Жекеменшік жҮйесіндегі зияткерлік жекеменшік
Кез келген қоғамның өмірінде материалдық өндірістен басқа рухани өмір де маңызды орын алады. Адам баласы туғаннан бастап ойлау мен жасау, ғылыми шығарма мен мәдениетті жасау қабілетіне ие. Мұндай қызметтің нәтижесі әрбір елдің, мемлекеттің және жалпы адамзаттың рухани және зияткерлік потенциалын жасап, арттырады.
Қоғамның ғылыми және рухани потенциалы қалыпты әлеуметтік-экономикалық саясатпен қатар қоғамның алдына қойған міндеттеріне жетуін қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе Қазақстан үшін маңызды, мұнда энергия тасымалдауыш мен шикізатты шығаруға ғана сеніп қоймай, күрделі және ғылымды қажет ететін өндірісті дамыту, әлемдік технологиялық еңбек бөлінісінде өз орнын табу қажет.
Дамыған елдерде өз азаматтары мен фирмаларының музыка мен ән, фильмдер мен кітаптар, күрделі химиялық өнімдер, дәрі-дәрмектер мен тағамдық қоспалар, үнемді экологиялық таза технологиялар, интегралды микросызбалар мен ЭВМ үшін бағдарламалық өнімдер сияқты шығармашылық зияткерлік қызмет нәтижелерін саудаға салу табыстың негізгі көзі болады. Бұл бағытта АҚШ-тың мысалы жақсы көрсеткіш бола алады, мұнда бизнестің мыңдаған бағыттарының арасында табыстылығы бойынша бесінші орында шоу-индустрия тұр, ол жыл сайын 80 миллиард доллар табыс әкеледі. Кейбір болжамдар бойынша Құрама Штаттардағы патенттер, тауарлық белгілер, авторлық құқықтар сияқты шығармашылық қызмет нәтижелерін заңсыз пайдаланудан түсетін табыстың шығыны әлем бойынша 200 мллиард долларды құрайды.
Осыған байланысты, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерін құқықтық реттеу мен қорғаудың зор маңызға ие. Мәселе келесіде, зияткерлік жекеменшікті тиісті дәрежеде қорғау туралы сұрақ экономикалық сипаттағы барлық мемлекетаралық және үкіметаралық келімі-шарттардың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай қорғаусыз ешбір ел немесе фирма заманауи технологияны жеткізу тәуекеліне бармайды. Зияткерлік жекеменшік қорғалмайтын елге ескірген техника мен технологиялар жеткізіледі. Тіпті қарапайым қаржылық инвестицияны ұсыну көлемі мен шарттары осы елдегі зияткерлік жекеменшік құқығын қорғау деңгейіне байланысты.
Елдің басқа мемлекеттің азаматтарына тиісті зияткерлік жекеменшікке деген көзқарасы сол елмен сауда-саттықтың көлемі мен тиімділігіне тікелейц байланысты. Мысалы, қарақшы болып есептелінетін (зияткерлік жекеменшік құқығын қорғау бойынша ешқандай шара қолданылмайтын мемлекет) және зияткерлік жекеменшік құқығына ие Америка ассоциациясының осындай тізіміне енгізілген ел АҚШ нарығына жеткізілетін осы елдің барлық тауарларын АҚШ-та сату қолайлылығынан айырылып қалуы мүмкін.
«Зияткерлік жекеменшік құқығы» түсінігі келесі элементтерден тұрады:
Авторлық құқық;
Сабақтас құқық;
Жасалымға, пайдалы үлгіге, өндірістік үлгі жасау құқығы;
Селекциялық жетістіктер құқығы;
Интегралды микросызбалардың топологиясына құқық;
Азаматтық айналым, тауарлар мен қызметтердің қатысушыларының жекелендіру құралдары;
Ашылмаған ақпаратты қорғау құқығы: коммерциялық құпия, ноу-хау және т.б.
6.1 Авторлық құқық
Шетел сарапшыларының талдауы бойынша Қазақстанның тек музыка нарығында ай сайын 200 мың дана копмакт-диск пен бір миллионнан астам аудиокассеталар сатылады. Дегенмен қарақшылық деңгейі 86% құрайды. Қарақшылық тауар айналымының көлеңкелі табысы жылына 17 миллионнан астам АҚШ долларын құрайды.
Мұндай жағдай аудиовизуалды өнім нарығында да байқалады, Қазақстан нарығына алып келген ЭВМ-ге арналған контрафактілі бағдарламалардың көлемі де артуда.
Жалпы алғанда мұндай жағдай дыбыс жазу индустриясына, орындаушыларға, авторларға, мәдениетке, қоғамға және мемлекетке төленбеген салық түрінде зардабын тигізеді. Бейне кассеталар, компакт-дисктер Қазақстан аумағында шығарылмағандықтан бұл өнімнің бір бөлігі, әсіресе контрафактілі өнім, шетелден – Қытай мен Ресейден әкелінеді.
