Салық салу және шығындар саласындағы үкіметтің саясаты қалай аталады?

А) ақшаның мөлшерлік теориясына негізделген саясат;

В) монетарлы саясат;

C) фискалды саясат;

Д) табысты бөлетін саясат;

Е.) ақша - несие саясаты.

5. Мемлекеттік бюджет тапшылығы қандай жағдайда қалыптасады:

A) мемлекеттің активтерінің сомасы оның міндетті төлемдерінен басым болғанда;

B) мемлекет шығындарының сомасы салық түсімдерінің сома-сынан басым болғанда;

С) мемлекеттің шығындары азайғанда;

Д) салық түсімдерінің сомасы кысқарғанда;

Е) салық түсімдерінің соммасы мемлекеттік шығындар соммасынан асып түскенде.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. Міндетті резевтер нормасы 15%, комерциялық банк депозитте көлемінің 5% артық резерв ретінде сақтап отыр. Егер депо-зиттер көлемі 9000 теңге болса, банк несие беру үшін қандай ен жоғары шекті саланы қолдана алады?

2. Орталық банк комерциялық банктерден 150 млн. теңге мемлекеттік облиғациялар сатып алды. Егер коммерциялық банктер өздерінің барлық несиелік мүмкіндіктерін қолданса, депозиттердегі резерв нор­масы 15% болған жағдайда ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін?

3. Экономика төменгі мөлшеттермен өрнектелген. Нақты табыс У = 4000 долл. Тұтынудың шекті бейімділігі МРС = 0,8. Тепе-теңдік табыс Ү = 4200 долл. А) Экономика тепе-теңдік жағдайда болуы үшін (Ү = 4200 долл.) мемлекелтік шығындар қалай өзгеруге тиіс? Б) Экономика тепе-тендік жағдайда болуы үшін салық түсімі қалай өзгеруге тиісті?

4. Мемлекеттің сатып алулары- 500, салық функциясы Т = 0,4Ү, трансферт функциясы Ғ = 0,2Ү, баға деңгейі Р-1. Пайыз мөлшерлемесі R = 0,1 болғандағы қарыз D = 1000. Нақты өндіріс көлемі 2000, ал әлеуметтік өндіріс көлемі 2500- ге тең. А) Мемле-кеттік бюджет сальдосы оң мән бе, әлде теріс мән бе? Б) Мемлекеттік бюджеттің циклдік тапшылығы қанша?

Нұсқа 2

1. Лаффер қисығы қаншалықты практикалық? Оның қолдану аймағы.

2. Орталық банк ақша үсынысын 3%-ға көтерді делік. Экономикалық міндеттерді шешудің болуы мүмкін әдістерін және осы саясатты жүзеге асырудың салдарларын талқылаңыз.

4. Мемлекеттің ішкі қарызының сыртқы карыздан айыр-машылығы қандай?

5. Үкімет шығыны екіге бөлінеді: трансферттік төлемдерге және товар мен қызмет көрсетуге. Шығындардың осы түрлерінің арасындағы айырмашы-лықтарды түсіндіріңіз. Әрқайсысына мысал келтіріңіз.

6. Кестедегі мәлімет негізінде есептеу қажет:

Жыл Еңбектің саны (сағат) Еңбек өнімділігі (теңге) ЖҰӨ-ң көлемі (теңге)
1.  
2.  
3.  

а) әр жылдағы нақты ЖҮӨ көлемін;

э) 2-ші жылы 1-ші жылмен салыстырқанда, еңбек өнімділігі

қанша % - ға өсті? Осының салдарынан нақты ЖҰӨ көлемі қанша % -ға өсті?

б) 3-ші жылы 2-ші жылмен салыстырғанда, еңбектің саны қанша % - ға өсті? Осының салдарынан орын алған нақты ЖҰӨ-ң пайыздық өсімі қанша?

в)3-ші жылы 1-ші жылмен салыстырғанда нақты ЖҮӨ көлемі қанша пайызға өсті?

Мәнжазба тақырыптары:

1.Әлеуметгік саясаттың нысандары, әдістері, қаржыландыру көздері.

2. Халықғың табыстары олардың түрлері және қалыптасу көздері.

3. Жеке табыстарды бөлу және қоғамның әлеуметтік құрылымының эволюциясы.

