A. Халықаралық коммерциялық арбитражда іс жүргізуді ұйымдастырумен жүзеге асырудың ерекшеліктері

Халықаралық коммерциялық айналымда пайда болатын даулар мен келіспеушіліктерді шешу процесінде халықаралық коммерциялық арбитраж маңызды рөл атқарады. Дауды арбитраждық соттың қарауына беру үшін тараптар төрелік келісім-щарт жасайды. Арбитраждық келісім мен арбитраждық ескертпе коммерциялық келісім-шарттың тауар бағасы мен сапасы сияқты маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Ануров В.Н. ғалымның ойынша, арбитраждық келісімнің құқықтық табиғатына талдау берген кезде тек азаматтық құқықтың жалпы түсініктерін ғана емес (келісімнің маңызды шарттары ) сонымен бірге, арбитраждық және азаматтық іс жүргізудің (прорагациялық келісім) жалпы түсініктерін қолдану керек. Арбитраждық келісімнің міндетті және қосымша шарттары туралы айтуға болады. Келісімнің міндетті шарттары дегеніміз мұндай шарттардың болмауы тараптар келісімге келген жоқ және оны жарамсыз деп тануға негіз беретін шарттарды айтамыз. Міндетті шарттарға, тараптар қандай дауларды арбитраждық сотқа беретіндігі туралы және егер дау туған жағдайда тараптар істі арбитраждық соттың қарауына беретіндігі туралы шарттар. Арбитраждық келісімнің басқа шарттары қосымша болып табылады, яғни олардың жоқтығы арбитраждық келісімнің құқықтық табиғатына әсер етпейді.[26]

Бірақ, тараптар көп жағдайларда арбитраждық ескертпеге дұрыс мән бермейді, ал ол тәжірибе жүзінде арбитраждық келісімнің жарамсыздығы негізінде арбитраждық соттың нақты дауды шешуге құзыреттігі жоқ туралы мәселені туындату мүмкін. Осындай жағдайлардан аулақ болу үшін арбитраждық келісім деген не және оның нысанымен мазмұнына қандай талаптар қойылу керектігі туралы білу керек.

Арбитраждық келісімнің түсінігі.«Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2 бабының 4 тармағында «төрелік келісім- туындаған немесе туындауы мүмкін болған дауды төреліктің қарауына беру туралы шарт тараптарының жазбаша келісімі, ол шартта төрелік ескертпе түрінде немесе субъектілер мен олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, телетайпограммалар, факстар, электронды құжаттар немесе өзге де құжаттар алмасу арқылы жасалуы мүмкін» деп айтылған.[27] Бұл анықтама 1985 ж. халықаралық коммерциялық арбитраж туралы ЮНСИТРАЛ үлгі заңындағы анықтамаға негізделген.

Құқықтық тәжірибеде арбитраждық келісімнің 3 түрі танымал: арбитраждық ескертпе, арбитраждық келісім, третейлік жазу (третейская запись).

Арбитраждық келісім-тараптар арасындағы жасалынған контрактілерден немесе контрактілер тобымен байланысты болашақта пайда болуы мүмкін дауларды арбитраждық сотта қарау туралы тараптардың дербес келісімі.

Арбитраждық келісім- тараптар арасындағы дауларды арбитраждық сотта шешу туралы контракт тараптарының келісімі, ол контракт шарттарының бірі ретінде көрсетіледі.

Третейлік жазу-тараптар арасындағы пайда болған дауды арбитраждық сотта қарау туралы дербес келісімі.

Тараптар арбитраждық сотқа жүгіне алу үшін арбитраждық келісімнің бір түрін жасаса жеткілікті болады. Бірақ іс жүзінде бір контракт үшін третейлік жазу және арбитраждық ескертпенің екеуі де бар болған жағдайлар кездеседі. Ондай жағдай мысалы, тараптар арбитраждық соттың қарауына берілетін даулардың белгілі бір түрлерін арбитраждық ескертпеде көрсетеді. Ал осы контракт бойынша басқа сипаттағы дау туындайтын болса, тараптар дауды арбитраждық сотқа беру үшін третейлік жазу жасайды және ол дербес арбитраждық келісім болып табылады.

