Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі 4 страница
Саяси тұрақтылық- әр түрлі ішкі және сыртқы өзгерістер жағдайында саяси жүйенің өз құрылымын сақтап, тиімді өмір сүруге мүмкіндік беретін тұрақтылығы. Ол үшін ең алдымен экономика жоғары қарқынды дамуы, халықтың үздіксіз өсуі, табыс бөлісінде көп алшақтық болмауы, саяси тәртіптің заңдылығы мен демократиялылығы және т.с.с. болуы керек.
Саяси утопия-ғылыми зерттеуге емес, қиялға негізделген іске аспайтын идеялар мен теориялар. Ағылшынның гуманист ойшылы Томас Мор 1516 жылы «Утопия» деген атпен өзі ойдан шығарған аралдағы қоғамдық өмірдің құрылымы туралы кітап басып шығарды.
Саяси ұйым- алдына қойған ортақ саяси мақсатқа жету үшін өзіндік құрылымы бар, қызметтері айқындалған және жүйелеген адамдардың бірлестігі. Оның ерекшелігі-жеке немесе ұжымдық мүшелері болады. Саяси ұйымның негізгі тұрпаттарына саяси партия жатады.
Сегрегация- халықты нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлушілік. Ол адамдар арасындағы айырмашылықтарды бекітіп, екінші халықты теңдік жөнінде қандай болмасын мәселе көтеруге мүмкіншілік бермейді. Соңғы кезге дейін сегрегация ОАР-да орын алып келді.
Сенат-1)Ежелгі Римдегі мемлекеттік биліктің жоғарғы органы ретіндегі ақсүйектер кеңесі;2)Ресейдегі Боярлар думасының орнына 1711жылы 1Петр кіргізген жоғарғы үкіметтік мекеме. Ол 1Александр кезінде жоғарғы сот орнына айналды. 3)Бірқатар мемлекеттердегі парламенттің жоғарғы палатасының аты .
Сепаратизм- бөлектенеді, оңашалануға тырысушылық. Көп ұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері өзіне бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылуы. Ұлтазаттық қозғалыстан ерекшелігі-оның жалпы халықтық, бұқаралық сипаты болмайды, ол ұлттың бір бөлігінің мүддесін қамтиды.
Сионизм-еврейлердің ұлтшылдық идеологиясының бір түрі. Иерусалимдегі сион төбесінің атына байланысты аталған. XIXғ. Алдында пайда болды. Бұл идеология бойынша еврейлер «құдай қалаған ерекше халық». Негізгі мақсаты- дүниежүзілік барлық еврейлердің рухани бірлесуін көксейді. Оның шын мәнін араб елдерінің жерін жаулап алуынан, ал халықты қуғын-сүргінге ұшыратуынан, Палестина мәселесін әділ шешуден бас тартуынан байқауға болады. Оны әлемдік қауымдастықтар талай рет айыптаған. БҰҰ Бас Ассамблеясының XXX сессиясы нәсілшілдікті синонизмнің бір түрі ретінде сипаттады.
Соғыс- мемлекеттер, халықтар, ұлттар, топтар, діндер және т.б. арасындағы қайшылықтардан пайда болған қарулы күрес. Қазіргі кезде саясатшылардың басым көпшілігі соғыс қаупін тудыратын егес, тартыс, айтыс, жанжалдарды қарулы күшпен, соғыс арқылы емес,тек қана саяси жолмен шешу керек деп есептеуде.
Скинетр- монархиялық биліктің нысаны. Ол қымбат тастармен неше түрлі өрнектермен әсем бедерлермен безендіріледі.
Сот билігі- құқықтар мен заңдар ережелеріне сүйеніп әділеттілікті қамтамасыз ететін мемлекеттік органның бтлігі. Ол парламент немесе президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Заңды бұзушылықтан сақтайды, адамдардың құқықтарын қорғайды. Сот билігін халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды басшылыққа алады. Егер жоғарғы мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды.
