Стансалық және пойыз аралық интервалдардың есептемесі
3.1 Қиылысу интервалының есептемесі
Қиылысу интервалы - 2001 пойыздың стансаға келу уақытының мүмкін болатын төменгі шекті мәнінен 2002 пойыздың осы стансадан жөнелу уақытына дейінгі аралық.
Сурет 1 - Айырылыспа бекеттегі пойыздардың орналасуы мен қиылысу интервалының сұлбасы
Кестені толтыру кезінде қажетті операциялар таңдалынып, қиылысу интервалын есептеу кезінде тапсырмадағы бағыттамалар мен сигналдарды басқару жүйесі қолданылады. Ал жекелеген операцияларға кететін уақыт шамалары 2-қосымшадан алынады.
Кесте 3.1 Электрлік орталықтандыру кезіндегі қиылысу интервалын есептеу кестесі
№ | Операциялар | Уақыт, минут | |||
Операция | 0-0,5 | 1,5 | |||
2001 пойыздың өтуін бақылау | А =0,3 | ||||
«Өту» блок сигналын беру | Б =0,1 | ||||
Пойыздың жүріс барысы туралы іргелес станса ДСП-ларының байланысы | В=0,2 | ||||
2002 пойызды жөнелту туралы келісім алу | Г=0,1 | ||||
2002 пойызды жөнелту маршрутын дайындау | Д=0,17 | ||||
Шығу бағдаршамын ашу | Е=0,05 | ||||
Жүргізушінің сигналды қабылдауы | Ж=0,1 | ||||
Интервалдың ұзақтығы | К=1,02 |
Интервалдың ұзақтығы барлық операциялардың қосындысымен К =А + Б + В + Г + Д + Е + Ж анықталып математикалық тәсілмен дөңгелектенеді. Қиылысу интервалын τск = К мин. деп қабылдаймыз.
3.2 Әртүрлі уақытта келу интервалының есептемесі
Әртүрлі уақытта келу интервалы 2001 пойыздың стансаға келу уақытынан 2002 пойыздың осы стансаға келу уақытына дейінгі аралық. 2-суретте айырылыспа бекеттегі пойыздың орналасуы мен әртүрлі уақытта келу интервалының схемасы ұсынылған.
Сурет 2 - Айырылыспа бекеттегі пойыздың орналасуы мен әртүрлі уақытта келу интервалының схемасы
2002 пойыздың стансадан өтуінің есептік арақашықтығының анықталуы:
Lпр = lвосп + lторм + lвх + lп/2, м (3.1)
мұндағы lвосп – кіру бағдаршамының көрсеткішін машинистің ажыратып көру
арақашықтығы: lвосп=45÷50м;
lторм – тежелу жолының ұзындығы, м;
lвх – кіру алқымының ұзындығы, м;
lп – пойыздың ұзындығы, м.
2002 пойыздың есептік өту арақашықтығы мен алқымды иелену уақытының шамалары анықталады.
Келген пойыздың кіру алқымын иелену уақытының есептемесі.
tпр = 0,06 ∙ Lпр / υвх, мин (3.2)
мұндағы υвх – кіру жылдамдығы, км/сағ;
Lпр - 2002 пойыздың есептік өту арақашықтығы.
Орындалған есептемелерді 3.2 - кестесіне еңгіземіз. Әртүрлі уақытта келу интервалын есептеу кезінде тапсырмадан бағыттамалар мен сигналдарды басқару жүйесі қолданылады және жекелеген операцияларға кететін уақыт шамалары 2-қосымшадан алынады.