Егер контрактіні жасау кезінде дауларды арбитраждық сотқа беру туралы мәселе контрактіні жасау кезінде талқыланса, арбитраждық келісімді контрактінің ішіне оның маңызды шарттары негізінде қосады, мұндай келісімді арбитраждық ескертпе деп атайды. Дауды арбитраждық соттың қарауына беру туралы келісім жеке құжат ретінде жасалуы мүмкін, сонымен бірге пайда болған дауларды шешу үшін де жасалынуы мүмкін.

Контрактілерді жасау кезінде осы мәселеге, яғни арбитраждық ескертпелерге дұрыс көңіл бөлінбейді. Мысалы, тараптар арбитраждық ескертпеде пайда болуы мүмкін дауды арбитраждық сотта немесе Қазақстандағы арбитраждық сотқа беретіндігі туралы келіседі, бірақ қандай арбитраждық сотқа, Қазақстандағы нақты қандай арбитражға беру туралы жөнді көрсетпейді. Егер тараптар бұл қатені түзеуге келіссе,мұндай арбитраждық ескертпе жүзеге асырылуы мүмкін.1

Арбитраждық келісімнің нысаны.Арбитраждық келісімнің нысанына қойылатын талаптар Заңда анық көрсетілген. Ол жазбаша нысанда жасалынуы керек. Бұл талап императивті норма ретінде көрсетілген және оны орындамау арбитраждық келісімнің жарамсыздығына алып келеді. Заңда көрсетілгендей, арбитраждық келісім жазбаша нысанда жасалынады егер ол тараптармен қол қойылған құжаттың ішінде көрініс тапқан жағдайда ғана емес, заңда көрсетілген тағы екі жағдайда болады:

а) егер ол субъектілер мен олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, телетайпограммалар, факстар, электронды құжаттар немесе өзге де құжаттар алмасу арқылы жасалынса;

ә) егер тараптардың бірі төрелік келісімнің бар екендігі туралы ал екінші тарап ол жағдайды жоққа шығармайтын талап арызбен талап арызға жауаптардың алмасуы арқылы жасалынса.

Арбитраждық келісімнің нысаны арбитраждық іс жүргізу елінің заңдарында көрсетілген талаптарға сай етіліп жасалынуы керек. Арбитраждық келісімнің нысанына байланысты мәселелер сыртқыэкономикалық арбитраж мәселелерін реттейтін негізгі халықаралық конвенцияларда да көрініс табады.

Нью-Йорк Конвенциясына сәйкес арбитраждық келісім жазбаша нысанда жасалынуы керек. Сыртқы сауда төрелігі туралы 1961 жылы Еуропа Конвенциясына сәйкес арбитраждық келісім-шарт ауызша нысанда жасалынуы мүмкін.

Егер арбитраждық іс жүргізу елі осы екі конвенциялардың қатысушысы болса, арбитраждық келісімнің жарамдылығы туралы мәселе туындаса, олардың ережелерінің коллизиясы туындайды. Еуропа конвенциясы Нью-Йорк Конвенциясына қарағанда кешірек жасалынды және оған қол қоюдың мақсаты, оның кіріспесінде көрсетілген «еуропалық сауданың дамуына мүмкіндігінше сыртқы сауда арбитражының әрекет етуіндегі қиыншылықтарды жоюға жәрдемдесу» болды, яғни екі конвенцияның мүшесі болатын елдер контрагенттерінің қатынастары Еуропа конвенциясының нормаларымен реттелінеді.

Мысалы, Германияның сотында Батыс Герман фирмасымен австриялық корпорация арасындағы дау қаралды. Батысгерман фирмасы жазбаша нысанда растамаған австриялық корпорацияның батысгерман фирмасына жіберген хаттағы арбитраждық келісімге тараптардың бірі дау айтады. Австрия да Германия мемлекеті де Еуропа және Нью-Йорк Конвенцияларының қатысушылары болғандықтан, қандай конвенцияның ережелерін қолдану керектігі туралы мәселе сот алдында дауды шешкен кезде туындады. Сот Еуропа конвенциясының нормаларын қолдану керек деген шешімге келеді, өйткені оның ережелері Нью-Йорк Конвенциясына қарағанда кешірек қабылданды. Еуропа конвенциясының 1-бабына сәйкес және Германияның құқық нормаларына сәйкес, арбитраждық келісімді жасау туралы ұсыныс алғаннан кейін қарсылықтар жібермеу салдарынан осы келісіммен байланысты болады, сот арбитраждық келісімді жарамды деп тапты. [28]

