Азақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

Ф КГМУ 4/3-03/02

ПП КГМУ 4/02

Арағанды мемлекеттік медицина УНИВЕРСИТЕТІ

Қазақстан тарихы және әлеуметтік - саяси пәндер кафедрасы

Силлабус

«Әлеуметтану» Soc 2108 пәні бойынша

5В130100 «Жалпы медицина» мамандығы үшін

Оқу сағатының көлемі: 90 сағат (2 кредит)

Курс II

Семестр III,IV

Арағанды 2014 ж.

Силлабус « Әлеуметтану» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде “Жалпы медицина” 5В130100 мамандығы үшін құрастырылды

«____»____________2014 ж.

Силлабус Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының мәжілісінде қарастырылды және бекітілді.

« 2 » қыркүйек 2014ж. Хаттама № 1

Кафедра меңгерушісі: Темірғалиев Қ.А.

· Кафедра оқытушылары туралы мәліметтер:

азақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

А.Ж.Т. Педаго гика лық өтілі Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы Жетістіктері Ескертулер  
Темірғалиев Құдайберген Абаевич, каф. Меңгерушісі   Мәдени ұқсастықтар және әлеуметтік анализ.   2006 ж. Философия ғылымдарының кандидаты атағы берілді. Сабақты орыс тілінде жүргізеді.
Никифорова Светлана Андреевна, аға оқытушы Тұлғаның әлеуметтену мәселесі. Девиантты мінез-құлық, отбасы әлеуметтануы. 2007 жылы «Медициналық білім берудегі инновациялық технология» тақырыбы бойынша педагогикалық квалификацияны жоғарылату курсынан өтті. 2010 жылы «Teaching Excellence» Халықаралық семинардың спикері сертификатын алды. 2011 жылы «әлеуметтану» мамандығы бойынша квалификацияны жоғарылатудан өтті. 2012 жылы ҚММУ-да 6 біліктілік бойынша педагогикалық квалификациясын жоғарылатты. Сабақты орыс тілінде жүргізеді.
Абикенова Алма Магауияновна, доцент, к.ф.н. Әлеуметтану медицинасындағыгендер әлеуметтануы 1991 жылы философия ғылымдары дәрежесін алған.   Сабақты орыс тілінде жүргізеді.
Инджиголян Анжела Алвановна ә.ғ.к. Социология БАҚ, ғылым және білім әлеуметтануы 2007 жылы әлеуметтану ғылымдарының кандидаты атағы берілді. 2011 жылы «әлеуметтану» мамандығы бойынша квалификацияны Гарвард университетінде (Дэвис орталығы, АҚШ) жоғарылатудан өтті. 2012 жылы «Қашықтықта білім алу» тақырыбы бойынша педагогикалық квалификациясын жоғарылатты. Сабақты орыс тілінде жүргізеді.
Бримжанов Александр Тулегенович Спорт әлеуметтануы - Сабақты орыс тілінде жүргізеді.
Сисенгалиев Куаныш Маратович Азаматтық қоғам 2013 жылы гуманитарлық пәндердің магистрі атағы берілген Сабақты орыс тілінде жүргізеді.
Аралбай Сакен Мендуллаевич аға оқытушы Қазіргі заманғы Қазақстандағы демографиялық мәселелер 2012 жылы ҚММУ-да 6 біліктілік бойынша педагогикалық квалификациясын жоғарылатты. Сабақты қазақ тілінде жүргізеді.
Ижанова Гүлнара Бейсеновна оқытушы Қоғам әлеуметтік және саяси жүйе ретінде ТИПО курсы бойынша педагогикалық квалификациясын жоғарылатты. Сабақты қазақ тілінде жүргізеді.
  Қарағожина Раушан Зейнелгабиденовна   Қоғамдағы әлеуметтік жүйе 2011жылы Интерактивті жұмыс жасау және компьютерлік біліктілікті көтеру курсынан өтті; 2012жылы Тарих пәні бойынша біліктілікті көтеру курсынан өтіп біліктілігін жоғарылатты; 2013-2014оқу жылдарында конференцияларга катысып сертификат берілді; 2013жылы 1жоғары санатты категория берілді. Сабақты қазақ тілінде жүргізеді.

· Байланыс ақпараты: Кафедранын орналасқан орны: Алалыкина 7 көшесі, ғимарат № 2, дәрісханалар -331-347.Телефон: 56-41-81 (114).

