Бюджет жүйесінің қағидаттары және бірыңғай бюджеттік сыныптамасы
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді: 1) бірыңғайлық принципі – бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғай принциптерін қолдану, ҚР-да бірыңғай бюджет сыныптамасын және бюджет процесінің бірыңғай рәсімдерін пайдалану;2) толымдылық принципі – бюджетте және ҚР/ң Ұлттық қорында ҚР/ң заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстардың көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берілуі сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу;3) реалистік принципі – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық дамудың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекітілген (түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі;4) транспаренттілік принципі – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесінің міндетті ашықтығын қоспағанда, ҚР/ң бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, ҚР/ң Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау;5) дәйектілік принципі – мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы;6) нәтижелілік принципі – мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару;7) бюджеттердің дербестік принципі – түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмеуі, төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі;8) сабақтастық принципі – өткен кезеңде бекітілген әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына, базалық шығыстарға, бюджеттік мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау;9) негізділік принципі – бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау;10)уақтылылық принципі – республикалық және жергілікті бюджеттерге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына түсімдерді есептеу және оларды ҚР/ң Ұлттық банкіндегі Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы, төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, мерзімінде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару;11) кассаның бірыңғайлық принципі – бюджетке барлық түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру;12) тиімділік принципі – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдаланып, ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу;13) жауапкершілік принципі – тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы;14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципі – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.Бюджет жүйесин түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектілерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады.Бюджеттiк сыныптама Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi көрсеткiштерiнiң салыстырмалығын қамтамасыз етедi және бюджеттiк сыныптаманы бюджеттi жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган заңнамалық кесiмдердiң, ҚР/ң Президентi жарлықтарының, ҚР/ң Үкiметi қаулыларының негізiнде әзiрлейдi және ҚР/ң Үкiметi бекiтедi.Бюджеттік сыныптама мыналарға бөлінеді:-бюджет түсімдерінің сыныптамасы;-бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы;-бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы.Бюджет түсiмдерi сыныптамасының топтамасы мыналардан тұрады:-түсiмдердiң экономикалық белгілерi бойынша топтамасын бiлдiретiн санаттар. Сыныптамалық коды 1 белгіден тұрады;-түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша топтайтын сыныптар. Сыныптамалық коды 2 белгіден тұрады;-түсiмдердi олардың көздерi мен түрлерi бойынша неғұрлым егжей-тегжейлi топтайтын iшкi сыныптар. Сыныптамалық коды 1 белгiден тұрады;-бюджетке түсетiн төлем немесе түсiм түрiн айқындайтын ерекшелiктер.Бюджет түсімдерінің сыныпмасы:-салықтық түсiмдер;-салықтық емес түсiмдер;-негізгі капиталды сатудан түсетiн түсiмдер;-ресми трансферттерден түсетiн түсiмдер;-бюджеттік кредиттерді өтеу;-мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер;-қарыздардың түсiмi;-бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы
Салық механизмі.
Салық жүйесі -ҚР аумағында қолданылатын салықтар мен басқада міндетті төлемдердің ,салық механизмінің,және салық қызмет органдарының жиынтығынан тұрады.Салық механизміне:салық элементтері,салық тәсілдері,салық қағидалары,салық есебінің әдісі,салықтық бақылау,салықтық болжау және жоспарлау жатады. 1.Салық салудың элементтеріне мыналар жатады: Салық субъектісі н/е салық төлеуші. Ол- салықтық ж/е бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндет бар тұлға. Салық объектісі- заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар т.б көптеген материалдық игіліктер.Салық көзі- салық төленетін табыс болып табылады;бірқатар салықтар бойынша объектісі мен көздері дәл келеді; бірқатар жағдайларда салық көзі салықты төлеу үшін салық төлеуші сатқан мүліктің бір бөлігі болуы мүмкін.Салық мөлшерлемесі- бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Салық ставкасы 2-ге бөлінеді: пайыздық ж/е тұрақты. Пайыздық 3-ке бөлінеді: прогрессивтік, регрессивтік, пропорционалды. Прогрессивтік салық ставкасы-салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес салынып, ұлғайып отырады. Регрессивтік ставкасы- салық салынатын табыстың мөлшерінің өсуіне қарай, салық ставкасының төмендеуі. Пропорционалды ставкасы- керісінше салық салынатын табыстың мөлгеріне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады. Тұрақты салық ставкасы- салық объектісінің көлемінен тәуелсіз, бірыңғай салық өлшем бірлігі қолданылады.