Түркештердің тарихы.
Қағанаттың негізін қалаушы Үш–Елік қаған билік басына 699 жылы Жетісуда келіп, Жетісудан қытайларды қуып шығып, мемлекетті Түргеш қағанаты деп атады. Мемлекеттің бас ордасы – Шу өзеніндегі Суяб қаласы.Осы қағанаттын бөлігінде қара түргеш тайпалары билік етті. Екінші кіші ордасы Іле өзеніндегі Кұнгіт қаласында болды.Ал кіші орда деген бөлігінде үстемдік сары түргеш тайпаларында болды. Күнгіт және солай аталанатын тайпа Іле өзені аңғарында орналасқан (олар мұнда 11 ғасырда да тұрған, мұны Махмуд Қашғари атап көрсеткен). Шежіреде айталығанындай, батыс түрік жерлері «шығыста солтүстік туцзюйлермен(яғни Шығыс түрік қағанатымен), батыста – хулармен (соғды князьдіктерімен) шектесіп, шығыста тікелей Сичжоу (Турфан) және Тинчжоу (Бесбалық) аймақтарына дейінгі жерлерді алып жатқан.».
Үш-Елік елді 20 облысқа (түтүктерге) бөлді, әрқайсысында 7000 әскер бар. Үш-Еліктің мұрагері Сақалдың кезінде тайпалық аристократтардың алғашқы бүліктері басталды. Оларды Қытай қолдады. Сақал әскері Қытай әскерлерін талқандады. 679-87 жылдары шығыс түркілері өздерінің тәуелсіздігі үшін қытаймен күрес нәтижесінде өз мемлекеттігін қалпына келтірді және енді Шығыс-Түрік мемлекеті шығыстан қауіп төндіретін болды.
Тургешер екі топтың арасы өте-мөте ушығып тұратын болатын. Үстемдік үшін күрестін барысында Іле түргештері Қапаған-қаған бастаған шығыс түріктерімен әскери одақ құрды.
711 жылы Шығыс-түрік әскері Қапаған – қаған Сақалды жеңіліске ұшыратты. Қара түргештер осы күрестен жеңіп шықты. Қара түргеш әскерінің қағаны, қолбасшысы және қаған руының мүшесі Сүлықпен қоса Сырдарияның арғы бетіне, Оңтүстік асып кетті. Олардың соңынан 712-713 жылы шығыс түрік әскері Тоньюкук басшылық еткен және Елтерінің балалары, болашақ Бильге қаған және Күлтегін, Соғдтан бірақ шықты. Осы жерде олар арабтармен Соғд жағында соғысып араб әскерінің қолбасшысы Күтейбаймен талқандалды, 714 жылы кейін шегініп Алтайдағы көтеріліс жасаған тайпалар қарсыластығынан отырып Орхонға қайта оралды.
Сұлық Жетісуға қайта оралып, өзін (715-738жж) қаған деп жариялады. Әскери - әкімшілік билік қара түргештердің тайпасына көшті, олардың ордасы бұл кезде Таласқа (Тараз) ауыстырылған еді. Бірақ негізгі әскери Сұлықтың белсенділігі батысқа бағытталды, онда ол арабтарға қарсы Орта Азия мемлекеттерінің күресіне қосылды. 720-721 жылдары Соғдта түркілер арабтармен күрес жүргізді. 728-729 жылдары Самаркандта және Бұхарадағы халықтардың арабтарға қарсы ірі көтерілістерінде соғдылықтар түргеш қағандардан көмек сұрады.
Түргештер Соғдқа басып кіріп оны арабтардан босатуға жақындап қалғанда, 732ж Джунейд Абдалла түргештерді талқандап Бұхараға кірді.
737ж. түргештер Тохаристанға (Амударияның жоғарғы жағы) келді және арабтардан жеңілген Сұлық өлтірілді.Бұл “сары” және “қара” түргештер арасындағы билік үшін жиырма жылдық күрестің басталуына әкелді.
