Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы және олардың негізгі ерекшеліктері

Тауарлы өндірістің қалыптасуының жалпы негізі қоғамдық еңбек бөлінісі, осымен б\ты өндірушілер әр қилы өнімдерді өндіруге маманданады. Екінші бір шарты, жекелей өндірушілердің бір бірінен экоеомикалық жағынан оқшаулануы нәт өз еңбектерінің өнімдеріне өздері ие болып рынокқа сатуға шығады. Тауар дегеніміз айырбастау ж\е сату, тұтыну .шін шығарылатын еңбек өнім.Тауар шаруашылығының пайда болуы және себептеріне қоғамдық еңбек бөлінісі, өндірушілердің экономикалық ерекшеленуі, өнімдерді өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы байланыс жасауы, тауарларды сату және сатып алу жатады.Негізінен тауар шаруашылығы құл иеленушілік, феодалдық кезеңдерде де орын алған, бірақ капитализмге дейін оның жалпыға бірдей сипаты болмаған. Тауар тауар өндірісінің қорытынды категориясы, оның «экономикалық клеткасы». Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі оны тауарға айналдыратынжаңа ерекше қасиеттерге ие болады. Бұл өнімнің бағалығы өндіріс үшін емес, басқа адамдар үшін болады басқаша айтсақ, бұл өнім қоғамдық қасиетке ие болады. Тауар болу үшін заттың тек басқалар үшін жасалуы, оның тауар болуына жетімсіз жаідай; осы зат басқаларға өткізілуі керек, оның орны эквиваленттік түрде өтелуі қажет. Басқа адамның қажеттігінқанағаттандвру үшін жасалған сыйлық тауар болмайды. Тауар дегеніміз еңбекпен жасалған қоғамдық бағалылықты иемденген жіне айырбасқа арналған заттар.

Натуралды шаруашылық жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жағдайын сипаттайды. натуралық өндірістің айқын сипатына оның бөлшек түріне сәйкес шаруашылық өмірдің тұйықталуы жатады.Натуралды шар-қ жүргізуде өнім жеке адамның немесе көпшілік біріккен еңбегімен де өндіріле береді. Бірақ, дара еңбек тұйықталған шар-қ шеңберінде, көбінесе, біріккен еңбектің бір бөлігін құрай отырып, қоғамдық еңбек бөлінісінің алғашқы табиғи мәніне негізделеді. Сөйтіп, бірлескен еңбек дами отырып, өзгеріске ұшырайды, басқа жағдайға өтіп, шар-қ жүргізудің жаңа түрінің пайда болуына ебебін тигізеді.Натуралдық нысандағы еңбектің әр қилы түрлері және шар-қ жүргізудің натуралдық типі бір ұғым емес. Біріншісі,қандай болмасын өндірістін табиғи элементі болып табылады. Екіншісі болса тарихи сипатқа ие,өйткені ол адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, өзінің өрлеуінде басымдық жағдайға жетті, кейін анағұрлым жетілген нысандарға орын беріп, құлдырауға түсті. Нат-қ шар-қтағы бөлу, айырбас пен тұтыну жеке жұмыскердің сіңірген еңбегіне байланысты емес.Тарихи тұрғыдан шаруашылық жүргізудің келесі дами түскен нысаны ретінде тауарлы өндіріс пайда болды.Тауарлық қарым-қатынастың негізі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы процестеріндегі байланыс айналым арқылы сату, сатып алу түрінде орнығып,өз ерекшеліктері бойынша оқшауланған өндірушілердің пайда болуына алып келеді.

