Кәсіпорынның айналым құралдары.

I.Кіріспе.

Мен өзімнің курстық жұмысымды кәсіпорынның айналым құралдары тақырыбында алып отырмын.Қазақстан Республикасының барлық ірі, орта , шағын кәсіпорындарындағы айналым тауарлары, қаржы мен табысы, кәсіпорынның ұсынысы мен тұтынушылардың сұраныстары жөнінде көптеген құнды мәліметтер алдым.

Нарықтық кезеңде қазіргі заманда бәсекелестікке қабілеті «техник-электроник» мамандарды даярлауды радиоэлектроника және байланыс өндірістің негізгі факторлары мен құрылымдарын , олардың нарықтық жүйелерін, мемлекеттік қаржыларды, өндірістегі субъектінің нарықтық қатынасын, дүниежүзілік экономиканың негізін, кәсіпорындарда қосылуы өндірісті ұйымдастыру аспектлерін, қажетті құрал-жабдықтың санын анықтау, кіріс пен шығысты есептеуді, өнімнің өзіндік құнын анықтауды, өндірістегі баға мен көтерме, бөлшектік бағаны анықтауды, бизнес-жоспарды құруды, салықтың мәнін түсінуді оқытады.

Нарықтық экономика негіздерін жүргізудің теориялық әдістемелік негіздерін және кинотеатр құрылысына кететін толық шығындар есебін, қалыптасуын қағидаттары мен әдістемелік тәсілдерімен таныстыру.

Қарастырылатын тақырыптарға есеп беру мамандық стандарттары мен үлкен форматты кинотеатр тәсілдері және жоспары, тарифтік көрсеткіштері мен сапасын бақылау және оның үлкен форматты кинотеатр аппаратурасы мен сметасы іс құжаттарында көрсетілуін қамтиды.

Үлкен форматты кинотеатрдың жұмыс кезеңдерінің кіріс және шығын смета есебі қамтылған.Жұмысшылардың жылдық еңбек қоры есептеледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының халқына жолдауынан кішкене үзінді келтіре кетсем:

Кәсіпкерлік – жаңа экономиканың қозғаушы күші

Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады.

Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді.

Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады.

Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады.

Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

– несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау;

– шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіру;

– бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру;

– кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары.

“Бизнестің жол картасы-2020” кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады.

Мемлекет сіздердің бизнестеріңізді дамытып, аяққа нық тұруларыңызға барлық жағдайды жасады. Бүгінгідей сын сағаттарда сіздерге үлкен жауапкершілік артылады.

Жекешелендірудің жаңа легіне белсенді қатысыңыздар, қаржыны заңдастырып, ашық жұмыс істеңіздер. Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады. Өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, бізді сырттан келіп ешкім жарылқамайды.

Мен кәсіпкерлер табына, барлық бизнесмендер мен іскер адамдарға сөз арнағым келеді. Мемлекет жекешелендіру мен экономикалық ырықтандыру бойынша біздің тарихымызда бұрын-соңды болмаған қадамдарға барып отыр. Еліміз қазірдің өзінде көпшіліктеріңізге ақша табуға және іскерлік журналдардың бірінші беттерінен көрінуге мүмкіндік берді.

Мен сіздерді капиталдарды заңдастыруға, жекешелендіру тендерлеріне белсенді қатысуға шақырамын. Осылайша сіздер өздеріңізге және Қазақстанға, барша халқымызға жәрдемдесетін боласыздар.

II.Негізгі бөлім.

1.Кәсіпорын – Заңды рұқсат етілген , қызмет көрсетуге , және тауар сатудан . сол кәсіпорын мүлігін пайдаланудан, жұйелі табыс алуға бағытталған обьективті өз бетінше тәуекелге бас тіге отырып, жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтердің субьектісі. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді.

Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданыиеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынныңжарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады.

Кез келген кәсіпорын мейлі ол кандай өнім шығаратын болса да оның шығаратын өнімі Қазақстан нарығында және Шет елдік нарықта сұранысқа ие болуы керек. Әрбір жасалынып шығарылған тауар ол нарық талаптарына бүтіндей сәйкес келуі қажет.Президентіміз өзі айтқандай көптеген кәсіпорындардың ашылуы ол еліміздің инновациялық- индустриялық дамуына негіз бола алады деген.