Арбитраждық келісімге нысанынан басқа оның қолданылатын құқықтық нормаларымен белгіленген басқа да талаптар қойылады. Ең алдымен, арбитраждық келісім тараптардың құқықтық қатынастарынан туындаған дауларға байланысты жасалынуы керек. Арбитраждық келісімді тек әрекетке қабілетті тарап қана жасауы мүмкін, ал әрекетке қабілетсіз тараптың атынан келісімді оның өкілі жасайды.

Қазақстанда арбитраждық келісімді жасау туралы құқық қабілеттілікке байланысты қандай да бір шектеулер қойылмаған. Арбитраждық келісімдерді қазақстандық және шетелдік заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер және жеке кәсіпкерлер де жасай алады.

Арбитраждық келісімді жасау кезінде тараптар еркінің болуы керек. Егер келісім мәжбүрлеу негізінде жасалынса, ол жарамсыз болып танылады. Арбитраждық келісімге сондай- ақ, даудың арбитражда қаралу жағдайлары талабы да қойылады. Әдетте заңнамада қандай даулар арбитраждық соттың қарауына жататындығы туралы көрсетіледі. Осыған байланысты арбитраждық келісімнің мерзімі де анықталады.

«Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, төрелік келісімнің пәні ретінде егер, тараптардың ең болмаса бірі Қазақстан Республикасының резиденті емес болса, жеке тұлғалар, коммерциялық және өзге де ұйымдар арасындағы азаматтық- құқықттық шарттардан туындайтын даулар тараптардың келісімі бойынша төрелікке беріледі.[29]

Арбитраждық келісімнің мазмұны.Арбитраждық келісімнің мазмұны маңызды рөл атқарады. Арбитраждық келісім анық болу керек және ол ең біріншіден дау берілетін арбитраждық мекеменің атауына байланысты болуы шарт. Ерпылева Н.Ю. ғалымның ойынша, арбитраждық соттың атауын дұрыс көрсетпеуден арбитраждық келісімнің жарамдылық мәселесі туындауы мүмкін.

Мысалы, пайда болуы мүмкін дау Алматы қаласындағы арбитраждық соттарда қаралады деп белгілеу арбитраждық келісімнің жарамсыздығын көрсетеді, өйткені Алматы қаласында мемлекеттік және коммерциялық институционалды арбитраждық соттардың саны өте көп болуы мүмкін. Мысал ретінде, МКАС- тың 5 ақпан 1996 ж. № 57/95 ісі бойынша шешімін келтірейін: «талапкердің берген талап арызындағы контрактінің ішінде келісідей арбитраждық ескертпе болған: «осы шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер, егер оларды бейбіт жолмен шешу мүмкін емес болса, ондай істер арбитраждық сотқа беріледі. Арбитраж Мәскеу қаласында орналасқан және сауда палатасының ережелері мен рәсімі бойынша шешіледі». Арбитраждың шешімі тараптар үшін міндетті болады. Тараптар арасындағы контрактінің ішіндегі арбитраждық ескертпені түсіндіруде тараптардың МКАС туралы айтып отырғандығын және ешқандай дәлелдемелер берілмегендіктен, МКАС бұл контрактіден туындайтын дауларды қарауға құзыреті жоқ екендігін айтты «[30].

Келтірілген мысалдан көрінетіндей, институционалды арбитраждың атауын толығымен көрсетпеу, арбитраждық мекеменің туындаған дауды қараудан бас тартуға және жауапкердің тұрғылықты жеріндегі ұлттық сотқа берілуіне әкеп соғуы мүмкін.

Арбитраждық іс жүргізу орны да маңызды талаптардың бірі болып саналады. Дауды қарау қай жерде жүргізілетіндігіне іс жүргізудің өзі, қолданылатын процессуалдық құқық , төрешілерді таңдау, үшінші елдерде арбитраждық шешімдерді мәжбүрлеп орындату мүмкіндігіне байланысты болады.

