Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы туралы баяндаңыз
«Азат» азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу.«Азаттың» бөлімшелері барлық облыстарда бар, жоғарғы органы-съезд, 300-ден астам мүшелері бар. Ең көп мүшелері Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда.Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында.«Азат» басқа елдердегі осындай қозғалым ұйымдары мен тікелей байланысты. «Азат» газетін шығарады, «Қазақ тілі» қоғамымен тікелей байланыста. «Азат» қозғалысы республика жерінде өз жарғысына, Конституцияға сәйкес жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты-толық саяси-экономикалық тәуесіздікке қол жеткізу, әлеуметтік әділеттілік және демократия принциптерін іске асыру, барлық азаматтардың материялдық және рухани өмірін қамтамасыз ету. Экономика саласында жер, кен байлықтары, су, орман және басқа да байлықтар республиканың меншігі. Жер сатылмауы керек, бірақ қажеттілікке қарай жалға беріледі. Ұлт мәселесінде барлық азаматтар тең құқықты, ұлтына, дініне қарай бөлінбеу керек. Қазақ мектебінің және тәрбиенің ұлттық тұжырымдамасы жасалуы керек. Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті барлық оқу орындарында дербес пән ретінде оқытылуы қажет. Басқару жүйесінде тоталитарлық үсиемдікке, әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы күрес жүргізілуі қажет. «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы - жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министірдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады. Қазіргі уақытта «Әділеттің» Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматыда жергілікті ұйымдары бар. Қоғам мүшелері 1500-ге жуық, негізіне студенттер және қоғам қайраткерлері.«Ақиқат» тарихи-ағартушылық қоғамы 1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның мақсатының бірі – халықтың ескі әдет-ғұрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы бірнеше мақалалар және кітаптар жариялады. Қоғамның үш мыңнан астам мүшесі бар. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында бөлімшелері бар. Қоғам жұмысына негізінен зиялы қауым өкілдері мен студент жастар қатынасады.Қазақстанның әйелдер одағы. Бұл қоғамдық ұйым 1991 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылу мақсаты - әйелдердің қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірдегі рөлін арттыру. Одақ республикадағы реформаны жақтайды. Соңғы 7-8 жылда бұл салада қыруар ұйымдастыру жұмысын атқарады. Әйелдер қозғалысының мәселелері туралы семинар, мәслихаттар өткізді, ардагер әйелдерге, көп балалы аналарға, балалар үйіне материалдық көмекті үнемі ұйымдастырып келеді. « Әйелдер қазіргі қоғамда» деген халықаралық конференция өтізді. Қазақстанның әйелдер одағы Орталық Азия елдерінің халықаралық конгресінің мүшесі. Қазақстан Республикасының әйелдер кеңесі 1991 жылы қазанның 21-інде тіркеуден өтті.Басқарма және президиум мүшелері 1991 жылы тамыздың 20-сында сайланды, ұйымның Жарғысы бар.Бірнеше рет республикалық пленумы өтті. «Әйелдердің кәсіпкерлік іс-қызметі туралы» конференция, Семей қаласында акушер-гинекологтардың республикалық съезін,1993 жылдың қыркүйек айында Орта Азия елдері әйелдерінің халықаралық конференциясын өткізді.Қазақстанның жастар одағы. Құрамында 500 мыңнан астам мүшесі бар. Одақтың мүшелері – Қазақстанның мамандары мен жас ғалымдарының ассоциациясы, жастар кәсіпкерлігін дамыту – «Асар» ассоциациясы, спортшв балаларға көмек беретін «Алтын шабақ» қоғамы.