Оғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша. Капитал.

3.

Өндірістік қатынастардан пайда болған өнімді өткізу, оны тұтыну, табысты бөлу кезінде тағы бір қатынас түрі туындайды. Түйіні, біреудің мүлкін пайдалану арқасында қоғамдық өндірістік қатынастар­дың негізі жеке меншік негізінде экономи­калық қатынастар пайда болады. Осылайша адамның өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады. Бұл үй - оның дербес (жеке) меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруі мүмкін. Жалдаушымен шарт жасасып, жылдық төлемді анық­тады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім жасады дейік. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастайды, қоғамдық қатынастар туындайды. Осы жай қызмет түрі, пәтерді қажет ететін әрбір адам пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы - оның экономикалық мәнінде дербес байлық - оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің көмегімен қоғамдық қатынастар туындайды.

4 Сонымен, меншік формасының құрылымын үш сөзбен сипаттауға болады: мен иеленемін, пайдаланамын және билеймін.

Сәйкесінше, өндіріс - бұл түрлі меншік иелері, экономикалық субъектілердің өзара қатынасы. Немесе, өндіріс - бұл өзара араласуымен өз қажеттерін қанағаттанды­ра­тын қоғам мүшелерінің, жеке меншік иелерінің қызметі.

Нарықтық экономикада дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөледі.

Мемлекеттік емес жеке меншікке - нақты субъектіге меншік объектісін пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі үлгілері жатады.

Қатынастар жүйесі ретінде мемлекеттік меншік жал­пы ұлт мүдделерін есепке ала отырып, барлық экономи­ка­лық жүйенің өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді.

Жеке меншік ерекшелігі меншік иесінің иеленуі, билеуі, басқаруы, пайдалануы және меншіктену құқықтарын іске асыруы жатады. Ол объективті заңдары бар, қатал бәсекелестік үстемдік ететін нарықта өз үрейімен, тәуекелі­мен әрекет етеді. Нарықтағы табыстылық, көп пайдалы­лық, белгілі бір саладағы қызмет, осының барлығы - жеке меншік иесінің еңбек нәтижесі, ұтуы, ұтылуы (2.1. кесте).

5 Қоғамның барлық мүшелері меншік иелері. Алайда солардың біреуі өндіріс қаражатын, құралдарын билеп, басқарып немесе өнді­ріс пропорцияларын анықтау керек. Ешкім жеке өзі, дербес, мұны істей алмады. Сонда теңдік негізінде құрылған қоғам «басқару аппаратын» құрды. Ол халықтың атынан - өндіріс қара­жаттарының меншік иесінің атынан иелену, пайдалану және меншікті билеуді жүзеге асырады. Бірақ қоғамның эконо­микалық қайшылықтары, бара-бара шешіл­мейтін мәселе бола бастайды. Мемлекеттік билік ауқымды шаруашылықты басқару мүмкіндігін жоғалтты, саяси және экономикалық биліктің өзі өтімді бола бастады. Меншік құқығы басқару аппаратының тікелей араласуынсыз іске асырылады.

Қоғам үшін қиын жағдай биліктің партиялық мемлекеттік, шаруашылық, заңдық, атқарушылық формаларының объек­тивті ұлғаюы болады. Биліктің бұл аппараты тек халық­тың атынан ғана емес, сонымен қатар халықтың өзін өндіріс қаражаттарын, экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық тұрғыдан басқаратын корпоративті күшке айналады.

6 Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты - ол жеке­шелен­діру. Жекешелендіру - бұл ақысыз тапсыру, сату, акцио­нерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т.б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті бөлшектеу. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншік объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.

Жекешелендірудің басты мәселесі - экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер өндірісінің басым бөлігі орталықтанатын институционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты - мәжбүрлі мемлекеттік тапсыр­ма­ны қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіп­орын­дардың барлық жеке және заңды иелері тек эконо­ми­калық және заңды борыштарды атқаруға, яғни олардың сақталуына, көбеюіне, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайда түрлі ел­дердегі жекешелендірудің нақты қадамы түрлі нәтижелер берді.

Тақырып.

оғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша. Капитал.

1. Тауар шаруашылығының пайда болу себептері

2. Тауар өндірісі

3. Нарықтық қатынастардың пайда болу себептері

4. Нарық типтеріне сәйкес, тауар өндірісінің ерекше моделдерінің қалыптасуы

5. Тауарлардың қасиеттері

6. Ақшаның пайда болуы, оның мәні мен теориясы

7. Ақшаның негізгі түрлері мен қызметтері

1. Тауар өндірісінің пайда болуының қажетті шарты қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады, бұл кезде өндірушілер нақты өнімдерді жасауға маманданады.

Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихи үш кезеңі болды.

Бірінші кезеңінде мал шаруашылығы егін шаруашылығынан бөлініп шықты, мұның өзі тайпалар арасында тұрақты айырбастың болуына жағдайлар туғызды.

Екінші кезеңінде қол өнеркәсібі егіншіліктен бөлініп шықты, бұл тауар өндірісінің өмірге келуінің бастауы болды.

Үшінші кезеңінде сауда өндірістен оқшауланды және көпес, саудагерлер өмірге келді. Осы кезден бастап тұрақты, нарықты байланыстар орнады.

Тауар өндірісінің пайда болуының тағы бір себептеріне меншік қатынастары арқылы өндірушілердің бір бірінен экономикалық жағынан өзара оқшаулануы болып табылады

2. Тауар өндірісі деп - өнімдерді сатуға арналып өндірілетін, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар нарық арқылы жүзеге асырылатын шаруашылықты айтады.

3. Нарықтық экономиканың моделін таңдау деп – мемлекеттің ұлттық экономикаға ықпал жасайтын жүйесін таңдап алуын айтады.

Еркін кәсіпкерлік экономикасында (АҚШ) қаржы жүйелері арқылы нарыққа ықпал жасайтын монитарлық құралдар басым болады.

Әлеуметтік нысаналы нарықты экономикада фискальді саясатты жүзеге асыратын әдістердің маңызы зор.

Баршаға белгілідей, мемлекет тарапынан ұлттық нарыққа үлкен қолдау жасалатын және қаржыны қайта бөлу процестерін зор сенімділікпен жүзеге асыратын әлеуметтік нысаналы нарықтық экономика, жұрттың бәріне де ұнайды.

Тауар өндірісінің даму кезеңдеріне жасалған мұндай қысқаша шолу, тауар өндірісі мен нарықтық экономика арасында айырмашылықтар бар екендігін білдіреді.

Сөзсіз, нарықты экономиканың негізін тауар өндірісі құрайды.

Бірақта нарықтық экономика (капитализм) пайда болғанға дейін, тауар өндірісі бірнеше жүз мың жылдар бұрын өмір сүрді. Сонымен қатар, тауар - ақша қатынастары, әкімшіл-өмірде жүйеден орын алды.

Демек, "тауар өндірісі" категориясының тарихи шежіресі "нарықтық экономика" категориясымен салыстырғанда көп терең екендігін мойындаған жон

4. Нарықтың төмендегідей типтері бар, олар дамымаған, еркін,реттелетін, бұзылған.

Осы аталған нарық типтеріне сәйкес, тауар өндірісінің ерекше үлгілері қалыптасады:

1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі;

2. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі;

3 Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі;

4 бұзылған нарыққа негізделген тауар өндірісі.

1. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) - қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндірісі құрал жабдықтарына, жеке меншікке, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауар өндірісі кезінде жасалған өнімнің бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтанда, ол, бүкіл, экономиканы қамтымайды, яғни оның жалпылама сипаты бола алмайды.

II. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі (нарықтық экономика) - өзіне тән ерекше белгілері бар. Оған жататындар:

а) адамның жұмыс күші тауарға айналады және өндірушінің өз еңбегін жалдамалы еңбекке алмастырады;

б) қоғамда өндірілген өнімнің басым бөлігі жекелей тұтыну үшін емес, нарыққа, сатуға арналады.

Бұл кездегі тауар өндірісі еркін бәсекеге негізделеді, сондықтан да оны еркін бәсеке дәуіріндегі капитализм немесе “еркін экономика ” деп атайды.

Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруда нарықтар мен баға жүйесін кеңінен пайдаланатын тауар өндірісінің мұндай түрін нарықтық (капиталистік) экономика деп атайды.

III. Реттелетін нарыққа негізделген тауар өндірісі – экономикада екі сектордың болуымен, яғни: елдегі материалдық игіліктер мен бүкіл ресурстарды өндіруде, бөлуде айырбастау мен тұтынуда мемлекеттік және жеке сектор үлестерінің жоғары болуымен ерекшеленеді.

Мемлекет нарықтық экономикаға белсенді түрде араласады, дегенмен оның реттеушілік рөлін, оның “көрінбейтін қолы” принципін сақтайды.

Реттелетін нарық экономиканы монополияландыру барысында қалыптасады, бұл кезде үкіметтің алдында бір ғана мәселе- монополияны тежеу міндеті тұрады.

5. . Тауардың екі қасиеті бар:

а) адамның белгілі бір қажеттіктерін қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну кұны деп атайды.