4. Табыстардың жіктелуінің себептері.

5. Табыстарды бөлуді мемлекеттік реттеу.

6. ҚР әлеуметтіу қорғау жүйесі.

7. Адам дамуының индексі және тұтыну қоржыны.

15-тақырып. Сабақтың тақырыбы: Халықаралық экономикалық қатынастар. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.

Үй тапсырмасы

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз

1. Халықаралық еңбек бөлінісінің маңызын түсіндіріңіз.

2. «Салыстырмалы артықшылыққа ие болу» тұжырымын түсіндіріңіз.

3. Хекшер-Олин теориясындағы сыртқы сауданың қалыптасу ерекшелігін түсіндіріңіз.

4. М. Портер сыртқы саудадағы артықшылыққа ие болуды немен түсіндіреді?

5. Сыртқы сауданы тарифтік шектеудің артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырыңыз.

6. Сыртқы сауданы тарифтік емес шектеулерге не жатады?

7. Протекционистік саясаттың мақсаты қандай?

8. Төлем балансының негізгі баптарына тоқталыңыз.

9. Ресми валюта резерві қандай мақсатта қолданылады?

10. Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Одағына кіруінің оң және теріс тұстары жөнінде не айтар едіңіз?

Тест тапсырмалары

Нұсқа 1

1. Егер ұлттық Банктің ресми валюталық резервтері өзгермесе, төмендегідей тұжырым жасауға болады:

а) сауда балансының сальдосы әрдайым нолге тең

ә) ағымдық операциялар есебінің сальдосы әрдайым нолге тең

б) капитал есебінің сальдосы әрдайым нолге тең

в) елдің төлем балансының сальдосы нолге тең.

2. Испания төлем балансының тапшылығын төмендету мақсатында сыртқы саудаға бақылау жасауды шешті. Мұндай саясаттың нәтижесінің бірі қысқа мерзімде төмендегідей болады:

а) елдегі жұмысбастылық деңгейінің төмендеуі

ә) елдегі инфляция деңгейінің төмендеуі

б) экономикалық өсу қарқынының төмендеуі

в) Испания экспортының төмендеуі

г) Испанияға келетін тауарлар мен қызметтер импортының төмендеуі

д) сауда балансының сальдосының төмендеуі.

3. Таза экспорт, ең алдымен:

а) пайыздық ставка мен ЖІӨ-нен оң тәуелді

ә) ЖІӨ-нен теріс, ал пайыздық ставкадан оң тәуелді

б) пайыздық ставкадан да, ЖІӨ-нен де теріс тәуелді

в) ЖІӨ-мен оң байланыста, бірақ пайыздық ставкадан мүлдем тәуелсіз.

4. Төлем балансының құраушы бөлігі- ағымдық операциялар есебінің құрамына кірмейді:

а) тауар экспорты

ә) инвестициядан болатын таза табыстар

б) шетел мемлекеттеріне көрсетілетін көлік қызметтері

в) шетелдердегі ел активтерінің өзгерістері

г) біржақты трансферттік төлемдер.

5. Төлем балансының тапшылығы төмендегінің көменгімен қаржыландырылуы мүмкін:

а) валютаны ревальвациялау көмегімен

ә) сыртқы қарызды арттыру жолымен

б) шетел валютасыныњ резервтерін қолдану жолымен

в) ә) және б) жауаптары дұрыс.

6. Импорттау функциясы 100+0,1Y түрінде берілген, экспорт- экзогенді айнымалы. Бұл жағдайда, егер табыс(Y) 500- ді құрап, сауда тапшылығы 50 болса, экспорт көлемі қандай?

а) 0 ә) 50 б) 100 в) 75.

Нұсқа 2

1. Импорттауға деген шекті икемділіктің артуы:

а) таза экспорттың артуына ықпал етеді

ә) ағымдық операциялар есебінің жағдайын жақсартады

б) импорттық өнімдермен бәсекелесетін ұлттық экономика салаларындағы жұмысбастылық деңгейін арттыруға ықпал етеді

в) капитал қоғалысы мен қаржылық операциялар есебінің сальдосының шамасына ешқандайәсер етпейді.