Социал-демократия-- қоғам дамуында әлеуметтік саналарға басымдық беретін идеялық саяси ағым. Мұндай партиялар XIXғ. Аяғы мен XXғ. басында жұмысшы табының партиясы ретінде пайда болды. Олардың мақсаты-барлық еңбекшілерге жақсы өмірді, еркіндікті, әлемде бейбітшілікті қамтамасыз ету. Қоғам дамуында және социалистік құрылысты орнату жолында революциялық әдіске сүйенбей, эволюциялық жолын дұрыс деп санайды. Саяси плюрализм мен аралас экономиканы қолдайды. Қазіргі кезде дүние жүзінде 17 млн. Адамнан астам мүшесі бар 80-нен артық социал-демократиялық партиялар бар. Олар Еуропа континентінде қарусыздандыру, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбекшілердің мүддесін қорғау, жалпы халықаралық жағдайды сауықтандыруда көптеген еңбек сіңіруде.
Стагнация- саясатта , экономикада, мәдениеттегі және т.с.с. тоқырау.
Статус-белгілі бір кезде болған немесе қазір өмір сүріп отырған жағдайды сақтау.
Спикер – бірқатар парламенттік мемлекеттердегі парламент басшысының немесе палата басшысының аты. Мысалы, АҚШ-та өкілдер палатасының спикері дейді. Ұлыбританияда қауымдастар спикері дейді. Соңғысының парламент мәжілістерін жүргізгенде үлкен билігі бар. Ол жарыс сөзді тоқтата алады. Сөйтіп тұрған шешеннің сөзін бөле алады және т.с.с.
Социум – адамдардың өмір сүру жағдайы және мәдениеттің бірлігіне байланысты құрылған әлеуметтік жүйе ретінде тұтас қарастырылған қоғам жатады. Одан басқа оған отбасы, туыстық, рулық, әлеуметтік-топтық, ұлттық, аумақтық қауымдастықтар бар.
Страта – қоғамдағы әлеуметтік жағдайына байланысты адамдардың әр түрлі топтарға бөлінуі. Оларды жіктегенде мынадай белгілерді (өлшемдерді) басшылыққа алады: меншіккке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, биліктің аумағы, мәртебесі, ұлттық ерекшеліктері.
Субмәдениет – қоғамда үстемдік ететін мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдар. Ол әлеуметтік жағдайларына, этникалық, діни, нәсілдік, білімдік, жыныстық, жас ерекшеліктеріне және т.т. белгілеріне байланысты болады.
Субъективтік – табиғат пен қоғамның объективтік даму заңдылықтарын теріске шығаруға тырысатын көзқарас. Оын жақтаушылардың ойынша, саяси өмір саясатты жасаушы субъектілердің (әсіресе басшылардың) ерік−жігеріне, ынта−ықыласына, мақсат−мүддесіне байланысты дамиды.
Сыртқы саясат – мемлекеттің дүниежүзілік дәрежеде жүргізілетін саясаты.
Теократия – саяси себептермен жеке адамдарды, көпшілікті қорқыту, жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет. Ол жеке адамдарға, ұйымдарға, мемлекеттік институттарға немесе оның өкілдеріне қарсы бағытталуы мүскін. Мысалы, жеке адамдарға қарсы Ресей патша үкіметі кезінде террорлық әрекеттер жасады. Ал Израиль басып алған араб жерлерінде жүргізуі.
Технократия – 1) инженерлерге, менеджерлерге, техника ғылымдарына иек тартатын саяси тәртіп; 2) басқарушыға кіретін техникалық мамандардың жоғары жігі және соларды дәріптейтін тұғырнама. Технократиялық теорияларды жақтаушылар техникаға, технологияның рөліне шексіз басымдық береді. Олардың негізін осы ғасырдың 20 жылдарында америкалық Т. Веблен, Дж. Гелбрейт және т.б. қалады. Олар ғылыми техникалық революция кезінде қоғамды техникалық басқарушы мамандар билейді деген идеяны алға тартады. Шын мәнінде, оның бәрі адамдардың ақыл-ой, жігеріне байланысты.
