Дәріс ҚазаҚстандаҒы карантиндік арамшӨптердіҢ сипаты жӘне олармен кҮресу шаралары
1. Жатаған у кекіре
Ермен жапырақты ойран шөп
Тікенек алқа.
4. Жусан жапырақты ойраншөп
Арамшөптер - адамдардын қатысуынсыз мәдени дақылдармен бірге өсуге бейімделген ерекше өсімдіктер тобы. Мәдени дақылдарды өсіру үшін қолданылатын агротехника жүйесі арамшөптерге де қолайлы жағдай туғызады. Арамшөптер топырақтан коректік заттар мен ылғалды бойына сіңіреді, өсімдік аурулары мен зиянды жәндіктер де арамшөптерде қоныстанып, мәдени дақылға ауысады. Арамшөптер жер өңдеу, егін жинауды қиындатады, екпе дақылдардың өнімі мен сапасын төмендетеді. Арамшөптердін ішінде өте зияндылары карантиндік шөптер тобы болып саналады.
Қазақстан республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты өсімдік қорғау және карантин департаментінің мәліметі бойынша, карантиндік арамшөптерден жатаған у кекіре 2,5 млн. гектар жерге, арамсояудың 19 түрі 180 мың га, ермен жапырақты ойран шөп Алматы облысында 6100 га жерге, көп жылдық ойран шөп Батыс Қазақстан облысында 3800 га, ал тікенек алқа Жамбыл облысында 100 гектар жерге таралған. Сондықтан күресу жүйесі дер кезінде агротехникалық, биологиялық және химиялық әдістерді қолдану арқылы жоспарланған жағдайда ғана сапасы жоғары өнім алуға болады.
Жатаған у кекіре - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық атпа тамырлы карантиндік аса қауіпті арамшөп. Тамыр жүйесі қуатты, 10 м тереңдікке дейін жетеді. Жатаған у кекіренің ерекшеліктері: ол қордағы ќоректік зат – инулинді тамырдың топырақтағы төменгі қабатына жинақтап, ќоректік заттарын топырақ баптаушы техникамен егіндікті өңдегенде жатаған тамырының кесілген жеріне жылдам жеткізу арқылы өсіп жер бетіне шығуы әрі фотосинтез құбылысы арқылы тамырлануы. Сол себепті көптеген агротехникалық әдістерге төзімді келіп, қайтадан тез өсіп жетіледі.
У кекіренің егістікті басуы салдарынан Қазақстан жыл сайын 3 млрд.теңге зиян шегіп отыр. Сонымен қатар, егістік өнімінің төмендеуінен басқа, оның сапасы да төмендейді, ұнның дәмі ащы болады, малға арналған сүрлемді жануарлар жемейді, жылқы жануары өте тез уланады, өлген жағдайлар да жиі кездеседі. Сүрі жерлерді, отамалы дақылдарды күтіп-баптау кезінде де кететін шығындарды есептесек, жалпы шығын 3 млрд. теңгеден асады.
Соңғы екі жылдық бақылау нәтижесі бойынша, күзде жыртылған жерді қыршуышпен өңдеу және өсіп шыққан кекіренің көгін гербицидтердің глифосат туындысымен бүрку кезінде препарат ќоректік заттармен бірге кекіре тамырына жайылып, өсу үдерісін бұзу арқылы кекірені ќұртады. Қазіргі кезде кекірені жою және оны карантиннен шығару үшін мынадай шараларды іске асыру керек:
1. Кекіремен күресу үшін аймаќтық интеграциялық жүйе жасау және ұсыныстар беру.
2. Ізденіс жўмыстарын кеңейту, жәндіктерді, фитофагтарды, фитопатогенді бактериялар мен саңырауқұлаќтарды - биологиялыќ әдістер ретінде кекіремен күресудің негізі болу керек. Осы бағытта жұмыс жүргізетін мекемелердің жұмыстарын үйлестіру қажет.
3. Қостанайдың механизация және электрификация институтына топыраќты үш түрлі терендікте өндейтін ќұралдарды жасауға тапсырыс беру.
4. Ауыл шаруашылығы министрлігінде кекіре мәселесіне байланысты ғылыми-техникалыќ кеңес ќұру. Кеңестің міндеті - кекіреге қарсы кең көлемде жоспар, зерттеу әдістемесі және күресу жүйесін ғылым мен өндіріс тәжірибесіне сүйеніп қайта қарау.
5. Өсімдік қорғау және карантин департаментінде механикаландырылған отряд құрып, оларды оқыған, білімді мамандармен қамтамасыз етіп, ғылымның жетістіктерін кең түрде өндіріске енгізу.