2. Егер импорт экспорттан артық болса, елдің капитал қозғалысының есебі оң болады, өйткені:

а) капитал қозғалысы есебінің оң сальдосы жинақтың инвестициядан артып кеткендігін білдіреді

ә) ел шетелден қарыз алады. Бұл оған экспортаумен салыстырғанда көп импорттауға және жинақтауға қарағанда көп инвестициялауға мүмкіндік береді

б) шетелдік экспорттаушылар жинақты өз өнімдерін экспорттаудан түсетін қаражат есебінен арттырады

в) инвестиция жинаққа тең болуы керек, сондықтан капитал қозғалысының есебі әрдайым оњ ға ие болуы тиіс.

3. Төмендегі мәмілелердің қайсысы Қазақстанның ағымдық операцияларының балансының оң сальдосын арттырады:

а)“Казхром” Т¦К Украинамен 1 млн. долл. сомасына өнім жеткізу үшін бартерлік мәміле жасады. ҚР осы сомаға Украинадан құбыр алмақшы.

ә) Қазақстан Германиядан Өскемендегі зауытты реконструкциялау үшін қажет жабдық сатып алуға 500 млн. долл. көлемінде қарыз алады

б) Қазақстан Үндістанға құны 1 млн. долл. тұратын єскери самолетті осы сомадағы банктік депозитке сатады.

4. Экономика төмендегі мәліметтермен сипатталады:

- тауарлық экспорт 214,0

- тауарлық импорт 338,3

- туризмнен түсетін табыс 55,2

- шетелдегі активтерден түсетін табыс 90,5

- туризмге кететін шығындар 58,2

- шетел инвесторларына төленетін пайыздар 65,8

- біржақты трансферттер 14,8

- капиталдың келуі 146,9

- капиталдың кетуі 29,5

Осы жағдайда төмендегідей тұжырым жасауға болады:

а) төлем балансының сальдосы нольге тең

ә) төлем балансының тапшылығы 117,4

б) төлем балансының активі 120

в) төлем балансын реттеу шін 110 көлемінде ресми валюталық резервтерді пайдалану керек

г) дұрыс жауап жоқ.

5. Халықаралық саудадағы тарифтік емес шектеулерге қайсысы жатпайды:

а) экспорттық квоталар

ә) санитарлық шектеулер

б) сапа стандарттарына қойылатын талаптар

в) экспорттық баж салығы.

6.Төмендегі аргументтің қайсысы импорттық тарифтерді енгізуді жақтайды:

а) ұлттық экономикадағы «жас» салаларды қорғау

ә) ішкі нарықтағы импорттық тауарларды сатуды арттыру қажеттігі

б) отандық өндірушілерді демпингтен қорғау

в) төлем балансының жағдайын жақсарту қажеттігі.

Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:

Нұсқа 1

1. А елінде Z тауарының бірлігін өндіруге 10 сағат, ал W тауарының бірлігін өндіруге 15 сағат жұмсалады. В еліндегі осы тауарларды өндіретін еңбек өнімділігі төмен салаларда Z тауарын өндіруге 18 сағат, W тауарын өндіруге 45 сағат жұмсалады.Осы елдер арасында өзара тиімді сауданың болуы мүмкін бе? Мүмкін болса, әр ел қандай тауарды экспорттайды?

2. А елінде Х тауарына деген сұраныс функциясы D=100-10P, ұсыныс функциясы S=-50+20P түрінде берілген. В елінде Х тауарына деген сұраныс функциясы D=50-5P, ұсыныс функциясы S=20+10P түрінде берілген. Егер Х тауары осы екі елдің ғана экспорт/импортында болса, А және В елдері арасындағы белгіленген сауда қатынастары жағдайында дүниежүзілік нарықтағы Х тауарының бағасы мен сату көлемі қандай болады?

3. Шағын ашық экономика Y тауарын әр бірлігі үшін 30 долл. тең әлемдік бағамен импорттайды. Y тауарының сұраныс және ұсыныс қисықтары бұл елде мына теңдеулермен берілген: D=500-5P; S=100+2P. Тауар бірлігі үшін 10 долл. көлемінде импорттық тариф енгізуден болатын экономикадағы жалпы зиянның көлемін анықтау керек.