Тиран – 1) Ежелгі Грецияда, Ежелгі Италияда өкілетті күшпен басып алған адам, 2) жендет, рақымсыз, қатал, мейірімсіз билеуші; 3) қысышы, езуші адам.
Толеранттық – басқаларлың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық көрсету, саясатта алуан пікірлікті, оппозицияның кең мағынасында жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді, олардың ой-пікірлерін түсінікпен қарауды білдіреді.
Тоталитаризм – әрбіз азаматтық қоғам барлық саласы мен мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік – саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Мұндай тәртіпте өндіріс, экономикаға, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. тегіс бақыланады. Азаматтардың, конституциялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын – сүргін күшейеді, террорлық, полициялық бақылау орнайды.
Тоталитарлық партиялар – саяси жүйенің басқа элементтерін (құрамдас бөліктердің) өзіне бағындыруға тырысқан партиялар. Олар идеологияланған, қатаң тәртіпке негізделген бір партиялық жүйе құруға тырысады.
Төртінші билік – қазіріг кездегі ақпарат құралдарының алар орнына баға беріп, бейнелеп айту. Шынында да өмірідің демократияланып жатқан дәуірінде, сөз, баспасөз бостандығын шын мәнінде беріліп, радио мен теледидар толық пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде ақпарат, құралдарының бүгінгі таңда үш тармағын кейінгі орынды алуы даусыз.
Төтенше жағдай – мемлекет бойынша немесе оның жекелеген өңірінде ерекше жағдайларға байланысты нақтылы мерзімге орнатылған тәртіп. Мұндай жағдай соғыс кезінде, мемлекеттік төңкеріс, стихиялық апат және т.т. шығында жарияланады. Бұл кезеңде азаматтардың құқықтары щектеледі.
Триумвират –саяси және әскери үш қайраткерден тұратын одақ.
Тұғырнама – белгілі бір мәселе жөнінде партияның, қоғамдық ұйымның, топтың, қоғам қайраткерлерінің көзқарастарының жүйесі, іс-қимылы, талабы. Бағдарламаға қарағанда оның ауқымытар келеді.
Тұжырымдама – 1) белгілі бір мәселеге, көзқарастың жүйесі. 2) ғылыми еңбек, шығарманың т.с.с. негізгі қағидалары. Саясат әлемінде ол саяси партиялардың бағдарламаларында, жарғыларында, ресми құжаттарында және т.т. көрініс береді.
Тұлға – қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайды қалыптастырылған, саналы іс-әрекет ете алатын, өзінің жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағы танып білуші жеке адам.
Узурпация – үкімет билігін заңсыз басып алу немесе басқаның құқығын иемдену.
Ультиматум – 1) саясатта тазалау шаралары қолданылады деп қорқыту арқылы қойылатын талап; 2) халықаралық павода бір мемлекеттің екінші мемлекетке белгілі бір мерзімге нақты ұсыныстарды міндеттеген үзілді-кесілді талабы. Егер ол талап орындалмаса, дипломатиялық блокада жасалуы және т.с.с. шаралар қолданылуы мүмкін.
Унитарлық мемлекет – саяси билік бір орталықта бағынған мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейтін мемлекеттің түрі. Оның жер аумағы, конституциясы бір болады, мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ келеді. Мысалы, Греция, Италия, Қазақстан, Норвегия, Прольша, Финляндия, Франция және т.б.
Ұлт – аймақтық (территорияның), тілдің экономикалық өмірдің және ұлт мәдениеті мен тұрмыс ерекшеліктерінде көрінетін психикалық қалпының ортақтығымен байланысты адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі.