Бұл даму жолына шет елдік ұлы державалардың біразы енген. Біздің Республикамыздың дамыған елдердің қатарында болуы үшін мемлекетіміз өз отандық тауарларын нарықта еркін сауда айналымына түсіре алатындай болуы қажет . Президентіміз егерде бір кәсіпорынға барлық қаражаттарды құйып, оның төлейтін салық мөлшерін азайтсақ онда ол кәсіпорын бізге көп мөлшерде тауар өндіре алады дейді.

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономикамен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс – қимылымен байланысты.

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігі және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы ), бір жағынан, жеке кәсіпорындар ұйымдар ,мекемелер, азаматтар, бір жағынан , бұл сферадағы ақша қатнастарының субьектілері болып табылады.

Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді, яғни тұтынушы белгілі бір бағамен және белгілі бір уақыт кезеңінде сатып алуға келісетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі, мөлшері.

Нарықта әрекет ететін сұраныс заңы бойынша — баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше. Нарықта тауарларды қажетсіну ақшалай нысанда көрсетіледі және ақшалай қаражатпен қамтамасыз етіледі.

Тауар ұсынысы- нарықта бар тауарлар мен қызмет көрсетулер. Кей де тауар ұсынымы дегеніміз — нарықта жиынтық төлем қабілеті бар сұранымга қарсы түратын барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер құны. Тауар ұсынымы мен төлем қабілеті бар сұраным бір-біріне көлемі бойынша да, құрылымы бойынша да сай келуге тиіс. Бұл ретте нарық теңдестірілген деп есептеледі.

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.

Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.

Айналым активтері кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының кұрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде айналым капиталын қаржыландыруды ұйымдастыру деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.

Тауар саясаты — маркетингтің кез келген тұжырымдамасын жүзеге асыруға арналған база. Себебі, өнім — тиімділікті тасымалдаушы және сатушылар мен сатып алушылардың күту объектісі болып табылады. Шығарушы кәсіпорынның көзқарасы бойынша, өнім немесе қызмет түрі кәсіпкерлік максатқа жетудің бірден-бір құралы. Арнайы белгіленген тауар өтімі өнім болып табылады. Алайда, кәсіпорын өзі көздеген мақсатына жету үшін қомақты қаржы түсімін күтсе, ол тек тауардың өтіміне байланысты болады. Сондықтан шығарушы кәсіпорын өз мақсаттарын өнімнің тұтынушы сұраныстарын қанағаттандыруға бағыттайды. Өнім — тұтынушының басты мәселелерін шешуге арналған ұсыныс және шығарушы кәсіпорынның көздеген мақсатына жету құралы.

Тұтынушының көзқарасы бойынша, өнім — кәсіпорын арқылы нарыққа қойылған пайдалы тұтынушылық құрылым, әрі тұтынушы өзіне бір пайда әкелу мақсатында сатып алатын құрал.

Өнім — тұтынушыға пайдалы және одан өз мәселелерінің шешімін күтетін белгілі нысандар жиынтығы. Өнімнің пайдасы тұтынушының алғы қажеттіліктері мен функцияларын қанағаттандыру мақсатында (аштықты, шөлді басу), сонымен қатар оның екінші күйін (эстетикалық ләззат, жақсы көңіл күй, бедел, құрмет) жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Көп жағдайда, өнім өзінің алғашқы және екінші пайдасын жүзеге асыруға талпыныс жасайды, кей кездері ол артықтық танытып та жатады. Сондықтан өнімді, тұтынушының мәселелерін шешу жолында тұтас және ұсынылған қызметтер (мысалы, автомобиль, сондай-ақ оның маркасы, кеңестер, қызметтер және кепілдік) жиынтығы ретінде қарастыру қажет.

1. Тұрақты шығындар - өнім көлеміне әсер етпейтін тәуелсіз шығындар. Бұл шығындар өнім өндірудің алдында және өнім өндірісі тоқтағанда орын алады. Тұрақты шығындардың құрамына ғимараттарды, құрылыстарды және құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары, әкімшіліктік-басқарушылық шығындар, арендалық төлемдер, несиелік төлемдер жатады.