746 жылы Жетісуда Алтайдан Тарбағатайдан қарлұктар қоныс аударды. Өзара кикілжің күресте және арабтармен соғыста түргеш қағандар өз күштерін жоғалтып, қарлұқтарға қарсылық көрсете алмады. Осы кезеңде қытайлықтар белсенді саясат танытты. 748 жылы Қытайдың Шығыс Түркістандағы басқарушылары өз әскерлерін Суяб қаласына қарай бағыттап, оны жаулап алды, сонымен бірге Шаш (Ташкент) қаласын. Көмекке арабтар келді. 751 жылы Атлаг қаласы, яғни Тараз маңайы Талас өзенінде арабтар мен Қытай әскері бетпе-бет кездесті. Бірнеше күн олар ұрысқа кірісе алмай тұрды. Бесінші күні қытайларға тылдан қарлұқтар соққы жасады, сол уақытта барлық майдан шебімен арабтар шабуылға кірісті. Тан әскері қашып кетті.
Осы шайқастан кейін Орта Азия мен Қазақстанда арабтар беделі басым болды, бірақ оларға қарсы күрес тоқталған жоқ. Арабтарға қарсы күрестегі белсенділік енді қарлұқтарға көшті, олар бұл кезде Жетісуда 756 жылы Түргеш қағанаты орнында өз мемлекетін құрған еді..
Қарлұқ қағанаты. Қарлұқ мемлекеті (756-940жж) 6-7 ғасырларда қарлұқтар Түрік, Батыс-Түрік және Шығыс-Түрік қағанаттары ықпалының аясына кірді. Орталық Азияда орын алған саяси қиын-қыстау кезеңдер барысында қарлұқ тайпаларының бірлестігі аумақтық және аумақтық және саяси жағынан ыдырады. Жазбаша деректерде қарлұқтардың бірқатар шағырланған топтары туралы хабарланған.
Мәселен, шығыста олардың Отюкен таулы жерлерінде (Монғолия) Шығыс Түркістанда Бесбалық аймағында орналасқаны айтылған, ал ең онтүстігінде Ауғанстанның солтүстігінде Тоқарстанда ірге тепкен. Алайда олардың негізгі көпшілігі ертедегі түріктердің руналық ескерткіштерін деректері бойынша Монғол Алтайы мен Балқаш көлінің аралығында, Тарбағатайдың оңтүстігі мен солтүстігі жағындағы аумаққа орналасқан «үш қарлұқ» (қарлұқтардың үш тайпасы) бірлестігі ретінде пайда болды. Қарлұқ бірлестіктерінің құрамына үш ірі тайпа – бұлақ, себек, ташлық кіреді. Қарлұқ тайпалары одағының билеушісі «ельтебер» деген атақ алған. 657 жылы олардың негізгі қоныстанған ауданында қарлұқтардың үш аймағына қоса, тайпа басшылары басқаратын төртінші әкімшілік аймағы пайда болды.
Шығыс және Батыс қағанаттардың күшеюіне немесе әлсіруіне қарай қарлұқтар кей кездерде түріктердін саяси-әлеуметтік бірлестігінің бірде біреуіне, енді екіншінісіне бағынып жүрді. 682 жылы Монғолияда Шығыс Түрік қағанаты құрылғаннан кейін қарлүқтар оларға тәуелді болды. Алайда, орхон жазуларында айтылғандай, қарлұқтар қағандарына қарай қарсы бірнеше рет көтеріліс жасаған және оларға соғыс жорықтарын жасап отырған. Қарлұқтардың бірінші жорығы 711-712 жылдары болған, бүл жөнінде Күлтегін мен оның інісінің құрметіне арналған ежелгі түрік жазбаларында айтылады. 715 жылы Білге-қаған мен Күлтегін қарлұқтарды жеңді. Қарлұқтарға қарсы жорықтар онан кейінгі жылдары дажасалды. Білге-қаған өлгеннен кейін (734 ж.) көп ұзамай шығыс түрік мемлекеті қүлады.