Қазіргі таңда контрафактілі өнімге нені жатқызуға болады деген сұрақ көкейтесті.
Контрафактілі өнімдер – шығарылуы мен таралуы авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуына алып келетін өнімдер, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен қорғалатын, авторлық және сабақтас құқық иелерінің келісімінсіз ҚР аумағынан осы шығармалар немесе фонограммалар ешқашан сақталмаған немесе сақталуы тоқтатылған мемлекеттерге импортталатын шығармалар мен фонограммалар.
Соттардың бір бөлігінің пайымдауынша, бұл бейберекет әдіспен жасалған және оның контрафактілі екенін арнайы сараптама арқылы анықтауға болатын өнім. Алайда сол сарапшылардың зерделеуге берілген бұйымның контрафактілі екендігі жөнінде қорытынды жасауына құқықтары жоқ.
Бұдан шығатын қорытынды, контрафактілік – заңгерлік емес, техникалық ұғым. Кейде мұны сотта дәлелдеу де мүмкін болмайды.
1997 жылы қазақстандық авторлыр олардың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйым құрды – Қазақстандық авторлық қоғам (ҚазАҚ).
2001 жылы ҚазАҚ тұтынушылармен 145 лицезиялық келісім-шарт жасады. Бұл уақытта авторлық сыйақыны жинау 27 464 846 теңгені құрады. Олардың ішінде ҚазАҚ өкілдік ету туралы тікелей келісім-шарт жасасқан шетелдік авторлық-құқықтық ұйымдарға 13 956 248 теңге төленді.
Жуықта қазақстандық орындаушылар – сабақтас құқық иелері «Қазақстанның орындаушылар одағы» Қоғамдық бірлестігін құрды. Оның құрылтайшысы белгілі сазгерлер, әртістер, әншілер және басқалар. Бұл бірлестік ұжымдық негізде сабақтас құқық нысандарын басқарады (қойылымдар, орындаулар, фонограммалар, эфирлік және кабельдік арналардағы бағдарламалар).
Ары қарай біз зияткерлік жекеменшік құқығы нысандарының бірінші тобы туралы айтамыз, оларға ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын жасау, қолдану және құқықтық қорғау сұрақтарын қамтитын авторлық құқық ережелері жатады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 971 бабы (ары қарай – АК) авторлық құқық нысанының маңызды ерекшеліктерін көрсету арқылы оның заңнамалық ұғымын белгілеп көрсетеді. бұл заңнамалық ұғымдағы әрбір сөз қорғалатын нысан жауап беруі тиіс жеке талапты білдіреді.
Бұл бапқа сәйкес аторлық құқық әдебиет пен өнер ғылымы шығармаларына қатысты. Авторлық құқық сұрақтарын реттейтін заңнама мазмұнынан туынды шығармашылық әрекет нәтижесі деген қорытынды жасауға болады. Шығармашылық табиғат әлемінің тек бір өкіліне – адамға ғана тән және ол оның ой әрекетінің, күрделі әрі толығымен ашылмаған психохимиялық үрдістер арқылы мінсіз образдарды жасайтын адамның миы сияқты әмбебап құралдың жұмысының нәтижесі болып табылады. Осы мінсіз образдардың жүйесі мінсізді жасайды, ал материалдық емес нысан – туынды.
Туынды шығармашылық әрекеттің нәтижесі ретінде бірегейлік пен жаңалық белгілеріне ие. Әрбір жаңа ән немесе кітап тыңдаушы немесе оқырманға бұрын белгілі болмауы тиіс, басқа шығарманы қайталамауы керек. Оның бірегейлігі осында.
Бұл ережелер алфавиттік телефон анықтамалығын жасаушылардың авторлық құқығының болуы туралы дауға нүкте қояды. Олардың мұндай құқыққы ие еместігі күмәнсіз, себебі шығармашылық емес механикалық жұмыс атқарды.
Туынды жасау саласы ретінде ғылым, әдебиет және өнер көрсетілген. Егер кейбір туындылар туралы ойланып қараса, онда оларды ғылыми немесе әдеби нысанға жатқызуда қиындықтар пайда болады. Мысалы, логарифмдік немесе басқа математикалық кестелердің анықтамалығын қай топқа жатқызуға болады – ғылымға ма, әдебиетке ме? Көркем құқрастыру нысандары қандай туындыға жатады: ғылыми ма, әлде өнер ме? Аталған саланың көрсетілген үш бөлігіне заңнама дәл анықтама бермейді, оған қоса, туындыны қандай да бір әрекет түріне жатқызу оны құқықтық қорғау үшін негіз бола алмайды. Бастысы, оның авторлық құқық нысананың белгілері анық көрініп тұрса болғаны. Егер, мысалы, ғылыми-техникалық журналда немесе басқа басылымда қандай да техникалық шешімнің қағидасын ашып көрсететін мақала жарияланса, онда осы шешім жасалым, пайдалы үлгі немесе өндірістік үлгі деп танылғанша бұл техникалық шешімге қатысты авторлық-құқықтық қорғау болады. Осылайша, авторлық құқық тәсілімен қорғау кез келген шығармашылық нәтижесі үшін ол ғылым, әдебиет немесе өнер салаларының қайсысына қатысты болатынына қарамастан базалық, әмбебап құқық болып табылады.
