Дістемелік нұсқаулар. Тауар дегеніміз не? Тауардың мәнін ашу үшін, оның қасиеттерімен танысып
Тауар дегеніміз не? Тауардың мәнін ашу үшін, оның қасиеттерімен танысып, тарихына үңілу керек. Тауардың пайда болуымен ақша қатынастары дами бастайды, осыған байланысты ақшаның тарихына тоқтала кету керек. Ақшаның атқаратын маңызды қызметтері, олардың қазіргі таңда алатын орны. Бүгінгі таңда ақшаға қандай қасиеттер тән?
Нарық дегеніміз не? Нарықпен тығыз байланысты ұғымдарға тоқталыңыз. Нарықтың атқаратын қызметтері және оның негізгі элементтеріне не кіреді? Қазіргі индустриалды-инновациялық экономикада нарық қандай рөл ойнайды? Нарықта жасалатын сауда мен коммерцияның айырмашылығын ажырата білу.
Дебиеттер тізімі
1. Женсхан Д. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы (экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша дәрістер жинағы). Астана-2008-140 бет.
2. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория, Оқу-әдістемелік кешен, 2006ж.
3. Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999– 280 бет
4. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117бет
5. Макконнелл К.Р, Брю С.Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 и 400стр
Тақырып. сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. нарықтық тепе-теңдік
1. Сұраныс заңы. Сұраныстың қисығы
2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы
3. Нарықтық тепе-теңдік. Икемділік түсінігі
Мақсаты: нарықтың негізгі элементтері сұраныс пен ұсыныстың мәнін ашу, оларға әсер ететін факторларды анықтау. Нарықтағы тепе-теңдіктің қалыптасу жағдайын қарастыру. Сұраныс және ұсыныс икемділіктерін түсіндіру.
Негізгі түсініктер мен терминдер:
Сұраныс, ұсыныс, баға, табыс, икемділік, тепе-теңдік, тапшылық, молшылық.
Дәріс мәтіні
1. Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).
Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.
2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.
3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)
4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі. Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.
Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың
ұлғаюына әкеледі.
Сұраныстың қисығы | Сұраныс қисығының жылжуы |
Р Р1 D Ро Q 1 Qо Q | Р D1 D Do Q |
Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді. | Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі,ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - жоғары (өсуі); солға – төменге (азаюы). |
5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және тапшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.
2. Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.
Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.
Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.
2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.
3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.
4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.
5. Бәсекенің деңгейі
6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.
7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.
Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S). Қисық сызық шығып келе жатқан бағытта болады.
Ұсыныс қисығы | Ұсыныс қисығының жылжуы |
Р S Р1 Р0 Q2 Q1 Q | Р S1 S0 S2 Q |
Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан қөрінеді. | Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға – төменге (өсуі), солға – жоғары (азаюы). |
3.Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.
Тепе-теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.
Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан жоғары болса, онда артықшылық орнайды, яғни ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен артады.
Нарықтағы тепе-теңдік. | |
Р S Р2 Е PЕ Р1 D QЕ Q | Мұнда: Е – сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысқан тепе-теңдік нүктесі; Ре- теңдік баға; Qе- теңдік көлем. |
Бірінші жақтан, сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістермен екінші жақтан, теңдік баға мен тауардың теңдік көлемі арасындағы өзгерістер арқылы төмендегі байланыстарды анықтауға болады:
Теңдік бағаның өзгеруі | Тауардың теңдік көлемінің өзгеруі | |
Сұраныстың өсуі | Өсуіне | Өсуіне |
Сұраныстың азаюы | Төмендеуіне | Азаюына |
Ұсыныстың азаюы | Өсуіне | Азаюына |
Ұсыныстың өсуі | Төмендеуіне | Өсуіне |
Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.
Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
∆ Q%
ЕPD = ─────
∆ Р%;
ЕPD = ∆ Q% /∆ Р%
Мұнда ЕPD – сұраныстың бағалық икемділігінің коэффиценті;
Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі;
Р% - бағаның қатысты өзгеруі;
Икемді сұраныс. | Икемсіз сұраныс. | ||
Р Р1 Р2 D Q1 Q2 Q | Р Р1 Р2 D Q1 Q2 Q | ||
ЕPD > 1, баға төмендеген сайын сату көлемі өседі, ал жалпы түсім артады. | ЕPD < 1, баға өскен сайын, сату көлемі азаяды және жалпы түсім азаяды. | ||
Бірлік икемділік. | Абсолютті икемді сұраныс. | ||
Р Р1 Р2 D Q1 Q2 Q | Р P D Q1 Q2 Q | ||
ЕPD = 1, бағаның әрбір 1% өзгеруіне сұраныс көлемінде 1% өзгереді, ал жалпы түсім өзгермейді. | ЕPD = ∞, баға өте аз көлемде өзгерсе де, сұраныстың көлемі шексіз көп өзгереді. | ||
Абсолютті икемсіз сұраныс | |||
Р D Р1 Р2 Q Q | ЕPD = 0, бұл баға көлемі өзгергенімен, сұраныстың көлемі өзгермейді. | ||
Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.
ЕіD = ∆ Q%/ ∆ I %
Мұнда: ЕіD – сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті,
Q % - сұраныстың өзгеруі,
І % - табыстың өзгеруі.
- Егерде ЕіD > О бұл тауарлар сапасыз болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды.
- ЕіD >О - әдеттегі қолдануға жарамды тауарлар.
- Егерде О< ЕіD < 1 – бірінші қажеттіліктегі тауарлар
- ЕіD > 1 – қымбат жиһаздар, сән-салтанат тауарлары.
Көптеген тауарларға ЕіD – оң сан, бірақ та қайсы бір жағдайларда ол теріс санда болуы мүмкін, яғни табыс өскен сайын сатып алынған игіліктердің саны азаятын болса.
Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауардың бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді және төмендегі формула арқылы есептеледі:
ЕхуД = ∆ Qх% / ∆ Ру%
Мұнда: ЕхуД – қиылысқан икемділік коэффициенті;
∆ Qх% - Х тауар сұраныс көлеміне қатысты өзгеруі;
∆ Ру% - У тауар бағасының өзгеруі.
- Егерде қиылысқан икемділік коэффициенті оң сан болса, ЕхуД > О, онда Х және У тауарлары бірін - бірі алмастыратын тауарлар.
- Егер ЕхуД < О теріс сан болса, онда бірін-бірі толықтыратын тауарлар.
- ЕхуД = О онда Х және У біріне - бірі қатысы жоқ тауарлар болып анықталады.
Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.
ЕРS = Qх% / Ру%
Мұнда: Ер S - ұсыныстың икемділігі,
Q% - ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі
Р% - бағаның қатысты өзгеруі.
Икемді ұсыныс. | Икемсіз ұсыныс. |
Р S Р1 Р2 Q2 Q1 Q | Р Р1 S Р2 Q2 Q1 Q |
Егер ЕРS >1, ұсыныс икемді. >> | Егер ЕРS <1, ұсыныс икемсіз. |
Бірлік икемді ұсыныс | |
Р S Р1 Р2 Q2 Q1 Q | Егер ЕРS = 1, ұсыныстың икемділігі бірлік деп аталады. |
Абсолюттік икемсіз ұсыныс | Абсолюттік икемді ұсыныс |
Р S Р1 Р2 Q | Р S P Q1 Q2 Q |
ЕРS=0, бұл жағдайда бағаның өзгеруі ұсынысқа әсер етпейді. | ЕРS=∞, баға көлемі өзгергенімен, ұсыныстың көлемі өзгермейді. |
Орытынды
Тақырыпты қорытындылай отырып, студенттер нарықтың негізгі элементтері сұраныс пен ұсынысты талдады, оған әсер ететін факторларды анықтап, сұраныс және ұсыныс қисықтарының жылжуы қарастырылды. Нарықтың тепе-теңдігі қалыптасу жағдайы және оның ауытқуы туралы мағлұмат алынды. Тапшылық пен молшылықтың орнауы.