· Пәннің саясаты:студент дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысуға міндетті, сабақтарға жүйелі түрде дайындалуға, ОСӨЖ бойынша барлық тапсырмаларды орындауға, барлық қорытынды тапсырмаларды тапсыруға және қарыз сабақтарды өтеуге міндетті.

Студентке тәжірибелік сабақтан, ОСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын пән бойынша интегралды баға қойылады. Студентке 5 қорытынды тапсырма ұсынылады (2 тапсырма 1 кредитте, 3 тапсырма 2 кредитте).

1 қорытынды тапсырмада мыналар қарастырылады: 1,2,3 тәжірибелік сабақтардың тақырыптары, 1,2,3 ОСӨЖ тақырыптары.

2 қорытынды тапсырмада мыналар қарастырылады: 4,5,6 тәжірибелік сабақтардың тақырыптары, 4,5,6 ОСӨЖ тақырыптары.

3 қорытынды тапсырмада мыналар қарастырылады: 7,8,9 тәжірибелік сабақтардың тақырыптары, 7,8,9,10 ОСӨЖ тақырыптары.

4 қорытынды тапсырмада мыналар қарастырылады: 10,11,12,13 тәжірибелік сабақтардың тақырыптары, 11,12,13,14 ОСӨЖ тақырыптары.

5 қорытынды тапсырмада мыналар қарастырылады: 14,15 тәжірибелік сабақтардың тақырыптары, 15,16 ОСӨЖ тақырыптары және 1,2 СӨЖ тақырыптары.

Пән бойынша қорытынды тапсырманы орындау және тапсырмаларды өткізу уақыты графикте көрсетілген.

Студенттер үшін СӨЖ орындау формасы қазіргі Қазақстанның даму мәселелері бойынша қолданбалы әлеуметтік мәселелерді өткізу мен дайындау түрлері.Семестр аралығындағы пән бойынша СӨЖ тапсырмаларын тапсыру және орындау кестесі (пән бойынша соңғы сабаққа, ОСӨЖ-дің нақты бір тақырыбына, аралық бақылау өткізу күніне және т.б.) - оқытушымен келісу арқылы жүзеге асады. Ақырғы мерзім соңғы бесінші интегралды баға қойылғанға дейінгі аптаны қамтиды.

Кафедрада міндетті түрде халат, колпак, бейдж және ауысымдық аяқ киім болуы міндетті.

Кіріспе:Адам мен қоғам жөніндегі ғылымдардың ішінен, әлеуметтік дүние - тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастары жөніндегі ғылым - әлеуметтану маңызды орынды иеленеді. Қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелердің өзектілігін тұлғаның қоғамдағы орнын және адам жөніндегі білімінің рөлін арттырады. Әлеуметтану адамдар өз өмірін қамтамасыз етіп, қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, ұрпақ қалдырып, қоғамның біртұтастығын сақтап қалу мақсатында құрған күрделі әлеуметтік жүйені, институттарды түсінуге көмектеседі. Әлеуметтану кез келген құбылысты адамдық тұрғыдан қарастыруға, оның әлеуметтік механизмдері мен салдарларын көруге мүмкіндіктер береді. Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика мен әлеуметтік мемлекеттің түпкі конституциялық қағидалары тек әлеуметтану пәні арқылы нақты түсініктермен толығады.

Оқу курсында «әлеуметтік», «қоғамдық қатынастар», «әлеуметтік әрекет», «әлеуметтік бақылау», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік және рухани нормалар», «тұлға», «әлеуметтік орта», «әлеуметтік процестер» сияқты негізгі категориялар мен ұғымдар қарастырылады. Бағдарламада қоршаған әлеуметтік ортаны, адамның әлеуметтік шындықпен байланысын ғылыми тануға ықпал ететін мәселелерге көп көңіл бөлінген. Ол үшін әлеуметтанушылық ойлау мен білім қажет.

Пәннің мақсаты:Медик - студенттарге қажетті білім мөлшері мен кәсіби біліктілікті алуға мүмкіндік беру, болашақ медицина маманы ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми және тәжірибелік тұрғыда тануда әлеуметтанулық ғылымның әдістемелерін игеруге жол ашу.

