Аржылық есеп берудің элсменттерін белгілеу, мойындау және өлшеу

Қаржылық есеп берудің элементтері.Қаржылық есептер мәмілелер мен басқа оқиғалардың қаржылық нәтижелерін оларды экономикалық сипаттамаларына сәйкес кең аукымды категорияларға қалыптастырып, көрсетеді. Мұндай кең ауқымды категориялар деп каржылык есептердің элементерін атайды.

Субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен тікелей байланысқан элементтер бухгалтерлік баланста көрсетілген активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады. Кірістер мен шығыстар кірістер мен шығыстар жайлы есеп беруде субъектінің көрсеткіштерін өлшемімен тікелей байланысқан элементтер. Ақша козғалысы туралы есеп беруді және меншікті капиталдағы өзгерістср жайлы есеп беруді бухгалтерлік баланс элементтерінде болған кірістер мен шығыстар, өзгерістер туралы есеп элементтері көрсетеді.

Субъсктінің қаржылық жағдайы бағасына тікелей байланысты элементтер болып активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал табылады.

Активтер - болашақта табыс әкелетін, қүндық бағасы бар, өткен операциялар немесе оқиғалар нәтижесінде алынған мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар. Бұл ресурстар ұйыммен бакыланады. Активте бекітілген болашақ экономикалық пайда - ақша түсіміне немесе баламаларына тура немесе жанама енетін әлеует.

Активке айналған болашақ экономикалық пайда мыналардың нәтижесінде алынуы мүмкін:

1) егер актив жеке немесе субъект өткізетін дайын өнім (тауар, жүмыс, қызмет көрсету) өндірісінде басқа активтермен үйлесіп пайдаланылса;

2) басқа активтерге айырбасталса;

3) міндеттсмслерді өтеу үшін қолданылды;

4) субъектілерді меншіктеушілер арасында бөлінеді.

Міндеттеме - өткен операциялар немесе окиғалар нәтижссінде пайда болған және кұндық бағасы, жеке тұлға немесе айьш пайдасына белгілі бір әрекет етуші, мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша және басқасын төлеуге, элде өтеу экономикалық пайдалът активтің кемуіне немесе ресурстың жылыстауына әкелетін белгілі бір іс-қимылдан қағыс қалуға міндеттілік.

Міндеттемелерді өтеу былайша атқарылады:

1) ақша төлеумен;

2) баска активтерді берумен;

3) қызмет көрсетумен, жүмыс орындаумен;

4) бір міндеттемені екшшісіне ауыстырумен;

5) міндетемелерді жарғы капиталына аударумен.

Меншікті капитал (таза актив) — міндеттемелерді есептен шығарғандағы актив.

Акционерлік коғамдардың бухгалтерлік балансында меншікті капитал, бөлінбеген табыс, болінбеген табыс есебінен пайда болған резервтік капитал, сондай-ақ меншікті капиталды қолдауды қамтамасыз ететін түзетуді көрсететін сома, акционерлер салған қаражат ретінде сынып тармақтарына бөлінеді. Бұл тұжырымдамалар басқа субъектілерге де сай келеді.

Қаржы-шаруашылык қызметін бағалаумен тікелей байланысқан қаржылық есеп беру элементтері мыналар:

1) кірістер - меншіктеушілердің салымына байланысы жоқ, меншікті капиталдар көбеюіне әкелетін активтің немесе олардың құнының артуы, не болмаса міндеттеменің азаюы түріндегі есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың өсуі.

2) шығыстар - меншіктеушілер арасындағы бөлуге байланысы жоқ, меншікті капиталдың кемуіне жетелейтін, активтердің немесе олардың құнының азаюы, не болмаса міндеттеменің ұлгаюы түрінде есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың азаюы.

Қаржылық есен элементтерін мойындау, тану- мойындаудың мынандай критерийлерін қанағаттандыратын және элементті айқындауға сәйкес келетін баптың нәтижелері туралы есепке немесе бухгалтерлік балансқа кіргізу процесі:

1) басқа байланысты кез келген болашақ экономикалық пайданы субъект алады немесе жоғалтады деген ықтималдык бар;

2) объектінің сенімді өлшенетін құны немесе бағасы бар.

Қаржылық есеп элементтерін бағалау - ақшалай соманы анықтау тәсілі, ол бойынша активтер мен міндеттемелер қаржылык есептерде мойындалады және мыналар бойынша бағаланады:

• бастапқы бағасымен.Активтер оларды сатып алған кезде қол жеткен тараптардың келісімімен белгіленген ағымдағы құны бойынша немесе төленген ақшалай қаражат сомасында; міндеттемелер - міндеттемеге айырбасталып немесе кей жағдайлардағы белгілі бір шарттармен алынған (мысалы, салықтар) түсім сомасы бойынша жағдайлардың қалтты тоғысуы кезінде міндеттемелерді орындау ушін төленетін ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі.

• ағымдық құнымен.Активтер есепте сол немесе соған ұқсас актив енді ғана сатып алынған жағдайда төленуге тиісті ақшалай қаражат сомасы бойынша көрсетіледі, міндеттемелер оларды өтеу үшін талап етілетін акшалай каражаттың дисконтталмаган сомасы бойынша көрсетіледі;

• өткізудің (өтеудің) ықтимал құнымен.Активтер сатудан алынуы мүмкін ақшалай каражат сомасы бойынша көрсетіледі. Міндеттемелер – оларды өтеу үшін талап етілетін ақшалай қаражат;

• дисконтталған құн. Активтер субъектінің қалыпты қызметі барысында активтерді генерациялауға тиісті ақшалай қаражат болашақ түсімнің дисконтталған кұны больш танылатын ағымдағы құны бойынша;

• баланстық құнымен.Активтер мен міндеттемелердің бухгалтерлік баланста көрсетілетін құны.

Наши рекомендации