742 жылы Монғолия далаларында саяси үстемдік шығыс түріктердің билігін күйреткен үш тайпаның – қарлұқтардың, ұйғырлар мен басмылдардың одағына көшті. Аз уақытқа басмылдар көтерілді, сөйтіп солардың көсемі қаған етілді.Қарлұқтардың басшысы мен ұйғырлардың жетекшісі ябгу (жабғы) атағын алды. Көп кешікпей 744 жылы ұйғырлар мен қарлұқтардың біріккен күштері басмылдардың тас-талқанын шығарды. Солжылы Ішкі Азияда түркі тілдес тайпалардың жаңа мемлекеттік құрылымы – Ұйғыр қағанаты пайда болды (744-840).
VIII ғасырдың екінші жартысынан түркі тайпалары арасында жоғарғы бедел енді қарлұқ көсемдеріне көшті. Олар өз ұстанымдарын арабтар қарсылығына қарамастан Ферғанада күшейтті. Қарлұқтар билігі Жетісуда 756 жылы олар Сұяб, Тараз қалаларын алғанда толығымен бекіді. Сол кезден бастап қарлұқтар ұйғырлармен бақталасып Шығыс Түркістан үшін күрес бастады. Қарлұқтар басымдығымен Орта Азияның түркі тарихында батыс түркі тайпаларының мемлекеттігінің жаңғыруының жаңа белестері байланысты. Ірі тайпалық бірлестіктер, руна жазуларында үш қарлұқ деген атпен белгілі, Қытай жазба көздерінде VII ғасырда айтылады.
Бұл тайпалардың көсемдері Елтебер титулын киген. Ұйғыр қағанаты құрылғанда оның басшы қағаны – ұйғыр тайпасының қолбасы, ал қарлұқтар көсемі оң ябғу (жабғы) титулын алды. Қағанат құрылғанға дейін ұйғырлар, қарлұқтар, басмылдар шығыс түркі қағанына қарсы күрескен. Басмылдар көтеріліп кетті, олардың көсемі қаған болды, қарлұқтар мен ұйғырлар ябғу болды, осыдан кейін қарлұқтармен ұйғырлар бірігіп басмылдарды талқандап Ұйғыр қағанатын құрды. Тарих қайталанады, қарлұқтар дербестікке ұмтылып, Ұйғыр қағанатынан бөлініп кетті. 766-775 жылдары қарлұқтар Қашғарияны жаулап алды. Жетісу аумағында, Оңтүстік Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар: тухси, шігіл, түргеш, азким, халадж, барсхандар мекендеген. Қарлұқтар билігіндегі тұрғындар: Орта Азиядағы және Таяу Шығыстағы ирантілдес соғдылар.
Қарлұқ тайпалары Қазақстанның кең байтақ жерінде: Жоңғар Алатауынан Сырдарияға дейін, Балқаш пен Ыстық көл, Іле өзені, Шу, Талас өзендерін жағалай, Тянь Шань таулы аймақтарында қоныстанған.
840 жылы Орта Азия далаларында Енисей қырғыздары Ұйғыр қағанатын талқандап, ұйғырларды Турфанға көшуіне мәжбүр етті. Испиджаб билеушісі қарлұқ жабғы Більге күл Қадырхан осы жағдаймен пайдалана қойды, оның бұл уақытта қаған титулы бартын. 840 жылы қарлұқ қағанаты Маверанахрдың Саманидтерімен күрес жүргізді. Самарқанд билеушісі жеңіске жетіп, Самарқандты жаулап алды. 893 жылы саманидтер Таразға қарай жорыққа шықты. Қарлұқтар мен саманидтер соғысы тоқтамады. Қарлұқтар арабтарға қарсы күресті, бірақ ол Қазақстанның тек оңтүстік облыстарын қамтыды. Араб жаугершілігі өзіне бағынышты халифат аймағындардың әлеуметтік экономикалық, саяси, мәдени өміріне ықпал етті және этникалық, тілдік процесстерге көп әсерін тигізді. Күрделі өзгерістердің қатарына, Ислам дінінің кіруімен араб тілінің жазуының кіруін атауға болады.