Оқытудың міндеттері: Әлеуметтік өзара қатынас пен даму заңдылықтарының қалыптасуының өзгешелігі туралы, әлеуметтік институттардың қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктері туралы түсінік беру(ең алдымен медицинада), әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылық пен өзара байланысқа түсуі және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді

Оқытудың соңғы нәтижелері:

Дескрипторлар Оқытудың соңғы нәтижелері Құзыреттілігі
А Осы пәннің астарында біршама алдыңғы қатарлы білімдерді қолдана отырып, оқып үйренудегі өз білімдері мен түсініктерін жариялау. әлеуметтанудың қазіргі негізгі әдістеріне, қызметтеріне, мақсаттары мен міндеттеріне, пәннің болашақ кәсібі үшін маңыздылығына анықтама беру; өмір сүру жағдайына тәуелсіз әлеуметтік мінез - құлықтардың негізгі формаларының қалыптасуы мен реттелу заңдылықтарын түсіндіру 1,3,4,5,6
В Алған білімдері мен түсініктерін кәсіптік деңгейде қолдану. cитуациялық тапсырмаларды шешу мен әлеуметтік мәселелерді талдау барысында өзінің оқып үйренген түсініктерін көрсету, сонымен қатар медициналық сипатта; топтық жұмыстарға дағдылануды игеру; нақты эмперикалық зерттеу әдістерін тәжірибе жүзінде пайдалану (сонымен қатар касібилікте) 1,3,4,5,6,7
С Аргументтерді жүйеге келтіріп зерттелу пәніндегі мәселелерді шешу.   байқалған әлеуметтік фактілер мен құбылыстарды, олардың өзара себеп салдарлық қатынастарын түсіндіру, мағынасын ашу, бағалау; қазақстан қоғамының әлеуметтік құрылымы мен жүйесінің ерекшеліктері, әлеуметтік институттары туралы (оның ішінде денсаулық сақтау) пікірлерін айту 1,3,4,5,6,7
Д     Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымның астарында пікір қалыптастыру үшін ақпараттарды жинап және түсініп жүзеге асыру.   әлеуметтік мінез-құлықтар мен әлеуметтік үдірістерді (оның ішінде медицинада) әлеуметтану тұрғысынан қызмет атқару заңдылықтары мен реттелуі туралы ақпараттарды пайдалана отырып, оның мәнін бағалау, жеке пікірін қалыптастыру, реферат, презентация, жоба түрінде хабар ету. 1,3,4,5,6,7
E Маманданған және мамандығы жоқ адамдарға идеялар мен мәселелерді және оның шешімдері жайлы ақпараттарды жеткізу.     алынған ақпараттарды семинар сабақтарында, студенттер үйірмелерінің отырысында, студенттердің ғылыми конференцияларында ұсыну; студенттерге, оқытушыларға, емтихан қабылдаушыларға әлеуметтік мінез - құлықтар мен әлеуметтік үрдістерді (оның ішінде медицинада) әлеуметтану тұрғысынан қызмет атқару заңдылықтары мен реттелуі туралы алынған негізгі білімдерін өз көзқарасымен жеткізу 1,3,4,5,6,7
F Өздігінен оқуды әрі қарай жалғастыру қабiлеттiлігі. қоғамдық денсаулық сақтау, биостатистика

Құзіреттілік тізбесі: 1. Жалпы білімділігі 2. Биомедициналық ғылымды білу 3. Коммуникативтік дағдылар 4. Әрдайым өзін өзі жетілдіру дағдысы 5. Ғылыми зерттеулер дағыдылары 6. Топта жұмыс істеу дағдысы 7. Кәсіпқойлық 8. Клиникалық дағдылар

Реквизитке дейінгі: Қазақстан тарихы, саясаттану, құқық негіздері, экономикалық теория негіздері.

Реквизиттен кейінгі: қоғамдық денсаулық сақтау, биостатистика.

Пәннің қысқаша мазмұны:

Әлеуметтану – әлеуметтік өзара қатынастар табалдырығында әлеуметтік қатынастар құрылымын талдау туралы ғылым. Ол табиғатты біртұтас қарайтын физика сияқты, ғылымдардың ішіндегі қоғамды біртұтас қарайтын жалғыз ғылым. Бір сөзбен айтқанда әлеуметтануды бір – бірімен және билікпен өзара қатынастағы адамдардың мінез-құлқы мен қоғамның ішкі әлемі қызықтырады.

Әлеуметтану ХХ ғасырдың 30- 40 жылдарында Еуропа мен Англияның әлеуметтік сферасының тұрақсыздығының соңғы уақытында өз алдына ғылым болып қалыптасты. Әлеуметтанудың негізін қалаушылар О.Конт, Г.Спенсер, Э.Дюркгейм, М.Вебер әлеуметтануды қоғамды тану құралы және оның құрылуының жасалуын ұсынуы ретінде қарастырды.

