Логистика пәні бойынша № 2 аралық бақылау тест сұрақтары
1 Логистикада ақпарттық ағыммен байланыстырылып жатқан жүйелердің түріне байланысты қандай түрлерін білесіз?
А) тұрақты, жылжымалы
В) горизанталдік және вертикалдік
С) сыртқы және ішкі
D) кіріс және шығыс
Е) айнымалы және жылжымалы
2 Логистикада ақпарттық ағымдардың қанша түрлері бар?
А) 3
В) 4
С) 6
D) 3
Е) 5
3 Логистикада ақпарттық ағымдардың өту орнына байланысты мынадай түрлері бар
А) сыртқы және ішкі
В) горизанталдік және вертикалдік
С) кіріс және шығыс
D) айнымалы және тұрақты
Е) өзгермелі және өзгеріссіз
4 Ақпараттық ағым қанша көрсеткіштермен сипатталады?
А) 4
В) 8
С) 3
D) 2
Е) 5
5 Ақпараттық ағымды қанша әдістермен басқаруға болады?
А) 3
В) 2
С) 4
D) 6
Е) 5
6 Жүйелік тәсіл көзқарасынан логистика процестерінде үш деңгейді бөледі?
А) 3
В) 2
С) 5
D) 7
Е) 6
7 Вертикалдік ақпараттық ағымдар арқылы жоспарлы, диспозитивтік және атқарушылық жүйелер арасындағы байланысты қандай интеграция деп айтады?
А) Вертикалдік интеграция
В) Горизонталдік интеграция
С) Ақпараттық интеграция
D) Статистикалық интеграция
Е) Қаржылық интеграция
8 Әртүрлі логистикалық операциялардан өту процесінде қарастырылатын және уақыт интервалына жатқызылған жүктер, бөлшектер, тауарлы-материалдық құндылықтар қалай аталады?
А) Материалдық ағым
В) Тасымалдау
С) Материалдар айналымы
D) Жүк тасымалдау
Е) Материалдық қор
9 Материалдық ағымдар натуралдық-заттық құрамы бойынша бөлінеді:
А) 2-ге
В) 5
С) 3-ке
D) 4
Е) 6
10 Жүйе дегеніміз не?
А) бір бірімен қатынаста және байланыста болатын, белгіллі бір бірлікті, тұтастықты білдіретін элементтердің көпшілігі.
В) кәсіпорында жабдықтау немесе дайын өнімді өткізу процесінде орындалатын операциялар
С) материалдық ағындардың қозғалысы маман персоналмен әртүрлі техниканың көмегімен іске асырылуы
D) материалдық ағымдарды басқару үшін осы ағымға сәйкес ақпаратты қабылдау
Е) жүкті бір ған транспорт құралымен емес, олардың тобымен тасымалдау процесінде пайда болатын ағым саналады
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
1. Логистиканың даму тарихы
2. Логистика эволюциясы
3. Логистика түсінігінің анықтамасы
4. Логистиканы пайдаланудың экономикалық әсері
5. Логистика мен маркетингтің өзара байланысы
6. Логистика концепциясы мен принциптері
7. Материалдық ағым түсінігі
8. Логистикалық опреациялар
9. Логистикалық жүйенің түсінігі
10. Логистикалық жүйелердің түрлері
11. Логистиканың функционалдық салаларының сипаты
12. Сатып алу логистикасының мәні
13. Сатып алу логистикасының міндеттері
14. Жабдықтаушыны таңдау мәселелері
15. Сатып алу логистикасындағы «дәл мерзімде» жеткізу жүйесі
16. Өндірістік лоигстика түсінігі
17. Тарату логистикасының түсінігі мен міндеттері
18. Тарату арналары мен торлары және бөлдегі логистикалық делдалдар
19. Тасымалдау логистикасының мәні мен мәселелері және көлік құралының түрін таңдау
20. Логистикадағы ақпараттық ағымдар мен жүйелер
21. Логистикадағы ақпараттық технологиялар
22. Қаржылық ағымдар
23. Материалдық қорлар түсінігі мен түрлері
24. Қорлар жағдайын бақылау жүйесінің жалпы сипаты және негізгі жүйелерінің параметрлері
25. Қор көлемін анықтау
26. Қорларды нормалау
27. Логистикадағы қоймалау және олардың функциялары
28. Жүк өңдеу, тара мен ораудың рөлі
29. Логистикалық сервис жүйесі мен түсінігі
30. Логистикалық сервис сапасының белгілері
31. Логистикалық талдау
32. Логистикалық стратегиялық жоспарлау
33. Ғаламдастыру
34. Кедендік логистика түсінігі
35. Сауда мәні, ерекшелігі, түрлері
36. Ғаламдық логистикадағы делдалдар
37. Логистика дамуының шет елдік тәжірибесі
38. ҚР сауданың дамуы
39. Өнім атрибуттары және тауардың лоигстикалық циклы
40. ҚР транспорт жүйесі
ДӘРІС КЕШЕНІ
Тақырып. Маркетингтік логистиканың теориялық негізі
Жоспар
1. Логистиканың экономикалық мазмұны
2. Логистиканы қолдану қажеттілігі
3. Логистикалық ағымның негізгі түрлері
Негізгі түсініктер:логистика, логистикалық ағым, материалды-техникалық база, маркетинг.
