Дәріс. Жеке сақтандыру
Жеке сақтандыру – бұл адам өміріне оның еңбек қабілеттілігі мен денсаулығына қауіп төндіретін тәуекелдердің алдын алу түрі. Өмір және өлімді ақшалай түрде объективті бағалау мүмкін емес. Сақтанушы мүгедектік және өлім жағдайына ұшыраса, материалдық қиындықтардың тек орнын толтыруға тырысуы мүмкін. Қорғаудың осы түрі құқықтық көзқарасы бойынша келісім-шартпен бекітіледі. Жеке сақтандырудың келісім-шарты-азаматтық-құқықтық келісім, бұл келісім бойынша алдын ала алынған сақтандыру төлемінің есебінен сақтандырушы сақтандыру жағдайы туындаған кезде жасалған шығынның белгілі мерзімде орнын толтыруға, ренталар және басқа да белгілі төлемдерді төлеуге міндеттеледі.
Мүліктік сақтандыруға қарағанда жеке сақтандыруда объективті айқындалған мідденің болмауы мүмкін, бірақ сақтандыру сомасы мен сақтанушы шеккен залалдардың арасында байланыс орын алады. Жеке сақтандыруда тәуекелге ұшырайтын адамның өзі сақтандыру объектісі ретінде көрініс табады, яғни оның өмірі, денсаулығымен байланысты. Сақтандыру сомалары табылған материалдық шығынның немесе залалдың құнын білдірмейді, олар объективті түрде нақтыланбай сақтанушының материалдық қабылетінің негізінде талап-тілектерімен анықталады. Мүліктік сақтандырудағы сияқты жеке сақтандырудың келісім-шарты міндетті немесе ерікті болуы мүмкін және бұдан басқа ұзақ және қысқа мерзімді болады. Жеке сақтандырудың әр түрі бойынша сәйкес келісім-шарттар жасалады.
Жеке сақтандыру әр түрлі негізде жіктеледі. Тәуекелдіктің мөлшері бойынша:
- қалған өмірін немесе өлім жағдайын сақтандыру;
- мүгедектік немесе жарамсыздық жағдайын сақтандыру;
- медициналық шығындарды сақтандыру.
Сақтандырудың жеке түрі бойынша:
- өмірді сақтандыру;
- бақытсыз жағдайлардан сақтандыру.
Келісім-шартта көрсетілген тұлғалардың саны бойынша:
- жеке сақтандыру ( жеке тұлға сақтанушының рөлінде);
- ұйымдық сақтандыру. (сақтанушылар ретінде жеке тұлғалардың бір тобы).
Сақтандыруды қамтамасыз етіудің мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
- орта мерзімді (1 - 5 жыл);
- ұзақ мерзімді (6 – 15 жыл).
Сақтандыру төлемдерін төлеп беру формасы бойынша:
- сақтандыру сомасын бір уақтылы төлеп беру;
- сақтандыру сомасын рента түрінде төлеп беру.
Сақтандыру сыйақысын төлеп беру формасы бойынша:
- бір уақтылы сыйақыларды төлеп беру арқылы сақтандыру;
- сыйақыны әр жыл сайын төлеп беру арқылы сақтандыру;
- сыйақыны әр ай сайын төлеп беру арқылы сақтандыру.
Өмірді сақтандыру жеке сақтандырудың кең жайылған және әдетті бір түрі болып табылады. Егер сақтандыру мерзімі ішінде сақтанушының өмірінде қаралған сақтандыру жағдайы туындаған кезде, сақтандырушы алынған сыйақының (сақтанушы төлейтін сыйақы) есебінен белгіленген сақтандыру сомасын төлеп беру міндетін келісім шартпен бекітеді. Сақтандыру оқиғасы болып сақтанушының өлімі немесе және өмір ұзақтығы және қалған өмірі саналады. Сақтандыру келісім-шартының бір тұлғамен жасалған сияқты бірнеше тұлғалар тобымен де жасалуы жеке сақтандырудың ерекшілігі болып табылады. Қандай да бір байланысымен және қызығушылығымен біріккен тұлғалар тобының топтық (ұйымдық) сақтандыруы бір полиспен іске асырылады.