2. Өзгермелі шығындар - өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеріп отыратын тәуелді шығындар. Фирма өнім өндірмегенде немесе оны тоқтатқанда мұндай шығындар орын алмайды. Өзгермелі шығындарға шикізаттарға, отын-материалдарға және жалдамалы жұмысшыларға еңбекақы төлеуге кеткен шығындар жатқызылады.
3. Жалпы шығындар - өндірістің тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысы. Фирма үшін бұл шығындар өнімнің белгілі бір көлемін өндірудің ең минималды ақшалай шығындары болып табылады. Өндірілетін өнімнің саны артқан сайын жиынтық жалпы шығындар өседі.

Кәсіпорынның айналым капиталының ұғымы және ерекшелігі

Кәсіпорынның іс - әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт – қолда бар айналым қаражаттарының (айналым капиталының) болуы. Айналым қаражаттары – бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Капитал айналымының ерекшелігін оның сұранысты анықтауынан көруге болады. Сұранысты анықтау – бұл тұлғаның материалдық қаупінің ұлғаюы тұрғысында жеке бизнесті жоспарлаудың сатысы. Ұзақ мерзімді капиталдық сұранысты ғана емес, сонымен қатар қысқа мерзімді қайтымды капитал сұранысын жоспарлау қажет (Мысалы, ғимарат салу мен жөндеу, т.с.с). Бұл жерде дайын өнімдердің мен материал қорының жеткіліктігі туралы, дебиторлық қарыз бен кассалық банктік төлемдер туралы ойлау керек. Мұнымен бірге, құрылыс кезеңі мен жаңа кәсіпорынды жіберу кезіндегі қаржылық қиындықтар туралы мәселені естен шығармау қажет. Айналма капиталдағы сұраныс көлеміне тауар-материал қоры капиталының бағасы ерекше әсер етеді.

Айналым капиталының сұранысын есептеу үшін 2 әдісті қолдануға болады:

1) Кумулятивті әдіс. Бұл әдіс жалпы кезеңді күндік капиталды байланыстыра отырып, күнделікті орташа төлемге көбейту арқылы жүзеге асырылады. Айналым капиталына 1 мысал келтіре кетер болсақ, кәсіпорындарда өнідіріс материалдараның міндетті қорларын сақтау мерзімі 25 күнді құрайды. Материалдарды жеткізу қызметі бойынша жеткізушілер төлем уақытын 10 күнге ұзарту мүмкіндігіне ие болады. Өнідірістік процесс 20 күнге созылады, яғни – бұл дайын өнім өндіруге қажетті уақыт. 5 күн ішінде дайын өнім тұтынушылар қажетіне жетеді. Өнім кірісін жоғарылату үшін кәсіпорын тауар алушысына коммерциялық несие түрінде 15 күнге тауар ұсынады. Шығынның негізгі бабы бойынша орташа күндік төлемі мынадай: материалдар алу (50 мың теңге), персонал еңбегіне төлем (150 мың тг), үстеме шығындар (80 мың тг.). Мұның ішінде персонал төлемі өнідірістік процессті бастағанынан басталады.
Сұрақ: осы кәсіпорынның айналым капиталындағы сұранымы қандай?
Есеп: Ең алдымен материалдарды алғаннан бастап тауар алушылардан ақша келгенге дейінгі кезеңдегі күндер санын көбейту жолымен «капитал байланысының» кезеңін анықтайды (тауарлар мен қызметтер):

2) Таңдаулы әдіс. Бұл әдіс кумулятивті әдістен анығырақ. Мұнда еңбек ақы төлемдері, материалды алу мен үстеме шығындарды төлеуге қатысты қаржылық құралдардың «байланысының» түрліше жалғасымын негізге алады. Айналым капиталы бағасының есебі таңдаулы әдіспен 2-мысалда көрсетілген.

2-мысал. Келтірілген мысалдан айналым капиталының қажеттілігін анықтаймыз:

Айналым капиталының қажеттігі мына бағалардан құралады:

Материалдар сатып алу = (25-10+20+5+15) * 50 мың тг = 2.750 мың тг;

Персонал еңбегінің ақысы = (20+5+15) * 150мың тг = 6.000 мың тг;

Үстеме шығындар = (25+20+5+15) * 80 мың тг = 5.200 мың тг.