Авторлық құқықты қорғау үшін туындының мәні, мазмұны және құндылығы маңызды емес. Бұл жерде оның мәні ретінде туындыны жасау мақсаты мен оны болашақта пайдалану тәсілі қаралады (оқыту, табыс көру мақсатында сату, жеке себептер және т.б.); мазмұны мен құныдылы – бұл оның түрлі оң өзгешеліктері. Заңмен белгілі авторлардың, классиктердің туындылары да, балалардың, жастардың және жас авторлардың туындылары тең дәрежеде қорғалады.
Заңнама талаптарына сәйкес туындыны жасаудың әдісі мен түрлері маңызды емес. Алайда туынды объективті түрде жасауы тиіс. Яғни туынды тек автордың ойындағы және басындағы шығармашылық ой түрінде ғана емес, одан жеке де болады. Басқа тұлғаларда (автордың өзінен басқа) туындымен танысу мүмкіндіктері болуы керек. Туындыны объективті түрде жасаудың барлық түрлері АК 971 бабының 2 тармағында көрсетілген, алайда бұл тізім толық еме, ғылым мен техниканың дамуы оны толықтыруына болады.
Туындының объективті түрде болуы жөніндегі новелла құқықтық қорғау халыққа жарияланған туындыларға да, халыққа жарияланбаған туындыларға да таралатыны болып табылады. Бұған ауызша түрдегі туындылар жатпайды. Олар халық алдында орындалған немесе айтылған жағдайда ғана авторлық құқыққа ие болады. Егер халық алдында айтылмаса немесе орындалмаса, мысалы, халық отырған залда емес тек отбасы мүшелерінің алдында ғана айтылса, онда мұндай туынды авторлық құқыққа ие болмайды.
Қолданыстағы заңнамада авторлық құқықтың идеяларға, тұжырымдамаға, қағидаларға, әдістерге, үрдістерге, ашылымдарға, деректерге таралмайтыны ережемен бекітілген. Бұл ең алдымен авторлық құқықтың тек туынды түрінің элекментін ғана қорғай алатынымен және кез келген адам ойлап шығара алатын мазмұн элементтерін қорғай алмайтынымен түсіндіріледі. Оны алған шығарған кезде туынды керемет болады. Мысалы, Н.В. Гоголь «Мертвые души» романының идеясын А.С. Пушкиннен алған, синтез және анализ сияқты зерттеу әдістері мыңдаған ғылыми зерттеулерде қолданылады және т.с.с
Туындылар шеңбері – авторлық құқық нысандары айтарлықтай кең, дегенмен, АК 972 бабында толық жан-жақты көрсетілмеген. Жаңа, бұрын авторлық құқықпен қорғалмаған нысандар болып қала құрылысының туындылары және бау-бақша – саябақ шаруашылығы, қолданбалы өнер туындылары, ЭВМ бағдарламалары табылады.
Нысандардың қатарын кеңейтуден басқа заңнама оларды тәртіппен, белгілі бір жүйемен орналастырған. АК 971, 972 баптарында негізінен нысандарды құқықтарының шартталу белгілері бойынша жіктеген. Заңнамалық деңгейде шығармалар туынды (аудармалар, аннотациялар, рефераттар және т.б.) және құрамдас (энциклопедиялар, антологиялар, мәліметтер банкі) бөлімдерге бөлінген. Оған қоса, бұл авторлық-құқықтық қорғаудың жеке нысан түрлері, авторлық құқық нысаны болуына қарамастан өз бетінше жеке шығармалар. Яғни, құрамдас шығарма авторлық құқық нысаны болып табылмайтын материалдар мен басқа ақпараттардан тұруы мүмкін.
АК 974 бабы авторлық құқық нысаны болып табылмайтын құжаттар тізімін бекітеді. Бұл ең алдымен ресми құжаттар. Нысандарда ресми құжаттардың барлық атрибуттары болуы тиіс және оны қабылдаған орган мен қабылданған күні туралы мәліметтері болуы қажет. Құжатты қабылдау акті аталған органның құзырына сәйкес келуі тиіс.