36.Экономикалық өсу. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.Экон-қ өсу дег-бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі. Экон-қ өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық экон-ң дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың , нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Экон-қ өсу өз құрамына өндіріс нәтижелеріне жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын қосатын, экон-қ даму процесінің бір нысаны болып табылады. Экон-қ өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі табылады. өндіріс пен ұдайы өндіріске талдау жасамай, экон-қ өсуге жету мүмкін емес. Сонымен экон-қ өсу бұл экономика дамуының оң динамикасын сипаттайтын, экон-қ элементтердің даму бағыты. Сонымен қатар экон-қ өсу-бұл номиналды және нақты ЖІӨ-ң өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экон-қ қуатының артуының негізі. Сондықтан экон-қ өсу мемл-ң экон-қ саясатының басты мәселесі болып табылады.экон-қ өсу өндіріс көлемімен сұраныс өсетін экон-ң жағдайымен анықталады және құлдырауға қарсы тұрады. Өсу факторлары-экон-қ өсудің түпкілікті элементтері. Экон-қ өсу факторлары былай бөлінеді: 1.тұрғындар. 2. капитал салу. 3.инновациялар. 4.сыртқы айырбас. Экон-қ өсуге әсер ететін факторлар тікелей(экон-қ өсуге физикалық қабілеттілікті тікелей анықтайды) және жанама(физ-қ қабілеттің асу мүмкіншілігіне әсер етеді) болып бөлінеді. Тікелей факторлардың құрамына бес негізгі фактор кіреді:1. еңбек ресурсының сапасын және санын арттыру. 2.негізгі капитал құрамын сапалы жақсарту және көлемін өсіру. 3. өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру. 4. шаруашылық айналымға тартылатын табиғи ресурстардың санын және сапасын жоғарылату. 5.қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттерді өсіру. Ал жанама фактор құрамына рыноктың монополиялану деңгейін төмендету, өндіріс ресустарына бағаны төмендету, пайдаға салынатын салық мөлшерін азайту, несие алу мүмкіншіліктерін кеңейту сияқты факторлар жатады. Экон-қ өсуді екі негізгі типке бөледі. 1.экстенсивті. 2. интенсивті. Экстенсивті және интенсивті экон-қ өсу типтері экономикада таза күйінде қолданылмайды. өсу факторларын ғылыми техникалық процесс жетістіктерін енгізу негізінде сапалы жетілдіру өндіріс құрал-жабдықтарына н/е жұмыс күшіне инвестиция салуды талап етеді, сондықтан нақты экон-қ өсуге талдау жасау кезінде басымырақ экстенсивті н/е интенсивті өсу қарқыны денп бөлінеді. Қазіргі уақытта экон-қ өсуді нақты ЖҰӨ өсіміндегі үлес салмағына байл екі типтің біріне жатқызады. Егерде нақты ЖҰӨ-ң өсудің интенсивті факторы арқылы алынған үлесі 50%дан жоғары болса, онда экономикада интенсивті өсу типі басым және керісінше.

37.нарықтық баға,оның функциялары.Баға дегеніміз құнның ақшалай формасы.Бағаның қалыптасуына неоклассикалық теория бойынша бірнеше сипаттама беріледі.1.тауарға сұраныс пен рыноктағы ұсыныс әсерінен баға қалыптасады.2.сұраныс тауар тиімділігімен анықталады.3.тиімділік тауардың қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыруын білдіреді.4.тауарды ұсыну оны өндіруге кеткен шығынға байланысты болады.5.өндірс шығындары берілген тауарларды өндіруде жұмсалған ресурстардың шығынын анықтайды.Нарықтық тепе теңдік баға әрбір тауар бойынша артықшылық та,жетіспеушілік те болмайтын баға.Ол сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің теңесуі нәтижесінде қалыптасады.Сұраныс пен ұсыныстың көлемі рыноктағы бәсекелік ортаның әсерінен теңеседі,нәтижеде тепе теңдік баға мен тауар мөлшері анықталады. Баға туралы толық түсінікті алу үшін оның мағынасын тереңдете қарастырумыз қажет. Оны бағаның әр түрлі функцияларынан анықтап көруге болады. Бағаның мағынасын, оның функциясы ашып көрсетсе -мынадай жайды есте ұстауымыз тиіс: баға функциясы ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни, ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз, ақша экономикалық мағынаға ие бола алмайды. Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты көптеген экономистер оның негізгі бес функциясын атап көрсетті:

· Есептік өлшемдік;

· қайта үлестіру;

· Ынталандыру;

· Баланстық н/е теңестіру;

· өндірісті орналастыру.Есепетеу және шығындарды өлшеу функциясын баға, әр түрлі шаруашылық үрдістерін, олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның құндық есепті орындауы бойынша жүргізеді. Баға механизімінің көмегімен экономика секторындағы пайда мөлшері жоғары өндірістерге капиталдың шоғырлануы іс-жүзіне асады. Осыған сәйкес баға өзінің өндірісті орналастыру функциясын жүргізеді.Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы (баланстық), өндірістегі және айналымдағы келісімсіздік жайлардың орнын толтыру есебінен немесе бағаның өзгеруі есебінен жүргізілуі мүмкін.Бағаның ынталандыру функциясының мәндік сипаттамасын төмендегідей сипаттауға болады: Яғни онығ өндіріске әсер етуі ж/е әр түрлі тауарларда пайданың бекітілген деңгейі арқылы тұтынылуы.Ынталандыру функциясы, бағадағы пайда деңгейін теңестіру жолымен бағаға қосымша баға немесе жеңілдіктер беру жолымен жүргізледі.

38. Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері.

Экономиканы мемлекеттік реттеу – мемлекеттің ел экономикасына қатысу формаларын әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді қарастырады, сөйтіп тиімді рыноктық қатынастар қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік реттеудің мақсаты – қазіргі заманғы рынокты қалыптастыру, яғни әр-түрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, дефицитті жою болып табылады.