Ұйымдық сақтандырудың негізгі түрлері:
- қосымша төлемдерсіз бір жылға созылған уақытша жаңарған сақтандыру;
- жесірлік, жетімдік және мүгедектік бойынша ренталар;
- сақтандыру сомасын ұзақ мерзімде төлеп беру арқылы сақтандыру;
- зейнетақы жағдайымен байланысты ренталар.
Жеке сақтандырудың неғұрлым кеңінен таралған түрі болып бақытсыз жағдайлардан сақтандыру болып табылады. Сақтандыру келісім-шартының әрекет етіу мерзімінде табылған сақтандыру жағдайлары болып келесі оқиғалар танылады:
- жалпы еңбек қабілеттіктің сақтанушымен уақытша жоғалтуы; 16 жастағы тулғалардың денсаулығына зиян тигізу (5 күнен жоғары);
- сақтанушымен жалпы еңбек қабілеттіліктің тұрақты жоғалтуы (мүгедектің байқалуы);
- жарақат салдарынан туындаған, улану және басқа да бақытсыз жағдайлардағы сақтанушының өлімі.
Құзырлы органдарының заңдық ретте берген құжаттармен расталған (медициналық мекемелер, сот және т.б.), сақтандыру келісім шарты әрекет ету мерзімінде бақытсыз жағдайлар салдарынан болған оқиғалар, сақтандыру жағдайлары болып табылады. Сол сияқты бақытсыз жағдайдың күнінен бастап 1 жыл ішінде болған, сақтандыру келісім-шартты әрекет етіу мерзімінде болған бақытсыз жағдайдың салдарынан туындаған сақтандыру оқиғалары да сақтандыру жағдайлары болып мойындалады. Сақтандырудың келісім-шарттары бойынша төлем төленбейді, егер бақытсыз жағдайдың себептері мыналар болса:
- сақтандыру жағдайын туындатуға әкеліп соққан сақтанушының әдейі-іс әрекеті (14 жас және одан жоғары жастағы балалар үшін);
- сақтандыру жағдайын туындатуға әкеліп соққан пайда алушының әдейі іс -әрекеті;
- үшінші тулғалардың заңсыз іс әрекеті әсерінен сақтанушының өзін-өзі өлтіруды қоспағанда, өзін-өзі өлтіру (сақтанушының өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеу);
- дене жарақаттарды сақтанушымен өзіне әдейі салуы.
Бақытсыз жағдайды туындататың келесі оқиғаларда, сақтандырушы сақтандыру төлемін төлемейді:
- халықтың көтерілісі және шеруі, әскери іс әрекет салдары;
- радияциялық және радиоактивты залал, ядролық жарылыс.
Сақтандыру сомасы тараптарының келісімі бойынша белгіленеді және 1000 теңгеден кем болуы мүмкін емес. Сақтандыру төлемдерінің көлемі сақтандыру тәуекелділігі және сақтандыру мерзіміне байланысты келесі бір жыл үшін сақтандыру сомасының %-мен белгіленеді:
- орта, арнайы және жоғары оқу орындарда оқитын оқушылар, үй шаруасы және жұмыссыз зейнеткерлерді сақтандыруда - 1%;
- жарақат алудың жоғарғы тәуекелдігі жоқ, кәсіпорындарда жұмыс істейтін тұлғаларды сақтатандыру - 3%;
- жарақат алудың жоғарғы тәуекелдігі бар жұмыс шартында қызмет ететін тұлғаларды сақтандыру - 5%;
- бақытсыз жағдайдың болу мүмкіндігі жоғарғы тәуекелділікпен байланысты жұмыстағы тұлғаларды сақтандыру - 10%.
Сақтанушы сақтандыру төлемін бір уақытта және бөліп төлеуі мүмкін, бірақ 2 мерзімнен көп емес уақытта. 1-ші төлем, белгіленген төлем сомасынын 50% нан аз болмайды . 2-ші төлем, 1-ші төлем төленгеннен кейін 3 ай ішінде төленуі тиіс. Сақтанушы төлемдерді келесідей төлеуі мүмкін:
- колма-қолсыз есептесу жолымен, кәсіпоырын, мекеме ұйымының бухгалтериясы және банктегі шот арқылы;
- қолма-қол ақшамен, міндетті сақтандырушының өкіліне - бырақ ол белгіленген нысандағы квитанцияны беруі тиіс.