Ту, елтаңба, орден, ақшалық белгілерге қатысты авторлық құқықтардың қолданылмауы түсінікті – негізінен бұл бұйымдарға мемлекет тарапынан басқа ықпалдар бола алмайды, ол бүкіл халыққа тиесілі болуы керек және арнайы заңнамалық акте көрсетілген тәртіпте ғана қолданылуы тиіс. «Басқа мемлекеттік рәміздер мен белгілер» деген ұғым түсіндіруді қажет етеді. Бұл жерде жоғарғы штандартты лауазымды тұлғалар туралы айтылады (мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің штандарты), бақылау және қадағалау органдарының белгілері (мемлекеттік стандарт мен сертификация, түрлі инспекциялар, кеден, мемлекеттік әуе компаниялары).
Халық шығармашылығының туындыларына авторлық-құқықтық қорғаудың ұсынылмауы да түсінікті. Біріншіден, мұндай шығармашылықтың субъектісін анықтау мүмкін емес; екіншіден, халық шығармашылығының қазіргі шыарма авторларына ықпалын шектемей, керісінше барынша қолдау көрсету қажет.
Ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен деректер туралы хабарлау авторлық құқық нысанының шығармашылық сипатының басты талабына сәйкес келмейді. Шынымен де, ауа райы болжамында, ресми кездесулер, валюта курстары туралы ақпараттарда шығармашылық элементтері жоқ. Алайда, егер болған оқиғаға қатысты тек констатация ғана емес, талдау, авторлық болжам немесе пікір орын алған болса, апта немесе басқа кезең ішінде мұндай оқиғалар мен деректер шолуы авторлық құқық нысаны болуы мүмкін.
Авторлық құқық субъектісінің басты және негізгі фигурасы автор болып табылады. Егер шығарма екі немесе одан көп тұлғалардың бірлескен еңбегімен пайда болса олар екінші автор болып саналады. Автор (екінші автор) болып жасаушы, аудармашы, құраушы, қоюшы режиссер, қоюшы суретші, сазгер ретінде белгіленген тұлға саналады. Шығарма авторы тек жеке тұлға бола алады.
Автордың жасы туралы мәселе жеке қарауды қажет етеді. Ол аталған тараудың нормаларымен емес, Азаматтық Кодекстің жалпы баптарымен реттеледі. Авторлық құқық жаспен шектелмейді, себебі азаматтың жасалымға, ғылымы шыңармаға, әдңбиет пен өнерге, зияткерлік қызметтің басқа нәтижелеріне жекеменшік құқығының болу мүмкіндігі азаматтық құқықтық қабілеттілігінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Осындай қызметтің нәтижесін ұйғару мүмкіндігі туралы сұрақ әр түрлі шешіледі (жасқа байланысты). 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға қатысты бұл мәселені ата-аналары, асырап алушылар немесе қамқоршылар шешеді, ал 14 пен 18 жас аралығындағы азаматтар өз шығармалары бойынша шешімді өз беттерімен қабылдайды. Алайда бұл құқық қорғаншылық және қамқорлық органдарымен шектелуі мүмкін.
Авторлық құқықтық қатынастың тағы бір субъектісі болып авторлық және сабақтас құқықтарды басқару тапсырылған ұйымдар табылады. Бұл туралы келісім-шарт автор тірі кезде оның өзімен немесе ол сеніп тапсырылған тұлғамен де, сондай-ақ өлгеннен кейінгі оның мұрагерлерімен де жасалуы мүмкін. Мұндай ұйымдардың мәртебесін реттеу «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңда қарастырылған. Заңның талабына сәйкес бұл ұйымдар коммерциялық қызметпен және ұжымдық негізде басқару үшін алынған шығарманың қолданылуын жүзеге асырумен айналыспауы тиіс. Оның негізгі мәні автордан алынған құзырлық негізінде авторлық құқықты пайдаланушылармен шығарманы пайдалану үшін тиісті сыйақыны, оны жинау мен құқық иелері арасында бөлінуін анықтап, лицензиялық келісім жасау болып табылды. Бұл жұмыс үшін ұйым күнделікті шығынды өндіріп алу үшін авторлық сыйақының белгілі бір бөлігін қалдыруына құқылы. Заңды орындау мақсатында Қазақстандық авторлық қоғам құрылған, оның мақсаты авторлық құқықтардың табысты жүзеге асырылуы мен қорғалуына ықпал ету болып табылады. Оның қызметі құзырлы мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Зияткерлік жекеменшік құқық жөніндегі комитеттің (ары қарай - Комитет) бақылауында жүзеге асырылады.
Заңнамада ең маңызды мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар бекітілген.
Жеке мүліктік емес құқықтарға шығарманы жасаушының осы туындының авторы деп танылуына және оны қолдануда осыны талап ету құқығының болуы жатады.