4.Ел Х тауарын әр бірлігі үшін 60 долл. тең әлемдік бағамен экспорттайды. Х тауарының сұраныс және ұсыныс қисықтары бұл елде мына теңдеулермен берілген: D=400-5P; S=-50+5P. Тауар бірлігі үшін 10 долл. көлемінде экспорттық баж салығын енгізуге дейінгі және енгізуден кейінгі экспорттың көлемін анықтау керек.

5.Алдыңғы есептің шартын пайдалана отырып, экспорттық баж салығын енгізуден болатын мемлекет табысы мен тұтынушы ұтысын анықтау керек.

Мәнжазба тақырыптары:

1. Сауда, халықаралық капитал нарығы.

2. Салыстырмалы артықшылықтар тұжырымдамасы

3. Толықтай және ішінара мамандану

4. Хекшер-Олин тұжырымдамасы

Емтиханға дайындық сұрақтары:

1. Экономикалық теория көзқарасы бойынша “экономика” бұл:

2. Ұлттың байлығының көзі саудада деп есептейді:

3. Ұлттың байлығының көзі ауыл шаруашылығында деп есептейді:

4. Тауарлы өндіріске дейін болған экономиканы ұйымдастырудың тарихи нышаны:

5. Экономикалық теорияның пәні болып табылады:

6. Нақты экономикалық құбылыстардың елеулі емес жақтарына көңіл бөлмей, оның ішкі, барынша мәнді мазмұнын айқындау экономикалық теорияның қандай ғылыми таным әдісіне жатады:

7. Экономикалық өмірдің құбылыстары арасында объективті орын алатын тұрақты себепті-салдарлы байланыстар, бұл:

8. Экономикалық теорияның нарықтық қатынастардағы дара субъектілердің экономикалық іс-әрекетін зерттейтін бөлімі:

9. Жалпы ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтарын зерттейтін экономикалық теорияның бағыты:

10. Экономикалық жүйелердің жіктелуі қандай факторлармен анықталады:

11. Қазақстан қандай экономикалық жүйені құруда:

12. Нарықтық жүйенің артықшылығы:

13. Шаруашылық іс - әрекеттерге қозғаушы болатын мотивтері – экономикалық:

14. Адамның жеңіп шығуға тырысатын қанағаттанбаушылық немесе мұқтаждық жағдайы:

15. Қажеттілікті қанағаттандыратын құрал:

16. Маркстік т±жырым бойынша µндірістің жеке факторы:

17. Табыс әкелетін фактор:

18. Жер, өндіріс факторы ретінде өзінің иесіне табыстың қандай түрін әкеледі:

19. Нарықтық экономиканың алғашқы құрылымдық буыны немесе субъектісі:

20. 2003 жылы қабылданған «Жер кодексіне» сәйкес Қазақстанның жер қатынастарында қандай елеулі өзгеріс болды:

21. Өндіріс құрал – жабдықтарын және материалдық игіліктерді иемдену қатынасы:

22. “Меншіктің құқықтық теориясына” барынша көп үлес қосқан ғалым – экономист:

23. Иемдену құқы, пайдалану құқы, иелік ету құқы меншіктің қандай мазмұнын көрсетеді:

24. Меншік иесіне не єкелу арќылы меншік экономикалық өткізіледі:

25. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес республикалық және коммуналдық меншіктер нышаны:

26. Тауарлар мен қызметтерді бірге өндіру мақсатында азаматтардың өз еріктерімен бірлесуі меншіктің қандай нышанын білдіреді:

27. Қазақстанның өтпелі кезеңдегі экономикадағы түбегейлі өзгерістерінің негізгі мақсаты:

28. Қазақстандағы мемлекеттік меншікті өзгертудегі негізгі әдіс:

29. Нарықтық механизмнің жұмыс істеуінің шарты болып табылады:

30. Шаруашылық іс-әрекетті демократизациялау ќызметі:

31. Нарықтың қанағаттанғысыздығы және мемлекеттің араласуының қажеттігі туындайды:

32. Сатушылардың аз мөлшері әрекет ететін және олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер ете алатын рынок, бұл:

33. Қазіргі экономикалық теориядағы тұжырымға сәйкес еңбек нарығында сатылады:

34. Бағаның өзгеруі тұтынушыларға көп немесе аз мөлшердегі тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуелділік сипаттайтын зањ:

