Экономиканың зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі
Экономика ғылымы қоршаған ортаны тану мақсатымен әр түрлі әдістерді қолданады ішіндегі ең маңыздысына жатады: Ғылыми абстракциялық әдіс, талдау әдісі(анализ), біріктіру әдісі(синтез), индукция әдісі, дедукция әдісі, графиктік, тарихи.
Ғылыми абстракциялық әдіс- зерттелген құбылыстың жеке және нақты жағдайларын ескере отырып оның тұрақты және мәнді жақтарын ерекшелеп көрсету. Экономикалық зерттеу әдістерінің ең маңыздысы — ғылыми абстракция әдісі болып табылады. «Абстракция» терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Күнделікті өмірде «абстракция» көбінесе нақты болмыстан тыс және тек ойдан, елес ретінде түсіндіріледі. Ал нақты нәрсе — бүл күнделікті өмірде көрінетін құбылыс шындығы. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы түрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. К.Маркс айтқан болатын: «...экономикалық форматтарға анализ беруге микроскопты да, не химиялық реактивті де пайдалануға болмайды. Бұл екеуінің орнына абстракцияның күші жүруге тиіс». Көбінесе құбылыстың мәнін түсінуде, сол кездегі кездейсоқ, қосарланған кейбір жағдайлар кедергі жасайды. Сондықтан да басты нәрсені шешіп алу үшін — мәселенің мәнін тоқып, оны терең қорытындылау, кедергі жасайтын, екінші дәрежедегі құбылыстардан дерексіздендіру қажет. Абстракциялық ойлау процесінде экономикалық категориялар (тауар, нарық, ақша, капитал, пайда және т.б.) калыптасады. Экономикалық категория — логикалық ұғым және адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қайсы бір қатынастарды көрсетеді. Демек, экономикалық ілімдер тарихы адамдар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды экономикалық категориялар ретінде бейнелеу арқылы оқытады.
Талдау әдісі(анализ) – әлеуметтік экономикалық құбылыстарды немесе зерттелу объектісін жеке-жеке бөлшекке бөліп қарастыру және қорытынды шығару. Мысалы, оған нарық сұранысының қалыптасу заңдылығын зерттеу барысында баға, тұтынушының пайдасы, олардың қалауы деген факторларды зерттеу жатады.
Біріктіру әдісі(синтез) - объектінің жеке бөлшектерін біртұтас қарастырып нәтиже шығару. Яғни анализден бөлініп қаралған мәселе синтезде біртұтас болып қаралады.
Экономикалық зерттеуде анализ (талдау) және синтез (жинақтау) тәсілі де қолданылады. Табиғатта да, қоғамда да зерттелетін құбылыстар мен процестер каснеттер мен сипаттар жиынтығына ие болады. Осы объектіні дұрыс түсіну үшін, оларды ең алдымен құрамдас бөліктерге жіктеу кажет. Зерттелетін құбылыс өзінің құрамдас бөліктері мен жактарына жіктеледі. Осы бөліктер мен жақтардың әрқайсысын тәптіштеп тұтас құбылыстың қажетті бір бөлігі ретінде қарастыруды анализ (талдау) дейміз. Алайда құбылысты қарастыру тек талдаумен шектелмейді. Әрбір құрамдас бөліктерді зерттеп болған соң, осы элементтерді қайтадан тұтас етіп біріктіру қажет. Зерттелетін құбылыстардың бөліктерін жұптастыру және оларды тұтас құбылыс ретінде танып-білуді синтез (жииақтау) дейміз.
Индукция әдісі – экономикалық ойлар қозғалысының нақты құбылыстарға байланысты жалпылама қорытындысын шығару.
Дедукция әдісі – жалпы құбылыстарды нақты экономикалық дәлелдерге байланысты қорытындылау.
Тарихи – әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды тарихи даму кезеңдерімен ұштастырып нәтижені логикалық тұжырым арқылы шығару. Кез-келген процесті зерттеуде экономикалық зерттеудің тарихи және логикалық әдістерінің бірлігін колданады. Осы тенденцияның дамуын айқындау үшін, құбылыс пен процестің пайда болуы, олардың өсу жолдарын көрсету қажет. Демек, экономикалық ілімдер тарихи принципті басшылыкка алады. Экономикалық қатынастарды тарихи көзқараспен зерттей отырып, экономикалық ілімдер тарихтың соңынан ілесе алмайды. Себебі, тарих кең жағдайда кездейсоқ факторлар, қым-қиғаш құбылыстар, кері шегіністер мен ілгері озып кетушіліктер іс әрекетіне бой алдырады. Осы кездерде экономикалық ғылымының логикасы көмекке келеді. Сондықтан да экономикалық ілімдер тарихы әдісінің ең маңызды принциптері – зерттеудің тарихи әдісі және логикалық әдістерінің бірлігі болып табылады. Логикалық әдіс – деп жазды Ф.Энгельс, – бұл сол бір тарихи әдіс, тек тарихи дамудың кездейсоғынан басталған. Экономикалық ілімдер тарихы осы тарихи сатыдағы болмысты бейнелейді және «заңға сәйкес, шындықты тарихи процестің өзі беріп отырады».
Графиктік – әр түрлі экономикалық көрсеткіштерге байланысты график арқылы экономикалық жағдайдың өзгеруін бақылау
8.Қаржы жүйесі, мәні, құрылымы. Мемлекеттік бюджет.Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің де экономикалық құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
Қаржы жүйесі мемлекеттің көптеген қаржыландыру институттарын қамтиды. Олар әр түрлі бағыттағы несие институттарымен тығыз байланыс негізінде әрекет жасайды.
Мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.
Ел бюджетінің құрылымы сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты. Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден- мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден тұрады. Федеративтік мемлекеттерде штаттардың, (АҚШ) республикалардың (Ресей) өз бюджеттері болады, соған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.
Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық коньюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы бейнеленеді. Шығыста бюджеттік ассигнациялардың, қаржылардың бағыттары мен қызметтері көрінеді.
Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығысы мынадай бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар, әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады
9.Экономикалық заңдар мен категориялар.Экономикалық заңдар —адам қоғамы дамуының түрлі сатыларындаөндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді. Ерекше заңдар-шаруашылық жүргізудің нақты тарихи формаларының даму заңдары. Жалпы заңдар-барлық тарихи даму кезеңдеріне тән заңдар. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.
Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардың іс-қарекетінен тәуелсіз емес.
Экономикалық зандар мәңгі емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезенде туындап, өзгеріп немесе жойылып кетеді. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық зандарға орын береді. Әрдайым ескеретін жайт - ескі экономикалық заңдар адамдардың еркімен жойылмайды, тек қана жаңа экономикалық құбылыстардың туындауымен өз әрекетін тоқтатады.
Экономикалық категориялар тарихи сипатта болумен қатар, қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды. Экономикалық категориялар-қогамның экономикалық өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы, тауар, құн, ақша, сұраныс, ұсыныс және т.б.