Мемлекеттік реттеу нысаны- экономиканы реттеуді ұйымдастыру тәсілін, яғни реттеу құралдарының (нормалар, әкімшілік заңдар, стандарттар, ереже, шарттар) жиынтығын білдіреді.

Пайдаланылатын мемлекеттік реттеу нысандарын мынадай топтарға жіктеуге болады:

Заңды-құқықтық реттеу. Экономикалық жүйенің қызмет етуінің жалпы қағидаларын, ұлттық экономикадағы және дүние жүзіндегі өндірістік, әлеуметтік қатынастардың қызмет етуін анықтайтын заңдардың, олардың механизмдерінің жиынтығы.

Қаржы-несиелік реттеу бюджеттік-салықтық және ақшалай-несиелік реттеу нысандарынан құралады.

Әкімшілдік реттеу әкімшілдік-экономикалық және ұйымдастырушылық-әкімшілдік реттеу нысандарына бөлінеді. Бұл реттеу нысаны үкімет шешімдері, бұйрықтары, үкімдерімен байланысты. Әкімшілдік реттеудің негізгі құралдарына нормативтер, қатаң ережелер жүйесі болып табылады.

Тікелей мемлекеттік басқару- жекелеген салаларды, объектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді.

Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Бұл жағдайда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі, фирмалар мен кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық көлікке тапсырыстар береді.

Баға арқылы реттеу. Рыноктық экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, оны өндіріс шығындарынан артық қоюға тыйым салады.

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу. Сыртқы экономика, сыртқы экономикалық байланыстар мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі оның ішкі шаруашылық қызметін жалғастырады.

39. Сұраныс. Сұраныс заңы. Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар. Сұраныс рыноқтың элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Бәсекелі рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі – сұраныс заңы. Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады. Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталынған. Сұраныс функциясы сызықтық функция болғандықтан сұраныс теңдеуі келесідей түрде беріледі: Qd=a-b*РР- баға, Q- өнім көлемі, а және b – сұраныстың бағалық емес факторлары. а мөлшері өзгергенде сұраныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде сұраныстың көлемі қисықтың бойымен қозғалады. Яғни а параметрі бағаға тәуелсіз, ал b бағаның өзгерісінің әсеріне ұшырайды. Сұраныс қисығына әсер ететін бағадан басқа факторлар.1) Тұтынушылардың саны.2) Табыс деңгейі.3) Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы.4) Тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық беруі, мода.Сұраныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар:

1.тұтынушылар талғамыныкң өзгеруі,

2.табыстың өзгеруі.тұрғындардың табысы жоғарылаған уақытта сапалы тауарларға сұраныс өседі ж/е сапасыз тауарларға сұраныс азаяды,

3.нарықтағы сатып алушылардың саны.сатып алушылардың саны көп болған жағдайда сұраныстың көлемі артады.бұл жағдай сатып алушылардың жас шамасына,ұлтына байланысты болады,

4.басқа тауарлар бағасының өзгеруі.егер ұқсас тауарлардың біреуінің бағасы өскен не төмендеген кезде екіншісіне деген сұраныс көбейеді.егер бірін бірін толықтыратын тауарлардың біреуінің бағасы жоғарылаған не төмендеген кезде екіншісіне сұраныс сәйкесінше өзгереді.

40.Несиенің мәні мен формалары. Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары. Несие сөзбе-сөз аудармада сенім деген түсінік береді. Бұны белгілі бір капиталдың басқа бір кәсіпорындағы солардың айналымы деп ж/е сол кәсіпорынмен келісім деп түсінуге болады. Несиелік келісім-бұл төлемі мезгілінен кешіктірілген сатып алу-сату болып табылады. Несие туралы оның мәнін ашып көрсету үшін мынадай жайттарды айту керек:несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы.несие өзінің қозғалысын әр түрлі формада жүргізеді. Несиелік кеңістіктің сипаты бойынша несие халықаралық, мемлекеттік, банктік, коммерциялық, тұтынушылық, кепілдік болады.Коммерциялық несие төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның обьектісі-тауарлық формадағы құралдар. Мақсаты-тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету. Банк несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Кредитор қызметін банк атқарады. Банк несиесі бір жылдық мерзімге дейін берілетін қысқа мерзімдік және одан ұзақ мерзімге берілетін ұзақ мерзімдік болып бөлінеді. Халықаралық несие-бұл ссудалық капиталдың халықаралық экон-қ қатынастың аумағындағы қозғалысы, оның тауарлы н/е ақшалай нысаны болады. Үкімет, банктер, жеке фирмалар несие берушіде, несие алушыда бола алады. Мемлекеттік несие-мемлекет несиені халыққа ж/е жеке бизнеске береді. Бұл несиенің қайнар көзі мемлекеттік займ облигациялары болып табылады. Тұтынушы несие-жоғары поцентте(30%) көбіне анықталған мерзімге(1 жылдан 3 жылға дейін) жеке тұлғаға берілді. Бұл несие мерзімі ұзартылған төлемді тауарды сату түрінде бөлшек дүкендер арқылы н/е банк ссуда беру түрінде беріледі. Кепілдік несие-несие кепілдеме түрінде беріледі, яғни ақша, мүлікпен қамтамасыз етіледі. Бұл несиені банктер жеке тұлғаға қозғалмайтын мүлікті кепіл ретінде алып беріледі. Бұл несиенің қайнар көздері: ипотекалық облигациялар, оны банктер және кәсіпорындар шығарады. Ақша-несие саясаты-бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкон-қ деңгейдегі обьектісі-Ұлттық банк болып табылады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатынң басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету ж/е теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.ақырғы мақсат:1.экон-қ өсу 2. толық жұмысбастылық 3.бағаны тұрақтандыру4.төлем балансын тұрақтандыру. Аралық мақсат: 1.ақша жиыны 2. пайыз мөлшерлемесі 3.айырбас курсы. Қазақстандағы ақша-несие саясатының бүгінгі күні негізгі мақсаты: нақты сектордың қаржылық ресурстардағы қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, тиімді қызмет ететін қаржы жүйесін құру.

