Локомотив бригадаларының жұмыс жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
198. Машинистің кабинасындадірілден және шудан оқшаулау қамтамасыз етіледі.
199. Машинист кабинасының ауданы жаңадан салынып жатқан локомотивтер мен арнайы ӨЖЖҚ үшін кемінде 5,5 шаршы метр (бұдан әрі - м2) болып көзделеді.
200. Бүйір терезелер барлық ауданы бойынша тік бағытпен реттелетін, күннен қорғайтын перделермен жабдықталады. Қарсы терезелерде күннен қорғайтын экрандар қолданылады.
201. Қарсы терезелер бағдаршам сигналдарының түсін бұрмаламай, жақсы көрінуін қамтамасыз етеді. Оларды орнату бұрышы оларда сыртқы жарық сигналдары мен жарықтың ішкі көздерінің шағылысуын болдырмауды есепке ала отырып таңдалады.
202. Машинистің көзі мен қарсы терезе арасындағы қашықтық 600-1000 мм құрайды.
203. Пульттегі ақпаратты бейнелеу құралы (бұдан әрі – АБҚ) басқару алгоритмі мен көздің бағытын есепке ала отырып мына:
1) орталық – 4 градус (бұдан әрі – о) бұрышты;
2) анық көру – 30-35о;
3) 75-90 о перифериялық көру аймақтарында орналасуы тиіс.
204. Су, май және отын құбырларында дизель отынын, майды және тот басуға қарсы тұнбалардың адамның денесіне түсуін болдырмайтын тығыздығы болады.
205. Машинистің креслосы:
1) арқалығы шалқайып реттелетін;
2) локомотив осінің биіктігі мен бағыты бойынша реттеуді қамтамасыз ететін, қайырылатын шынтақ қойғышпен;
3) қайырылатын қатты отырғышпен;
4) берік, ауа өткізетін және жеңіл тазартылатын материалдан жасалған жұмсақ тыспен қапталып, орнатылады.
206. Машинистің және оның көмекшісінің креслосының артында креслоны қайырған кездегі еркін өту жолының ені кемінде 150 мм көзделеді.
207. Локомотивтің және арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрам машинисінің кабинасында табиғи желдетуге арналған құрылғы (терезелер, люктер) көзделеді.
208. Машинистің кабинасында мынандай температуралық сипаттамалар сақталады:
1) жылдың күзгі-қысқы және көктемгі мезгілінде терезе жабық кездегі машинист кабинасының орташа температурасы +16 ОС-тан +18 оС-қа дейін;
2) машинист кабинасындағы ауа температурасының өзгеруі 50-100 мм деңгейде және еденнен 1,5-2 м биіктікте 4-5 ОС-тен аспайды.
209. Еденнен 1 500 мм биіктікте кабинадағы ауа температурасы:
1) қоршаған ауа температурасы +10оС-тан +20 ОС дейін болғанда +20 ОС-24ОС;
2) қоршаған ауа температурасы +20 ОС-тан +30 ОС дейін болғанда +22 ОС-24 ОС;
3) қоршаған ауа температурасы +30 ОС-тан жоғары болғанда +28 ОС-тан артық болмауы тиіс.
210. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70 %-дан аспайды.
211. Ауа қозғалысының жылдамдығы 0,2-0,4 м/сек шамасында.
Локомотивтердің үй-жайларын салқындату жүйесінің тиімділігі осы Санитариялық қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес бағаланады.
212 Машинисттің кабинасы мынадай талаптарды қамтамасыз ететін ауаны жылытатын және салқындататын ауа баптағыштармен жабдықталады:
1) жылыту жүйесінде жылытылған ауаны аяқ, есік және қарсы терезе аймақтарына беруге арналған ауа өткізгіштер, ауа температурасын бір қалыпты қолмен және автоматты реттеу көзделеді;
2) салқындату жүйесі салқындатылған ауаны төбе деңгейінде немесе еденнен 1500 мм деңгейде, ал терезе алдындағы аймақта 1200 мм деңгейде таратуды қамтамасыз етеді;
3) салқындатылған ауа отырған адамның басына бағытталмайды;
4) салқындату жүйесі үшін экологиялық таза салқындатқыш пайдаланылады;
5) жергілікті салқындатқан кезде ауа машинистің алдыңғы жағынан беті мен мойны аймағына, қарсы терезені салқындату арқылы төбеден беріледі.
213. Үй-жайлардың ішкі қоршауларының жылу оқшаулау қасиеттері осы Санитариялық қағидалардың 9-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келеді.
214. Машина бөлімшесінде желдету үшін ашылатын терезе немесе люк көзделеді.
215. Жұмыс орындарындағы дыбыстың және дыбыстық қысымның деңгейі осы Санитариялық қағидалардың 10-қосымшасында көрсетілген жиіліктердің октавалық жолақтарына сәйкес келеді.
216. Жұмыс орындарындағы инфрадыбыстың деңгейлері осы Санитариялық қағидалардың 11-қосымшасында көрсетілген шекті рұқсат етілген мәннен аспайды.
217. Локомотив кабинасындағы діріл жылдамдығының шекті рұқсат етілген мәндерін осы Санитариялық қағидалардың 12-қосымшасында көрсетілген деңгейлерден асыруға жол берілмейді.
218. Локомотивтегі жұмыс орындарындағы электромагнитті сәулеленудің шекті рұқсат етілген деңгейін осы Санитариялық қағидалардың 13-қосымшасындакөрсетілген деңгейден асыруға жол берілмейді.
219. Үй-жайлардың ауа ортасының ластану деңгейін бағалау кезінде анықталған заттардың іс жүзіндегі шоғырлануының олардың РШШ-ге қатынасы бірден (С 1/РШШ 1+....+Сn/РШШn<1, мұндағы 1/n – іс жүзіндегі шоғырлану) аспауы тиіс.
220. Жасанды жарықтандыру мынаны көздейді:
1) машинистің кабинасында басқару пульті мен құралдары деңгейінде жұмыс бетінде 20 лк;
2) басқару пультінің панелінде 1,2 лк;
3) машина үй-жайында – кемінде 30 лк және еденнен 1,5 м деңгейде жоғары вольтты камерада кемінде 20 лк.
221. Кабинада еденнің деңгейінде кемінде 5 лк апаттық жарықтандыру көзделеді.
222. Кабиналардағы шамшырақтар жарық көзінің беттерінен тікелей және шағылысқан жарық ағыны жұмыс орындарында «отырып» және «тұрып» басқару кезінде машинистің және оның көмекшісінің көзіне түспейтіндей етіп орналасады.
223. Кабинадағы және машина үй-жайындағы шамшырақтардың сүттей ақ түсті плафондары болады.
224. Электровоздың кабинасында мынадай санитариялық-тұрмыстық құрылғылар көзделеді:
1) санитариялық торап;
2) су жылытатын қолжуғыш және ауыз суға арналған резервуар;
3) жеке және арнайы киімдерді, жеке қорғаныш құралдарын, құжаттарды, аспаптарды сақтауға арналған шкафтар;
4) тамақ өнімдерін сақтауға арналған тоңазытқыш және 3 термос;
5) қажетті дәрі-дәрмек жиыны бар алғашқы көмек көрсету дәрі-дәрмек қобдишасына арналған жәшік және алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық;
6) электр плитасына арналған жабдықталған орын.