Келісім – шартты бекітудің негізі болып сақтанушының арызы табылады. Сақтанушы бақытсыз оқиғадан мерт болған жағдайында басқа туысқанын сақтандыру өтемін алуды белгілеуіне құқығы бар. Сақтандыру келісім – шарты кез-келген мерзімге жасалуы мүмкін, келісім – шарттың әрекет ету мерзімі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Сақтандыру келісім шарты мынандай төлемдерді төлеуде күшіне енеді:
- сақтандырушының өкіліне қолма-қол ақшаны төлеп, яғни төленгеннен соң келесі күннен бастап;
- банк мекесі арқылы және қолма-қолсыз есептеу жолымен төлеп, яғни есептелген сақтандыру төлемдер сомасы төленгеннен соң келесі күннен бастап.
Төлеу күні болып сақтандыру төлем сомасының сақтандырушы шотына түскен мерзімі саналады. 1 жылдан кем жасалынған келісім-шарт бойынша, сақтандыру төлемдері сақтандырудың әр айына 1/12 жылдың төлемімен есептеліп төленеді. Сақтандыру төлемі төленгеннен соң, сақтанушыға сақтандыру полисі беріледі. Полистің жоғалуы жағдайында, сақтанушының арызы негізінде, сақтандырушы сақтанушыға полистің көшірмесін береді. Будан кейін жоғалған полис жарамсыз болып есептеледі және ол бойынша төлем төленбейді. Сақтандыру келісім-шарты келесі іс-әрекет жағдайларында тоқтатылады:
- іс-әрекет мерзімінің аяқталуында;
- толық түрде сақтандырушы өзінің міндеттерін орындауда;
- сақтанушы мерт болған дағдайда;
- келісім-шарт бойынша сақтандырушы белгілеген мезгілінде сақтандыру төлемдерін сақтанушымен төлемеуі, бұл жағдайда сақтандыру келесім-шарттың іс-әрекеті кезекті төлеу мерзімі біткеннен кейін кезекті төлеу күннен бастап тоқтатылады, егер бұл уақытқа дейін есептелген сома сақтандырушының шотына түспесе;
- Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандырушының жойылуы.
Сақтандыру жағдайы болған жағдайда сақтандырушы сақтанушыға келісім-шарт бойынша шартты сақтандыру өтемін төлеуге міндетті. Келісім-шарт бойынша сақтандыру өтемі сақтандыру сомасынан аспауы тиіс. Бақытсыз оқиға нәтижесінде қайтыс болған сақтанушыға сақтандыру сомасы, сақтандыру төлем көлемінде төленеді. Егер, бақытсыз оқиға мүгедектікке әкеліп соқса сақтандыру өтемі келесі мөлшерлерде төленеді:
І топ - сақтандыру сомасының 100% көлемінде;
ІІ топ - сақтандыру сомасының 80% көлемінде;
ІІІ топ - сақтандыру сомасының 60% көлемінде.
Егер бақытсыз жағдай өлімге немесе мүгедектікке әкеліп соқпаса, бірақ сақтанушы үздіксіз мерзімді (5 күннен аз емес) станционарлық және амбулаториялық емдеуді талап етсе, әр емделген күні үшін сақтандыру сомасының 0,5 % төленеді, ол төлемдер 50 күн үздіксіз емдеуден артық төленбейді. Сақтандыру төлемін бөліп төлеу кезінде, сақтандыру төлемі жылдық сома және түскен сома айырмасы көлемінде сақтандыру өтелімінен ұсталынады. Егер, бақытсыз оқиға нәтижесінде, ұзақ стационарлық және амбулаториялық емдеу қажет етілген жағдайда, сақтандыру өтелімі төленіп кетсе, онда мүгедектікті тағайындағаннан кейін сақтандыру өтемін төлеуде алдын ала төленген өтелім сомасы устап алынады. Сақтандыру өтелімі келесі жағдайда төленеді:
- сақтанушы мерт болған жағдайында - заң бойынша пайда алушыға (выгодоприобретатель) және мурагерге;
- мүгедектік байқалған кезінде, амбулаториялық және стационариялық емдеуде - сақтанушының өзіне (егер сақтандырылған бала болса – сақтанушыға).