Капитализмнің қарқынды дамуы, әлеуметтік тартыстың күшейу толқыны, буржуазиялық демократияның қалыптасуының қарама-қарсылығы үрдістермен құбылыстардың түсінілуі мен игерілуін абстрактылы емес оңды түрде түсінілуін талап етті. Басқа қоғамдық ғылымдардың бір уақытта қарқынды дамуында – тарих, экономика, құқық, әлеуметтік философияның жаңа мәселелер комплексі көрінді.

XIX ғасыр мен XX ғ. басында Батысевропалық әлеуметтануының әр түрлі этаптарында неміс, ағаылшын, француз қайраттерлерінің ғылыми мектептерінде алдынғы орында әр түрлі бағыттар жоспарға алынды. XX ғасырда әлеуметтану қарқынды дамуда болды.

Әлеуметтану адамзаттық білімнің (инфрақұрлым, қарым – қатынас, апаттар және т.б.) басқа жақтарында қарастырылған жаңа әлеуметтанулық мәселелер мен көптеген басқа тақырыптарды (қала, денсаулық, демография) ашуда жаңа танымдық ауқымды қамтиды.

Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні. Әлеуметтану және медицина. Әлеуметтанудың заңдары, категориялары және әдістері. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы. Макро және микро әлеуметтану. Әлеуметтанудың функциялары.

Әлеуметтанудың қалыптасуындағы негізгі этаптар. О. Конттың әлеуметтануы. Ғылымдардың классификациясы. Интеллектуалды даму заңы. Конт бойынша әлеуметтанулық білімнің құрылымы. Г.Спенсер және эволюцияның натуралистік концепциясы. Спенсердің органицизмі. Спенсер және әлеуметтік – дарвинизм.

Э. Дюркгеймнің социологизмі. Әлеуметтік фактілер әлеуметтануды оқудың пәні ретінде. Еңбек бөлінісі және әлеуметтік ынтымақтастық (солидарность). Девиантты мінез – құлық және өз - өзіне қол жұмсау мәселесі. Марксизм әлеуметтануы. Базис және қондырма. Өнеркәсіп әдісі. Қоғамдық – экономикалық формация туралы оқыту. Революция әлеуметтік шиеленістерді шешу әдісі ретінде. Жаңа әлемдегі марксизм.

Ресейдегі әлеуметтік ойлардың дамуы.19 – 20 ғғ. Қазақ ойшылдарының қоғам мен тұлғаның дамуына әлеуметтік көзқарастары. Қазақстандық әлеуметтанудың бүгінгі жағдайы: қиыншылықтар, жетістіктер, проблемалар.

Қазіргі әлеуметтанудың даму ерекшеліктері. П. Сорокинның әлеуметтік теориясы. Глобализм. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік мобилділік теориясы. Әлеуметтанудағы құрылымдық функционализм (Т.Парсонс, Р.Мертон). М. Вебердің «түсіну, ұғыну » теориясы, Әлеуметтік іс-әрекет теориясы, «Идеалды тип» теориясы. Веберлік қайта өрлеу.

Қоғам: анықтамасы, шығу теориясы, белгілері.Қоғам біртұтас жүйе ретінде. Қоғамның

маңызды жүйелері. Әлеуметтік институттар әлеуметтік өмірдің маңызды элементі ретінде, институтцияландыру және оның кезеңдері. Әлеуметтік институттың белгілері.

Әлеуметтік институттардың функциялары және дисфункциялары. Анық және латентті

функциялар. Әлеуметтік институттардың типологиясы.

Медицина мен қоғамдық денсаулық сақтау әлеуметтік институт ретінде.

«Өркениет» және «қоғамдық-экономикалық формация» категорияларына салыстырмалы

талдау жасау. Қоғам типологиясы. Қазіргі заманғы қоғамның типтері. Ақпараттық қоғам,

оның әлеуметтік құрылымы. Қоғамдық процестердің медицинаның дамуына әсері.

«Әлеуметтік процесс» ұғымы. Әлеуметтік процестердің алуан түрлілігі. Қазақстандағы әлеуметтік процестердің ерекшеліктері.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы түсінік. Әлеуметтік топтар және олардың классификациясы. Кіші және үлкен топтар. Топтық процестер және феномендер.

Конформизм және лидерство. Топтық динамика. Социометрия. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация: олардың сәйкестіктері мен өзгешеліктері. Стратификациялық жүйе моделдері (К.Маркс, М.Вебер, П.Сорокин, Уорнер т.б.). Стратификацияның тарихи типтері: касталар, құлдық, таптар, страталар.