Ермен жапырақты ойран шөп - бір жылдық шөп, күрделі гүлділер туысына жатады . Өсімдіктін сабағы тік, көп тармақты, жапырағы тарамдалған, жапырағының үстіңгі жағы қою жасыл, астыңғы жағы сұрлау. Өсімдіктін биіктігі 2 метрге, тамыры 4 метр терендікке дейін жетеді. Құрғақшылық жылдары зияндылығы өте зор. Өсімдік тұқым арқылы таралады, жылу сүйгіш, 8-10 С0 жылылықта 5 см тереңдіктен сәуірдің аяғы, мамырдың басында жер бетіне шыға бастайды. Шөп шілде-тамыз айларында гүлдейді, тұқымы қыркүйек-қазан айларында толық піседі. Бір өсімдік өсуге қолайлы жағдайда 30 мыңнан 55 мыңға дейін тұқым береді. Тұқымдары топырақта өміршеңдік қасиеттерін 7-10 жылға дейін сақтайды.
Өсімдікті орып алғаннан кейін де шөп өсе береді, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін 40-60 %-ға дейін төмендетеді.
Отаны Солтүстік Америка. Осы жерден Азияға, Европаға, бұрынғы Кеңес одағының көптеген республикаларында, дүние жүзі бойынша 29 мемлекетке
таралған. Қазақстанда Алматы облысында, Алматы қаласында және басқа аудандарда 6100 гектар жерде өседі.
Ермен жапырақты ойран шөп барлық ауыл шаруашылығы дақылдарында, әсіресе техникалық, бұршақ, көкөніс дақылдарында және басқа да егуге жарамсыз жерлерде, жол бойында, арық жағалауларында жиі кездеседі. Көбінесе екпе дақылдар, су, техника және мал азықтарымен тұқымдары көптеген жерге тарайды. Өсімдік гүлдеген кезде олардың миллиардтаған шаң тәрізді ұсақ тұқымдары ауа, жел арқылы барлық жерге тарайды, адамдардың денсаулығына зор зиян келтіретін аллергия ауруы - полинозға ұшыратады. Шөптің көп тараған жерлерінде күздік шөп безгегі ауруына халықтын 90-95 пайызы ұшырайды.
Сондықтан егістікті ермен жапырақты ойран шөптен тазарту үшін бірлескен агротехникалық шаралармен ( ауыспалы егістік, уақытында сапалы жер өңдеу, дер кезінде уақытын ескеріп егін егу, егінді баптап күту ) гербицидтер беру керек.
Бидай егістігіндебидайдың түптену кезінде диален, 40% э.қ.. 2,5 л/га, ковбой, 40% э.қ.. 190 мл/га; жүгері егістігінде 3-5 жапырақ болғанда диален, 40% қ.с /қанықпа суспензиясы/ 2,5 л/га, бюктрил Д, 45 % э.қ /эмулсия қанықпасы/ . 2,5 л/га, базагран, 48% с.е. 3,0 л/га немесе топырақ арқылы эрадикан 72% э.қ. /эмульсия қанықпасы (5-7 л/га), харнес90% э.қ..( 2-3 л/га ) препараттарын 200-300 литр/га суға ерітіп бүрку керек, соя егістігінде-харнес,пивот препараттары, сәбіз егістігінде стомп 33% э.қ. ( 4,0 л/га)дақыл себілгеннен кейін, гезагард 50% ы.ұ./ылғалды ұнтақ / 2 л/га дақылда 2-3 жапырақ болғанда беру өте тиімді нәтиже береді.
Ермен жапырақты ойран шөпті ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын жерлерде жою үшін қолданылатын гербицидтер: раундап 36 % с.е. 3-4 л/га немесе пивот 10% э.қ. 1,0 л/га немесе арсенал, 25 % э.қ.. 3,0 л/га өсімдікте 3-4 жапырақ кезінде беру керек.
Тікенек алқа. Алқа туысына жататын бір жылдық шөп. Тамыры және сабағы тік, тарамдалған, тікенекті, жапырағы кезекпен орналасқан. Жер бетіне сәуір - мамыр айында шығады, тұқымды тамыз – қазан айларында береді.
Химиялық әдістерден бидай егістігінле диален супер, жүгеріде харнес және диален, бюктрил препараттары, картоп, сәбіз егістігінде стомп, рейсер, соя және көкөніс дақылдарында трефлан, стомп препараттарын қолданған жөн.
Тікенек алқаны ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын жерлерде жою үшін қолданылатын тиімді гербицидтер: раундап 36 % с.е. 3-4 л/га немесе пивот 10% э.қ. 1,0 л/га немесе арсенал, 25 % э.қ.. 3,0 л/га өсімдіктің 3-4 жапырақ кезінде беру керек.
Карантиндік шөптер табылған шаруашылық және аудан аумағына карантин жарияланады.
Карантиндік шөптердің тұқымы басқа жерлерге тарамау үшін барлық жер иелері төмендегідей карантин тәртібін сақтау керек:
1. Карантиндік шөптердің тұқымы бар жерлерге тұқымдық егістік орналастыруға болмайды.
2. Себуге арналған тұқымды мемлекеттік тұқым инспекциясының куәлігінсіз егуге болмайды.
3. Карантиндік шөптердін тұқымы араласқан материалдарды жеке бөлмелерде сақтау керек және оны басқа шаруашылықтарға беруге қатаң тыйым салынады.
4. Жануарларға тұқым қалдықтарын майдалап, қайнатып беру керек.
