экономикалық бірігуге қатысу, экономика мәселелері бойынша халықаралық кездесулерді ұйымдастыру.
Мемлекеттік реттеудің әдістері тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелейге - әкімшілік-құқықтық реттеу,қоғам өмірінің маңызды аясын басқару, мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік инвестициялар және мемлекеттік тапсырулар. Жанамаға – қаржылық саясат, кредиттік-қаржылық саясат, инвестициялық саясат, әлеуметтік саясат, сыртқы экономикалық саясат жатады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу моделі нысанында мынаны келтіруге болады:
1. Экономикалық тиімді мемлекет (америкалық тәжірибе). Американдық мемлекеттің тиімділігі ұлттық экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көрінеді. Мемлекеттің экономикалық рөлі ұлттық экономика қызметінің сыртқы және ішкі жағдайларын қамтамасыз етуге қатысу деңгейінде байқалады. Сонымен бірге, шаруашылық заңы шеңберінде кәсіпкерліктің кез келген түрінің тиімді қызмет етуі үшін елде мүмкіндік сақталған жағдайда ғана мемлекет экономикалық тиімді деп саналады. Мемлекет «ойын ережесінің» кепілі болып көрінеді, рынок пен бәсекелестіктің кепілдемесі болады және бұл жағында ол рыноктык қағида тәртібіне кірігеді.
2. Француздық индикативтік жоспарлау. Францияда индикативтік жоспарлар макрореттеу құралының ішіндегі бірден-бір сипатты нысаны ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Индикативтік жоспарлау жүйесі халық шаруашылығындағы мемлекеттік меншіктің жоғары үлесіне сүйенеді. Жоспарлау «төменнен» бекітіледі және кеңесу мен келісуге негізделеді, өйткені, ол әр түрлі «топтар мүдделері» өкілдерінің тең құқықтағы қатынасуын қосады: мемлекеттік қызметкерлерді, кәсіпкерлерді, кәсіподақтарды, тұтынушылар одағын және т.б. Көп сатылы итерация нәтижесінде туындайтын жоспар мен барлық қатысушылар оның өткізілуіне мүдделі бәтуаластықта өте сирек «жоспарлаудың демократиялық жүйесі» жүзеге асады.
3. Швед моделі ұлттық табыстың елеулі бөлігінен аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қамтамасыз ету пайдасына қайта бөлу арқылы елеулі мүліктік теңсіздікті жұмсартуға бағытталған күшті әлеуметтік саясатпен ерекшеленеді. Мемлекеттің рөлі меншіктің шағын үлесіне ие бола отырып, оның ЖҰӨ-нің елеулі бөлігін әлеуметтік қажеттіктерге жұмсауымен болуы анықталады. Мұндай модельдің қызмет етуі салық салудың тек жоғары мөлшері жағдайында ғана болуы мүмкін.
Өтпелі экономикада мемлекеттік реттеу мынаған бағытталуы керек:
- макроэкономикалық тұрақтандыру;
- меншікті мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру;
- рыноктық инфрақұрылымды қалыптастыру;
- экономика құрылымын қайта құру;
- экономиканы монополиядан айыру және бәсекелестікті қолдау;
- тұрғындарды экономикалық қорғаудың мекен-жайлық жүйесіне көшу;
- сыртқы экономикалық қызметті ырықтандыру.
Бұл міндеттерді шешу рыноктық қатынастардың қалыптасуына көмектесетін, оны тікелей және жанама реттеуге көмек беретін, жаңа заңдық-нормативтік актілерді дайындау мен жүргізуге негізделген.
Қазіргі заманғы Қазақстан жағдайында экономиканы басқарудағы мемлекет рөлінің белсенділігін арттыру маңызды мәнге ие болды. Мемлекеттің басымды мақсаты елдің дамуының «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында көрсетілген:
1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның нығаюы.
3. Экономикадағы жоғары деңгейдегі шетел инвестициясы мен ішкі жинақтар салымының ашық рынокқа негізделген экономикалық өсу.
4. Өмірдің, денсаулықтың, білім берудің, экологиялық орта жағдайларының жақсаруы.
5. Энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану.
6. Инфрақұрылымды, әсіресе, транспорт пен байланысты дамыту.
Кәсіби мемлекетті құру.