35. Тұтынушының нақты түсімінің және оның сұранымының өзгеру жаѓдайы қандай әсерді (эффектіні) көрсетеді:

36. Егер икемділік коэффициенті Еd > 1 болса, бағаның өсуі жағдайында табыс өзгереді:

37. Икемсіз сұраным тауарларын көрсетіңіз:

38. Баға жоғарылаған сайын сатушылар көп тауарлар сатуға тырысатын жағдай бейнелейді:

39. Ұсынымға әсер етпейтін фактор:

40. Тауар өндірушілер сұранымның көбеюіне жауап беруге қабілетсіз болу жағдайында ұсыным қисық сызығы болады:

41. Сұраным мен ұсынымның тепе-теңдігіндегі нарық жағдайы мен баға деңгейі болады:

42. Үздіксіз қайталану мен қайта жаңғырту тұрғысында қарастырылатын өндіріс процесі аталады:

43. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типі сипатталады:

44. Капиталдың бір функционалды нышанының басқаға бірте-бірте айналуы білдіреді:

45. Жеке бір акт ретінде емес, ұдайы қайталанып отыратын процесс ретінде анықталатын капиталдың шеңбер айналымы аталады:

46. Негізгі капиталдың құны енеді:

47. Өнім өндіру шығынына қосылатын және оны өткізгеннен кейін кәсіпорын есеп шотына ақшалай қор ретінде жинақталатын аударым қоры:

48. Капиталдың қорлануы қандай жолмен іске асады:

49. Тұрақты шығындар, бұл өндіріс көлемінің өзгеруінен тәуелді мөлшері:

50. Тағы бір өнім бірлігін өндірумен байланысты орын алатын қосымша шығындар:

51. Бағаны сәйкесінше өнім санына көбейту жолымен анықталатын фирма табысы, аталады:

52. Сөзсіз (сыртқы) шығындарды алып тастағаннан кейінгі қалатын фирманың жалпы табысы, бұл:

53. Қарызға берілетін немесе қарызға алынатын капиталдан түсетін табыс, бұл:

54. Пайда факторлық табыс ретінде алынады:

55. Еңбек ақы түрінде көрінеді:

56. Шығын бойынша ЖҰӨ-ге кірмейді:

57. Табыс бойынша жалпы ұлттық өнімге кіреді:

58. Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі оның табиғи деңгейімен салыстырғанда 1%-ѓа көбейсе, ел потенциалды жалпы ішкі өнімге қарағанда нақты ЖІӨ-нің 2%-дан 3%-ға дейін жоғалтады деп негізделген заңның авторы:

59. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі АҚШ долларына қатысты теңгенің курсінің төмендегені туралы жариялады. Бұл шара аталады:

60. Өндірістік функция V=F (L,K) математикалық өңдеу нәтижесінде алынған экономикалық өсудің неоклассикалық ‰лгісі аталады:

61. Орыс экономисті Н. Кондратьев (1892 – 1938) экономикалық цикл мерзімі қанша уақытта қайталанды деп есептейді:

62. Өндірістің құлдырауы тоқталатын, бірте-бірте артық тауарлар мөлшерінің азаятын фазасы:

63. Ұлттық қорғаныс, қоғамдық тәртіпті ұстап тұру, маяктар, тағы басқа сол сияқты қоғамдық игіліктерді өндіретін субъект:

64. Мемлекеттің фискалдық саясаты, бұл:

65. Мемлекетпен заңды және жеке тұлғалардан алынатын міндетті төлемдер, бұл:

66. Қозғалмайтын мүліктердің кепілдігімен, ұзақ мерзімді қарыз түрінде берілетін несие нышаны аталады:

67. Қазақстанда басты эмиссиялық орталық банк рөлін атқарады:

68. Әртүрлі елдердің, өнімнің белгілі бір түрін өндіруге мамандануы, сол өнімдермен бір-бірімен айырбас қатынасына түсуі білдіреді:

69. Валюталық курс, бұл:

70. Микроэкономикада оқытылады:

71. Экономикалық игіліктер

72. Өндірістің негізгі факторлары

73. Ресурстардың шектеулігі деген не?

