Лы Француз буржуазиялық революциясы. 1789 ж Адам және азамат құқықтарының Декларациясы. 1791 ж Конституция.
Құрылтай жиналысында қабылданған бұл конституция күшіне қыркүйек айында енді. монархия сақталып, министрлер корольдің алдында жауапты болып қала берді. констиуцияның негізін салған биліктің бәрі ұлттан шығады деген бұл конституция бойынша корольдің билігі өте күшті еді. сондықтан монархия дуалистік монархияға жатады. король министрлерді жоғарғы әскери қызметкерлерді тағайындады, әскерді өзі басқарды. жоғарғы сот қызметкерлері қызметтерін енді өмірбойы істейтін болды. олар тек заңға бағынады, бірақ оларды қызмет орнына король тағайындайды. корольдің вето құққыға бар, ол қабылдаған заңға қолын қояды. 1791 жылы Конституция «Биліктің қайнар көзі-халық» деген негізгі қағиданы бекітті. заң шығару жиналысы 2 жылға сайланды, сайлау 2 дәрежеде өтуі тиіс сайлауға 25 жастан асқан Францияның азаматтары қатысады, олар белсенді азаматтар деп саналады. бұның шарты – 25 жасқа жеткен бір жерде тұратын, 3 күндік жалақыға жететін салық төлей алатын ерікті, ұлттық гвардиның тізіміне жазылған, және корольге ант берген ер адамдар болуға тиіс. белсенді азаматтар Франция халқының тек қана 15 % болды, бәрін бірге алғанда 4 млн адам.
Сот функциясын халық сайлаған сот қызметкерлері атқарды, король оларды қызмет орнына тағайындады.Конституция бойынша сословиелердің арасында айырмашылықтарға феодалдық тәртіпке, титулдарға, атақтарға, қызмет орнына, сататын тәртіпке тиым салынады. конституция көп демократиялық құқықтар мен бостандықтарға кепілдік береді. бұл конституция 1792 жылы тамыз айына дейін қолданылып келді. Бұл конституция адам және азамат құқығы туралы декларацияны өзінің преамбуласына кіргізсе де оның мазмұны декларацияның көп баптарына қарсы екені мәлім.
Мұнай былай не дворяндық, не пэрилік, не мұрагерлік, не тектік айырмашылық, не феодалдық тәртіп, не вотчиналық юстиция, ешқандай титул, осы тәртіппен туындайтын атақтар мен артықшылықтар, ешқандай рыцарлық ордендер, не корпорациялар немесе тегінің асыл екенін дәлелдеуді талап ететін айырым белгілері болмайды, тек қоғамдық қызмет адамдарына олардың өз міндетін атқару кезіндегі берілген атақтан басқа ешқандай артықшылықтар болмайды. Енді кейбір мемлекеттік қызметтер сатылмайды, мұраға берілмейді. Ұлттың басқа ешбір бөлігіне, бірде бір жеке адамға өзгеше артықшылық немесе құқықтан үзінді болмайды, барлық француздарға ортақ құқықтан арлынған артықшылық берілмейді.
Енді цехтарды тектік басқару, кәсіптік көркем немесе қолөнер корпорациялары жойылады. заң енді діни атты шынайы құқыққа немесе конституцияға қарсы келетін басқа да міндеттерді мойындамайды. діне жоралғыладры өткізу үшін кеткен шығында толықтыруға арналған мүлік, сондай-ақ жалпы пайдалы мекемелердің қызметін қамтамасыз ету ұлтқа тиесілі және барлық уақыты оның қарамағында болады. Конституция мүліктің шынымен оқшауландырылғанына кепілдік береді немесе белгіленген тәртіппен солай болатынында заңмен кепілдік береді. Азаматтардың дін басыларын таңдауға және тағайындауға құқығы бар. азаматтардың барлығына қажет бөлігіндне, азаматтардың бәріне ортақ халқы ортақ білім беру қамтамасыз етіледі және ұйымдастырылады. Бүкіл королльдікте азаматтық ортақ заңдар кодексі шығарылады.