Арбитраждың өткізілу орны екі тарапқа да тиімді болу керек. Бұл контракт тараптарының бірінің орналасу жері немесе тараптардың қызмет жүргізу орны болуы мүмкін. Немесе мысалы, тауардың санына байланысты туындайтын даулар сатушының елінде, ал тауардың сапасына байланысты даулар сатып алушының елінде шешіледі деп көрсетуі мүмкін.

Арбитражды жүргізу орнын таңдауда құқықтық фактор маңызды рөл атқарады. Ел географиялық көзқарастан тиімді болу мүмкін, бірақ оның арбитраждық заңнамасы ескіріп оларды қолдану тиімсіз болу мүмкін.

Арбитраждық шешімді орындау қажеттілігіне байланысты арбитраждық соттың орнын анықтауда мемлекеттердің Нью- Йорк Конвенциясына қатысуы маңызды қағида болып табылады.

Арбитраждың өткізу орны, егер тараптар таңдамаса контрактіге қолданылатын материалдық құқықты таңдауға әсер ету мүмкін.

Арбитраждық келісімде қандай төрелік сот институционалды немесе ad-hoc соттары ма соны анықтау қажет. Егер, төрелік институционалды болса нақты қандай арбитраждық мекеме туралы айтылу керек. Егер, тараптар ad-hoc арбитраждық соттарын таңдаса және арбитраждың өткізілу орны Қазақстан аумағы деп анықталса, арбитраждың құрамы мен арбитраждық іс жүргізу «Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес анықталады. Бұл заңның көптеген нормалары диспозитивті. Тараптар сондықтан төрелік келісімге ондай нормалардан басқа шарттар қосуы мүмкін.

Әрбір арбитраждық мекеменің контрактіге қолданылуға ұсынылатын арбитраждық ескертпесі бар. Осылайша мысалы, Қазақстан Республикасы Сауда- өнеркәсіптік палатасы жанындағы Халықаралық арбитраждық соттың ұсынатын арбитраждық ескертпесі: «Осы шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы Сауда- өнеркәсіптік палатасы жанындағы Халықаралық арбитраждық сотта оның Регламенті бойынша шешіледі».

Арбитраждық шешімнің дербестігі.Арбитраждық келісімге тән нәрсе оның негізгі контрактіден дербестігі болып табылады. Ол арбитраждық келісімнің жарамдылығы контрактінің жарамдылығына байланысты емес екенін білдіреді.

Арбитраждық келісімнің контрактіден бөліну теориясы көптеген елдермен мойындалады. Мысал ретінде, МКАС- тың№ 162/1994 ісі бойынша шешімінде, жауапкер атынан өкілеттігі жоқ тұлғамен қол қойылған контракт жарамсыз деп танылды. Бірақ, МКАС дауды мәні бойынша қарау құзыретіне ешқалай әсер ете алмайтындығы туралы айтып, талапкердің жарамсыз контракт бойынша тауар үшін алдын ала төленген соманы және пайызды қайтару талабын қанағаттандырды. [31]

Тараптар арбитраждық келісімнің әрекетін жаңа арбитраждық келісім жасау арқылы тоқтатуы мүмкін. Арбитраждық келісім сонымен қатар, өзінің әрекетін егер арбитраждық келісімді бұзу үшін тарап сотқа талап арызбен жүгінсе және екінші тарап істің мәні бойынша қарсылықтарын білдірсе тоқтатады.

Арбитраждық ескертпенің дербестігі қағидасын мойындаудың салдары ретінде «құзыреттің құзыреті» доктринасын қарастыруға болады. Ол бойынша шарт жарамсыз болып табылса немесе тараптардың біреуінің ойынша арбитраждық келісім жарамсыз болса, төрешілердің арбитраждық ескертпенің жарамдылығы немесе жарамсыздығы мәселесін шешуге, сондай- ақ шарттың жарамсыздығымен байланысты және одан шығатын салдарларға қатысты барлық мәселелерді шешу құқығынан айырмайды.

