Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 8 страница
Қаржы ресурстары, оның құрамы, өсу факторлары. Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақшалай қорлар түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржылық қатынастардың тұрақты иелері болып келеді. Олардың қалыптасу көздері жəне қорлардың өздері (бұл көздерді біріктіруші) ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржылық ресурстары болып табылады. Демек, қаржылық ресурстар – бұл жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу жəне қайта бөлу кезінде қаржылық əдістердің көмегімен экономикалық субъектілер мен мемлекет жасайтын ақшалай қорланымдар мен ақшалай қорлар. Қаржылық ресурстарда негізгі орынды құнның мына элементтері: таза табыс (пайда), қосылған құн салығы, ақциздер, кедендік төлемдер, əлеуметтік мұқтаждарға төленетін жарналар жəне амортизациялық аударымдар алады.
Қаржылық ресурстардың қаржылық қорлардан айырмашылығы бар. Қаржылық қор (қорланым, босалқы қор) – қаржылық əдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақшалай қаражаттары, ал қаржылық ресурстар болса, ол – мемлекеттің (оның органдары арқылы) жəне шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері.
Біріншіден, қаржылық ресурстар деп ақшалай қаражаттардың көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді.
Екіншіден, қаржылық ресурстар – бұл қорлардағы, яғни ақшалай қаражаттардың мақсатты босалқы қорларындағы «байланған» қаражаттар, сондай-ақ əлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақшалай қаражаттар.
Қаржылық ресурстарды өсірудің маңызды факторы қоғамдық еңбек өнімділігінарттыруболыптабылады,бұлұдайыөндірісүдерісіндеұлттықтабыстыңартуынбілдіреді, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржылық нəтижесініңөсуіне алып барады. Еңбек өнімділігі мен қоғамдық өндіріс тиімділігінің басқакөрсеткіші – қор қайтарымы (капитал қайтарымы) тығыз байланысты. Қорқайтарымын арттыруқаржылық ресурстарды қалыптастыруға, атап айтқанда,олардың негізгі көзі – таза табыстың өсіміне сөзсіз əсер етеді, ол өнім өндіруауқымы өсімінің, сондай-ақ ағымдағы шығындарды (ең алдымен жалақы менамортизациялық аударымдарды) үнемдеудің нəтижесінде артады. Жəне, керісінше,қорқайтарымыныңтөмендеуіқаржылықресурстардыазайтады.
Екінші фактор – бұл материалдық шығындардың орнын толтыру қоры менөндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдықөнімнің бөліну үйлесімдері. Жиынтыққоғамдық өнімдегі материалдық шығындардың үлесін – материал сиымдылығын– төмендету өндірілген ұлттық табысты – қаржылық ресурстардың негізгі көзін– арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады.Қаржылық ресурстардың өсуіне сонымен қатар жалпы алғанда қоғамдықөндірістің, сондай-ақ өнеркəсіп өндірісінің материалдық заттай құрылымы даəсер етеді.
Қаржы рыногы: құрамы, қатысушылары, инструмент инфраструктурасы. Қаржы рыногы – бұл әр түрлі нысандардағы ақшалай капиталдың және бағалы қағаздардың қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар. Ол рыноктық қатынастар жүйесiнiң құрамды бөлiгi болып табылады, тауар және басқа рыноктармен: табиғат ресурстары, жұмыc күшi, тұрғын үй және басқа жылжымайтын, жер, алтын, сақтық рыноктарымен етене байланысты. Ақша рыногы дегенiмiз қолма-қол ақшалай ғaнa емес, сонымен бірге қолма-қолсыз төлем қаражаттарын да кіріктіретін төлемдік қаражаттардың рыногы.Кредит рыногы несиелер бойынша банктердiң кредиттік операцияларымен байланысты; бұған сондай-ақ коммерциялық кредит те жатады.Ақша мен кредит рыноктары, әдеттегiдей, айналым активтерiнiң қозғалысына қызмет етеді.Капиталдар рыногында қоғамдық өндiрiс қатысушыларының орта және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.Бағалы қағаздар рыногы–бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын рынок. Бағалы қағаздар рыногы (банктер, арнаулы кредит институттары мен қор биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің және жеке адамдардың қордаланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдардың өндірістік және өндірістік емес жұмсалымына салынады.