Кесте 3.2 Әртүрлі уақытта келу интервалының есептемесінің керегені
№ | Операциялар | Уақыт, мин | |||||
Операция | 0 1 | ||||||
2001 пойыздың өтуін бақылау | А | ||||||
«Өту» блок сигналын беру | Б | ||||||
Пойыздың жүріс барысы туралы іргелес станса ДСП-ларының байланысы | В | ||||||
Стансадан блок-сигнал келісімін алу | Г | ||||||
2002 пойыздың өту маршрутын дайындау | Д | ||||||
Кіру және шығу сигналдарын ашу | Е | ||||||
2002 пойыздың есептік аралықтан ( Lпр) өту уақыты (tпр) | Ж | ||||||
Интервалдың ұзақтығы | К |
Интервалдың ұзақтығы А + Б + В + Г + Д + Е + Ж=К қосындыларымен анықталып математикалық тәсілмен дөңгелектенеді. Әртүрлі уақытта келу интервалы τнп =К минут.
3.3 Өтпелі пойыздың жол бойындағы интервалының есептемесі
Өтпелі пойыздың жол бойындағы интервалы деп стансаға бірінші пойыздың келу мерзімінің уақытынан іргелес стансадан екінші пойыздың өту уақыты дейінгі төменгі шекті уақыт аралығын айтамыз. 3-суретте 2001, 2003 пойыздардың жол жөнекей өтуі кезінде пойыздардың өтпелі түрде орналасу интервалының схемасы көрсетілген.
Сурет 3 - 2001, 2003 пойыздарының жолай жүру кезіндегі пойыздардың өтпелі орналасу интервалының сұлбасы
2003 пойыздың жүріп өтетін есептік ара қашықтығын анықтаймыз.
Lпр =lвх + lторм + lвосп + lп/2 , м (3.3)
мұндағы lвх – кіру алқымының ұзындығы, м;
lвосп – кіру бағдаршамының белгісін машинистің ажыратып көру
арақашықтығы: lвосп=45÷50м;
lп – пойыз ұзындығы, м;
lторм – тежеу жолының ұзындығы, м.
2003 пойызбен жүрілген есептік ара қашықтықты анықтап, стансаға келетін пойыздың станса алқымынан өтуіне қажетті уақытты анықтаймыз.
tпр = 0,06 ∙ Lпр / υвх, мин (3.4)
мұндағы υвх – кіру жылдамдығы, км/сағ;
Lпр – 2003 пойыздың жүріп өтетін есептік ара қашықтығы,м.
Кестені толтыру үшін 2-қосымшаны қараймыз, онда жеке операцияларға арналған уақыттың шартты шамалары көрсетілген.
Кесте 3.3 Өтпелі пойыздың жолай жүру интервалының сұлбасы
№ | Операциялар | Уақыт, минут | |||||
Операция | 0 1 | ||||||
№2001 поездың ст. Б келгені туралы ДСП бақылауы | А | ||||||
№2001 поездың «Жүріп өту» блок-сигналын беру | Б | ||||||
Пойыздар қозғалысы туралы көршілес стансалар ДСП арасындағы сөйлесулер | В | ||||||
Стансамен келісім блок-сигналын алу | Г | ||||||
№2002 поездың жүріп өту маршрутын дайындау | Д | ||||||
№2003 арасындағы кіру және шығу белгілерін ашу | Е | ||||||
№2003 пойыздың есептік ара қашықтықты (Lпр) өту уақыты (tпр) | Ж | ||||||
Интервал ұзақтығы | К |
Интервал ұзақтығы барлығының қосындысымен анықталып К=А+ Б + В + Г + Д + Е + Ж математикалық тәсілмен жуықталады. Өтпелі пойыздың жолай тоқтаусыз өту интервалы τпс. скв=К минут деп қабылдаймыз.
3.4 Аялдайтын пойыздардың жол бойындағы интервалы
Аялдайтын пойыздардың жол бойындағы интервалы дегеніміз пойыздың келген сәтінен бастап осы стансадан жөнелту кезіне дейінгі төменгі шекті уақытын айтамыз. Есептеусіз τпс.ост. = 1минут аралығын қабылдаймыз.
3.5 Пакетті керегендегі пойыз аралық интервалдардың есептемесі
Бекет аралық теліммен, блок-теліммен немесе уақытпен шектіліп, бірінен соң бірі бір бағытта жөнелтілген бір немесе бірнеше пойыз пакет деп аталады.