Мұндай құқықтың болуы автордың жеке басынан бөлініп қаралуға жатпайды және тек соған тиесілі. Оны шеттеуге болмайды және келісім-шарттағы сияқы мұрагерлікке берлімейді. Авторлық құқықты тек автордың өзі жүзеге асырады, ол қайтыс болғаннан кейін авторлық құқық тоқтатылады, ал мұрагерлер тек авторлық мұрагерлік құқығын қорғауға ғана құқылы. Аталған құқықтың болуы үшін шығарманың қандай негізде жасалғаны (өз бастамасы бойынша немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасы бойынша), сонымен қатар оны халыққа жариялау дерегінің болуы немесе болмауы маңызды емес. Бұл құқық негізінен уақытпен шектелмеген. Шығарманың жасалу дерегін қандай да бір тұлға өзіне тиесілі етіп алғанда, немесе шығарма бөлігіне үшінші тұлға автор болып көрсетілсе авторлық құқық бұзылған болып саналады. Мұндай жағдайларды плагиат деп атайды. Плагиат дерегі белгілі болған жағдайда бұзушы кінәсінің болуы мен оның деңгейі маңызды емес. Мысалы, егер шығарма автордың өзіне немесе басқа тұлғаға тиесілі деп көрсетілсе және бұл автор туралы мәлімет алғашында дұрыс көрсетілмеген басылымнан алынса, онда қате мәлімет берген заманауи баспалар өз кінәсіне қарамастан толықтай жауапқа тартылады. Автор құқығына ие болу үшін келесілер сақталуы тиіс: шын атын қою, басқа атты қою немесе ойдан шығарылған атты, лақап атты қоймау. Әдебиет пен өнерде лақап атты қолданған жағдайлар көптеп кездеседі - Максим Горький, Демьян Бедный, Кукрыниксы және т.б. Шығармаға қол сұқпау құқығы дегеніміз автордан басқа немесе оның келісімінсіз ешқандай өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ешкімнің құқығының болмауы. Автор өз шығармасын, оның ішінде атауын өз келісімінсіз кез келген өзгерістер енгізілуден, сондай ақ шығармаларды суреттермен, кіріспемен, комментарий мен түсіндірмелермен шығарылудан қорғай алады.
Автордың құқықтарының бірі шығарманы халыққа жариялау құқығы мен халыққа жариялау туралы бұрын қабылданған шешімді кері қайтару құқығы. «Халыққа жариялау» ұғымы автордың келісімімен жариялау, эфирге шығару және басқа да тәсілдермен көпшілік алдында орындау арқылы шығарманы бірінші рет қол жетімді ететін әрекет жасау деп түсіндіріледі. Яғни көпшілік алдында орындау үшінші тұлғалармен жүзеге асырылады, бірақ тек автордың келісімімен. Оны көпшілік алдыда орындау уақытын автор өзі белгілейді, себебі шығарманың дайындығы қандай дәріжіді екенін тек сол ғана біледі.
Автордың мүліктік құқығы деген авторға шығарманы кез келген түрде және кез келген әдіспен қолдану құқығы тиесілідегенді білдіреді.
Автордың шығарманы қолдану бойынша құқықтарының тізімі шығарманы жаңғырту құқығынан басталады. АК 978 бабы жаңғыртуға шығарманың түпнұсқасына қайтадан объективті сипат беруді белгілейді (шығарманы басып шығару, дыбыс жәее бейне жазбаларды көбейтіп шығару және т,с.с.). Жаңғырту әдісіне сонымен қатар шығарманы кез келген материалдық түрде, соның ішінде дыбыс және бейне жазба түрінде бір немесе бірнеше дананы дайындау жатады. Шығарманы жаңғырту сонымен қатар оны уақытша немесе үнемі электронды (соның ішінде сандық), оптикалық немесе басқадай машинамен оқылатын түрде сақтау үшін жазу болып табылады. Көшіру арқылы шығарманы жаңғырту әдістерінің жаңа техникалық әдістерінің пайда болуымен автордың құқығын қорғау үшін оның мәні мен мұндай әрекет жасаудың шегін атап көрсету қажеттілігі пайда болған. Осылайша, қайта жасау басып шығарудан басқа фотокөшірме жасау немесе басқа техникалық құралдардың көмегімен жазбаша немесе басқа графикалық туындылардың түпнұсқасының не көшірмесінің бір немесе одан да көп данасын кез келген көлемде және түрде факсимилді жаңғырту болып табылады.
Сурет өнері туындыларына келетін болсақ, оларды жаңғырту (көшіру) құқығы қол жетімділік құқығына өзгереді. Оның мәні сурет авторы меншік иесінен оның көшірмесін жасау мүмкіндігін беруді талап етуге құқылы.