Қарлұқтардың мемлекеттік құрылымы үлесті-тайпалық жүйенің дамыған түрімен сипатталады, және бұл жүйе орталықтан басқаруға келмеді. Қарлұқтар жабғы билігі атаулы бағалы болды. Ірі тайпалар басындағы үлестік билеушілер, өз иеліктерін күшейтуге тырысты. Әскери - әкімшілік жүйе бар болды.
Қарлұқтар қоғамында әлеуметтік, сословиелік теңсіздіктер ерекше байқалды. Тұрғындардың негізгі бөлігін қатардағы қауымдастар құрады. Өз әлеуметтік мағыналарына қарай рулар мен тайпалар бөлінді. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйектері тек жайылымға ғана емес, сондай ақ қала орталықтарына да иелік етті – мұнда 25 қалалар мен елді мекендер болды. Қарлұқтар орталығы – Баласағұн қаласы және басқа қалалары елшілік тракт және сауда орталығы ретінде үлкен мағынасы бар Ұлы Жібек Жолында орналасқан және бұл жол мәдени және рухани байланыстар жолы болды.
Арабтар 812-817 жылдары Отырар ауданына бірқатар жорықтар жасады. Қарлұқтар мемлекетін өзара кикілжің, билікке талас, жайылымға талас биледі. Бұл мемлекеттің әлсіреуіне әкелді.
Араб басқыншылары қоғам өмірінің және халықтардың тарихи тағдырының барлық деңгейіне әсерін тигізді. Сөйтіп, олардың мәдениетіне тиген ықпалынан бәріне ортақ мұсылмандық мәдениет қалыптаса бастады.
Қарлұқтар мемлекеті Қашғар тайпаларының тысқыруымен 940 жылы құлады және оның орнына Қарахан мемлекеті пайда болды.
Арахан мемлекеті.
Қарахан мемлекеті (942-1210)Қарахан қағанаты – жаңа түркі империясы, олардың билеушілері қарлұқтардан шыққан, оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қашғария аумағын мекендеген.
940 жылы түркі тайпалары Қарлұқ қағанатының астанасы Баласағұнды жаулап алып, жаңа Қарахан хандығын құрды. Хандық билеушілері 990 жылы Тараз, Испиджаб қалаларын өздеріне қосып алды. Х ғасырдың аяғына қарай хандық аумағы, Амудария мен Жетісуге дейінгі және шығыста Қашғарияға дейінгі аралықты алып жатты.
Жазба көздеріндегі деректерге қарасақ, қарахан ұрпақтарының шығу тегі бұрынғы Жабғы – Қарлұқтан шыққан. Бильге Күл Қадыр – қаған екендігі айтылған. Мемлекетте ең басты рольді екі тайпалық топтар – шігілдер мен яғма, яғни қарлұқ тайпаларының негізін құраған.
Қарахан мемлекетінде билік осы екі топтың ақсүйектері арасында бөлінген. Бұл бөліс қағанаттың – шығыс және батыс бөлігі болып екіге бөлінуіне әкелді, олардың әр қайсысының өз қағаны болған. Бас қаған болып шығыс қаған саналған, оның ордасы Қашғар мен Баласағұнда болған. Ол шігілден шыққан және Арслан Қарахан қағаны титулын таққан. Батыс – кіші қаған Яғмадан, Боғра Қарақаған титулын таққан, оның ордасы Таразда, кейіннен Самарқандта болған. Билеушілердің ерекше иерархиясы болған әр қағанда, Арслан - илек және Бағра –илек, Арслан – тегін, Бағра –тегін. Алғаш рет биліктің дуалдық жүйесі бірінші қаған Арслан ханның ұлдары Бағыр Арслан –хан және Оғылшақ Қадыр хан кезеңіне жүзеге асырылып, мемлекеттің ыдырауы ХІ ғасырдың ортасына келеді.
Оғылшақ кезеңінде саманид эмирі Исмаил ибн Ахмадтың 893 жылғы Таразға сапары жемісті басталып қарахандар мен саманидтер арасында Орта Азия үшін ұзақ та қантөгіс соғыстарға әкелді. Соғыстар бір ғасырдан артық уақытқа созылып саманидтердің толық құлдырауымен аяқталды. Олардың қарсыластарының билігі енді Амударияға дейін таралды.
Орта Азия аумағында көптеген қарахан иеліктері құрылды, олардың Баласағұн қағанынан тәуелділігі мардымсыз, ал бір бірімен қатынастары достық қарым-қатынастан алыс еді.
Қарахандардың қалыптасуының негізгі оқиғасы - әулеттің және олардан тәуелді тайпалардың 960 жылы Сатуқ боғрахан басқаруы кезінде исламды қабылдауы болды. Ол исламды қабылдап, ол дінді мемлекеттік деп жариялап, жаңа есім Абд-аль-керім деп қабылдады. Бұл кезде араб мәдениеті, тілі, жазуы Орта Азия мен Қазақстанға кең тараған еді.
Қарахан басқаруындағы тайпалар отырықшы өркениеттің зор ықпалына түсті. Түркі тайпалары осы жаңа жүйенің экономикалық және әлеуметтік қатынастарына тартылды, сол жүйенің бір бөлігі болды. Бұл түркілердің исламдануы, осы процесстің классикалық үлгісі – Қарахан мемлекеті. Қарахан мемлекетін басқарып отырған әулет өз алдына саяси мақсат та қойды, яғни исламдандыру арқылы мұсылман елдерінің көмегіне арқа сүйеді. Қарахан мемлекетінің оған дейінгі мемлекеттерден негізгі айырмасы - әскери басқаруы әкімшілік басқарудан бөлінуі болды. Бұл жүйенің мемлекетте орын алуы отырықшы – егіншілікпен айналысатын аудандардың, түркі тайпаларымен жақын орналасуы және олардың отырықшылық өмір құруы мен қолөнермен, егіншілікпен айналысуы болды. Қарахан мемлекеті – классикалық феодалдық мемлекетке неғұрлым жақын болды. Мемлекеттік - әкімшілік құрылым иерархия ұстамына негізделді. Қарахан мемлекетіндегі негізгі әлеуметтік-саяси институт - әскери-лендік жүйе болды. Басқарушылар өз туыстарын, немесе өзіне жақын адамдарды аудан, обылыс тұрғындарына мемлекет есебіне алым салық жинауға жұмсап отырған.
Бұл жылу-жинау “иқта” деп аталған, оны жинайтын адам “мұқта” немесе “иқташы” деп аталған. Иқта институты Қазақстанның оңтүстігінде зор роль атқарған. Иқташы жер-жерде мемлекеттік биліктің барлық функциясын атқарған. Барлық өнім өндірушілер, көшпелілер, егіншілер одан тәуелді болған және мемлекеттік өкім ретінде иқташы жинайтын алым салықты төлеуге мәжбүр болған. Үлес – иқтаны ұстаушыларға әскер жинау міндетін билеушілер жүктеген. Өз бағынышындағы тұрғындарға ол әскери қызмет атқаруды міндеттеген. Сөйтіп, жер ұстаушы феодалдар класы – жер иеленушілер – жауынгерлер феодалдық мемлекет қалыптаса бастады, аталық рулық қауымдастықтан бөлінді.
Тұрғындардың негізгі кәсібі көшпелі, жартылай көшпелі мал бағу, сонымен бірге ХІ-ХІІ ғасырларды Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда тайпалардың бір бөлігі егіншілікке көшіп, қала мәдениетіне қамтыла бастады. Бір тілдес, жазбалас этникалық қауымдастықтар біріге бастады.