Ұлтжандық – Отанға, халқына, оның тарихы, тілі, мәдениетіне деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуатымен білімін Отан мүддесіне жұмсау. Отан сүйгішітік, ұлтжандылық, үлкен азаматтық мәдениеттілігінің белгісі. Ол өз мүддесі мен елінің, халқының мүддесі бір, ортақ екенін сезінуге әкеледі. Сондықтан бұл сезім Отанның егемендігін, абыройын қорғауға шақырады. Оны ұлтшылдықпен шатастыруғы болмайды.
Ұлттардың өзін-өзі билеуі – ұлттардың қалыптасуы мен даму жолында кездесетін өзара байланысты екі үрдіс. Біріншісі, әрбір халықтың өзінің ұлттық қажеттіктерін (тілін, мәдениетін, әдет-ғұрыптарын, тұрмыс-салтын және т.б.сақтау және дамытуды) қанағаттандыруға тырысушылық. Екіншісі, халықтар арасындағы байланыстың қалыптасуы мен дамуын білдіреді.
Ұлттық мінез – белгілі бір ұлтқа тән дүние танудағы негізігі ерекшеліктер. Ол сол өкілдерінің қызу қандылығына, іс-әрекетінде, талғамында, әдет-ғұрпында және т.с.с. көрініс береді.
Ұлттық сана сезім – белгілі бір ұлттың бірлестікке тән оның рухани ерекшелігін білдіретін саяси әлеуметтік, экономикалық, философиялық, адагершілік, діни және т.б. идеялар пікірлер, көзқарастар жиынтығы.
Ұлтшылдық – ұлттың жекешелікке, артықшылыққа, басқа ұлттарға сенбеушілікке және бір ұлтты екінші ұлтқа қарсы қоюға бағытталған саясат, идеология, психология және әлеуметтік тәжірибе. Ұлтшылдық XVII ғ. аяғында орташылдық қанау мен әлеуметтік теңсіздікке қарсы наразылық ретінде п.б. оның алдын алмаса, кейін халықтар арасындағы өшпенділікке айналып кетуі мүмкін.
Фанатизм – өз сеніміне шексіз берілгендік. Ол басқалардың көзқарасына шыдамдылық білдірушімен ешкімнің сөзіне құлақ қоймай, бірбеткейшілікке салынуымен де сипатталады.
Фашизм – реакциялық агрессивтік күштердің террорлық диктатурасы. Ол 1919ж. Италияда кейін Германияда п.б. оның ерекшеліктеріне жататындар: бір нәсілді екіншіден жоғары қою, мемлекетке барлық басшылықты беру, демократиялық құқықтар мен бостандықтарды басып жаншуда шектен тыс күштеу әдіс-тәсілдерін пайдалану, қоғамдық және жеке т.т. Екінші дүниежүзілік соғыс фашизмге күйрете соққы берді. Бірақ кейбір елдерде қазір жаңарған фашизм бой көрсетуде.
Фашистік партиялар – жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқаруға қатаң орталықтандырылуы, адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайтын партиялар. Ол тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Ондай партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Қазір кейбір елдерде неофашистік партиялар пайда болуда.
Федерация – 1) белгілі бір тәуесіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп, одақтық жаңа мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғары билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот) органдары болады. Бірақ орталық институттарға бағынады. Мысалы, Австралия, АҚШ, Бельгия, Бразилия, Германия, Мексика, Нигерия, Ресей және т.б. 2) жеке қоғам, ұйымдардың одағы.
Форум −1) Ерте Римдегі халық жиналыстары, базар, жәрмеңкелер өтетін, сот болатын алаң; 2) көпшілік өкілдердің жиналысы, конгресі, съезі; 3) сөз сөйлейтін орын.