Сақтандыру өтелімін алу үшін сақтанушы сақтандырушыға келесі құжаттарды шұғыл түрде тапсыру керек:
а) мүгедектілік тағайындалған жағдайда:
- арызын;
- сақтандыру полисін;
- бақытсыз жағдай туралы акт немесе медициналық мекеменің анықтама қағазын;
- мемлекеттік өкілетті органның мүгедектік туралы бекіттемесін;
б) стационарлық және амбулаториялық емдеу кезінде:
- арызын;
- сақтандыру полисін;
- еңбекке жарамсыздық туралы қағаз немесе медициналық мекеменің анықтамасын;
в) сақтанушының мерт болған жағдайында пайда алушы және мұрагер сақтандырушыға заң бойынша мынадай құжаттарды тапсыруға міндетті:
- арызын;
- сақтандыру полисін;
- бақытсыз жағдай туралы акт немесе анықтама қағазын;
- өлім туралы куәлігінің көшірмесін;
- мұрагерлік құқық туралы куәлік.
Сақтандыру өтелімі мыналар үшін төленеді:
- жарақаттар (соғып алу, жаралау, буыннын таюы немесе сүйектін сынуы, патологиялық сынықтардан тыс, бұлшық еттердің ыдырауы, еріндердің кебірсуі, ішкі органдардың зақымдалуы, үсіп қалуы, тістердің жарақаттық жойылуы, құлаққа зақым келуі, тоқпен соғу, басылып қалу), бақытсыз оқиғасының нәтижесінде, ұулы өсімдіктер, химиялық заттардың, сапасыз тағамдардың (сальмонеллеза, дизентерия), ішкі органдарды алып тастауға мәжбүрлеген - дәрі дәрмек, патологиялық босану,маткадан тыс жүкті болу, клещ энцефалитімен ауру әсерінен ұлану, егер олар сақтандыру келісім шарттың мерзімінде орын алса;
- жоғарыда көрсетілген жағдайлардан басқа жағдайда сақтанушының мерт болуы, сондай-ак дем алу жолдарына басқа заттардың кездейсоқ түсүі (егер, сақтанушы ауру қалында болса қусудан тыс және алкогольдік, наркотикалық, токсикалық мастанудан тыс) суға батып қалуы, анафилактикалық дағдарыстан, 36 градустан төмен дененің суып кетуінен (суық тиюден мерт болудан басқа).
Әдебиет: 11 нег. [100-126], 18 қос. [45-64]
Бақылау сұрақтары
1. Жеке сақтандыру дегеніміз не?
2. Жеке сақтандыруды әр түрлі негізде жіктеп беріңіз?
3. Жеке сақтандыруда сақтандыру өтелімі қандай жағдайда төленеді?
13-дәріс.Жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
Жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың (әрі қарай - тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру) объектісі болып тасымалданушының мүліктік қызығұшылығы, яғни жолаушыларды тасымалдауда олардың өміріне, денсаулығына немесе мүлігіне келтірген зиянды өтеп беруде, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген міндеттерімен байланысты тасымалдаушының мүліктік қызығұшылығы табылады. Ал, жолаушыларды тасымалдау кезінде, сақтандыру өтелімін төлеу арқыры олардың мүліктік қызығұшылығын қорғауды қамтамасыз ету, тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты.
Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізінде келесі қағидалар орын алады:
- зиян шегушілердің мүліктік қызығұшылығын қорғауды қамтамасыз ету;
- тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша, жолаушылардың сақтандыру полисінің негізінде оларды және мүліктерін тасымалдауын қамтамасыз ету;
- тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шарты бойынша тараптардың өз міндеттерін орындауды қамтамасыз ету.
Теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль және қалалық электрлі көліктермен тасымалдайтын, Қазақстан Республикасының тасымалданушылар резиденттерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігі сақтандыруға жатады. Сонымен бірге, жолаушыларды және олардың мүліктерін тасымалдауда қолданылатын көлік құралының әр бірлігі бойынша тасымалдаушының жауапкершілігі сақтандыруға жатады. Тасымалдаушыны, жолаушылардың алдында тасымалдаушының азаматтық – құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру келісім шартының жасалуы тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартын жасау міндетінен босатпайды. Сақтандырушымен сақтанушының арасындағы жасалынатын келісім шарттың негізінде тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру іске асырылады. Бұл келісім шартта, мүліктің тауарлық қүның жоғалтуды қоса алғанда зиян шегушінің табысын жоғалтумен моральдық зиянды өтеуді, сонымен бірге тауарды жеткізу немесе жұмысты өндіру мерзімінің бұзылуымен байланысты айып-пұлдың орнын толтыруды және келісім шарттағы басқа міндеттемелерді қоспағанда, зиян шегушінің мүлігіне немесе денсаулығына, өміріне зиян келтірумен байланысты міндеттемелер бойынша сақтандыру өтелімін жасау қарастырылады. Келісм шарт, сақтанушыға сақтандырушымен жазбаша түрде сақтандыру полисін беру арқылы, міндетті сақтандырудың осы түрі (сынып) бойынша қызмет етуге құқығын айқындайтын лицензиясы бар сақтандырушымен жасалынады. Бұл жерде, тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім шартың жасаудың негізі болып сақтанушының өтініші табылады. Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартында көрсетілген жағдайлардың толық еместігіне сақтандырушы жауапты. Сақтанушы сақтандырушыны таңдауында ерікті.
Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыруды іске асыруда көлік құралының бірлігіне сақтандыру сыйақыларының келесідей жылдық көлемі белгіленеді (айлық есептеу көрсеткіштерінде):
№ п/п | Көлік құралының аталымы | Жылдық сақтандыру сыйақысының көлемі |
Автомобильді: - жеңіл автокөліктер, автобустар, шағын автобустар: 4 жолаушы орнына дейін қоса есептегенде 4 -тен 7 – ден дейін дейін қоса есептегенде 7-ден 16 – ға дейін дейін қоса есептегенде 16-дан 30-ға дейін дейін қоса есептегенде 30-дан жоғары жолау орнынан - трамвайлар, троллейбустар | 11.5 | |
Әуе: - ұшақтар: 50 жолаушы орнына дейін қоса есептегенде 50-ден 120-ға дейін қоса есептегенде 120-дан 200-ге дейін қоса есептегенде 200-ден жоғары - тік ұшақтар | ||
Теңіздік: 50 жолаушы орнына дейін қоса есептегенде 50-ден 100-ге дейін қоса есептегенде 100-ден 150 дейін қоса есептегенде 150-ден 300 дейін қоса есептегенде 300-ден жоғары | ||
Ішкі су: 50 жолаушы орнына дейін 50-ден 100-ге дейін қоса есептегенде 100-ден 150-ге дейін қоса есептегенде 150-ден 300-ге дейін қоса есептегенде 300-ден жоғары | 17.5 |
Темір жол тасымалдауларын атқаратын тасымалдаушы жауапкершілігінің міндетті сақтандыру бойынша, сақтандыру сыйақысының мөлшері, тасымалдаушы жауапкершілігін сақтандыру келісім шартының іске асыру мерзімінде Қазақстан Республикасы аумағы бойынша, жолаушыларды және олардың мүлігін тасымалдау қызметін көрсетуден табылған табыстын сомасынан 0,2 пайыздың көлемінде белгіленеді, ол бір ай аралығында алынған табыстын көлемінен айсайын төленентін сақтандыру қойылымы ретінде төленеді. 12-ай мерзімінен кем уақытқа тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім - шартын жасасқанда келесі көлемде сақтандыру сыйақылары белгіленеді (Кесте 2).
Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартты сақтанушының сақтандыру сыйақысын төлеген уақытынан бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады, ал оны бөліп төлеген кезде алғашқы сақтандыру қойылымы төленгеннен кейін енеді. Сақтандыру селісім шарты күшіне енген уақытан бастап 12 ай мерзіміне жасалынады және барлық сақтандыру мерзімінде әрекет етеді, сонымен қатар өзінің іс-әрекетін алғашқы сақтандыру оқиғасы бойынша тоқтатпайды. Егер тасымалдаушының жолаушыларды және олардың мүліктерін тасмалдауды іске асыру құқығы 12 айдан аз мерзімде бітсе, онда тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шарты тек сол кезеңде жасалады. Тасмалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартының мерзімінен ерте тоқталуы үшін сақтанушы (сақтанушының өлімі жағдайында - мұрагері) сақтандырушыға жазбалы түрде арыз береді.