Түркілердің сана сезімінің оянуы Қарахандар кезеңінде түркі тіліндегі мұсылман әдебиетінің пайда болуына әкелді. Осы тілде сол кезеңнің мәдениетінің әр қилы белгілі өкілдері Әл Фараби, Жүсүп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Ясауи жазған.
Ақсүйектер үлесінің бөлінуі, мемлекеттің көптеген үлестерге, тұрақсыз иеліктерге әкеп соқты. Икташылардың үлкен құқықтары болды, олар өз ақшаларын соқты. Әрқайсысы билікке ұмтылды, вассалдық қатынастарда жоғарғы иерархиялық сатыға ұмтылды. Бұл ішкі кикілжің туғызды. Қарахандардың саяси тарихында да өзгерістер бола бастады. 992 жылы олар Бұхараны жаулап алды. 999 жылы Қарахандар Газневидтер әулетіне Орта Азиядағы саманидтерді талқандауына көмектесті.
Қарахандар мен газневидтер арасында достық қарым қатынастар қалыптасты. Екі мемлекет шекарасы Амудария болды. Қараханидтер солтүстікте Таразда қыпшақтармен шекаралас, батыста және оңтүстік батыста олар салжықтар және хорезмшахтар қарсылығына кездесті.
ХІ ғасырдың 30-шы жылдарында Ыбрахым, Ибн Назир кезеңінде мемлекет екіге бөлінді: батыс – орталығы Бұқара Мәуәранахрды қоса алғанда, шығыс – оған Тараз, Испиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу және Қашғар кірді, астанасы Баласағұн қаласы. Осылайша Қарахан мемлекетінің құлдырауы басталды. Билікке талас басталды. Неғұрлым тыныш кезең Жүсүп Тағрулхан және Богра-хан Харун кезеңі 1059-1074 жылдарда болды.
Олар кезеңінде батыс және шығыс бөліктердің шекарасы Сырдария бойымен өтетін болды. Тағрулдың қайтыс болуынан кейін оның барлық иелігі толық Баграханға көшті (1075-1102).
1089 жылы ол салжықтардың вассалдық тәуелділігіне ұшырады. Олармен соғысты Қадырхан Жабрайыл жүргізді. Салжықтардың ықпалы Мәуәранахрда да күшейді. Біртіндеп Қараханидтар өз күшін жоғалта бастады.
ХІІ ғасырдың басында Қарахан мемлекеті шекарасына Қыдандар немесе Қарақытайлар – тунгус - маньчжур тайпасынан шыққан, басып кірді. Олар Жетісуды, Баласағұнды және шығыстың барлық үлестерін жаулап алып батысқа бет алды.
Қарахан – салжық әскерлерін 1141 жылы талқандағаннан кейін мемлекеттің екі бөлігінің де билігі қыдандарға көшті. 1210 жылы қараханидтердің батыс иеліктерінің жағдайы, мұнда осы жерді жаулап алып өз мемлекетін құрған наймандардың келуімен шиеленісті. Бұл кезде қарахандардың батыс бұтағы да толық талқандалған. Осымен Қарахан мемлекетінің тарихы аяқталды. Бірақ Қарахан мемлекеті кезеңі өте маңызды болды және түркі тайпалары тарихында ерекше орын алады. Ол түркі тілдес тайпалардың мәдени, экономикалық өмірінің едәуір алға басқандығымен сипатталады. Көшпенділер отырықшылыққа икемденді, қала мәдениеті өркендеді, жаңа дін қабылданды, түркі жазуының орнына араб графикасы қабылданды.Жаңа саяси жүйе қалыптасты.
Дәрістің негізгі ұғымдары:түрік, қағанат, қаған, этногенез, глоттогенез, «он оқ бұдын», «қарлық бұдын», жабғу, шад-түтік, хақан.