Феминизм – қоғам өмірінің барлық салаларында еркектер мен әйелдердің иеңдігі үшін күресетін қозғалыс. Оның бірінші идеялық манифесі – Әйел мен азаматтардың құқықтық Декларацяисын – жазған француздың әйел жазушысы Оимпия Де Гуж (1791ж.) болды. Ондағы негізігі мәселелер: әйелдердің толыққанды, еркін дамуы, өзін-өзі көрсете алуы, мемлекеттік қызметкерлерге қатысуы және т.с.с.
Фракция – 1) парламентте немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарына және т.б. өз партиясының саясатын ұфымшылдықпен өткізу үшін біріккен кейбір саяси партиялардың мүшелері; 2) партияның жалпы бағытымен келіспегендіктен өз алдына бөлек оқшауланған,өзіндік бағыты, құрылымы, тәртібі бар, бірақ сол партияның қатарынан шықпаған саяси партия мүшелерінің бөлігі.
Фундаментализм – мұсылман елдеріндегі қоғамдық ойдың ислам діні негізінде берік сақтау әрекеттері. Қазір сол саясатқа араласу, идеологияға басшылық жасауға тырысушылыққа байқалады. Мысалы, Иран мемлекетінде.
Футурология – адамзаттың әлеуметтік процестердің болашағын болжайтын білімдер мен әдіс – тәсілдердің жиынтығы.
Халықаралық қатынастар – халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүние жүзілік деңгейде жүргізілетін саяси, экономикалық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күшер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығы.
Халық майдандары – белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін ұйымдасқан бұқара халықтың, саяси партиялар, кәсіподақтар және т.б. Олар жалпы демократиялық принциптерінің негізінде құралады және тұрмыс істейді. Қатаң айқындалған түрімен мүшелігі болмайды. Әдетте, алдына ұойған мақсаты орындалған соң тарқайды.олар осы ғасырдың 30 жылдарында фашизм мен реакцияға қарсы күрес барысында пайда болған және екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында зор рөл атқарады.
Харизмалық билік – өзінің ерекше ақылдылығымен, батырлығымен немесе басқа үлгілі көзге түскен адамның билік жүргізуі. Халық тек көсемге беріліп, соған ғана сенеді.
Мысалы, Мұхаммед пайғамбар, М. Ганди, Аятолла Хомейни және т.б. Ол адамдар жеке басқа табыну жәрежесіне жетеді.
Хартия – 1) жекелеген мемлекеттік немесе халықаралық жарғылар. Мысалы, Еркіндіктің Ұлы Хартиясы. Кейде бұл былай деп саяси қозғалыстың негізгі талаптары жарияланған құжаттарды да айтады; 2) ескі қол жазбалық құжат.
Хиппи – осы ғасырдың 60 жылдарында АҚШ-та пайда болып, кейін Батыс елдеріне тараған жастар қозғалысы. Олар ма-(Хун)-хаббатқа, сезімідк тәжірибеге, табиғатқа жақын болуға, жер анаға бас июге шақырады. Олардың нышаны (эмблемасы) гүл сұлулықты, барлық нәрсеге деген сүйіспеншілікті, ашықтықты, күш қолданбаушылықты бейнелейді.
Хунта – 1) Испания, Италия, Латын Америкасы елдерідегі қоғамдық саяси ұйымдардың, бірлестіктердің аты; 2) үкімет басына заңсыз келген өктемдік әдіс-тәсілдермен басқарушы топ.
Центризм – саясатта оңшылдар мен солшылдардың арасында орталық қалыпты ұстанантын партиялық бағыт.
Шовинизм –ұлттық ерекшеліктерді дәріптейтін, бүр ұлттың мүддесін басқа халықтардың мақсатына қарсы қоятын, ұлтаралық өшпенділікті қоздыратын, ұлтшылдықтың шектен тыс шыққан түрі. Бұл атау Наплеон Бонапартдың басқыншылық саясатын, Францияның «ұлылығын» қолпашатаған ағайынды И. және Т. Коньярдың « Үш түсті кокарда» космедиясындағы Никола Шовен деген солдаттың атымен аталады.