Қазіргі дамыған елдердің стратификациялық құрылымы. Төменгі, жұмысшы, орта, жоғарғы таптар.

Әлеуметтік-демографиялық құрылым әлеуметтік стратификацияның бөлігі ретінде.

Қазіргі Қазақстанның демографиялық құрылым. Халықтың этникалық құрылымы әлеуметтік құрылымның элементі ретінде. Қазіргі Қазақстанның этникалық құрылымы.Қазіргі Қазақстандағы жаңа кластар мен страталар. Қоғам модернизациясындағы орта таптың рөлі мен маңызы. Қазақстанда орта таптың қалыптасуы. Кедейлік және теңсіздік. Кедейліктің әлеуметтанулық бейнесі. Әлеуметтік мобилдік: ұғымы, түрлері мен типтері, мобилдіктің каналдары. Әлеуметтік мобилдіктің қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі ерекшеліктері.

Демографиялық үрдістердің, денсаулық пен сырқаттың медико – әлеуметтік аспектілері.

Жеке адам, ерекшелі адам, тұлға, адам. Тұлға теориясы. Қоғам мен тұлғаның қарым-катынас мәселелері. Мәртебелер мен рөлдер жүйесі. Мәртебелік және рөлдік жинақтау. Рөлдік мінез – құлық. Рөлді игеру үрдісіне әсер етуші факторлар. Мәртебелер мен рөлдер қақтығысы.Тұлғаның құрылымы. Тұлғаның құрылымына әртүрлі қатынастар. Тұлғаның қажеттіліктері және мотивтері. Тұлғаның әлеуметтік мінез-құлықтары және әлеуметтік жағдайы.Тұлға типологизациясы. Тұлғаның әлеуметтік типтері.

Тұлғаның әлеуметтену ұғымы. Әлеуметтену функциялары. Әлеуметтену үрдісінің мазмұны және оның басты құралдары мен механизмдері. Әлеуметтенудің деңгейлері мен даму этаптары. Тұлғаның біріншілік және екіншілік әлеуметтенуі. Тұлғаның десоциализациясы мен ресоциализациясы. Әлеуметтенудің агенттері мен институттары. Әлеуметтенудің өмірлік этаптары ( балалық, жасөспірімдік, ересектік, қарттық әлеуметтенудің ерекшеліктері). Өмірдің тығырыққа тірелуі.

Тұлғаның өзін сақтау белсенділігі және салауатты өмір салтын сақтауы. Қазіргі заманғы қоғам жағдайындағы дәрігер тұлғасының әлеуметтік – психологиялық бағытталуы.

Девиация және әлеуметтік бақылау. Тұлғаның ауытқушылық мінез-құлықтарының табиғаты мен тарихи типтері. Девиацияны түсіндірудің биологиялық, психологиялық, әлеуметтік жақтары. Девиацияның теориялары. Қылмыскерлік пен девиациядағы медико-биологиялық және әлеуметтік теориялар.

Девиацияның құрылымы. Девиацияның негізгі түрлері мен формалары. Тұлғаның және топтын делинквентті мінез-құлықтары. Криминалды мінез-құлық: ұғымы, ерекшеліктері, қазіргі заманғы тенденциялары. Әлеуметтік бақылау. Әлеуметтік нормалар және санкциялар. Әлеуметтік бақылаудың агенттері мен құралдары. Әлеуметтік бақылаудың әдістері: оқшаулау және оңалту. Бақылаудың формальды және формальды емес әдістері. Ішкі және сыртқы бақылау.

Білім беру әлеуметтануы. Білім беру әлеуметтік институт ретінде. Білім беру институтының көріністері. Білім берудің әлеуметтік функциялары. Білім беру құрылымы.Білім беру процесінің этаптары: мектепке дейінгі, бастауыш мектеп, орта, жоғарғы. Бұқаралық және элитарлық білім беру. Үздіксіз білім беру және өзін – өзі дамыту. Әлеуметтену және білім беру. Білім беру және жетістік. Білім беру және карьера. Білім беру және еңбек ақы. Білім беруді дамытудың мәселелері. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезендегі білім беруді дамытудың тенденциялары. Қазақстан Республикасындағы медициналық білім берудің ерекшеліктері.

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» атты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы: негізгі мазмұны, мақсаты және міндеттері. Медицинадағы әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері. 2011-2015 жылға арналған «Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру iсiн дамыту» концепциясы (12.08.2011): құрылымы және негізгі мазмұны.

