Жетілген гидромелиоративтік жүйелерді пайдаланудың талаптары
Жетілген гидромелиоративтік жүйелер сапа көрсеткішінің жиынтығына сәйкес бөлу міндеті, оны пайдалану талаптары түрінде білдіруге болады. Олар табиғи- климаттық аймақтарға. Суару тәсілдеріне, гидромелиоративтік жүйелердің түрлеріне байланысты. Пайдалану талаптарын жүйенің звеноларына байланысты топтастыру орынды.
Суармалы жүйелерде су алатын ғимараттарға, шаруашылық аралық және шаруашылықтың ішіндегі суармалы тізбекке қойылатын талаптар болып бөлінеді.
Су алатын ғимаратқа және алынатын суармалы судың сапасына қойылатын негізгі пайдалану талаптары.
Су көзінен суғаруға алынатын судың минерализациясы 1г/л, шөлді аймақтардың құмды топырақтары үшін 2-3 г/л , сұр топырақтар үшін-1.5 г/л, құрлықтағы аймақтардың күңгірт-қызғыш топырақтары үшін – 0.7-0.8 г/л (судағы натрийдың қосындыларының 25% - нан аспауы рН керек, суда 7.5 көп емес)6 далалық аймақтардағы қара топырақтар үшін -0.5-0.6 ( натрийдің қосындысының 10-15%- нан аспауы керек , рН 7-ден көпемес.)
Жүйеге түсетін судағы тасындылардың құрамы суармалы ауданның 1 га есептегенде 5м3 аспауы керек,
судағы қалқып жүрген қалдықтардың құрамы суармалы тізбектің кострукциясына (ашық, жабық) және суару техникасына байланысты тағайындалған мүмкін шектерінен аспауы керек,
жүйенің сумен қамтамасыздығы (яғни, шындығында берілген судың есептелген қажетті суға сәйкестік дәрежесі) есепті жылы (75% немесе 90% - ды қамтамасыздығы)100% - ды құрауы керек, жүйеге судың уақытылы бірқалыпты түсуі берілген шекте болуы керек. Оны, әдетте, оперативті жоспарлау кезеңінде су шығынының вариация коэффициентімен бағалайды СV= σ /χ 0.65- 0.90 аралығынан аспауы керек. Орташа квадратты ауытқуы
( σ = ) мұнда X=Qп - өлшенген су шығынының шын мәні, тәулігіне 3-6 рет өлшейді, X=Qп бескүндіктегі, онкүндіктегі жылдам жоспарлау кезеңіндегі орташа су шығыны , п- осы кезеңдегі өлшену саны .
Шаруашылық аралық суармалы тізбекті пайдаланудың негізгі талаптары:
Әр 10-30 шақырымда командалық (басқару) түйіндері, әр 3-6 шақырым су бөлетін түйіндері және әрбір 1000 га бір-екі су беретін нүктесі бар түйінді тізбекті схемасы.
- ұзындықтары өте үлкен емес , сүзілуге қарсы жасалған төсеніш бар, пайдалы әсер коэффициенті жоғары (0.85-0.9) каналдар.
- 1000 га 6-9 су өлшейтін бекеттер
- Тізбек ғимараттарында суды бөлуді автоматтандыру, бейне механизациялау және суды есептеу құралдарымен толық қамтамасыз етілген,
- Көлемі жүйеге алынатын судың 5-10 пайызын құрайтын тәулік немесе он күн бойы реттейтін жүйе ішіндегі су қоймасының болуы (негізінен далалық аймақтарда)
Шаруашылық ішіндегі суармалы тізбекке қойылатын талаптар:
- Ірі шаруашылық каналдарының ұзындықтары өте үлкен болмауы және
сүзілуге қарсы жасалған төсенішібар болуы керек, ал майла тізбек (танаптық немесе бөлгіш) – құбырдан немесе астаудан (науа) жасалуы керек, шаруашылық каналдарының бірлік ұзындығы 5-8 м/га, жердің бетімен суарғанда танаптағы (бөлгіш) құбырлар мен астаулардың (науа) 20-35 м/га , жаңбырлатып суарғанда – жаңбырлатқыш машиналардың түрлеріне байланысты;
- Шаруашылықтың ішкі желісі қалқып жүрген заттардан қорғалған болуы керек. ол үшін су бөлетін нүктелерде және бөлетін құбырлардың (астаулардың) сағасына қалдық заттарды ұстайтын ғимараттарды (торлар) орнатады.
