Валюталық тәуекелді төмендету әдістері
Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдердің қандай түрі қолданылады,әрқайсысына сипаттама беріңіз
Валюталық тәуекел – банктің өз қызметін жүзеге асыру кезінде шетелдік валюталар бағамдарының өзгеруіне байланысты шығыс (шығын) туындау каупі. Шығыс (шығын) қаупі валюталар бойынша банк позициясын құндық мәнде асыра бағалаудан туындайды.
Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдердің бірнеше түрі қолданылады:
1. Айырбас бағамының өзгеру тәуекелі.
2. Конверсионды операциялар тәуекелі.
3. Трансляциялық тәуекел.
4. Форфейтингтік тәуекел.
5. Коммерциялық тәуекел.
6. Операциондық тәуекел.
Айырбас бағамының өзгеру тәуекелі. Валюта бағамы – бір елдің ақша бірлігінің 2-ші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бағасы. Валюта бағамдарын анықтау – котировка деп аталады. Котировка 2-ге бөлінеді:
1. Тікелей бағам= Ұлттық валюта/шетел валютасы
2. Жанама бағам= шетел валютасы/ұлттық валюта
Валюталық мәмілелерді іске асыруға байланысты бағамдарды спот және форвард деп бөледі:
Спот бағам – мәміле жасалғаннан кейінгі 2-ші жұмыс күнінде валютаны айырбастау шартына сәйкес мәміле жасау уақытында бекітілген валюта бағамы.
Форвардтық бағам – белгілі бір уақыттан кейін белгілі болатын валютаның болашақ құны. Форвардтық бағам кейде споттық бағамнан жоғары немесе төмен болуы мүмкін.
Конверсионды тәуекел – нақты бір валюталық операциялар бойынша туындайтын валюталық шығын. Конверсионды тәуекелге ашық валюталық позиция лимиті тәуекелі және аударым тәуекелі жатады.
Ашық валюталық позиция лимиті тәуекелі - шетел валютасында бейнеленген банктердің талаптары мен міндеттемелерінің көлемдері бойынша сәйкес келмеуі тәуекелінен туындайды.
Аударым тәуекелі – валюта бағамының құлдырауынан шетел валютасында белгіленген банк активтері мен капитал құнын қайта бағалау қажеттігіне байланысты туындайтын активтер мен пассивтер құнының өзгеру қаупі.
Трансляциондық (бухгалтерлік) тәуекел – банк балансының активтері мен пассивтерін қайта бағалау барысында туындайтын тәуекел. Бұл тәуекел қайта санау валютасына және оның тұрақтылығына тікелей тәуелді. Қайта санау 2 әдіспен жүзеге асырылады:
1. Ағымдық әдісті қайта бағалау ағымдағы бағамен немесе қайта бағалау күніндегі бағаммен жүргізіледі.
2. Тарихи әдіс бойынша қайта бағалау нақты операцияның жасалған күніндегі бағам бойынша жүзеге асырылады.
Форфейтингтік тәуекелбанктің форфейтингтік операциясы бойынша экспортердің валюта бойынша тәуекелдерінің факторинг қызметін көрсетуші банкке ауысуынан туындайтын тәуекел.
Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады.
Операциондық тәуекел– қызметкерлер тарапынан болатын ішкі процестерді жүзеге асыру барысында жіберілген кемшіліктер мен қателер , ақпараттық жүйе мен техникалық жұмысты істеу, сондай – ақ сыртқы оқиғалар салдары нәтижесінде пайда болатын шығындар қатері болып табылады.
Валюталық тәуекелді төмендету әдістері
Валюталық тәуекел – банктің өз қызметін жүзеге асыру кезінде шетелдік валюталар бағамдарының өзгеруіне байланысты шығыс (шығын) туындау каупі. Шығыс (шығын) қаупі валюталар бойынша банк позициясын құндық мәнде асыра бағалаудан туындайды.
Валюталық тәуекелді төмендету әдістері:
1. Валюталық тәуекелді сақтандыру
2. Хеджирлеу
3. Диверсификациялау
Валюталық тәуекел сақтандыруда халықаралық тәжірибеде 3 тәсіл қолданылады:
- контрагенттерінің бірінің біржақты іс-әрекеті
- бакнтік және үкіметтік кепілхаттар
- мәмілеге қатысушылардың өзара келісімдері
Валюталық тәуекелдерді сақтандыруда қорғаныс келісімдері, яғни валюталық бағамдардағы өзгерістерге сәйкес валюталық мәміле келісімшарт немесе контрактінің орындалу барнысын қайта қарау мүмкіндігі өзара келісіледі. Нақтырақ айтсақ, валютаның бағамындағы өзгерістерден экспортерді немесе несие берушінің сақтандыру үшін бағамдағы өзгеріске байланысты төлем сомасын қайта қаарй туралы келісімін несиелік немесе коммерциялық контрактінің шартында көзделеді.
Хеджирлеу валюталық тәуекелді сақтандырудың құрамдас бөлігі ретінде белгілі бір операцияларды жүргізу және мерзімді контрактілерді жасауды білдіреді. Хеджирлеу тәсілдеріне құрылымдық (активтер мен пассивтерді, алашақ және берешек қарыздарды) теңестіру, төлем мерзімін өзгерту, қаржылық құралдар жатады. Құрылымдық теңестіру валюталық бағамның өзгерісінен туындайтын зияндардың алдын алу мақсатында активтер мен пассивтер құрылымын теңестіріп отыруды қолдануды білдіреді. Бұл негізінен ашық валюталық позиция лимитін ұстап отырумен тікелей байланысты.
Валюталық тәуекелдерді диверсификациялау – бұл валют. Несиелер бойынша несиелік портфельді диверсификациялауды сипаттайды. Валюталық несиелік портфельдерді диверсификациялау мынадай әдістер арқылы іске асырылады:
- валюталық несиелер сомаларына шек қою
- қарыз алушыларды диверсификациялау
- несиені қамтамасыз етуге қабылданған кепілзаттарын диверсификациялау
- валюталық несиелер мерзімдері бойынша диверсификациялау