Егістікті күтіп-баптау

Біржылдық астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөптерге қарсы 2-4 кг/га мөлшерінде Гезагард, 50 (50% прометрин), трефлан, 24 (4-10 л/га), трофи, 90 % (1,4-1,7 л/га) көктеуге дейін, фроньтьер оптима 72 % (1,2 л/га), фроньтьер 90 % (1,4-1,7 л/га), Харнекс 90 % (2 л/га) гербицидтерінің бірімен себуге дейін және бірден топыраққа сіңіру қажет, немесе дақылдың көктеуіне дейін, сонымен қатар егістіктің ерте кезеңінде фуроре супер 7,5 % (0,8-1,2 л/га), флюзеланд супер 125 (1,0-1,2 л/га) біржылдық астық тұқымдастардың ерте кезеңінде (2-4 жапырақ). Гербицидтерді қолдану жерүсті бүріккіштерінің бірімен іске асырады. Арамшөптерді құрту және топырақты қопсыту үшін вегетация бойы тісті тырмалармен (көктегенге дейін және көктегеннен соң) танап тырмаланады, қатараралық өңделеді (ол үшін жебе табанды және бритва табанды құрылымдармен, сымды тырмалар және топырақсүйгіш құрылымдар жабдықталған культиваторлар қолданылады). Гербицид қолданған жағдайда көктеуге дейін тырмалау мен бір рет қатараралық культивация жүргізіледі. Егістікте гербицид қолданғанбаған жағдайда көктеуге дейін (себуден 5-6 тәулік соң) және көктегеннен кейін (1-3 жұп жапырақ кезеңінде) танап тырмаланады және 2-3 мәрте қатараралық культивация (біріншісін 6-8 см, екіншісін – 8-10 см тереңдікте) жүргізіледі.

Күнбағыстың пісуін тездету және өсімдіктерді тамырында кептіру үшін егістікті жаппай гүлденуден 40-45 тәуліктен соң (себеттің 10-20 % қоңырлағанда, 20-30 % сарғыш-қоңыр, 50-60 % сары түсте тұрғанда) жинау алдындағы десикация жүргізіледі: ол үшін себет қоңырланғанда Реглон супер 150 (2,0 л/га) толық физиологиялық пісу кезеңінде (тұқым ылғалдылығы 35-40 % кезінде) Харвейд 25Ғ (1,2 кг/га) препараттарын қолдануға болады.

Німді жинау

Өнімді жинау өте аз уақытта және өсірілген өнімді жоғалтпай жинап, оның сапасын сақтау үшін барынша ұйымшылдық пен ұйымдатырылуы керек. Өнімді жинауды күнбағыстың шаруашылықтық пісіп-жетілу кезінде , алқапта себеттің 90 пайызы қоңыр түске боялған , тұқымның ылғалдылығы 15-19 пайызға жеткен кезде жинау қажет. Жинау сапасына қойылатын талаптар: тұқым тазалығы 95 пайыздан кем емес; кесілген және кесілмеген себетте дәннің жоғалтылуы 2 пайыздан көп емес; бос қауашақты тұқым 1,5 пайыздан артық емес; бастырылмаған және түсіп қалған дән мөлшері 1 пайыздан артық емес; тұқымның бөлшектенуі 2 пайыздан көп емес.

Комбайнның (СК-5 НИВА, ESSIL 740 Костанай) жылдамдығы күнбағыс сабақтарын оның себетімен бірге беру жылдамдығымен сәйкес болуы қажет. Күнбағыс дәндерінің зақымдану дәрежесін азайту үшін барабанның айналу жиілігін минутына 200-ден 300 айналымға дейін қойылады. Барабанның соқпасы мен дек тақтайшасының арасындағы ара қашықтық кірер жағында 36-45 мм болса, шығар жағында 28 ммм болады. Тұқымды артық қоқсықтан тазартуды жақсарту үшін жалюздің жоғарғы торы 12 мм, төменгісі 14 мм көп болмау керек. Жоғарғы тор ұзартқышының еңкіштік бұрышы 13-15 гр. Желдеткіштің ауа ағыны орташа болуы қажет.

Күнбағысты орып алғаннан кейінгі шыққан қоқыстар тіпті аз уқытқа да сақтауға жарамайды. Оларды дереу тазалау, кептіру және іріктеу қажет. Бұл әсіресе жоғары майлы будандар мен сорттарға қатысты.

Күнбағыс дәнін алғашқы өңдеуді торкөзді және ауакеңістігі бар кез келген дін тазалайтын машиналарымен (ЗАВ-20, ЗАВ-40, СМ-4, ОВС-25) атқаруға болады. Дәндерді кептіру үшін С-20 кептіргішін пайдалануға болады.

Өнеркәсіптік өңдеуге арналған майлы тұқымдарды тек тазалап, кептіреді, ал тұқымдық материалдарды қосымша іріктейді. Тұқымды әзірлейтін әртүрлі әмбебап дән тазалаушы желілерінің принципиалды сұлбасы бірдей.

Аспирация мен торларды реттеудің шешуші маңызы бар. Бөлінуі қиын арамшөп тұқымдарын аластау үшін пневматикалық үсте қажет.