- Жөндеу жұмыстарын орындау үшін, лайдан қорғау және тасындыларды шаю үшін құбырларлы реттеуші, тиектеуші, қорғап қалатын құбыр арматуралармен жабдықтайды. Білектердің саны құбырлардың жақсы басқарылуын және сенімді жұмысын қамтамасыз ететіндей болуы керек, құбырдың еңістігі босататын арында 0.001 -ден кем болмауы керек;
- Су өлшейтін бекеттердің саны 1000 га 10-15 кем болмауы керек;
- Жер бетімен суару тәсілінде шаруашылық тізбегінің пайдалы әсер коэффициенті 0.85-0.9 жаңбырлатып суарғанда 0.90-0.95 кіші болмауы керек.
Суару техникасын пайдаланудың негізгі талаптары:
- Жетілген және кәрізді заманғы суару техникаларын (суару техникалық құралы )
- Топырақтың ылғалдылығын оптимальді шекте оперативті реттеу шөлді аймақтардағы сұр топырақтарды мақта және басқа жыртылып өңделеиін дақылдар үшін 0.65-0.9 - ты , шөптер үшін 0.7-0.95–ты , шөлдегі қоңыр- сұр өте күшті тастақталған топырақтарда жүзімдіктер үшін 0.6-0.9 -ты, құрғақ далалық аймақтардағы күңгірт-қызғыш топырақтарда 0.7-0.8 -ты, далалық аймақтардағы қаратопырақтарда 0.65-0.8 -ты.
- Су ресурстарын (суаратын су ) тиімді пайдалану
- Танаптардағы суды пайдалану коэффициенті η= (QM-QN)/QM- 0.8-0.95 cmмашиналардыκң, суаратын құбырлардың немесе астауларлың беретін суы( брутто) м /га, танаптағы су ысырабы м/ га ;
- Танаптарға судың бірқалыпты бөлінуі. Жүйектердің немесе жолақтардың ұзына бойындағы топырақтың бірқалыпты дымқылдану коэффициенті k = QM/N|QM-N -0.85-0.95 кіші болмауы керек {Q және Q - жүйектердің немесе жолақтардың ұзына бойындағы топырақтарға сіңетін судың төменгі және жоғарғы көлемі м га немесе м).
Жаңбырлатқыштарда суару тиімділігі коэффициенті kcm = Fcm- Fn – 0.7 кем болмауы керек ( Fcm және F - сәйкес тиімді суарылған аудан мен жаңбырлатқыш машинаның жалпы қамтылған ауданы).
- Топырақты су эрозиясынан (шаю) ескерту. Жер бетімен суарғанда танаптың еңістігі кіші және орташа болғанда топырақты шаю рұқсат етілмейді, ал үлкен еңістерді (0.008 үлкен ) рұқсат етілген шамадан аспауы керек. Жаңбырлатқыштармен суарғанда топырақты шаю рұқсат етілмейді.
- Жаңбырлатқыштармен суарғанда шалшықтар пайда болуын және судың ағынын ескерту. Суарудың аяғында жаңбырдың орташа қарқындылығы сіңу жылдамдығынан артпауы керек (жаңбырлатып суарғанда сіңу жылдамдығы жер бетімен бастырып суарғандағы сіңу жылдамдығынан 15-30 ( кіші) ;
- Жер ресурстарын тиімді пайдалану. Танаптағы жерді пайдалану коэффициенті η = Fn/ Fm ( Fn және Fm - танаптағы суарылатын ауданның неттосы мен бруттосы. Көп жылдық егістерді жер бетімен суарғанда 0.93 -тен кем болмауы керек, отамалы дақылдарда 0.69-дан кем болмауы керек:
- Жаңбырлатып суарғанда 0.97 кем болмауы керек;
- Еңбек ресурстарын тиімді пайдалану. Жердің бетімен суарғанда мұраптардың еңбек өнімділігі бір сменада 2-6 га кіші болмауы керек, ал 1000 м берілген суды суаруға кететін еңбектің уақыты 2 сағаттан артпауы керек.
- Энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану. Суаруға берілген 1000 м суды көтеру үшін энергияның шығыны: жаңбырлатып суарғанда 400-800 квт.сағ., жер бетімен, тамшылатып және топырақтың ішімен суарғанда 50-200 квт.сағ. артпауы керек. жердің үлкен еңістігінде жер бетімен өзінің ағынымен суару, өзіндік арынды шаруашылықтың ішіндегі суармалы тізбек арқылы энергия шығындамай жүргізіледі.
- Суару техникасының жоғары сенімділігі. Техникалық құралдардың суаруға дайындығы коэффициенті κ= Tn /(Tn – T k) PI = (nM – ni)/nM-90 кіші емес.
Суды әкететін (коллекторлы кәрізді және су жинайтын – тастайтын ) тізбек келесі негізгі пайдалану талаптарын қанағаттандыру керек.
- Суды әкететін тізбектің жетілген және қазіргі заманғы конструкциясы. Коллекторлы – кәрізді тізбек суармалы алқаптың табиғи жағдайына байланысты жабық көлбеу, тік немесе құрастырылған кәріздер болуы мүмкін. Жабық көлбеу кәрізде кәрізді тізбек тұрақты суармалы каналдардың арасында олардан 20-30 м қашықтықта орналастырады. Кәріздің тереңдігі 2.5-4 м жер қыртысында судың алмағайып деңгейінен аспауы керек. суармалы территорияда кәріздің бірлік ұзындығы 50-100 м/га құрауы керек.
Тік кәріздес бір ұңғыманың қызмет ететін ауданы 50-100 га, кейбір жағдайда 400 га дейін жетеді. Су жинайтын- тастайтын тізбек жердің бетінен тасталған суларды жинау және әкету үшін керек. Олар терең емес ашық каналдар болуы керек. Су шығыны 0.25 м/с көп барлық тұрақты суармалы каналдардың соңында сарқынды суды тастайтын канал болуы керек. Апатты (сақтау) жағдайда суды тастау командалық түйіндерде қаралу керек және жауапты ғимараттардың алдында немесе танаптық каналдарда қаралады. Коллекторлы – кәрізді немесе суды жинау – тастау тізбектерін қосуға рұқсат етілмейді. Сарқынды және лас (төгінді) суларды коллекторлы – кәрізді тізбекке тастауға рұқсат етілмейді;
- Суармалы жердің мелиоративтік режимдерін оңтайлы уақыт арлығында шапшаң реттеуді қамтамасыз ету. Тұзданған жер қыртысындағы сулардың тереңдігі алмағайып деңгейден көп болмауы керек. Сары топырақта алмағайып тереңдік, алмағайып сулардың минерализациясы 3 г/л дейін болғанда -1.7-2.2 м, 3-5 г/л -2.2-3–м ; 5-7 г/л -3-3.5- м. Жеңіл құмшауыт топырақтарда алмағайып тереңдік азаяды. Жер қыртысы суларының тереңдігі 0.6-1 м кіші жағдайда, жерді батпақтау және басып кету қаупінің болуына байланысты рұқсат етілмейді. Топырақтың құрамында уатты тұздар құрғақ топырақ массасының 0.2-0.3 ( көп болмауы керек Na және Na қатынасы топырақ ерітіндісінде рұқсат етілген шамадан аспауы керек. натрийдің құрамы ПДК-да шөлді аймақтарда 10% далалық аймақтарда 4-5% аспауы керек:
- Ақаба және коллекторлы кәрізді суларында уытты заттардың құрамы, оларды су қабылдағыштарға тастағанда ПДК- дан аспауы керек. Ақаба және коллекторлы – кәріздің суларын суғаруға пайдаланғанда олардың сапасы суаратын суға қойылған стандартқа сәйкес болуы керек;
- Кәріз, коллекторлар және тік кәріздердің сағасындағы (құйылысындағы) ғимараттар су өлшейтін қондырғылармен жабдықталуы керек;
- Жер қыртысындағы сулардың деңгейін және тұздылығын бақылау мақсатында жүйеде бақылау ұңғымалары орналасуы керек. Топырақтың сортаңдылығын бақылау үшін бақылау ұңғымаларының жанынан тұздардың құрамын анықтау үшін топырақ үлгілерін алатын алаң жабдықталады (тұзды бақылайтын нүктелер ).