Ішкі саясат – мемлекеттің өз ішіндегі әлеуметтік саяси құрылыстың сақтау немесе өзгерту мақсатындағы жүргізілетін саясаты.
Эволюция− қоғамдық-саяси өмірде біртіндеп, баяу даму. Бұл теорияеың негіщін салған ағылшын ғаылмы Чарльз Дарвин болатын.
Электизм – саясатта әр түрлі (кейде тіпті қарама-қарсы) көзқарастарды, идеяларды, теорияларды араластыру. Оның негізгі кемшілігі көптеген байланыс қатынастарының ішінде негізгін таба білуде. Бұл атауды ежелгі грек философы Потамон кіргізген болатын.
Экспоприация – бір тапты жеке меншікке, өндіргіш құралдарынан күншпен, ықтиярсыз айыру. Мысалы, Кеңес үкіметі кезінде қанаушы тап деп санап, буржуазия мен экономикалық, әскери, дипломатиялық әдістермен жүргізген саясаты.
Экстремизм – 1) саяси және басқа мақсаттарға жету үшін қаңсыз күтеу, зорлау тәсілдерін пайдаланатын әрекет. Ол ұлтаралық араздықты қоздырады, демократиялық принциптерді шектейді, елді тұрақсыздандырады, саяси шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік бермейді; 2) шектен шыққан көзқарастарға және шараларға бет бұрушылық.
Элита – саясатта мамандығымен ерекше жағдайға ие болған адамадр тобы. Бұл Г.Моска мен В. Паретор. Олардың ұойынша саясат, экономика және ойшылдық санасында тамаша табысқа жеткен таңдаудылар қоғамды билейді, ғылыми-техникалық, әлеуметтік процестің қозғаушы күші деп те осы сұрыпталған адамдар.
Эмансипация – адамның немесе әлеуметтік топтың тәуелділік, кіріптарлық езгіден құтылып, теңдік алуы. Мысалы, ұлттық езгіден құтылу, әйелдердің ерлермен тең құқық алуы және т.с.с. Ертедегі Римде ол балалардың ата-аналар билігінен құтылуын білдірсе, XIX ғ. әйелдердің, негрлердің теңдік алуын білдіреді.
Эмиграция – 1) саяси, экономикалық, діни себептермен өз елінен басқа елге қоныс аударуы және сол елде тұруы; 2) басқа елдерден келіп, сол елдің азаматтары ретінде тұрып жатқан адамадрдың жиынтығы.
Эмиссар –саяси немесе мемлекеттік ұйым тарапынан құпия тапсырмамен жіберілген адам.
Этатизм – елдің экономикалық және саяси өмірінде, қоғаның барлық саласына мемлекеттің белсенді араласуын қалайтын тұжырымдама.
Этнос – тілінде, мәдениетінде, мінез-құлқында ортақ ерекшеліктері бар, белгілі бір аумақта мінез-құлқында ортақ ерекшеліктері бар, белгілі бір аумақта (территорияда) тарихи қалыптасқан, өз қауымдастарының бірлігін сезінетін адамадар жиынтығы. Мысалы, тайпа, ұлт, ұлыс. Бұлардың әрқайсысын кейде «халық» деп те атайды.
ЮНЕСКО − БҰҰ-ның білім, ғылым, мәдениет мәселелері жөніндегі халықаралық, үкіметаралық ұйымы. Оның жарғысы 1945 ж. қабылданды. Негізгі мақсаты – нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне қарамай барлық адамдарға әділдікті, заңдылықтығ адам құқықтары мен еркіндіктерін жалрыға бірдей құрметтеуді қамтамасыз ету үшін ағартушылық, білім және мәдениет құралдары арқылы халықаралық ынтымақатастықты дамытуға, бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнатуға көмектесу. Оған Бас конференция басшылық етеді. Секретариатының тұрақты тұратын жері – Париж.