Кесте 2.
№п/п | Сақтандыру мерзімі | Сақтандыру сыйақысының көлемі (жылдық сақтандыру сыйақысының % түрінде ) |
1 айға дейін қоса алғанда | ||
1 айдан 2 айға дейін қоса алғанда | ||
2 айдан 3 айға дейін қоса алғанда | ||
3 айдан 4 айға дейін қоса алғанда | ||
4 айдан 5 айға дейін қоса алғанда | ||
5 айдан 6 айға дейін қоса алғанда | ||
6 айдан 7 айға дейін қоса алғанда | ||
7 айдан 8 айға дейін қоса алғанда | ||
8 айдан 9 айға дейін қоса алғанда | ||
9 айдан 10 айға дейін қоса алғанда | ||
10 айдан 11айға дейін қоса алғанда | ||
11 айдан жоғары |
Тасмалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартының мерзімінен ерте тоқталуы кезінде сақтанушы сақтандыру сыйақысын келесі көлемдерде қайтарып алуға құқығы бар:
№п/п | Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім шартының күшіне енген уақытынын бастап оның мерзімінен ерте аяқталуына деінгі мерзім. | Сақтандыру сыйақысының сақтандырушымен ұстап қалу көлемі (жылдық сақтандыру сыйақысының % түрінде ) |
1 айға дейін қоса алғанда | ||
1 айдан 2 айға дейін қоса алғанда | ||
2 айдан 3 айға дейін қоса алғанда | ||
3 айдан 4 айға дейін қоса алғанда | ||
4 айдан 5 айға дейін қоса алғанда | ||
5 айдан 6 айға дейін қоса алғанда | ||
6 айдан 7 айға дейін қоса алғанда | ||
7 айдан 8 айға дейін қоса алғанда | ||
8 айдан 9 айға дейін қоса алғанда | ||
9 айдан 10 айға дейін қоса алғанда | ||
10 айдан 11айға дейін қоса алғанда | ||
11 айдан жоғары |
Темір жол тасымалдау қызметімен айналысатын тасмалдаушының жолаушы алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартын жасасқанда, сақтандыру сыйақысының мөлшері тасмалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартын іске асыру мерзімі бойы, сақтандыру тәуекелін бағалау негізінде, Қазақстан Республикасынын аумағында жолаушы және олардың мүліктерін тасымалдау арқылы табылған табыстын колемінен 0,5 пайыздан аспайтын шекте көбейтілуі мүмкін. Темір жолдан басқа жолаушы тасымалдаудың басқа түрлерін іске асыратын тасымалдаушы жауапкершілігін сақтандыру келісім-шартың жасауда, сақтандыру тәуекелін бағалау нәтижесінде, сақтандыру сыйақысының мөлшері сақтандырушымен 50%-дан көп емес шекте өсуі мүмкін.
Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша, сақтандыру оқиғасы болып тасымалдаушымен жолаушыларды тасымалдаған кезде олардың мүлкіне, деңсаулығына, өміріне тигізілген зиянның орнын толтырудағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің болу жасау фактісі саналады. Жапа шегушінің өміріне және деңсаулығына тигізілген зиян, өзіне, оның өлімі уақытша немесе тұрақты еңбек қабілеттілігінің жоғалуымен байланысты зиянның материалдық түрін қамтиді. Жапа шегушінің өміріне және денсаулығына тигізілген зиянның көлемі сәйкес ұйымдар берген құжаттар негізінде анықталады. Жапа шегушінің мүлігіне тигізілген зиян өзіне тасымалдау кезінде, тасымалдаушы тасымалдауға қабылдаған жүк немесе жолаушының жанындағы мүлік, жолаушының жойылған мәні бар және зақымдалған мүліктің құнын қамтиді. Жүктін жоғалуы, кемістігі және зақымдауында немесе жолаушының жанындағы заттарына, тасымалдаушының кінәсы бойынша тигізілген зиян көлемі келесі түрде анықталады:
- жолаушының жанындағы заттарының, жүктің жоғалу немесе жетіспеу жағдайында – олардың құнының көлемінде;
- жолаушының жанындағы заттары, жүктің зақымдалу жағдайында – олардың қүнының төмендетілген көлемінде, ал зақымдалған жүкті қалпына кетіру мүмкінсіз болғанда нақты қүнының көлемінде;
- тасымалдауға берілген жүктің жоғалуы жағдайында оның бағасын жариялауымен бірге - жүктің жарияланған бағасы көлемінде төленеді.
Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі бір сақтандыру оқиғасы бойынша келісіні құрайды (айлық есептеу көрсеткішінде):
1) теңіз және әуе тасымалдаулары бойынша:
- әр жапа шегушінің өміріне және денсаулығына зиян үшін:
ажал болған жағдайда – 2000;
мүгедектің белгіленуі:
І топ – 1600;
ІІ топ – 1200;
ІІІ топ – 800;
- жара - жарақат немесе мүгедектің белгіленуінсіз денсаулықтың басқа зақымдалуы – амбулаторлық немесе стационарлық емдеудің емдеу шығындары көлеміне тең, бір-ақ 200-ден көп емес;
- осымен бірге сационарлық емдеудің әр күні үшін айлық есептеу көрсекішінің 1,5-нан кем болмауы керек;
- әр жапа шегушінің мүлкіне тигізілген зиян үшін - тигізілген зиян көлемінде, бірақ 250-ден көп емес;
2) темір жол, ішкі су және автомобильді тасымалдаулар бойынша:
- әр жапа шегушінің өмірі мен денсаулығына тигізіген зияны үшін:
ажал болған жағдайда - 1000;
мүгедектің белгіленуі:
І топ - 800;
ІІ топ - 600;
ІІІ топ - 400;
- жара - жарақат немесе мүгедектің белгіленуінсіз денсаулықтың зақымдалуы - амбулаторлық немесе сационарлық емдеудің емдеу шығындары көлемдеріне тең, бірақ 200-ден көп емес;
- осымен бірге стационарлық емдеудің әр күні үшін айлық есептеу көрсеткішінің 1,5 - нан кем болмауы керек;
- әр жапа шегушінің мүлкіне тигізілген зиян үшін - тигізілген зиян көлемінде, бірақ 250-ден көп емес.
Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім- шарты бойынша франшизасы бір сақтандыру жағдайы және әр жапа шегуші бойынша айлық есептеу көсеткішінің 5 есе көлемін құрайды. Тигізілген зиянның көлемі белгіленген франшиза көлемінен асып кеткен жағдайларда сақтандыру өтелімі толық көлемде төленеді. Жапа шегүшінің өміріне және денсаулығына тигізілген зияны үшін сақтандыру төлемі франшизаның қолданылынуынсыз іске асырылады.
Сақтандыру өтелімін төлеу туралы талаптар, сақтанушы немесе табыс алушы болып табылатын басқа тұлғамен сақтандырушыға, сақтандыру төлемдерін төлеуге қажетті және міндетті құжаттар негізінде жазбалы түрде қойылады. Сақтандыру өтілімін төлеу туралы арызбен бірге, келесі түрдегі құжаттар талап етіледі:
- сақтандыру полисі (оның көшірмесі);
- сақтандыру жағдайын және жапа шегушілерге тигізілген зиян көлемін растайтын құжаты;
- тасымалдаушының, көлікте болған сақтандыру жағдайы туралы жасаған актісі;
- жолаушыға билет беру немесе заң жүзінде белгіленген бетімен безендірілген күәлік көрсеткіштер жағдайында, жол жүру билеті немесе оның орнын ауыстыратын, құжаты (билеттерді сату тізбесінің көшірмесі немесе тасымалдаушы арқылы расталған билет);
- уақытша мерзімді еңбекке жарамсыздық туралы денсаулық сақтау ұйымының анықтамасының көшірмесі немесе жапа шегушінің мүгедектігінің белгіленуі туралы арнайы мекемелердің анықтамасы - оның белгіленуі жағдайында;
- наториалды расталған, жапа шегушінің өлімі туралы жеке куәлік көшірмесінің және пайда алушының зиян орнын толтыру құқығын растайтын құжаты (көшірмесі) – оның мерт болған жағдайында;
- жапа шегушінің жоғалған, жетпенген немесе зақымдалған мүлігінің тізімі - мүлекке зиян тигізілген жағдайында;
- сақтандыру оқиғасы болған кезде шығынның көлемін ескету немесе азайту мақсатында, сақтанушының шеккен шығындарын растайтын құжаты - олардың бар жағдайында.