Суармалы жүйелердегі және оған жармаса жатқан жердің экологиялық жағдайының негізгі талаптары келесілер:
- Табиғи ландшафттарды сақтау немесе жартылай табиғи ландшафттар жасау. Шөлді аймақтарда танаптарды қорғайтын ағаш жолақтары және оларды отырғызу ауданның 6-10% алуы керек, ал далалық аймақтарда табиғи және жартылай табиғи ландшафттардың ауданы ауданның 25-30% болуы керек;
- Суару көздерінен су бөлу және жер асты суларын алу белгіленген мәннен аспауы керек;
- Жүйелерде барлық қорғайтын шаралардың болуы міндетті;
- Улы химиялы заттарды және пестицидтерді абайлап қолдану (мөлшері 4-5 кг/га артпауы керек);
- Ақаба және коллекторлы кәріздің суларын су қабылдағыштарға тастағанда олардың құрамындағы уатты тұздар, нитраттар және пестицидтер ПДК-дан аспауы керек;
- Ауылшаруашылық өнімінде нитраттар мен пестицидтердің құрамы ПДК-дан арттық болмауы керек;
Суармалы жерлердегі ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігінің негізгі талаптары төмендегідей:
- Жоғары тиімділік мақсатқа сәйкес ауылшаруашылық дақылдарының өнімі (0.85-0.95) Уmax және топырақтың пайда болуы үшін қолайлы жағдай;
Суармалы жерден ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің жоғарғы тиімділігі. Ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің тиімділік деңгейі Урет = 100-П/С - қазіргі нарық жағдайында 40-50% кем болмауы керек (П- ауылшаруашылық өнімдерін өндіруден түскен пайда,т, С- ауылшаруашылық өнімдерін өндірудің өзіндік құны, т)
- Қазіргі негізгі өндірістік қорды пайдаланғандағы жалпы (абсолютті) экономикалық тиімділіктердің көрсеткіші немесе қордың тиімділігі, Экр- П/Ф - орнатылған негізгі қордың тиімділік нормасына тең немесе көп болуы керек )Ф- өндірілген негізгі қордың орташа жылдық бағасы және құралдарды қайта нормативтеу, т) . негізгі қордың тиімділігінің мөлшерінің мәнін орташа 0.1 ұсынады.
Құрғату – дымқылдандыру жүйелерінде су алатын ғимараттарға, шаруашылық аралық суармалы тізбекке, шаруашылықтың ішіндегі суармалы (дымқылдандыру) тізбекке, суару техникасына, құрғату тізбегіне,сонымен қатар экологиялық жағдайлар мен құрғатылатын жердегі ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігіне қойылатын талаптарды көрсетеді. Құрғату жүйелерінде құрғату тізбегіне, экологиялық жағдайға және ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігіне пайдалану талаптары қойылады.