Салық өлшем бірлігі- есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі болып табылады. 1995 жылдан бастап бірыңғай салық өлшем бірлігі қолданылады. Салық оклады- салық төлеушінің белгілі бір объектіден төлейтін салық сомасы.Салық жеңілдіктері- бұл заңға сәйкес салық тқһөлеушіні біртіндеп ж/е салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне:салықтан толық босатылатын, салық салынбайтын минимум, салық шегерімдері, салық ставкаларын төмендеті, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.Салық төлеу тәртібі- белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салық төлеу керек екендігін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді..Салық жазалау шаралары- салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, бұзу ауыртпалығына қарай үлестік н/е еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімпұлдар түрінде санкциялар қолданылады.2.Салық тәсілдері: патент-жалақысы 2 млн теңгеден аспайтын және қарамағында жалдамалы жұмысшылар жоқ жеке кәсіпкерлер төлейді.Оңтайландырылған декларация-бұл қарамағында салық кодексінде белгіленген жұмысшылар мөлшері бар және белгіленген мөлшерде табыс табатын салықтар төлейтін мекемеде қолданылатын тәсіл.Кадастрлық тәсіл-салықтарды есепте, өндіріп алу,салық салу объектілерінің тізімі негізінде олардың нақты табыстылығын есепке алмай ,табыстылық нормасын жүзеге асырылады.Декларация –салық төлеуші табыстың мөлшерін,қажетті жеңілдіктерді,шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп ,төлейді. 3.ҚР-ң салық салу қағидалары:міндеттлік қағидасы бойынша салық төлеуші салықтық міндетін толық және белгіленген мерзімде орындауы тиіс; нақтылық қағидасы бойынша ҚР-дағы бюджетке төленетін төлемдер мен салықтар нақты болуы тиіс; әділеттілік қағидасы бойынша ҚР-да салық салу жалпыға бірдей және міндетті болады,жеке түрдегі жеңілдік жасауға рұқсат етілмейді; біртұтастылық қағидасы бойынша ҚР аумағында жалпыға бірдей салық жүйесі қолданылады; жариялылық қағидасы бойынша салықты реттеуші нормативтік құқықтық кесімдер ресми басылымдарда жарық көреді.4.Салық төлеуші салықтық есепті жүргізуді салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда есептемелер әдісі бойынша жүзеге асырады.есептемелер әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақ ы төлеудің уақытына қармастан жұмысты орындау,қызмет көрсету,тауарларды өткізу және мүлікті кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады.5.Салықтар мен басқада міндетті төлемдерді өндіріп алудың дұрыстығына бақылау жасауды салық төлеушілердің орналасқан жері немесе олардың қызмет орны бойынша мем-к салық службасы жүзеге асырады.
26.ҚР салық жүйесінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері мен қағидалары. Салық жүйесін мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар,салық механизмі ,яғни салық салу әдістері мен тәсілдері,жолдары,салық заңдары мен салыққа қатысты кесімдердің,салық қызмет органдарының жиынтығы құрайды.салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасаудың ең негізгі құралы болуымен қатар,ел эк-ңн қайта құруға,өндірістің ұлғайып дамуына және саяси әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.Еліміздің салық жүйесінің дамуын 4кезеңге бөліп қарсатыруға болады:1 кезең(1992-1995)жж-жаңа салық жүйесі базисінің,салық кезеңінің өңделуі және іске қосылуы;2кезең (1996-1998)жж-нарықтық эк-а талаптарына сай келетін салық жүйесін құруды аяқтау,3кезең(1998-2000)жж-барлық қағидалардың ескерілуі арқылы салық жүйесіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу,салық жүйесін одан әрі жетілдіру.4кезең(2001-2002) жж-жаңа Салық Кодексі қабылданып,іске қосылды. 1991жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады.Ол «ҚР-ғы салық жүйесі туралы» заңға негізделеді.Осы заңға сәйкес Қ-да 1992жылғы қаңтардың 1-інен 1995 жылғы мамырға дейін салықтар мен алымдардың 43 түрі жұмыс істеді.ҚР-ң Үкіметі 1995жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап,онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаларына сәйкестендіру көзделді.Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 1995жылғы сәуірдің 24-інде ҚР-сы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты.Енді бұрынғы 43 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып,олардың саны небәрі 11 болып қалды,ал 1999-2001жылдар арлығында өзгертулер мен толықтыруларды есепке алғанда олардың саны 18-ге жетті.2009жылы 1қаңтарынан бастап «салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы »ҚР-ң кодексі (салықтық кодекс) қолданысқа енгізілді.Салық кодексі бойынша Қ-да қазір салықтың 13 түрі Қазіргі заманғы салық жүйесі қағидалардың бірнеше түрін пайдаланады:жалпылығы,яғни барлық эк-қ субъектіледі қамту;тұрақтылық,яғни салықтардың барлық түрінің және мезгілді салық мөлшерінің бірқалыптылығы;жүктемені тең бөлу,яғни барлық салық төлушілер үшін сол мөлшерлеме бойынша сәйкесті салық салу;міндеттілік; мәжбүр ету,яғни төлемнің сәйкесті болмай қоймайтыны,салықты есептеу мен төлеуде субъектінің тәуелсіздігі