Қала салу, архитерктуралық, дизайнерлік жобаның көшірмесін жасау құқығы мен оны практикалық жүзеге асыру құқығы тұтасады. Авторлық бірегейлігі бар суреттер, сызбалар, жобалар ғана емес, практикалық жүзеге асыру да ерекше белгіленеді. Мұндай нысандарды практикада кез келген, тіпті бір рет іске асыру (бөтен бірегей жоба бойынша бір ғана үйді салу, бөтен дизайнерлік өңдеу бойынша киімнің тек бір түжиынын тігу) автордың көшіру құқығын қолдану болып табылады және автордың келісімімен орын алуы тиіс.
Жеке көрсетілген екі түрлі құқық негізгі мәні бойынша бір-біріне өте ұқсас – көпшілік алдында көрсету құқығы және көпшілік алдында орындау құқығы. Олар нысандардың түрлі топтарына жатады. Көпшілік алдында көрсету түрлі кадрлар, пленкалар, сурет өнерінің туындысының техника құралдары көмегімен демонстрациялау арқылы жүзеге асырылады. Ал орындау ойнау, ән салу, билеу, музыкалық, драмалық, хореографиалық пантомимолар арқылы жүзеге асырылады. Көпшілік алдында көрсету де, көпшілік алдында орындау да «жанды» және халықтың тікелей қатысуымен болуы міндетті емес, олар жазылған болса да болады (фильм, фонограмма және т.с.с.).
Осы құқықтарға мәні бойынша жақын, дегенмен бір-бірінен өзгешеленетін, сондықтан жеке құқық ретінде көрсетілетін көпшілік алдында хабарлау құқығы және эфирде хабарлау құқығы. Көпшілік алдында көрсету мен орындаудан олар көрермен санымен өзгешеленеді, сонымен қатар хабарламаның жаһандық ақпараттық желінің арнайы техникалық құралдары –радио, спутник, ретранслятор және басқа кабель түрлері арқылы орындалуымен өзгешеленеді. Бұқара ретінде бүкіл адамзаттың біршама бөлігі болуы мүмкін (жақында болып өткен Л. Паваротти, М. Кабальенің концерттері). Бұл құқықтың тағы бір өзгешелігі беріп отырған станция мен тыңдаушы, көрермен антеннасының арасындағы байланыс және аралықта қандай да бір тасымалдауышқа жазып алудың болмауы.
Авторлық құқықтарға жасалған шолу көрсетіп отырғандай, авторға ұсынылған мүмліктік сипаттағы құқықтар өздерінің өзгешелігіне байланысты өзінше монополия болып табылады. Әрине, бұл монополия қызметке емес, тек белгілі бір туындыға қатысты. Дегенмен, атордың ерекше құқықтары туындыны басқа тұлғалардың емін-еркін қолдануына кедергі жасайды және сондықтан заңнама авторлық құқықтардың болуы мен оларды пайдаланудың уақытша шектерін және аумақтық шекараларын белгілейді. Олар АК 980 – 983 баптарында бекітілген.
Авторлық құқытар тек кеңістікпен ғана емес, уақытпен да шектелген. Осылайша, авторлық құқық автордың бүкіл өмірі мен ол қайтыс болғаннан кейін елу жылға дейін қолданыста болады.
Уақыт шегін белгілеу үшін екі нәрсені анықтап алу қажет – құқықтың пайда болуы мен оның тоқтатылу сәті. Авторлық құқытың ерекшелігі олардың қандай да бір тіркеу, басқа да рәсімдеу немесе басқа нысаншылықтарды сақтау қажеттігінің болмауы. АК ережелері бойынша, сонымен қатар Авторлық құқық пен сабақтас құқық туралы заңының 9 бабына сәйкес ғылым, әдебиет немесе өнер туындысына құқық оның дүниеге келу дерегіне байланысты пайда болады.
Алайда, авторлық құқық немесе басқа ерекше құқық иесі халыққа белгілі немесе танымал немесе туындыға авторлықты, шығарманың пайда болу дерегі мен жариялау күнін, авторлық құқыққа қатысты келісім-шарттарды куәландыру үшін кез келген уақытта авторлық құқықы қорғау уақыты кезінде ресми тізілімдерде тіркей алады. Мұндай тіркеуді құзырлы орган – Комитет жүзеге асырады.
Әирне, көрсетілген тіркеу міндетті емес және авторлық құқықтың бар болуының қосымша дәлелі болып табылады.
Авторлық құқық автордың бүкіл өмірі мен ол қайтыс болғаннан кейін елу жылға дейін қолданыста болады. Осы ереже енгізілгеннен кейін біздің авторлық құқық жөніндегі заңнама әдеби және көркем шығармаларды қорғау туралы Бренск конвенциясын қабылдау үшін басты талапқа жауап беретін болды. Авторлық құқықтарыдң уақыт шегі мен оларды есептеу тәртібі туралы норма ешқандай қиыншылық туғызбайды және сәйкес баптардың мәтінінде түсінікті. Атап өту қажет, авторлық құқық, атының болу құқығы және автордың репутациясын қорғау құқығы мерзімсіз қорғалады.