Құрғаты – дымқылдандыру және суару жүйелеріндегі су алатын ғимараттарға суармалы тізбекке және суару техникасына қойылатын талаптардың көпшілігі бірдей болғандықтан, төменде олардың құрғату- дымқылдандыру дүйелері үшін өзгешелеу кейбіреулері ғана қарастырылған:
- Гумидті аймақта суаратын судың минерализациясы 2 г/л кіші болуы керек;
- Құрғатылатын жерді дымқылдау тәсілі табиғи жағдайға сәйкес келуі керек: судың қоректену түрі, топырақтың су өткізгіштігі және жердің еңістігі;
- Топырақтың тамыр орналасқан қабатының ылғалдылығын оперативті реттеу қолайлы шамада (0.8-1.0 т.ы.) жүргізілуі керек;
- Жерді игеру коэффициенті (ηмах) 0.85 кіші болмауы керек;
Құрғату тізбегіне төмендегідей негізгі пайдалану талаптары қойылады:
- Реттейтін тізбектің түрі өте дымқылданған анықтамаларға және егілетін ауылшаруашылық дақылдардың түрлеріне сәйкес болуы керек;
- Өсімдіктің өсіп – өну кезеңде ауыспалы егістіктен және жайылымнан шыққан артық жердің бетіндегі және сүзілу – топырақ суларын әкету ұзақтығы жер бетіндегі топырақтардан 0.5- 1 тәуліктен, айдалатын қабаттан- 1.5 , тамыр орналасқан қабаттан 5 тәуліктен артық болмауы керек, шабындықта ол сәйкес 1.5, 3 және 7 тәулікке дейін өседі;
- Жер қыртысындағы оңтайлы шамада реттелуі керек, ал олардың мөлшері жыл мезгіліне, өндірілетін ауылшаруашылық дақылдарына және ауа райының жағдайларына байланысты көктемгі егілетін мезгілде 0.4- 0.6 м, ауыспалы егістік пен жайылымда вегетациялық кезеңде 0.9 -1.1 м және шабындықта 0.6-0.8 м, егінді жинар алдында 0.4-0.6 м, ылғалды кезеңде 1-1.1 м (жазда күшті жаңбырдың кезінде 0.4-0.5 м, ұзақтығы 2-3 тәуліктен көп емес болуы керек. Жер қыртысындағы судың деңгейін төмендету жылдамдығы 5-6 см/тәулік кем болмауы керек. дымқылданған қатты сортаңдалған топырақтардағы тұздылығы жоғары жер қыртысы суларының жату тереңдігі алмағайып тереңдіктен көп болмауы керек ( мысалы, Сырдария өзенінің төменгі саласында қауіпті деңгей 0.9-1.7 м аралығында жатыр).
- Қорғаушы тізбек жердің бетіндегі және жер қыртысындағы құрғатылатын территорияға су жинайтын алқаптан түсетін, сонымен қатар өзеннен және су сақтайтын орындардан сүзілетін суларды ұстап қалуды қамтамасыз ету керек.
- Құрғататын суларлы өткізетін тізбектен артық суларды өалөан жасамай және канал арнасын шаймай су қабылдағышқа уақытылы әкетуді қамтамасыз ету керек.
- Су қабылдағыш су өткізетін тізбектен артық суларды қалқан жасамай және жанаса жатқан өлкедегі суға бастырмай суды қабылдауы керек. ауылшаруашылығы жерін уақытша суға бастыру (7-14 тәулік ) көктемде рұқсат етіледі, егер де ол жерге күздік дақылдар өндірілмесе. Егер де бөл талаптар орындалмаса, онда су қабылдағышты реттейді немесе құрғатылатын ауданды топырақ үйіп қорғайды, немесе машинамен су көтеру жүйесін жасайды.
Экологиялық жағдайлар мен құрғатылатын жердегі ауылшаруашылық өндірістерінің тиімділігіне қойылатын негізгі талаптар келесілер:
- Жер қыртысы сулары жататын терңдік құрғату мөлшеріне сәйкес келуі тиіс;
- Жердің бетіндегі және сүзілетін – топырақ суларын әкету ұзақтығы ұсынылған шамалдан аспауы керек;
- Жүйелер аймағындағы өлкені сумен жабдықтау жұмыстары орындалуы керек, суландыратын каналдар тізбегін, алабтарды, тоғандарды, су қоймаларын, өзенді радиусы 2-3 шақырымнан аспайтын жануарлар су ішетін тіректерді қоса есептегенде;
- Ауданы 40-50 ( кем емес табиғи және жартылай табиғи ландшафттарда сақталған болуы керек (мемлекеттік орман қорындағы жерлер, жайылымдар, танаптарды қорғайтын орман жолақтары және басқалар ) ;
- Қоршаған жерлер көбірек құрғатылудан және бастырылудан қорғалған болуы керек;
- Су ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік туғызатын және олардың биологиялық және минералдық заттармен ластануын ескертетін су айналымы жүйелері қолданылады;
- Құрғатылатын жерлерде ауылшаруашылық өнімдерін өндіру тиімділігін қамтамасыз ету керек, өнімді өндіру тиімділігі 40-50 кем емес, қордың тиімділігі белгіленген мөлшерден кем емес.
Нақтылы жүйелер үшін пайдалану талаптары анықталады және актіленеді.