Саяси әлеуметтану. Саяси әлеуметтену. Саяси өмірге қатысуға әлеуметтанулық талдау.

Топтар және саяси процестер. Саяси партиялар әлеуметтанулық зерттеудің объектісі ретінде. Саяси мәдениет түсінігі. Саяси өмірдің әлеуметтік механизмдері.

Экономикалық әлеуметтану. Экономикалық әлеуметтану бойынша зерттеудің өзекті

мәселелері мен бағыттары. Экономикалық процестердің әлеуметтік талдауы. Нарықтық экономиканың әлеуметтік мәселелері. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесі.

Отбасы әлеуметтануы. Отбасы әлеуметтік институт және шағын топ ретінде. Отбасы түрлерінің пайда болуы және эволюциясы.Отбасының құрылымы және қызметтері. Отбасындағы қарым-катынас. Отбасылық қақтығыстар және оларды шешу мүмкіндектері. Қазақстандағы нарықтық қатынас жағдайындағы отбасы. Отбасына қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Ана мен баланы қорғау мәселесі. 20-21 ғасырлардағы отбасы модернизациясы. Қазіргі кезеңдегі отбасының даму тенденциялары мен мәселелері. Қазіргі кезеңдегі отбасының репродуктивтік жағдайлары.

Мәдениет әлеуметтануы. Мәдениетті әлеуметтанулық талдау. Мәдениеттің мәні. Мәдениет және әлеуметтену. Мәдениет түрлері: элитарлық, халықтық, бұқаралық. Субмәдениет және контр мәдениет ұғымдары. Қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін, қазіргі жағдайдағы дәстүрлі қазақ құндылықтарының өзгеруін әлеуметтанулық талдау.

Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы. «Коммуникация», «қатынас», «бұқаралық ақпарат құралдары», «бұқаралық мәдениет», «тіл», «өзара түсінісу», «диалог», «мағына», «құндылықтар ұстанымы» ұғымдарын қатар қою.

БАҚ функциясы. БАҚ тұлғаның әлеуметтенуінің маңызды институты ретінде.

Бұқаралық коммуникация механизмдері мен заңдылықтары. Бұқаралық ақпарат құралдары (кино, баспа, театр, Интернет, радио және теледидар, музыка, дизайн, сән және т.б.). Бұқаралық коммуникация және мәдениет. Бұқаралық коммуникацияның әлеуметтік - мәдени ролі.

Нақты (эмпирикалық) әлеуметтанулық зерттеу түсінігі. Нақты қолданбалы әлеуметтік зерттеулердің түрлері. Қолданбалы зерттеулерді жүргізудің этаптары.

Медицинадағы нақты қолданбалы әлеуметтік зерттеулер: зерттеу жүргізудің негізгі бағыттары мен ерекшеліктері.

Әлеуметтік зерттеу бағдарламасы: ұғымы және құрылымы. Бағдарламаның әдістемелік бөлімі. Зерттеудің пәні мен объектісінің, бағдарламасының анықтамасы. Бағдарламаның процедуралық бөлімі. Мәлімет жинаудың әдістері мен техникасын сипаттау, сонымен қоса болжам бойынша берілген талдау әдістерін көрсету.

Мәлімет жинаудың негізгі әдістері, олардың классификациясы. Медико – әлеуметтік ақпараттардың жинау әдістері мен реттеу әдістемесі. Сұрау және оның әртүрлілігі, ерекшеліктері мен жүргізілу ережелері. Анкетаның құрылымы.

Бақылау: ұғымы, әртүрлілігі, жүргізілу ерекшеліктері. Эксперимент: ұғымы, түрлері, ерекшеліктері. Құжаттармен жұмыс. Құжаттардың түрлері мен талдануы. Жиналған мәліметтерді талдау тәсілдері. Контент – талдау.

Таңдамалы әдіс және оның негізгі ұғымы , ( жалпы және іріктемелік жиынтық, репрезентативтілік және т.б.) таңдау типтері. Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау. Ақпараттарды талдау және сәйкестендіру. Алынған мәліметтердің репрезентативтілік мәселесі. Алынған мәліметтерді ғылыми сипаттау және ғылыми есебін құрастыру.Зерттеушілік жұмыстың этикалық принциптері.

Медико – әлеуметтік ақпараттардың жинау әдістері мен реттеу әдістемесі.

1 қорытынды тапсырма ТС және ОСӨЖ-дің мынадай тақырыптарынан тұрады:

Наши рекомендации