5. Жемге жарамайтын қалдықтарды отқа жағып, немесе жерге 1 метр терендікте көміп, актілеу керек. Бұл қалдықтарды далаға, суға тастауға болмайды.
6. Жол жағалауларында, бос жатқан жерлерде, арық жағаларында өсіп тұрған арамшөптерді гүлдену кезінде тұқым беруге жеткізбей жою қажет.
7. Егінді дер кезінде жинап, арамшөптер тұқымымен егістің ластауына жол берілмеу керек.
8. Карантиндік шөптер басқан жерлерден орылған егінді таза жерлерден алынған өніммен араластырмай, бөлек жерде сақтау қажет.
9. Егін жинауға қатысқан техникалардың барлығын және қоймаларды уақытында тазалап отыру керек.
10. Суармалы жерлерде суару жүйелерін карантиндік арамшөптер тұқымынан тазалау үшін қажетті сүзгіштер ұстау қажет.
Жоғарыда айтылған талаптарды бұлжытпай орындау егіншілік мәдениетін көтеріп, ауыл шаруашылғы дақылдарынан мол және сапалы өнім алуға мүмкіндік береді.
Жусан жапырақты ойраншөп.Жусан жапырақты ойраншөп – тек қана ауыл шаруашылығына ғана емес, сонымен қатар адамның денсаулығына зиян келтiретiн карантиндiк арамшөп. Бұл өсiмдiк тараған аймақтарда олардың гүлдеу кезеңiнде (шiлде-тамыз айлары) тұрғындар арасында аллергиялық-поллиноз ауруы жиi кездеседi. Кейбiр ғалымдардың зерттеулерi бойынша, халықтың 20 пайызына жуығы осы есiмдiктiң тозаңынан зардап шегетiн көрiнедi. Бұл аруруға шалдыққан адам ағзасы әлсiреп, аллергиялық ринит, коньюктивит, ауыр бронхиалдық демiкпе, мигрень, дененiң бөртуi сияқты сырқаттарға ұшырап, нәтижесiнде ол ауруға шалдыққан адамдарды ұзақ уақытқа еңбекке жарамсыз болуына алып келедi екен.
Жусан жапырақты ойраншөп – бiр жылдық жаздық арамшөп. Тек қана тұқымы, арқылы көбейедi. Бiр есiмдiктiң өзi 30-40 мың, ал кейбiр түрлерi 80-100 мыңға дейiн тұқым бередi. Және ол қала мен ауыл көшелерiнiң маңында, бос жатқан жерлерде, ауылшаруашылық жерлерiнде, өзендер мен суғару каналдарының жағасында, автомобиль және темiр жол бойында көптеп өседi.
Жусан жапырақты ойраншөптiң сыртқы түрi кәдiмгi жусанға келедi. Вегетациалық өсу мерзiмi 80-150 күнге созылады. Арамшөптiң биiктiгi 2,5 метрге дейiн, тамыры 4 метрге шейiн тереңдiкке кетедi. Арамшөптiң өскен жерiнде топырақтың құнарлылығы мен ылғалдылығы қатты төмендейдi. Сондықтан ауылшаруашылық дақылдарының өнiмдiлiгi күрт азайып, өнiмнiң сапасы нашарлайды. Бұл өсiмдiктiң жапырағында 0,15 пайыз ащы эфирлiк майлар болғандықтан, оны малдар да жемейдi. Дайындалған шөптiң сапасы да төмен болады.
Жусан жапырақты ойраншөптiң тұқымы тазартылмаған тұқымдық материалдармен, азықтық және фураждық өнiммен, топырақпен, көлiк құралдары мен ауылшаруашылық техникасымен тарауы мүмкiн. Сонымен қатар, жануарлар мен құстар, жел, әсiресе, қатты соққан дауыл, жаңбыр мен нөсер оның тұқымының таралуына үлкен септiгiн тигiзедi.
Жусан жапырақты ойраншөпке қарсы барлық жерлерде карантиндiк, агротехникалық және химиялық тәсiлдермен күрес тұрақты жүргiзiлуi керек. Арамшөптi жою оның дәнденуiне дейiн жүргiзiлуi тиiс. Бұл арамшөптi шабу арқылы күресу нәтижесiз, өйткенi, шабудан кейiн ол 5-15-ке дейiн жаңа өскiн беруi мүмкiн. Арамшөптiң аз өскен жерлерiнде, саяжай мен жеке үй маңындағы өскендерiн тамырымен қоса жұлып тастаған дұрыс.
Алматы қаласының 32,9 га аумағында жусан жапырақты ойраншөп таралған. Жоғарғыда айтып өткенiмiздей, жыл сайын мемлекет тарапынан бөлiнген қаржыға аталған карантиндiк арамшөпке қарсы күрес тұрақты жүргiзiлуде. Қазiргi уақытта таралуы бақылауға алынған. Дегенмен, жусан жапырақты ойраншөп – өте қауiптi карантиндiк арамшөп. Сондықтан, қаламыздың экологиялық және карантиндiк жағдайын ойлаған әрбiрiмiздiң мiндетiмiз – онымен тұрақты күрес жүргiзу.