Айналым капиталының тауар айналымына 13950 мың тг. кетеді.
Осы мысалдаың нәтижесі бойынша таңдаулы әдістің айналым капиталындағы қажетілігі кумулятивті әдістегіден аз болды (1,450 мың тг).

Ұзақ және қысқа мерзімді капитал қажеттігі анықталған соң қаржыландырудың мүмкін нұсқаларын қарап көру керек. Ол үшін қаржыландырудың мүмкін қателіктерін негізге алу қажет.

Кәсіпорынның айналым құралдары.

Айналым қаражаттарының құрлымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын атайды. Кәсіпорындағы айналым қаражаттарының құрлымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлығын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымнан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерді сипаттайды.

Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражатының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорында айналым қаражатының құрлымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.

Айналым қаражатының құрамы мен құрлымы

Кәсіпорындарда айналым қаражаттарының құрлымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрлымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.

Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі болып келеді. Мысалы, ауыр өндірістік кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым қаржыларын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау және олардың құрамы мен құрлымын, қалыптастырудың көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т.б.

Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын аспаптар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.

Өндірістің нәтижелілігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеген кезде кәсіпорындардың өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн.

Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысанын өзгертіп) тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын (айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі – дайын өнімге (тауар нысанына) айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді.

Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен бұдан ескеретін жайт - әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.

Кәсіпорынның айналым қаражатын басқаруды жетілдіру сұрақтарының ғалымдар мен тәжірибелер мен еңбегінде қарастырады.

Кәсіпорынның айналым қаражаты жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын «қаржылық жағдай ( дегеніміз немесе «қаржылық жай – күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет «кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.

Қорыта келе, кәсіпорынның айналым қаражаты әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.

Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.

Айналым қаражатын басқару жолдары.

Айналым қаражатын басқару көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатын тиімді басқару кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді. Сондықтан да көпшілік жағдайда кәсіпорынның бухгалтерлік балансының дұрыс жасалуы ондағы қаражаттың дұрыс басқарылуына әкеліп тіреледі.

Сөзім дәлелді болу үшін төмендегі мысалды келтірдім.

«Каприз» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі 1993 жылдың 22 сәуір айында №1463 – ші болып тіркелді. Серіктестік, өз алдына балансы, банкте ұлттық, шетелдік валютамен есептік немесе басқа да шоттары бар, өз қолтаңбасы, штампы бар құқықтық бейне. Серіктестіктің мерзімі шектелмеген.

Серіктестіктің негізгі мақсаты өнім өндіруде, қызмет көрсетуде қажеттілікті қанағаттандыру.

Серіктестіктің атқаратын қызметі:

Халықтың тұрмыстық қызметі

Құрлыстық, құрылыс – жөндеу және монтаждау жұмысы;

Коммерциялық қызмет;

Транспорттық қызмет;

Халық тұтынатын тауарлар өндіру.

Серіктестік иесінің төмендегілерге құқығы бар:

Серіктестік жұмысына ат салысуға;

Серіктестік қызметі туралы ақпарат алуға;

Бухгалтерлік немесе басқа да документтермен танысуға;

Серіктестік қызметінен пайда алуға;

Серіктестіктен оның ережесіне сай бас тартуға;

Серіктестік ликвидациясы кезінде қалған мүлікті өз иелігіне алуға.

Серіктестіктің жарғылық қоры 300000 (отыз мың) теңгені құрайды.

Серіктестіктің басқару органы болып табылады:

Мекеме, серіктестіктің барлық басқарылуы мен жетекшілігін құрылтайшы атқарады.

Орындаушы орган – Серіктестік директоры;

Тексеру органы – ревизор.

Кәсіпорында айналым қаражатын басқару үшін кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды енгізу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, коммуналдық және т.б. шаруашылықтар және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.

Тауар өткізу, қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөніндегі мәселелерді жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та, кез келген жағдайда алдағы кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай болмаған күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ жатып қалады және ақшалай қаржылардың едәуір бөлігіайналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін.

Наши рекомендации