«Адам жəне азамат құқықтарының Декларациясы»
Адамның және азаматтың құқығы туралы декларация қабылданған 1789 ж. 26 тамызы – тарихи күн. Француз төңкерісінің келесі кезеңі осы белгілі құжат қабылданғаннан басталады. Жаңа төңкерістік қоғамның принциптерін жарияланған бұл декларация негізгі бағдарламалық құжат. Төңкерістің негізгі қайнар көзі (Монтескье, Вольтер, Руссо). Адамның және азаматтың құқығы туралы декларациясында Заң шығару жиналысы тәңір алдында және оның қамқорлығымен адамның және азаматтың төмендегідей құқықтарын мойындайды және жариялайды. Адамдар ерікті және құқық жағынан тең болып туады. Қоғамдық айырмашылық тек қана көпшіліктің пайдасына негізделе алады. Қандай жағдайда болсын саяси одақтың мақсаты – адамның табиғи және ажырамайтын құқықтарын сақтау болып табылады. Бұл құқықтың мәні: бостандық, меншік, қауіпсіздік және езгіге қарсылық көрсету. Бүкіл жоғарғы өкімет билігінің қайнар көзі әрқашанда халық, тікелей ұлттан шықпаған өкімет билігін ешбір мекеме, ешбір адам жүргізе алмайды. Бостандық - басқа адамға зиян келтірмейтін әрекеттің бәрін жасауға құқылы болу. Заң– ортақ еріктің көрінісі. Заң баршаға бірдей болу тиіс. Ешкім де өзінің сенімі үшін, тіпті діни сенімі үшін де алаңдауға тиіс емес. Меншік ажырамас және қасиетті құқық болғандықтан, ешкімді одан айыруға болмайды, заң жүзінде дәлелденген және әділетті, әрі алдын ала ақы төлеуді ескертетін қоғамдық қажеттілік тұсында ғана одан айыруға болады. Декларацияда ұлт жоғарғы өкімет билігінің қайнар көзі деп жарияланды. Бұл тұжырым абсолютизмнің жойылуын, алайда конституциялық монархияның сақталу мүмкіндігін көрсетті. Декларацияда адамдар ерікті және құқық жағынан тең болып туады және солай болып қала береді деп айтылған. Мұның үлкен прогрессивтік мәні болды. Адамдардың құқық жағынан тең болуы феодалдық артықшылық пен өктемдіктің жойылуын көрсетті. Декларация барлық азаматтардың өзі немесе өкілі арқылы заң қабылдауға, салық белгілеуге қатысу құқығын белгіледі, сөз, баспасөз, жүріп-тұру бостандығын жариялады. Қалай болса солай қамауға алуға тыйым салынды. Декларация буржуазиялық құрылыстың негіздерін жариялады. Онда меншік дегеніміз мызғылмас және қасиетті құқық деп жазылды. Сөйтіп, ол кедейлердің байларға, жұмысшылар мен шаруалардың капиталистерге тәуелділігін заңмен бекітті. Декларацияның 3 негізгі формуласы: бостандық, әлеуметтік, теңдік, ағайындық бүкіл Батыс Еуропаның мемл-терін сілкіндіріп жіберді.
47. Наполеон Бонапарттың төңкерісі ж/е республиканың 8-ші жылының Конст/сы.(1799ж)
Директория әткеншек саясатын жүргізді, яғни халықтан да, дворяндардан да қорқып, саяси күштердің сол қанатынан оң қанатына ауысып отырды. Басқарушы топ жаңа революциядан құтылудың жолы ретінде әскери диктатураны көрді. 1799 жылы Бонапарт әскерінің көмегімен заң шығарушы корпусын таратып жіберіп, директорияны жойды. Мемл/ті басқару 3 консулдың қолында өтті. Айрықша билікті бірінші консул Бонапарт иеленді. 1799 жылғы Конст/я заңды түрде жаңа режимді бекітті. Үкімет үш консулдан тұратын болды. Барлық билік бірінші консулдың қолына жинақталды, ал екінші ж/е үшінші консулдар тек кеңесу дауысына ие болды. Заң шығарушы билік органы ретінде Мемлекеттік Кеңес, трибунат, заң шығарушы корпус ж/е қорғаушы сенат құрылды. Бірінші консул заң жобасын ұсынады, мемлекеттік кеңес оларға түзетулер енгізілетін, трибунат оларды талқылайтын, заң шығарушы корпус оларды қабылдайтын, ал қорғаушы сенат оларды бекітетін. Сонымен, бұл органдар дербес мағынаға ие болмады. Тек, бірінші консулдың билігінің көлеңкесінде қалды. 1802 жылы Бонапарт өзінің мирасқорын тағайындау құқығына ие өмір бойғы консул атына ие болды. Көп ұзамай, ол францияның императоры болып жарияланды. 1814 жылы империяны одақтық әскер құлатты.