Заңнамада түрлі салалық сипаттағы санкциялар кешені енгізілген. Бұл авторлық құқықты бұзған үшін азаматтықғ қылмыстық және әкімшілік жауап тартылады дегенді білдіреді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 184 бабына сәйкес авторлық құқық немесе сабақтас құқықты заңсыз пайдаланған үшін айыппұл, қоғамдық жұмысқа тарту, сонымен қатар бас бостандығынан айыру қарастырылған. Алайда бұл жауапқа тартудың шынайы шаралары емес, ескерту болады. Күнделікті өмірде авторлық құқықты қорғаудың неғұрлым кең таралған әдісі азаматты-құқықтық мүліктік жауапкершілік болып табылады. Мұнда қорғаныс ауқымы айтарлықтай кең. Бұл АК 9 бабымен қарастырылған азаматтық құқықты қорғаудың барлық әдістері мен шаралары, сонымен қатар Авторлық құқық және сабақтас құқытар туралы заңның 49 тарауымен қарастырылған бірқатар арнайы шаралар.
Азаматтық құқықты қорғаудың жалпы шаралары түсіндіруді қажет етпейді, сондықтан арнайы шараларға тоқталайық. Бұл шаралардың ерекшелігі авторлық құқықты қорғаудың барлық шаралары сияқты оларды қолдану туралы шешімді құқықты болған тұлға ғана шығарады, себебі барлық авторлық құқықтар бұқаралық емес жеке құқықтар. АК және Авторлық құқық және сабақтас құқытар туралы заңның жоғарыда көрсетілген баптарының нормалары келісім-шарттық емес құқықтың бұзылуына қатысты ған қолданылады. Авторлық келісім-шарт бойынша құқықтар бұзылған жағдайда келісім-шарттың тиісті шарттары қолданылады, сонымен қатар міндеттемелер туралы азаматтық заңнаманың нормалары қолданылады.
Автордың өзіне тиісті ерекше құқықтарын қорғау бойынша алғашқы әрекеті шығарманың әрбір данасына шығарманы қорғау белгісін орналастыру мүмкіндігінің болуы. Бұл белгі қоршалған латынның С әрпінен; ерекше авторлық құқық иесінің атынан (атауынан) және алғаш жарияланған жылдан тұрады. Әдебиетте де, заңнамада да авторлық белгілерді орналастыру авторлық құқықтың пайда болу мәселесімен байланыстырады, алайда бұл белгілер қорғаныс қызметтерін де атқарады. Олар тек авторлық құқықтың қорғалатынын ғана білдірмейді, ол потенциалды бұзушыны бөтен шығарманы қолдану үшін мүмкін болатын қолайсыз зардаптар туралы да ескертеді.
Білу қажет нормативтік құқықтық актілердің тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Авторлық құқық (971 – 984 баптар);
2. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-1 «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы;
3. Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің 1995 жылғы 9 ақпандағы №142 Әдебиет пен өнер шығармаларын бұқара алдында орындау үшін, декоративтік-қолданбалы өнер туындыларын жасау үшін және оларды өндірісте қолданған үшін берілетін авторлық сыйақы көлемі туралы Қаулысы;
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі №146 Авторлық және сабақтас құқықпен қорғалатын шығармаларды мемлекеттік тіркеу құқығы туралы нұсқаулықтарды бекіту туралы бұйрығы;
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Агенттігінің авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі 1996 жылғы 2 қыркүйектегі «Авторлық сыйақыларды, шығармашылық одақ қорларына жіберілетін салымдар жинау мен олардың еңбекақысын төлеу жөніндегі КазГААПС уәкілетті инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру туралы» нұсқаулығы;
6. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-II Жарнама туралы Заңы. Жарнама бойынша авторлық және сабақтас құқықтар;
7. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі № 332-II Геодезия және картография туралы Заңы. Картограифлық өнімге авторлық құқық;
8. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-II Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңы. Архитектуралық туындыларға авторлық құқық;
9. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі № 225-II Ғылым туралы Заңы. Ғылыми зияткерлік жекеменшік;
10. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-1 Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы. Авторлық шығармалар және хаттар;
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 маусымдағы №530 Қаулысымен бекітілген Әуеден түсіру, геодезиялық және картографиялық жұмыстар шығармаларына рұқсат беру, тіркеу және есепке алу ережелері. Геодезиялық және картографиялық материалдарға авторолық құқықтар.
Сабақтас құқықтар.