Қазақстанның жастар одағы – дербес қоғамдық ұйым, республиканың жастарын ерікті түрде біріктіреді.Республика Конституциясына, заңдарына негізделген жарғысы және бағдарламасы бар.Одақтың негізгі мақсаты – жас азаматтардың еркін дамуына жағдай жасау, олардың экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын қорғау, іске асыру.Одақ жастардың мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарда жігерлілігін және дербестігін арттыру, олардың ғылыми-техникалық және көркемөнер шығармашылығын дамыту саласында сан қырлы жұмыстарды іске асырып жатыр.Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы. Бұл тіркеуден өткен қоғамдық ұйым. Негізгі мақсаты – Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу, оларға медициналық көмек көрсету, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғау, олардың отбасына моральдық көмек ұйымдастыру, соғыста қайтыс болғандардың атын, ерлігін мәңгілік есте қалдыру, жастарды патриоттық және интернационализм рухында тәрбиелеу. Ұйым соғыс ардагерлерімен үнемі кездесу ұйымдастырып, олардың тілек-мүдделерін зерттеп отырады. Беделі өте жоғары.«Невада-Семей» халықаралық ядролық соғысқа қарсы қозғалыс. Бұл еңбекшілердің еріктілік негізінде құрылған ұйымы. Ұйым халықаралық «Невада-Семй-Морура-Лобнор-Новая Земля» ядролық соғысқа қарсы бірлікке кіреді. Қозғалыстың негізгі мақсаты- ядролық қаруды және соғысты адамзат өркениетінен аластау, ядролық сынақ жүргізілген аймақтар халқын экологиялық және әлеуметтік қорғау. Табиғатты, Адамды, Мәдениетті қайта жаңғырту.Осы қозғалыстың бастамасына сәйкес Қазақстанда ядролық сынақ жүргізуге тыйым салынады, «ядролық қарусыз ел» деп жарияланды.Бүкіл әлем халқы бұл бастаманы қолдады.«Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті. Бұл комитет 1987 жылы белгілі ақын М.Шахановтың бастамасымен құрылып, республика жұртшылығы оны мақұлдады. Оның мақсаты : Арал теңізі жағдайына, республикадағы экоклкгиялық дағдарысқа қоғамдық пікірді аудару, Арал теңізін қалпына келтіру туралы жобалар мен бағдарламалар жасау
50. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерге талдау жасаңыз 2009 жылы халық саны 16 009 597 адамды қүрады. 1999-2009 жылдар аралығында республика халқының саны 1 028 316 адамға көбейіп , 6,9%-ға өсті. Қазақстан көп этносты халқы бар мемлекетке жатады, оның аумағында 130-дай ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Солардың ішінде саны жағынан ең көбі 7 этнос- қазақтар, орыстар,өзбектер,украиндар,ұйғырлар,татарлар және немістер,олардың үлесіне ел халқының 95,6 % -ы келеді. Халықтың жалпы санындағы ең үлкен үлес салмағын қазақтар-63,1 % ға және орыстар – 23,7% құрайды.Қазақтар 1999 жылы 53,5% болса ,2009 жылы – 63,1 %- ға жетті ,20 жыл ішінде олардың -23,0% ға жетіп , саны 6 млн 496 мыңнан 10 млн 96 мыңға ,демек 3 млн 600мыңға өсті , яғни 55,4 %-ға көбейді.Қазақтардың саны табиғи өсімнің, сондай-ақ республика аумағына келген оралмандардың есебінен өсті. Басқа этностар мен этностық топтардың үлесі республика халқының 13,2%-ын құрады. Алдыңғы халық санағымен салыстырғанда қырғыздардың саны 2,1 есе немесе 12,3 мың адамға, тәжіктер – 41,3% - ға (10,6 мың адам), дүнгендер – 40,6%ға (15,0 мың адам), түріктер –23,3% -ға (86.2 мың адам ) және т.б өсті.Халық санақтары елде жүрген көші – қондық үдерістерге байланысты Қазақстан халқының көп этносты құрамы қалыптасқанын айғақтайды.
Кіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуын баяндаңыз52. Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі
53. Жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық ой-өрісін ашудың маңызы\
Жоғары білім беретін жоғары оқу орындарында жан-жақты тәрбие берудің және оған болашақ мамандарды дайындаудың бағдарлы идеялары ел басы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауының «Интеллигенция қалыптасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда алдыңғы қатарлы күш болуы керек. Олар заманға сай және болашаққа құлшынысты болуға тиіс», «Біз жастарымыз бағыт алып, бой түзеуге тиіс өз заманымыздың жаңа қаһармандарын көрсету және жасауымыз керек» – деген әлеуметтік, қоғамдық талап қойылған. Бұл талаптар елбасының ұлттық құндылықтapымызғa дeгeн oң көзқapacынан туындап, жалғасын тапқандығының дәлелі Демек, ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: жас ұрпақтың ұлттық сана – сезімін қалыптастыру; олардың санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту; ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұралдары қастерлеу; жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық, тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз. Ал ұлттық тәрбие сол ұлттың рухани-мәдениетiнің дамыуының негізі қозғаушы күші болып, адамзаттық құндылықтардың құрамдас бөлiгi және әр ұлттың қоршаған табиғат ерекшелiктерiне сай өмiр салты негiзiнде ғасырлар бойы жинақталған тұрмыстық және рухани мұрасы ретінде қызмет атқарады. Осылайша жер бетiндегi түрлі ұлттың мақсаты – өз ұрпағының бойында адамдық қасиет, ұлттық рух пен мәдениеттiң күш-қуатын қалыптастыру, ұлттың болмысын, оның өмiр сүру тәсiлi мен тәжiрибесiн, тәрбие ықпалының жолы мен бағытын кең түсiндiре бiлу. Ендеше ұлттық құндылықтарымызды сақтау арқылы елiмiздiң бiлiм беру саясатының ұлттық-рухани дамуына, бiлiм жүйесiнiң жетiлуiне, қоғамда өзiне лайық орын алатын бiлiмдi болашақ тәрбиелеуге, озық қоғам құруға қол жеткiзуге болады. Мұндай маңызды рухани құндылықтарға қазақ халқы өз өмір сүрген заманында жіті көңіл бөлген. Осы рухани мәдени мұра деңгейінің өлшемдері – білім, адамгершілік, дәстүр, құқықтық норма, халық шығармашылығы, діни сенімдер, адамның сана-сезіміне, түйсігіне әсер ететін түрлі ақпараттар.Қазiргi кезең – ұлттық құндылықтардың жойылып бара жатқанын ескеретін болсақ: Адам айтса нанғысыз аурулардың көбеюi, адамгершiлiкқасиеттiмiздiң жүдеу тартуы, кiсi өлтiру, үй тонау, маскүнемдiк пен нашақорлық, жезөкшелiк сияқты жат қылықтарымен қатар мейiрiмсiз, қатыгез жастар арасынан да орын алады. «Ауырып ем iздегенше, ауырмайтын жол iзде» деген сөз бар қазақта. Ендеше жас ұрпақтың осындай күйге түспеуiне, олардың рухани бай, адамгершiлiгi мықты, қарым-қатынаста өмiр сүруiне жағдай жасау кезек күттiрмейтiн мәселе екенi анық.Бұл мәселелерді бiрден-бiр шешудің жолы – сол қоғамға сай азаматты тәрбиелеуде жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттыру болмақ. Ал рухани байлығын, ұлттық санасын, дәстүрін жоғалтқан ұлттың болашағы әрқашан бұлыңғыр болмақ. Сондықтан, руханилық жеке адамға да, үлкен әлеуметтік топтарға да ауадай қажет құбылыс ретінде кез келген мәдениетті жаңғырта түсетін, болашаққа жылжуына іргетас болатын ішкі мәндік заңдылықтар жиынтығы. Егер болашағымыздың жарқын болуын қаласақ осы мәселелерді шешуіміз керек. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу міндет. Ал тәрбиелеу үдерісі өз ұлтымызға ғана тән мәдени-рухани құндылықтар ұлттық ерекшеліктерімізбен тығыз байланысты.
56. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру – фольклор, дәстүр, әдет-ғұрыптар туралы баяндаңызКөшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары — ол миф пен әпсаналар. Миф — фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір, өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған. Қазақ фольклорының тағы бір қомақты бөлігін тарихи жырлар құрайды. Тарихи жырларда кейде оқиғалар жазба тарих сарынына сәйкес баяндалса, екінші бір тұста қиялдау, көркемдік жинақтау түрінде беріледі. Бұл процесс XX ғасырдың бас кезінде одан әрі дамыды. Осы кезеңде белгілі фольклортанушылар Ә.А.Диваев, М.Көпеев еңбектері жарияланды. Сондай-ақ қазақ фольклорының үлгілері ресейлік басылымдармен қатар қазақ тіліндегі баспасөз беттерінде де үздіксіз жариялана бастады. XX ғасырдың басында халық мұрасын жинау, жариялау ғылыми-зерттеу жұмыстарымен сабақтаса жүргізілді. Оған Ташкенттегі Киркомиссия мүшелері Халел Досмұхамедұлы, Қалжан Қоңыратбайұлы, Күмішәлі Бөриев, Ілияс Жансүгіров, т.б. белсене қатысып, Сырдария, Жетісу фольклорлық экспедицияларын ұйымдастырған. Шәкерім Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Өскенбайұлы, X.Досмұхамедов, т.б. зиялылар шоғыры қазақ фальклортану ғылымын кәсіби деңгейге көтерді. • Байтұрсынов («Әдебиет танытқыш», 1926), • Әуезов («Әдебиет тарихы», 1927), Дәстүр- ұрпақтан-ұрпаққа көшетін, тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр-қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты. Мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Прогресшіл Дәстүрге тән қастеттер –ұлттық, таптық, жалпы адамзаттық дәтүрдер. Дәстүрдің түрі ұлттық болғанымыен, мазмұны таптық. Дәстүр прогресивті және реакцияшыл болып екіге бөлінеді. Мысалы қазақтың 1916 ж. Аманкелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі – ежелден еркіндік аңсаған қазақ халқының прогресивті Дәстүрінің нәтижесі. Ал әмеңгерлік пен қалың мал алу –ескіннің сарқыншағы, реакцияшыл Дәстүр. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық,әділеттік сезімдер барлық халықтарға тән Дәстүр ретінде қалыптасады. Антогонистік қоғамда бұл Дәстүрлер таптық сипат алады. Марксизм классиктері мен аса көрнекті прогрессивті педагогтар дәстүр, әдет-ғұрыптың адамды тәрбиелеуде айрықша роль атқаратынын көрсете келіп, жаңа тәрбие жаңа Дәстүрсіз болуы мүмкін емес деп тұжырымдайды. Әдет-ғұрып – белгілі бір қоғамдық-әлеуметтік ортада пайда болып, оның мүшелерінің мінез-құлқының, тұрмыс-тіршілігінің бұлжылмас қағидаларына айналған жөн-жосық, жол-жоралғы. Қазақы әдет-ғұрыптар (арабша адәт және урф) көшпелі тұрмыстың дәстүрлі дүниетанымынан бастау алады. «Табиғаттан еншісі бөлінбеген» сахара жұрты өзін қоршаған ортаның ажырамас бір бөлшегі ретінде сезініп, жарық дүниенің жалғыз жаратушысы – Тәңірге табынған; Көк аспан – Қара жердің киесін қастер тұтып,ата-баба аруағына сиынған. Жүйелі мерзімдік ретпен қайталанып отыратын түрлі табиғи құбылыстардың (күн күркіреуінің, жерсілкінуінің, найзағай ойнауының), маусым алмасымдарының, т.б. сырын анық аңдай алмай, аспан асты, жер үстіндегі күллі тіршілік ағымы, адамзат тағдыры Көк иесінің ырқындағы нәрсе – жазмыш екеніне шүбәсіз сенген. Табиғат заңдылығын қоғам өмірінің, адам тұрмысының тәртібіне айналдыруға тырысу, кие тұту түйсігі қазақ халқының, жалпы түркі милләтінің түп-тегінде – ғұн, сақтайпаларында болғаны мәлім. Олар көктегі Тәңірді «бабай баба», «Көк ата» атап, оның құдіретіне бас имеу – күпіршілік, ата-баба жолын бұзушылық деп санаған. Осы түсінік дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқықтық мәдениеттің алғышарты – әдет-ғұрыпты адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негізгі реттеушісі ретінде қалыптастырады. Ол, негізінен, жеке тұлғаларды белгілі бір әлеуметтік және мәдени тағлымдарға үйретіп, оны ұрпақтан ұрпаққа таратуға жәрдемдесті, жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың мінез-құлқын тәртіпке келтіріп қана қоймай, қауымішілік тұтастық пен ұлттық мүдделікті нығайтуға септігін тигізді. Қазақ тарихында ежелгі мемлекеттілік нышандарының пайда болуына орай табиғат және өмір құбылыстарын тұтас қалпында, әр алуан қағидаға жіктемей зерделеудің немесе тәңіршілік дүниетанымның жемісі – әдет-ғұрып сенімдері бірте-бірте дәстүрлі құқықтық сана-сезімге ұласып, ел билеудің арнаулы заң нормалары мен институттары ретінде қолданыла бастаған