Үш мәнді автоблоктау кезінде пакеттегі пойыздар қозғалысының үш жағдайы болу мүмкін:
-жасыл белгіге жүрген жағдайда осы пойыздан кейін келетін пойыздар кемінде үш блок-теліммен шектеледі;
-сары белгіге жасыл белгімен бірге жүрген жағдайда келесі пойыздар екі блок-теліммен шектеледі;
- сары белгіге жүрген жағдайда – пойыздар блок-теліммен немесе тежеу жолының ұзындығымен шектеледі.
Келесі келетін пойыздар үш блок-теліммен шектелетін жағдайда пакеттегі пойыздардың төменгі шекті есептік ара қашықтығы (3.5) теңдікпен анықталады:
Lпр =l'бл + l''бл + l'''бл + lп , м (3.5)
мұндағы l'бл, l"бл, l"'бл – блок-телімдердің ұзындығы, м;
lп – пойыздың ұзындығы, м.
Пакеттегі үш блок-теліммен шектелетін пойыздар қозғалысының сұлбасы 4-суретте көрсетілген.
Сурет 4 - Пакеттегі үш блок-теліммен шектелетін пойыздар қозғалысының сұлбасы
Үш блок теліммен шектелетін пакеттегі пойыздар аралығының интервалы:
J = 0,06 ∙ Lпр/ υр, мин (3.6)
мұндағы Lпр – үш блок-теліммен шактелетін пакеттегі пойыздар арасындағы
төменгі шекті есептік ара қашықтық, м;
υр –блок-телімдердегі пойыздар қозғалысының жылдамдығы, км/сағ.
Екі блок-теліммен шектелетін пакеттегі пойыздар қозғалысының сұлбасы 5-суретте көрсетілген.
Сурет 5 - Пакеттегі екі блок-теліммен шектелетін пойыздар қозғалысының сұлбасы
Екі блок-теліммен шектелетін пакеттегі пойыздардың төменгі шекті есептік ара қашықтығы 3.7-теңдікпен анықталады:
Lпр = lвосп + l'бл +l''бл +lп , м (3.7)
мұндағы lвосп – кіру бағдаршамының белгісін машинистің ажыратып көру
арақашықтығы: lвосп=45÷50м;
l'бл, l"бл – блок-телімдердің ұзындығы, м;
lп – пойыз ұзындығы, м.
Екі блок-теліммен шектелетін пакеттегі пойыздар аралығының интервалы 3.8 -теңдікпен анықталады:
J = 0,06 ∙ Lпр/υp, мин (3.8)
Пакеттегі пойыздар блок теліммен немесе тежеу жолының ұзындығымен шектелетін сұлба 6-суретте көрсетілген.
Сурет 6 - Пакеттегі блок-теліммен немесе тежеу жолының ұзындығымен шектелетін пойыздар қозғалысының сұлбасы
Бір блок теліммен және тежеу жолының ұзындығымен шектелетін пакеттегі пойыздардың төменгі шекті есептік ара қашықтығы 3.9-теңдікпен анықталады:
Lпр = lвосп + lторм + lбл + lп, м (3.9)
мұндағы lвосп – кіру бағдаршамының белгісін машинистің ажыратып көру
арақашықтығы: lвосп=45÷50м;
lторм – тежеу жолының ұзындығы, м;
lбл – блок телімнің ұзындығы, м;
lп – пойыздың ұзындығы, м.
Бір блок теліммен және тежеу жолының ұзындығымен шектелетін пакеттегі пойыздар аралығының интервалы 3.10-теңдікпен анықталады.
J = 0,06 ∙ Lпр/υp, мин (3.10)
Пойыздар қозғалысының керегенін құру үшін пакеттегі пойыздар интервалын есептеу кезінде пойызаралық интервалдардың жоғарғы (J) мәні қабылданады.