Жедел және қаржылық лизинг
Лизинг –бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-сатыққа жəне қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты..
Қаржыландыру типі бойынша жедел жəне жаңартылатын лизинг болып бөлінеді: • жедел, бұл кезде мүлікті бір реттік жалға беру орын алады.Жедел лизингті жартылай сатып алынатын, толық сатып алынатын қаржы лизингі деп екі типке бөлуге болады.Жедел лизинг мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оныңпайдалану мерзімінің қысқалығымен, мүліктің құнын толықөтемеуімен сипатталады.Жедел лизинг рейтинг (1 күннен 1 жыл мерзімге) жəне хайринг (1 жылдан 3 жылға дейін) болып екіге бөлінеді. Жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін мүлік иесіне қайтарылады. • жаңартылатын (револьверлік), бұл кезде бірінші мерзім өткеннен кейін лизинг келісімшарты келесі кезеңге ұзартылады. Осы кезде лизинг объектілері белгілі уақыттан кейін тозуға жəне лизинг берушінің қалауына тəуелді аса жетілдірілген түрлерге өзгереді. Лизинг алушы өзіне құрал-жабдықты ауыстыру бойынша шығындарды алады. Жаңартылатын лизинг бойынша лизинг объектілерінің көлемі мен оларды пайдалану мерзімдері тараптармен алдын ала келісілмейді.Жаңартылатын лизингтің түрі лизинг алушыға жаңа келісім-шарттарды жасамай жалға алынатын құрал-жабдықтың тізімін толықтыруға мүмкіндік беретін бас лизинг болып табылады. Бұл үздіксіз өндірістік циклмен байланысты кəсіпорындар үшін жəне серіктестермен қатаң келісімшарттық кооперация кезінде маңызды болады. Бас лизинг жедел жеткізу немесе лизинг бойынша алынған болады. Бас лизинг жедел жеткізу немесе лизинг бойынша алынған құрал-жабдықты ауыстыру қажет болған жағдайда, ал жаңа келісім-шарт жасауға қажетті уақыт болмаған жағдайда қолданылады.Бас лизинг режимінде келісімшарттар бойынша қосымша құрал-жабдықты алуда қажеттілік туындаған жағдайда лизинг алушыға келісілген тізім бойынша талап етілген құрал-жабдықты жеткізу- ге сұрау салуды лизинг берушіге беру жеткілікті болады. Келісім жасалған кезеңнің соңында лизинг беруші шығындарының əр түрлі уақытын есепке алғанда лизингтік төлемдердің қайта есептелуі жүргізіледі жəне жаңа келісім жасалынады.
Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы – жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушысы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техниқаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық кұнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг – бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг – экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
Лизинг операцияларының техникасы 1-2 суреттерде әр түрлі сызба түрінде берілген.
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизингке беруші лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі ссуданы қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі төмендегідей формуламен есептеледі:
ЛТ = АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС
мұндағы.
ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;
АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;
НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;
КТ – лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;
ҚТ – көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;
ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушының төлейтін қосылған кұнға салынатын салық.
Амортизациялық аударымдар (АА) сомасының формуласы:
АА = (БҚ х На) / 100
мұндағы,
БҚ – мүліктің баланстық кұны;
На – амортизациялау нормасы, (%).
Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:
НТ = (НР x НС) / 100
мұндағы,
НР – лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;
НС – несие үшін сыйақы мөлшері.
Несиелік ресурс (НР) шамасының анықталу формуласы:
НР = (Қб – Қа) / 2
мұндағы,
Қб – мүліктің жыл басындағы кұны;
Қа – мүліктің жыл аяғындағы кұны.
Комиссиондық төлемнің (КТ) мөлшерінің формуласы:
КТ = (НР х Кс) / 100
мұндағы,
Кс – комиссиондық сыйақы мөлшері.
Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:
ҚТ = Ші + Шк + Шж + Шб,
мұндағы,
Ші – банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;
Шк – көрсетілген қызмет үшін шығыстар;
Шж – банктің жарнамасына кеткен шығыстар;
Шб – басқа да шығыстар.
Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым ссудалардан келесідей артықшылықтарының болуына байланысты:
Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ, ұсақ кәсіпорындарды несиелеуте болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойына лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);
Лизинг 100%-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
Кәсіпорынға мүлікті ссудаға сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.
Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің кұнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады;
Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да кадағалау болмайды.
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:
жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
ұйымдастырудың күрделілігі;
лизинг құны ссудаға қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.