Жалпы Және Әкімшілік Шығындар
Жобада құны айына 750 мың теңге болатын орында жалдау қарастырылған. Осы бағаға барлық коммуналдық төлемдер қосылатын болады, электр қуаты мен телефон байланысына жұмсалатын қаражатты санамағанда.
5-кесте. Кәсіпорынның айлық жалпы және әкімшілік шығындары, мың тңг.
Мақсаттамасы | 1-жыл | 2-жыл | 3-жыл | 4-жыл | 5-жыл | |
Мың теңге,айына | теңге | теңге | теңге | теңге | теңге | |
Әкімшілік және жалпы шаруашылық шығындар, соның ішінде: | ||||||
Еңбек ақы | 9 480 | 9 669 | 9 862 | 10 060 | ||
Әлеуметтік салықтар+әлеуметтік аударымдар | ||||||
Жалға алу төлемдері | 9 000 | 9 180 | 9 363 | 9 550 | 9 741 | |
Коммуналдық шығындар | 1 140 | 1 162 | 1 186 | 1 209 | 1 233 | |
Кеңсе тауарлары | ||||||
Байланыс қызметтері (телефон, ғаламтор, пошта) | ||||||
Жарнама мен қызметті алға жылжытуға шығындар | 1 018 | 1 039 | ||||
Басқа да қарастырылмаған шығындар | 1 200 | 1 224 | 1 248 | 1 273 | 1 298 | |
Шаруашылық шығындар | ||||||
БАРЛЫҒЫ | 1 900 | 22 803 | 23 259 | 23 724 | 24 199 | 24 682 |
Жоба үшін жайды жалға алу Қарағанды қаласындағы жалдау бағасының орташа мөлшері негізінде алынды және 1 шаршы метріне 1500 теңге немесе 10 АҚШ доллары деп алынды. Электр қуатына жұмсалатын шығындар жабдықтың қуаттылығына - 0,4 кВт, жабдықтың орта есеппен алғандағы күндік жұмыс ұзақтығына - 6 сағат, жарықтандыруға жұмсалатын шығындарға - 22 жұмыс күні 1 кВт - 11,05 тңг байланысты есептелді.
6-кесте. Еңбек ақы өтеуге жұмсалатын шығындар, тңг
№ р/с | Лауазымы | Саны, бірлік | Лауазымдық ақ, теңге | Айлық ЕАҚ, теңге |
Директор | 140 000 | 140 000 | ||
Есепші | 90 000 | 90 000 | ||
Кассашы | 70 000 | 70 000 | ||
Сатушы | 50 000 | 150 000 | ||
Даяршы | 30 000 | 60 000 | ||
Кинодәмханадағы аспаз | 80 000 | 80 000 | ||
Ас үй жұмыскері | 60 000 | 120 000 | ||
Күзетші | 40 000 | 80 000 | ||
Барлығы | 790 000 |
Еңбек ақы төлеуге жұмсалатын шығын айына 790 мың теңгені құрайды. Әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар айына 32 мың теңгені құрайды (еңбек ақы қорынан соңғы есеппен алғанда 5%(әрі қарай– ЕАҚ) – міндетті зейнетақалық салым есебінсіз (әрі қарай- МЗС)). Сонымен қатар, есептелген салық мөлшері әр жұмыскер үшін 1,5 % мөлшерінде кемітіп есептелетін болады, егер жұмыскердің орташа есептік еңбек ақысы тиісті қаржылық жылға Республикалық бюджет туралы заңда бекітілген еңбек ақының минималды деңгейінің шамасынан (ҚР СК, 436-б.) кемінде екі есе болатын мөлшерді құраса.
Капитал Мен қаржыландыруға қажеттілік
Жоба бойынша жалпы инвестициялық қаржыға мыналар кіреді:
7-кесте. Жобаның инвестициясы, тңг.
Шығысытар, мың тг. | 2 013 |
Негізгі капиталға инвестициялар | 7 855 571 |
Негізгі капитал | 40 780 758 |
Барлығы | 48 636 329 |
Жобаны қаржыландыру өзіндік қаражат есебінен жүзеге асырылады деп
жоспарлануда.
8-кесте. 2013 жылғы қаржыландыру бағдарламасы, теңге
Қаржыландыру көзі, мың тг . | Сомасы | Кезеңі | Үлесі |
Өз қаражаты | 48 636 329 | 02.2013 – 03.2013 | 100% |
Барлығы | 48 636 329 | 100% |
Жобаның Тиімділігі
11.1. Cash-flow проекциясы
Cash-flow проекциясы (ақша қаражаттарының қозғалысы есебі, 7-қосымша) нақты ақша ағымын көрсетеді, демек ақшалай қаражаттың келуі (нақты ақшаның келуі) және төлемдер (нақты ақшаның кетуі). Есеп 3 бөлімнен тұрады:
1. операциялық қызмет –қызметтің негізгі түрі, сонымен қатар компанияның қаржылық түсімін және жұмсалуын туындататын басқа да қызметтер;
2. инвестициялық қызмет — айналымнан тыс активтердің (негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің) сатылып алынуына, қалыптастырылуына және сатылуына, сонымен қатар басқа да инвестицияларға қатысты қызмет;
3. қаржылық қызмет — компанияның капиталы мен несиелік қаражаттарының мөлшері мен құрамын өзгертетін қызметтің түрі. Әдетте мұндай қызмет операциялық және инвестициялық қызметті қаржыландыру мақсатында алынатын несиелер мен оларды қайтаруға байланысты.
Ақша ағымының талдауы жобаның әр жылы сайын оң динамикалы болуын көрсетеді.
11.2. Қаржылық индикаторлар
Инвестицияланған капиталдардың 5 жылдағы дисконтталған таза табысының мөлшері дисконттау мөлшерлемесі 12% болғанда 9 493 969 теңгені құрады.
9-кесте. Жобаның қаржылық көрсеткіштері
Ішкі кірістілік нормасы (IRR) | 25% | |
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге | 9 494 | |
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл | ||
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл |