Германия, Франция және Ұлыбританияның геостратегиясын ашып көрсетіңіз
Ұлыбритания Еуропалық және дүниежүзілік саясатта ерекше орын алып келді. Ел құрлықтағы соғыстарға сирек қатысатын, бірақ дипломатиялық күрестің кездейсоқ қалтарыстарында әруақытта жетекші күш ретінде көрініс табатын сыртқы саясат саласындағы көпжылдық тәжірибе Ұлыбританияға Еуропалық «концертте» «бірінші скрипка» рөлін ойнауға мүмкіндік беріп келді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң жағдай күрт өзгерді: «дүние-жүзінің тағдырына жауапкершілік» рөлі АҚШ-қа көшті де, Ұлыбритания Еуропада өгей бала күйінде қалып қойды. Оның ерекше орны мына үш жақты рөлмен анықталды: Ұлыбритания халықаралық аренда АҚШ-тың басты әріптесіне айналды, екінші жағынан, ол басты Батыс Еуропалық елдердің бірі қалпында қала берді, ең соңында, ол көлемі метрополия көлемінің 20 есе артық доминиондарды біріктіретін ұлттар достығының басшысы ретінде дүние жүзінде танымал еді. АҚШ пен арада әсіресе соғыстан кейінгі алғашқы жылдары «ерекше қатынастар» — бағыныштылық пен қаржы-қаражат саласындағы тәуелділік қатынастары орнады.
Ұлыбритания ядролық қаруға байланысты ерекше ұстанымда болды. Британ үкіметтері, француз үкіметтері сияқты, өздерінің партиялық тегіне қарамастан, Ұлыбританияның өзінің ядролық үштігіне иелік жасау, тіпті болмағанда, Францияға тең ядролық мәртебеге ие болуға құқын қорғады.
Ұлыбританияның 1991 ж. Маастрихттегі батысеуропалық бірігу процестері мен ХХІ ғасыр басындағы саяси, экономикалық және валюталық одақ құру туралы құжаттарды дайындау мен қабылдауға қатысуын британ саясатының атлантикалық бағдардан (АҚШ-қа бейімделуден) Еуропалық бағытқа ойысқандығын көрсетті. Ұлыбританияның КСРО мен социалистік елдерге қатынасы бірқалыпты, ұстамды болды, әрине, кейде дипломатиялық жанжалдар да болып отырды.
Француз геосаясаты неміс геосаясатына қарсы пайда болып, дамыды.Француз геосаясаты пайда болған сәттен бастап ақ, халықаралық ықпал ету және әлемдік үстемдік үшін тиімді сыртқы саяси геостратегиясы болды.
Француз геосаясаткерлері саяси процестерге материалдық, табиғи, географиялық факторлардың әсер етуін жоққа шығарады.
Францияның саясаты мен геостратегиясы Шарль де Голльдің ұлттық дербестік және ұлттық мүдде принциптерінің негізінде құрылды. Де Голль атлантикалық саясаттан бас тартуды жақтап, халықаралық қатынастағы екіполюстік саясатқа қарсы күресті. Батыс пен Шығыс елдері арасында өзара келісімдер жүргізу арқылы шешімге келуге болатынын айтып, кез келген дау-жанжал мәселелерді бейбіт жолмен реттеуге шақырды. Бұл саясат француз-кеңес қарым-қатынастарын жаңа деңгейде жүргізуге жол ашты. АҚШ-тың “қырғи-қабақ” саясатын толық қолдамай, бейбіт қатар өмір сүру саясатына қарай ауыса бастады. Халықаралық қатынастағы екіполюстік саясатта бәсеңдеу кезеңі басталды.
Геосаясаткерлер Францияның, жалпы ЕО-ның Ресеймен экономикалық және саяси бақталастықтан қашық болу керек дейді. Осы негізде ынтымақтастық мен өзара серіктестік туралы жаңа келісімдерге келу, бұрынғы 1997 және 1999 жылдардағы келісімдердің орнын толтырушы еді. Осылайша, француз геостратегиясы Ресейге сын көзбен карайды.
Француз геосаясаткерлері ЕО өз мүддесіне әскери күшке ие болса және сыртқы қарсыласын тапқан жағдайда жаһандық саяси ойыншыға айнала алады дейді. “Жұмсақ күш” тұжырымдамасын ұмыту керек, бұлай деуінің себебі оның тиімсіздігінде емес, аздық етуінде деп келтіреді А.Барб. Алайда, мұндай жағдайда ЕО-ның өзінің қарсыластары болу керек. Бұл рөлге оның ойынша Ресей келеді.
Карл Хаусхоффер «геосаясат» терминінің авторы болмаса да, толықтай осы ғылымның неміс бағытының ізашары болды. Хаусхоффер Ратцельдің, Челлен, Маккиндердің көзқарастарын дамыта отырып, Бисмарктың идеяларын орыс-герман одағын жетілдіре отырып, «континендалды блок» немесе «өмірлік кеңістік» теориясын дүниеге әкелді. Бұл Үшінші рейхтың доктринасына айналды.
Хаусхоффер КО-ын азиаттық держава, ал Шығысты өмірлік кеңістік ретінде қарастырды.
Германдық геосаясат өзінің негізгі қарсыласы деп Англияны есептеді.
Германия Ресейдің энергетика саласында одақтасы болып отыр.
Германияның позициясы НАТО-ның үшінші Шығысқа кеңеюін тоқтатқанын естен шығармаған жөн.
2008ж осы мәселе бойынша германдық вето құқығы бойынша НАТО Грузия мен Украинада әскери базаларын орнатпас еді. Ресей мен Германия арасында Сталин мен Гитлердің қолынан келмеген достық болуы керек деп есептейді неміс геосаясаткерлері.
Теңіз күштеріне ие Британ Империясы мен АҚШ-ын әлемдік үстемдікке ие мемлекеттер деп Хаусхоффер айтып кеткен. Өз жұмыстарында бірнеше панаймақтарға бөліп қарастырады:
- Пан Америка;
- Пан Африка -Германия (Еуроафрика);
- Жапония басшылығындағы Пан Азия.
Осы аймақтар бойынша да Германия өз геостратегиясын жүргізеді.