б) әрбір тауардың жалпылай айырбастау құны

Бір тауар өзінен басқа тауарларға айырбасталу кезінде, олардың өзара пропорциялық мөлшерде алмасуына себепші болатын мәселенің шешімін табуды алғашқы рет Аристотель ұсынды. Бұдан кейінгі кезендерде түрлі экономистер бұл мәселеге өздерінше жауап іздеді.

Құнның еңбек теориясын жақтаушылар, тауарлардың құнын жасауға жұмсалған еңбек шығындары, олардың өзара айырбасталуына ортақ, жалпылама негіз болады деген пікірді айтады.

6. ақша дегеніміз - тауарлар мен қызмет көрсетуде айырбастауға жарайтын «түрлі заттар» деп мәлімдеуіне себеп болды. Бірақ, бұлайша, тегін зерттеу себебінен субъективтік және объективтік екі көзқарас қалыптасты.

Субъективтік көзқарастар - адамдардың бұл жөнінде өзара келісімдер жасауының нәтижесінде “ақша” пайда болған деп пайымдалды.

Объективтік көзқарастар - тауар-ақша қатынастары-ның дамуы нәтижесінде, бүкіл тауарлар арасынан дара бөлініп шыққан, әрі жалпыға бірдей баламалы рөл атқаратын ерекше тауарды “ақша” деп аталды.

Бұл теория тауар айырбасының дамуын және ақшаның пайда болуын өзара байланыстырып зерттеді. Қоғамның бастапқы даму сатыларында, бір өнімді екінші өнімге тікелей алмастыру кезінде кездейсоқ сәттерде, айырбас пайда болды

Қазіргі кездегі ақша тұжырымдамалары ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. өмірге келген теориялармен өзара сабақтас. Оларға жататындар ақшаның металдық, номиналды және мөлшерлік теориялары.

Бұрынғы теориялар өзгерістерге ұшырап, олардң жаңа түрлері пайда болды. Бұрынғы теориялар ақшаның шығу тегі, мәні, ақша құнының қалыптасу проблемаларына баса назар аударған еді, ал қазіргі кездегі ақша теориялары нарық экономикасының дамуына ақшаның әсер етуі жөніндегі мәселелерді зерттейді.

Ақшаның металдық және номиналды теориялары - осы теориялар авторларының ақшаның қандай қызметтеріне баса мән беруіне байланысты бір-бірінен өзгешіліктеріне байланысты.

Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері У.Стаффорд. Т.Манн, Д.Норс және басқа да меркантилистер болды. Олар ақшаның қазына құралы және дүниежүзілік ақша қызметтерін шектен тыс бағалап, соның салдарынан ақшаны асыл металдармен шатастырды. Мемлекеттің монеталарды көздің қарашығындай сақтауын талап етті. Ақшаны әлеуметтік қатынастар ретінде емес, оны зат ретінде қарастырды.

Ақшаның номиналды теориясын Римнің және орта ғасырдың заңгерлері жасады. Кейінірек оны Дж.Беркли мен Стюарт одан әрі дамытты. Олар ақшаның металдық теориясын сынады, ал өздері ақшаның айналыс құралы және төлем құралы сияқты қызметтерін шамадан тыс бағалады.

"Номиналистер" - ақшаны - тауарлар айырбасына - қызмет ететін шартты белгілер, есеп айырысу өлшемдері деп жариялап, оны мемлекет үкімінің жемісі ретінде түсіндірді.

Ақшаның мөлшерлік теориясының іргетасын қалағандар Дж.Локк, Ш.Монтескье, Д.Юм, Д.Рикардо болды. Олар ақшаның құн мөлшері қызметін жоғары бағалады. Бүл теорияны жақтаушылар құнның ақшалай құнның ақшалай өлшемі мен тауарлар бағаларының деңгейін - айналыстағы ақша массасы анықтайды деген пікірді қуаттайды. Ақшаның мөлшерлік теориясын осы заманға лайықты жетілдіруге үлес қосқандар И.Фишер мен А. Пигу болды. Олардың көзқарастарына алдағы тақырыптарда тоқталамыз

7. Ақша бірнеше қызметтер атқарады. Классикалық саяси экономияда - ақшаның құн мөлшері, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша сияқты бес қызметтері зерттелген. Қазіргі кездегі экономикалық ғылым өз зерттеулерін ақшаның құн мөлшері және айналыс құралы сияқты ең басты түбегейлі қызметтеріне арнайды.

Ақшаның құн мөлшері қызметі деп оның өзінен басқа тауарлардың құнын анықтау қабілетін айтады. Қазіргі кезде ақшаның бұл қызметін адамдардың ойлау қабілеттерінің нәтижелерінен қалыптасқан ақшалар атқаруда. Бастапқы кезде ақшаның бұл қызметін өзінің құны болатын заттар ғана, яғни алтын атқарды.

Наши рекомендации