Аталған құжаттарды сақтандырушымен алған күннен бастап, сақтандыру өтелімі 7 жұмыс күні ішінде төленеді. Егерде, сақтандыру төлемінің мөлшері табыс алушымен (выгодоприобретатель) өз пайдасына талап етілсе, бұл жағдайда сақтандырушы осы мерзімде дауылға салынбайтын бөлігін төлеп беруге тиіс. Дауылға салынған бөлігін сақтандырушы бейбіт келісім-шарт жасасқан күннен бастап үш күнның ішінде және осы дау бойынша шешімнің заңдық күшіне енгені жайында соттың бекітілуімен төлеуі керек. Зиян шегушінің денсаулығы күрт нашарласа (мүгедектік және жоғары деңгейдегі мүгедектік байқалса) немесе өлім жағдайы орын алса, сақтандырушы зиян шегушінің түсірген арызы негізінде және осыған сәйкес құжат бойынша сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеуге міндетті. Сақтандыру өтелімін қайта есептеуде алдан ала төленген сомалар есепке алынады.
Сақтандыру төлемін төлеген сақтандырушы сақтанушыдан келесі жағдайларда төленген сома көлемін кері қайтару құқықтарына ие, егер:
- шұғыл қорғаныс және өте шұғылдылық жағдайында істелген әрекеттен тыс, сақтандыру жағдайын тудыратын немесе оның пайда болуына әсер ететін, сақтанушының азаматтық–құқықтық жауапкершілігінің арнайы әрекеттер салдарынан пайда болуына қарай;
- алкагольді, наркотикалық немесе токсикоманиялық ішкілік жағдайында көлік құралдарын жүргізу салдарының әсерінен сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің пайда болуына қарай;
- көлік құралын жүргізуге тұлғаның құқығы болмаған жағдайда;
- көлік құралының техникалық бұзылуі туралы сақтанушы білген немесе білу керек салдарынан, яғни соттық талқылау нәтижесінде сақтандыру жағдайының болуы анықталса;
- сақтанушы әдейі сақтандыру жағдайының шығындарын азайту шараларын қолданбаса.
Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуде толықтай немесе жартылай бас тарту құқығына ие, егер сақтандыру жағдайы мыналардың салдарынан орын алса:
- шұғыл қорғаныс және өте шұғылдылық жағдайында істелген әрекеттен тыс, сақтандыру жағдайының пайда болуына бағытталған пайда алушының арнайы әрекеті негізінде;
- Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген, әдейі қылмыстар және әкімшілік құқық бұзушылықтармен сақтандыру жағдайының байланысын тудыратын, пайда алушының әрекеттері негізінде;
- зиянды келтірген тұлғадан сақтанушы шығындардың орнын толтыратын өтелімді алған жағдайда;
- сақтандыру жағдайы туралы ақпаратты сақтандырушыға дер кезінде немесе мүлдем жеткізбеген жағдайда;
- ақшалай, бағалы қағаз, алтын, күмістік бұйымдар, құнды заттар, әшекейлер, өнер туындылары және басқа құндылықтар түріндегі жапа шегушінің мүлігіне зиян тигізілген жағдайда.
Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден босатылады, егер сақтандыру жағдайы мыналардың салдарынан туындаса:
4) ядролық жарылыс, радияциялар және радиоактивтік жұғудың орын алуы;
5) әскери іс-қимылдар;
6) азаматтық соғыс, халықтық толқулардың әртүрлері, жаппай тәртіпсіздіктер және көтерілістер.
Әдебиет: 11 нег. [100-126], 18 қос. [45-64]
Бақылау сұрақтары:
1. Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандырудың қағидаларын атаңыз?
2. Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыруды іске асыруда көлік құралының бірлігіне сақтандыру сыйақыларының жылдық көлемі қандай мөлшерде белгіленеді?
3. Сақтандыру өтелімін төлеуге қажетті және міндетті құжаттар атап беріңіз?
4. Сақтандыру төлемін төлеген сақтандырушы сақтанушыдан қандай жағдайларда төленген сома көлемін кері қайтару құқықтарына ие?
5. Қандай жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден босатылады?