Өнеркәсіптік шикізатты тазалау үшін 8,5-9,0 мм және 8,0-10,0 мм дөңгелек саңылаулары бар Б1 және Б2 торлары және В мен Г саңылаулары бар тор 1,7-2,4 мм және 1,7 -2,6 мм саңылаулы торлары қойылады.Ірі фракцияларды да үріктеу мүмкіндігі бар 3 мм-ден үлен саңылаулары бар торша қойылады.Тұқымдық материалды алғашқы тазалау кезіде торшаларды іріктеу дәл осылай болады. Дән тазалаушы маштналармен тұқым тазалаушы кешендер 30 пайызға дейінгі ылғалдылығы бар 12 пайызға дейін қоқысты күнбағыс қоқыстарын тазалай алады.Бір рет өткізуден кейін майлы тұқымдар базистік шамаға (кондицияға) тазаланады. Тұқымдық материал қосымша әзірлеуді қажет етеді.

Тазаланған тұқымды шаруашылық қоймаға сақтайды. Күнбағыс дәнін 1 метр биіктікке дейінгі үймеде, тұқымның ылғалдылығы 7-8 пайыз көп емес жағдайда сақтауға болад.Оны қаптарда сақтаған жақсы бірақ 6 қатардан көп емес.

Німді өткізу

«Бақыт» жеке шаруа қожалығы тазаланған,тексерілген дайын астықты қоймада сақтайды. Әдетте сатып алатын «ТОО Самар астық» (Белинский хлебо приемный комбинат ХПК), «Сейнар» фирмалары. Жоғарыда атап өткен тексеру жұмыстарын Аққала ауылында орналасқан «Белинский комбинат»-та лабараториясында қаралады. Күнбағыс сүрлемінде жеңіл қорытылатын белоктар, углевотар, тұз ерітінділері және витаминдер кездеседі.Шаруа қожалықта күнбағысты өсімдік майын алу үшін,мал азығы және шағу үшін өсіреді.Оның майлы сорттарынан 55-60% дейін тағамдық май алынады. Күнбағыс- сүрлем салу үшін ең бағалы дақыл. Оның сүрлемге арналған жақсы сорттарының құрамында 20% және одан да көп азықтық протейн болады.

Күнбағыстың биіктігі 2-2,5м,сабағы жапырақты, күтіп бапталуы жақсы боса әр гектардан 300-500ц көк балауса алуға болады.

Қорытындылай келе, БАҚ‑та күнбағыс тұқымын көтерме сату туралы хабарландыру беруге болады. Одан кейін қуыру және бөлшектеп сату үшін, күнбағыс майын шығаруға, сондай‑ақ нан‑тоқаш және кондитерлік өндіріске пайдалануға болады.

Болжамды есептеулер. Шығыстар жерді жалға алмайтыныңыз ескеріліп есептелген. 1 га жерге егу үшін 5-10 кг тұқым қажет. Мәселен, Сізде 10 га х 10 кг = 50 кг х 100 теңге = 5 000 теңге.

Табыс: 1 га жерден 8-10 центнерге дейін өнім алуға болады. 10 га х 8 ц = 80 ц өнім = 800 кг х 100 теңге/кг = 80 000 теңге.

Елбасы Н. Назарбаевтың Биылғы жылғы халқына жолдауы. Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауы әлемді, оның ішінде Қазақстанды да шарпыған мәселелер жөнінде сөз қозғады.

Президент агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөнінде мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді тапсырды. «Ауыл шаруашылығы министрлігінің стратегиялық жоспарын нақты қаржыландыру анықталды. Агроөнеркәсіптік кешенге, оның ішінде қайта өңдейтін салаға бағытталатын қаржының сомасы бекітілді.

Ал бұл кезге дейінгі ауыл шаруашылығындағы жүргізілген шаралардың нәтижесі туралы: «Соңғы 5 жылда еліміздің ауыл шаруашылығы саласына келген инвестицияның мөлшері 3 есеге, ал агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімі екі есеге артты. Мемлекеттің жүргізіп отырған аграрлық саясатының арқасында ауыл шаруашылығының тұрақты түрде дамуына қолайлы жағдай туып, ішкі нарықты азық-түлікпен толығымен қамтамасыз етуге қол жеткізіліп отыр. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіп кешені ел экономикасының аса бір маңызды саласына айналды. Оған дәлел ретінде соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығына келген инвестициялардың мөлшері 3 есеге, егістіктің көлемі 15 пайызға, мал басы 24 пайызға, агроөнеркәсіп кешенінің жалпы өнімі 2 есеге артты.Соңғы жылдары мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешенді қолдауының арқасында еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі айтарлықтай нығайғанын атап көрсетті. Ауыл шаруашылығындағы тұтынудың бекітілген нормативтеріне сәйкес, іс жүзінде ішкі нарық ауыл шаруашылғы өнімдерінің негізгі түрлерімен: азық-түліктік бидаймен, күрішпен, жарма дақылдарымен, бау-бақша өнімдерімен, картоппен, етпен, сүтпен, жұмыртқамен толық қамтамасыз етілді. Елімізде өндірілетін майлы дақылдар ішкі нарықтың 75 пайызын, жеміс-жидектер 30 пайызын, ерте пісетін жеміс-жидектер 4 пайызын, қант қызылшасы 6 пайызын қамтамасыз етеді деген.

Наши рекомендации