74. «Не? Қалай? Кім үшін?» деген сұрақтармен байланысты мәселе сұраным мен ұсынымға байланысты туындайды:

75. Тауар өндірісінің пайда болу шартына жатады:

76. Жәй тауар өндірісінің капиталистік тауар өндірісінен айырмашылығы:

77. Нарықтық экономиканың қызметіне жатпайды:

78. «Қалай өндіру керек?» деген сұрақ нарықтық экономикада шешіледі:

79. ЖҰӨ-ді табыс бойынша есептегенде ескерілмейді:

80. ЖҰӨ-ді шығын бойынша есептегенде ескерілмейді:

81. «Не өндіру керек?» деген сұрақ нарықтық экономикада шешіледі:

82. Нарықты эконмикаға тән:

83. Экономикалық теорияның толық анықтамасын көрсетіңіз:

84. Төмендегі жағдайлардың қайсысы экономикалық теория пәнін анықтауға қатысы жоқ:

85. Экономикалық теорияның негізгі атқаратын қызметтері:

86. Экономиканың нақтылығын математикалық символдар мен алгоритмдер көмегімен қарастырып жүйелейтін әдіс бұл:

87. “Меншік” түсінігінің экономикалық мазмұны:

88. Меншік экономикалық табыс әкеледі:

89. Тауар бағасын белгілегенде ақшаның атқаратын қызметі:

90. Сұраным заңы анықтайды:

91. Тауарға сұраным қисығы оңға жылжиды, егер:

92. Ұсыным заңы анықтайды:

93. Ұсыным икемді, егер икемділік коэффициенті:

94. Сыртқы шығындар бұл:

95. Экономикалық пайда:

96. Өндірістің шекті шығындары бұл:

97. Өндірістің орташа айнымалы шығындары:

98. Негізгі капитал:

99. Капиталдан түсетін табыс түрі:

100. Өрлеу фазасында төмендейді, ол дағдарыс фазасында өседі:

101. Өрлеу фазасында:

102. Дағдарыс кезеңінде өседі:

103. Материалдық қажеттіліктерге жатпайды:

104. Нарықты экономика үшін маңызды элемент болып табылады:

105. Тауар-ақшаға жатады:

104. Экономикалық ауытқудың сыртқы факторларына жатпайды:

105. Экономикалық ауытқудың ішкі факторларына жатады:

106. Шахтерлер өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған жағдайдағы жұмыссыздық түрі:

107. Елдегі экономикалық құлдыраумен байланысты жұмыссыздық түрі аталады:

108. Ресрустарға жеке меншікпен және еркін бәсеке механизмімен сипатталатын экономикалық жүйенің типін көрсетіңіз:

109. Адам табиғатпен одан кейін бір-бірімен өзара әрекет етеді. Осының негізінде орын алады:

110. Материалдық және материалдық емес игіліктерді жасаудың алғашқы көзі:

111. Нарықтың артықшылығы:

112. Салық салудағы және бюджет тапшылығын реттеудегі мемлекеттік саясат аталады:

113. Валютаны тұрақтандырудың тәсіліне жатпайды:

114. Экономикалық өсудің интенсивті типіне тән:

115. Қандай мектептің өкілдері ауылшаруашылығын экономиканың маңызды секторы деп қарайды:

116. Қандай мектептің өкілдері сауданы ұлттық байлықтың негізгі көзі деп есептеді:

117. Ресурстардың шектеулілігімен санасуға тура келеді:

118. Негізгі капиталдың құрамдас бөлігі болып табылмайды:

119. Тауарлы шаруашылық дегеніміз:

120. Өндіріс құрал-жабдықтары дегеніміз:

121. Жер рентасы – бұл табыс:

122. Қандай капитал негізгі және айналым капиталы болып бөлінеді:

123. Жұмыс күші дегеніміз:

124. Айналым капиталы дегеніміз:

125. Дивиденд бұл түсетін табыс:

126. Тауарды, оның шекті пайдалылығы тұрғысынан субъективті бағалау қандай экономикалық мектепке жатады:

127. Адам Смит қандай экономикалық мектеп өкілі болып табылады:

128. Мүліктің кепілдігімен қарыз беретін банк, аталады:

129. Еркін бәсекелестіктің қарыштап дамуына қол жеткізілетін меншік нышаны:

130. Экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуде негізгі әдіс болып табылады?

Наши рекомендации