Үлкен ағылшын-орыс сөздігі бүгінгі таңда да “logіstіes” сөзін әскери 1) тыл және жабдықтау; 2) материалды-техникалық қамтамасыз ету; 3) тыл жұмысын ұйымдастыру және жүргізу деп аударып жүр.
Философиялық энциклопедияда логистиканың мынадай түсініктемесін табуға болады: “Логистика гректің “logіstіke” сөзінен алынған – есептеу, пайымдау өнері. Ежелгі гректерде есептеу және геометриялық өлшеу өнері, яғни теориялық математикаға қарсы қойылатын практикалық арифметика логистика деп аталады. Осы мағынада бұл термин Батыс Европада XVІІ ғасырға дейін қолданылған. Бірақ Лейбниц (неміс ағартушы-энциклопедисі, философы) логистиканы “calculus ratіocіnator” (ой қорытындыларын есептеу) үшін синоним ретінде қолданған. 1904 жылы Женевадағы Халықаралық философиялық конгресте бұл термин математикалық логиканы белгілеу үшін ұсынылды”.
Әдебиеттерде оның басқа да қолданылуы кездеседі: Рассел және оның мектебі ұсынған логика кезеңі басқаша логицизм деп аталған (математиканы оны логикаға қиыстыру арқылы түсіндіруге тырысатын математиканың философиялық проб-лемалар саласындағы бағыты). Логистиканы логикамен, яғни абстрактілі ойлау сатысындағы әлемді танудың заңдары, формалары және тәсілдері туралы ғылыммен шатастыруға болмайды.
Логистика бойынша бірінші ғылыми еңбектерді шығарушы ретінде XІX ғасырдың басындағы француз әскери маманы Джоминиді атауға болады, ол логистикаға мынадай анықтама берген: “логистика - әскерлерді маневрлеудің практикалық өнері”. Экономикада логистиканың кең қолданылуы 60-70–ші жылдарға келеді және байланыс технологиялары саласындағы жетістіктермен байланысты. Шикізат, бөлшектер мен дайын өнімдердің қозғалысының барлық сатыларын іштей бақылау мүмкіндігі материалды ағымдарды басқарудың дәстүрлі үлгісіндегі жіберілетін үлкен шығындарды айқын байқауға мүмкіндік берді. Экономикада логистиканы қолданудан алатын экономикалық ұтыс тауарларды жылжыту саласында әріптестерді бірлестіктерге бейімдеуге әсер етті.
Логистиканың практикалық потенциалын алғашқы болып американдық мамандар Пол Конверс және Питер Дракер түсінді. Олар оның потенциалды мүмкіндіктерін “шығындарды үнемдеудің соңғы шегі” және “экономиканың танылмаған материгі” ретінде анықтады. Кейіннен олардың көзқарастарын көптеген теоретик-логистиктер бөлісті. М. Потер, Д. Стон және басқа да осылар сияқты американдық зерттеушілердің айтуынша, логистика өзінің дәстүрлі тар анықтамасының шекарасынан шықты және фирманың жоспарлауы мен стратегиялық басқаруында маңызды орын алады.