Қазақстан Республикасы аумағында алғаш рет сабақтас құқықтар Азаматтық заңнама негіздерін енгізгеннен бастап қорғала бастаған. Бұл нормативтік актінің 141 және 142 баптары әртістерге, қоюшы-режиссерлар мен дирижерларға атының болу құқығы, қойылым мен орындауды бұзудан қорғау құқығы, қойылым мен орындауды жүзеге асыру немесе қолдануға рұқсат беру құқығы, марапаттау құқығы тиесілі екенін мойындады. Орындауды жазу, орындауды жүргізу және басқа да қолдану тек орындаушының рұқсатымен жүзеге асырылған. Бұрын қолданыста болған ҚазКСР Азаматтық кодексімен салыстырғанда бұл мәні бойынша ерекше құқықтарды қорғауда үлкен өзгерістер болды. Бұл принципиалды шешімді ары қарай дамыту Авторлық және сабақтас құқықтар туралы Заңмен жүзеге асырылған.
Сабақтас құқықтың «орындау» нысаны болып шығарманы, фонограмманы ұсыну, жанды орындаудағы ойнау, ән салу, билеу немесе басқа да техникалық құралдардың көмегі арқылы қою түсіндіріледі. Сонымен қатар дыбыспен сүйемелдеп немесе сүйемелдемей аудиовизуалды шығармалар кадрын көрсету де орындау болып саналады. Сәкесінше, сабақтас құқықтардың субъектісі рөлді ойнайтын, ән айтатын, оқитын, музыкалық аспапта ойнайтын немесе қандай да бір басқс әдіспен әдебиет пен өнер туындысын (соның ішінде эстрадалық, цирктік немесе қуыршақ қойылымы) орындайтын орындаушы актер, әнші, музыкант, биші немесе басқа тұлға болып саналады. Орындаушыға спектакльді қоюшы режиссер мен дирижер де жатады.
Фонограмма дегеніміз орындауды немесе басқа дыбыстарды кез келген, тек дыбыстық жазып алу. Осыған сәйкес фонограмманы жасаушы болып қандай да бір орындауды немесе басқа дыбыстарды бірінші рет дыбыстық жазып алу бастамасы мен жауапкершілігін мойнына алған жеке немесе заңды тұлға саналады. Басқасы дәлелденбесе фонограмманы жасаушы болып осы фонограммада және (немесе) ол салынған қорапта көрсетілген тұлға, ат немесе атау саналады.
Сабақтас құқықтардың пайда болуы немесе жүзеге асуы үшін қандай да бір нысаншылықты сақтау қажет емес. Фонограмманы жасаушы және (немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшін фонограмманың әр данасында және (немесе) ол салынған қорапта орналастырылған және келесі үш элементтен тұратын сабақтас құқықты қорғау белгісін қолдануға құқылы:
1. Қоршалған латынның «Р» әрпі;
2. Ерекше сабақтас құқық иесінің аты (атауы);
3. Фонограмманың бірінше рет жарияланған жылы.
Эфирлік және кабельдік хабар ұйымдарына тиесілі сабақтас құқық нысандары болып осындай ұйымның өзімен жасалған, сонымен қатар оның тапсырысы бойынша басқа ұйыммен жасалған хабар саналады.
Авторлық құқық нысандары сияқты сабақтас құқықтар да шығарманы тіркеу немесе басқа да нысаншылықтарды қажет етусіз қорғау нысанының өзінің пайда болуымен байланысты туындайды.
Сабақтас құқықтарды қорғау мерзімі авторлық құқықтарды қорғау мерзімінен айтарлықтай өзгешеленеді. Егер авторлық құқықтың көп бөлігі автордың бүкіл өмірі мен ол қайтыс болғаннан кейін елу жылға дейін өз күшінде болса, сабақтас құқықтар фонограмманы бірінші рет бұқара алдында жария еткен, бірінші рет орындап немесе қойылған және эфир арқылы хабарлағаннан бастап елу жыл ғана өз күшінде болады (АК 990 бабы).
Сабақтас құқықтарға қысқаша шолуды аяқтай отырып, сабақтас құқықты реттеудің жаңашылдығы біздің елде ғана емес, сонымен қатар бұрынғы КСРО республикаларында бар екенін атап өту қажет.
Білу қажет нормативтік құқықтық актілердің тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Сабақтас құқық (985 – 990 баптар);
2. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-1 «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңы;
3. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-II Жарнама туралы Заңы. Жарнама бойынша авторлық және сабақтас құқықтар;
4. Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің 1995 жылғы 9 ақпандағы №142 Әдебиет пен өнер шығармаларын бұқара алдында орындау үшін, декоративтік-қолданбалы өнер туындыларын жасау үшін және оларды өндірісте қолданған үшін берілетін авторлық сыйақы көлемі туралы Қаулысы;
5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі №146 авторлық және сабақтас құқықпен қорғалатын шығармаларды мемлекеттік тіркеу құқығы туралы нұсқаулықтарды бекіту туралы бұйрығы;
6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі №145 Шығармалар мен сабақтас құқық нысандарын пайдалануға лицензиялық келісім-шарттарды мемлекеттік тіркеу нұсқаулығын бекіту туралы бұйрығы.