Мысалы, екі тарап арбитраждық ескертпе жасайды. Бірақ дау туындағаннан кейін тараптардың бірі арбитраждық соттың дауды қарауға құзыреті жоқ екендігі туралы айтады. Сонда төрешілер сотқа жүгінбей дауды қарауға құзыреттігі туралы шешім шығара ала ма?

«Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15- бабына сәйкес «төрелік өзіне шешуге берілген дауды қарауға өкілеттіктері бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені, оның ішінде тараптардың бірі төрелік келісім жарамсыз деген себеппен төрелік іс қарауға қарсылық білдірген жағдайда дербес шешеді».[32]

Сонымен бірге арбитраждық іс қараудың тілін таңдауға болады. Егер тараптар тілді таңдамаса онда ол мәселені төрешілердің өздері шешеді. «Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес, «тараптар төрелікте іс қарау барысында қолданылатын тіл немесе тілдер туралы өз қалаулары бойынша уағдаласуы мүмкін. Мұндай уағдаластық болмағанда, төрелік іс қарау кезінде қолданылуға тиісті мемлекеттік тілді, онымен тең орыс тілін немесе өзге де тілдерді айқындайды. Төрелікте іс қарау жүргізіліп отырған тілді меңгермеген іске қатысушы адамдарға іс материалдарымен танысу, аудармашы арқылы төрелікте іс қарауға қатысу құқығы, төрелікте ана тілінде сөйлеу құқығы қамтамасыз етіледі. Құжаттар мен өзге материалдарды төрелікте іс қарау тілінде ұсынбаған тарап олардың аудармасын қамтамасыз етеді, бұл ретте төреліктің регламентімен не тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін. Төрелік тараптардан құжаттар мен өзге де материалдардың төрелікте іс қарау тіліндегі аудармасын талап етуі мүмкін».[33]

Арбитраждық іс жүргізуге қолданылатын құқық.Халықаралық коммерциялық арбитраждың қызметін пайдаланатын тараптар, арбитраждық іс жүргізудің рәсімдерін реттейтін ережелерді өздерінің еркімен таңдай алады. Халықаралық коммерциялық арбитраждың қатысушы- тараптары әртүрлі құқықтық жүйелерді қолданса, онда арбитраждық іс жүргізуді өткізудің ережелері осы жүйелер арасында ымыраластыққа келуге тура келеді.

Халықаралық коммерциялық айналым қатысушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін заңнаманы таңдаудың 3 жолы көрсетілген:

а) халықаралық, яғни халықаралық коммерциялық арбитраж арбитраждық іс жүргізу елінің заңнамасымен байланысты емес, ол тараптардың өздері жасаған процедура негізінде жүзеге асырылады;

ә) арбитраждық іс жүргізу өтетін елдің заңнамасында халықаралық және ішкі арбитраждар арасында айырмашылықты көрсетеді. Халықаралық арбитраж арбитраждық іс жүргізу елімен әдетте байланысы аз, сондықтан заң шығарушы соттың араласуының аз негіздерін және халықаралық коммерциялық арбитраждық қызметін реттейтін императивті нормалардың санын шектеу мүмкін;

б) халықаралық та ішкі арбитраждың де қызметін реттейтін жалғыз заң бар.

Арбитраждық іс жүргізу елінің құқығы арбитраждың процедурасын реттейді және арбитраждың жүргізілуіне әсер ете алады. Арбитраждық іс жүргізу елінің құқығы соттардың арбитраждық іс жүргізу процесіне араласу мүмкіндігінің бар немесе жоқ екендігін көздейді, қандай даулар арбитраждық іс жүргізуде қаралады ал қандайлары жоқ.

Классикалық теория бойынша арбитраж іс жүргізу процедурасын реттейтін құқықты таңдауда ерікті. 1958 ж. 10 маусымдағы «Шетелдік арбитраждық шешімдерді тану мен орындау туралы «Нью- Йорк Конвенциясы тараптармен таңдалған арбитраждық іс жүргізу құқығы мен процедура ережелерін белгілеуде арбитраждық іс жүргізу елінің құқықтарына тең мәртебе береді.

«Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26- бабына сәйкес, «төрелік дауды қарағанда тараптар қолданылады деп таңдаған құқық нормаларына сәйкес дауды шешеді. Қандай да бір мемлекеттің құқығына немесе құқық жүйесіне кез келген сілтеме жасау оның қайшылықты нормаларына емес, осы мемлекеттің материалдық құқығына тікелей сілтеме ретінде түсіндірілуге тиіс. Тараптардың қолданылатын құқық туралы келісімі болмаған жағдайда, қолданылатын құқықты төрелік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды. Нақты құқық қатынастарын реттейтін нормалар болмаған кезде, төрелік осы мәмілеге қолданылатын іскерлік айналымның әдет- ғұрыптарына сәйкес шешім қабылдайды».

Пысықтау сауалдары:

1.Халықаралық коммерциялық арбитраждың жалпы мемлекеттік соттан айырмашылығы және оның функциялары?

2. Халықаралық коммерциялық арбитражда форс-мажорлық жағдайларға байланысты қандай шарттар көзделген?

3. Халықаралық коммерциялық арбитраждың сот шешімінен мемлекеттік сот шешімінен қандай айырмашылықтары қарастырылған?

4. Халықаралық коммерциялық арбитраж және мемлекеттік сот дауларды қандай ережелермен шешеді ?

5. Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы түсінік қашан және кандай ұйыммен қабылданған?

Пайдаланған әдебиттер:

Негізгі әдебиеттер

1.Ануфриева Л.П. “Международное частное право”, М.,2000.1,2 том БЕК б.

1. Богуславский М.М. “Международное частное право”, М.,1994.

2. Богуславский М.М. “Международное частное право”, М.,1998,2002.

3. Вольф М. Международное частное право. М.: Иностр. лит., 1948.

4. Bar Ch. von. Internationales Privatrecht. München, 1987

5. Batiffol. H. Droit international prive. P., 4-ème édition. 1967

6. Гражданское право. Том III. Учебник для ВУЗов (Академический курс)/ Отв.ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы, 2004.

7. Иссад М. Международное частное право. Пер. с фр. М. 1989.

8. Галенская Л.Н. Международное частное право Л. 1983.

9. Корецкий В.М. Избранные труды. Кн.1. Киев, 1989.

10. Лунц Л.А. Курс международного частного права. Общая часть. М.,1973.

11. Лунц Л.А. Курс международного частного права. Особенная часть 1975.

12. Международное частное право. Под.ред. Сарсембаева М.А. Алматы 1997.

13. Международное частное право. Скаридов А.С. С-П., 1998.

14. Международное частное право. Сборник документов. Составители К.А.Бекяшев, А.Г.Ходаков. М., 1997.

15. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Оқу құралы. Жеті Жарғы.Алматы.2006ж.

16. Перетерский И.С., Крылов С.Б. Международное частное право. М.,1959.

17. Чешир Дж., Норт П. Международное частное право. М., 1982.

Осымша әдебиеттер

1. Лунц Л.А. К вопросу о квалификации в международном частном праве. Советский ежегодник международеого права. 1979ж. М.,1980.

2. Садиков О.Н. Коллизионные нормы в современном международном частном праве. Сов. ежегодник международного права. 1982ж. М.,1983.

3. Садиков О.Н. Императивные нормы в международном частном праве. Моск. журнал международного права. 1992ж. №2

4. Ладыженский А.М. Теория национальности юридических лиц в международном частном праве. Сов. ежегодник международного права. 1964-1965. М.1996.

5. Ляликова Л.А. Транснациональные корпорации и проблема определения их национальности. Сов. ежегодник международного права. 1981. М. 1966.

6. Ладыженский А.М. Теория национальности юридических лиц в международном частном праве. Сов. ежегодник международного права. 1964-1965. М.1996.

7. Иванов С.И. Современные тенденции в законодательстве некоторых буржуазных государств по вопросу об иммунитете государства и его собственности (на примере США и Англии). Сов. ежегодник международного права. 1981. М.,1982.

8. Баратянц Н.Р., Богуславский М.М., Колесник А.Н. Современное междунарадное право: иммунитет государства. Сов. ежегодник международного права, 1988. М.,1989.

9. Лаптев В.В. Вопросы собственности в современном международном частном праве. Вопросы международного частного права. М.,1956.