Қаржы рыногында сатып алу-сатудың объектiлерi айрықшалықты тауарлар – aқшaлар және бағалы (ақшалай) қағаздар болып табылады.Қаржы рыногында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып келетін бағалы қағаздар рыногы маңызды орын алады. Ол қоp құндылықтарының: корпоративтiк бағалы қағаздардың – акциялар мен облигациялардың айналысымен байланысты болатын қоp рыногын және мемлекеттің бағалы қағаздар рыногын кiрiктiредi. «Қор рыногы» терминi бастапқыдa бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қоp биржасының атымен байланысты.Функциялық тұрғыдан қаржы рыногы – бұл шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, банктердiң, мемлекеттiң уақытша бос ақшалай қаражаттарын шоғыpландыруды және қайтa білудi қамтамасыз eтeтiн рыноктық қатынастардың жүйесi.Бұл рыноктың жұмыc iстeyi көптеген экономикалық, әcipece инвестициялық үдерiстердi тәртiпке (ретке) келтiрiп, олардың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Бұған осы рыноктың қаржылық құралдарының, ең алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетедi
Қаржы саясаты, оның мазмұны, қағидаттары, типтері. Қаржылық саясат – мемлекеттiң экономикалық саясатының құрамды бөлiгi; өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн қаржыны ұйымдастыру жəне пайдалану бойынша мемлекеттің іс-шараларының жиынтығы; қаржылық ресурстарды жұмылдыру жəне оларды бөлудің нысандары мен əдістері жүйесінде, қаржылық заңнамада, мемлекеттің табыстары мен шығыстарының құрылымында көрініп білінеді. Қаржыны басқарудың бүкiл жүйесi мемлекеттiң қаржылық саясатына негiзделедi.
Мемлекеттiң қаржылық саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іc-əpeкeтін ескере отырып жəне қоғамның даму міндеттерiне сəйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың əрбiр кезеңiнде қаржылық саясаттың өзiне тəн белгiлерi болады, ол экономиканың жай-күйiн, қоғамның материалдық жəне əлеуметтік өмірінің толғағы жеткен қажеттiлiктерiн жəне басқа факторларды ескере отырып, түрлi міндeттepді шешеді.
Мемлекеттiң қаржылық саясатының мазмұны айтарлықтай күрделi, өйткенi ол шаралардың ауқымды кешенiн, оны дəйектi жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:
1) қоғамның əлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзiнде ұзақ жəне таяу перспективаларға арналған қаржының ғылыми негiзделген тұжыpымдaмaсын жасау;
2) экономикалық саясаттың тиiстi мақсаттары мен мiндетт epiн негiздей отырып, қаржылық саясаттың стратегиялық жəне тактикалық шараларын тұжыpымдay;
3) қойылған мақсаттарға жету үшiн белгiленген практикалық iс-қимылдарды қаржылық механизм арқылы (экономикалық қайта құрудың түбегейлiгiне қарай оны жаңғырта жəне түзете отырып) жүзеге асыру.
Қаржылық саясатты жүргiзгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:
- қолда бар нaқты қаржылық ресурстарды негiздей отырып, бюджеттердi жасау,
- бекiту жəне aтқapy кезiнде қоғамдық өндiрiстiң барлық қатысушыларының əлеуметтiк, ұлттық жəне кəсiби топтардың мүдделерiн caқтay;
- қаржылық қатынастардың жоспарлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесiнiңбарлық сфералары мен буындарында кipicтер мен шығыстардың теңгерiмдiлiгi;
- қаржылық резервтердi жасау (бюджет жүйесiнде кiрiстердiң шығыстардан жəне салалық қаржыларда қаржылық резервтердiң асып түcyi);
- мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң арасында қаржылық ресурстарды оңтайлы бөлу.
Қаржылық саясат мемлекет қызметінің салық салу жəне экономикаға ықпал ету мақсатымен мемлекет шығыстарының құрылымын реттеу саласындағы (фискалдық саясат) жəне бюджеттi реттеу саласындағы eкi өзара байланысты бағыттарынан тұpaды.
Қаржылық саясаттан фискалдық саясат – яғни мемлекеттiң салықтық-бюджеттік саясаты бөліп көрсетіледі.
Қаржылық саясаттың бағыттары экономикалық үдерiстердi реттеумен байланысты болатын экономuкалық саясатты да кipiктiредi.