10. Вилков Г.Е. Национализация и международное право. М.,1962.

11. Богуславский М.М. Правовое положение иностранных инвестиций. М,1993.

12. Поздняков В.С., Садиков О.Н. Правовое регулирование отношений по внешней торговле. М., 1985.

13. Лунц Л.А. Внешнеторговая купля-продажа (коллизионные вопросы). М., 1972.

14. Мусин В.А. Международные торговые контракты. Л., 1986.

15. Зыкин И.С. Договоров во внешнеэкономической деятельности. М.1990.

16. Розенбург М.Г. Заключение договора международной купли-продажи товаров. М., 1991г. Гражданское и торговое право капиталических государств. Под/ред. Е.А. Васильева. М., 1992.

17. Комаров А.С. Ответственность в комерческом обороте. М 1991.

18. Шмитгрофф К. Экспорт: право и практика международной торговли. М., 1993.

19. Внешноторговые сделки. Гринько И.С., г. Сумы, 1994.

20. Садиков О.Н. Правовое регулирование международных перевозок. М., 1981.

21. Садиков О.Н. Реформа Бернских конвенций о железнодорожных перевозках. Внешняя торговля, 1982. №4

22. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право: вопросы теории и практики. М.,1986.

23. Гуреев С.А. Коллизионные проблемы морского право. М., 1972.

24. Маковсеий А.Л. Международное частное морское право. М.,1974.

25. Иванов Г.Г., Маковсеий А.Л. Международное частное морское право. М., 1984.

26. Альтшуллер А.Б. Международное валютное право. М., 1984.

27. Белов А.П. Способы обеспечения исполнения обезательств во внешноторговых сделках. М., 1992.

28. Международное торговое право: расчеты по контрактом. Сборник междунардных документов и комментарии. Составитель Лазарева Т.П. М.,1996

29. Н.Ю. Ерпылева. Международное банковское право. М., 1998.

30. Ефимова Л.Г., Новоселова Л.А. Банки: ответственность за нарушения при расчетах. М., 1996.

31. Носкова И.Я. Международные валютно-кредитные отношения. М.,1995

32. Международные валютно-кредитные и финансовые отношения. Под. ред. Л.Н. Красавиной. М.,1994.

33. Мишель Пебро. Международные экономические, валютные и финансовые отношения. Пер. с фр. М., 1994.

34. Международная торговля: финансовые операции, страхование и другие услуги. Пер. с англ. Киев, 1994г., М. 1994.

35. Звеков В.П. Обязательства из причинения вреда в международном частном праве (некоторые коллизионные вопросы) М., 1963.

36. Патентное право. Под ред. Каудырова. Алматы, 1996.

37. Богуславский М.М. Патентные вопросы в международных отношениях. М., 1962.

38. Богуславский М.М., Воробьева О.В., Светланов А.Г. Международная передача технологии: правовое регулирование. М., 1985.

39. Боденхаузен Г. Парижские конвенции по охране промышленной собственности Комментарий. М.,1977.

40. Штумпф Г. Лицензионный договор. Пер. с нем. М., 1988.

41. Лунц Л.А. Международный гражданский процесс. М., 1976.

42. Лебедев С.Н. Международный торговый арбитраж. М., 1965.

43. Лебедев С.Н. Международное сотрудничество в области коммерческого арбитража. М., 1979.

44. Минаков А.И. Арбитражные соглашения и практика рассмотрения внешнеэкономических споров. М.,1985.

45. Лебедев С.Н. Международный коммерческий арбитраж: компетенция арбитров и соглашение сторон. М., 1988.

46.North P. M., Fawcett J.J. Cheshire and North’s Private International Law. – London, Dublin, Edinburgh, 1992.

Мазмұны

1-тарау. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі, жүйесі және оның

қайнар көздері.................................................................................................................3

2-тарау. Коллизиялық норманың түсінігі және оның түрлер..............................................................................................................................19

3-тарау. Халықаралық жеке құқықтың жалпы түсінігіі..........................26

4-тарау. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғаның

құқықтық әртебесі......................................................................................................44

5-тарау. Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалар...................................59

Наши рекомендации