41. Бәсеке: мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері. Бәсекелік күрестің түрлеріБәсеке дегеніміз, бір жағынан іс қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономиакалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдай ына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір бірімен күресі. Екінші жақтан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізрудегі және капиталдықолданусферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерпінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс қимыл әдістерінің жүйесі. Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілерінің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады.Артықшылықтары:қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануғамүмкіндіктің болуы; тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез үйлесуге көмектесе алатындығы; тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы; өндірушілерді көп түрлі қажеттіктерді қанағатттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарлатуға мақсаттандырылуы.Кемшіліктері:ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер,теңіз, мухит қоймалары) сақтауға көмектеспейді; қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады; ұжымдық пайдалануға бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді; фундаменталдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қталалық шаруашиылықтың көп элементтерінің дамуына жағтдай жасамайды; еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді; әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ. Нарықтағы жағдайға байланысты бәсеке әр түрлі нысанда көрініс табады. Бәсекенің жетілген және жетілмеген нысандары бар, яғни нарықтық мәмлеге қатысушылардың әрекеттері еркін бәсекеге және монополияға негізделеді. Қазіргі кезде нарық субъектілері аралас нысандағы нарықтық типте әрекет етеді. Өйткені еш бір елде еркін бәсеке де, монополия да таза күйінде қолданылмайды. Жетілген бәсеке өзара ұқсас,көлемі шамалас көптеген тауарлар өндірушілердің арасындағы күрес. Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаса, онда мұндай нарықтық құрылым жетілмеген болып табылады. Қазіргі нарықтық экономикада қолданылатын экономикалық әдістер: бәсекелесті шикізаттардан, өткізу нарығынан, несие алу мүмкіншіліктерінен айыру, патент сатып алу, бағаны өзгерту, жұмыс күші нарығын жаулап алу, жаңа тауар маркалары мен түрлерін шығару. Сонымен қатар, заңсыз әдістерді қолдану арқылы да нарықта үстемдік ету жолдары бар: Жосықсыз бәсеке: бәсекелесі туралы жалған, теріс ақпарат тарату; тауарлардың сапасы, өндірілген жері, өндіру тәсілі туралы ақпараттарды бұрмалау, бәсекелес фирмалардың тауар белгісін, фирма атауы мен маркасын заңсыз пайдалану; қойылған талаптарға сай келмейтін тауарларды жарнамалау; бәсекелестердің тауарларына нұқсан келетін дәйексіз салыстыруларды пайдалану; құпия ғылыми техникалық, өндірістік, т.б. ақпараттарды жария ету. Барлық елдерде бәсекелік күрестің бағалық және бағалық емес түрлері қолданылады. Бәсекелік күрестің бағалық түрі:өз тауарына монопольды жоғары немесе монопольды төмен бағаны қояды және бағалық алалау түрін пайдаланады.Бәсекелік күрестің бағалық емес түрі екі топеқа бөлінеді: өнім бойынша бәсеке; сату жағдайлары бойынша бәсеке. Өнім бойынша бәсекеде тауарлардың жаңа сұрыптамасын арттыру және сол бағада сапалы тауар сату жолымен нарықтағы бәсекелестерінің үлесін жаулап алу көзделеді. Мысалы, АҚШта ұнның он мың сорты, консервіленген жүгерінің төрт мыңнан аса түрі бір мезгілде сатылады. Сату жағдайлары бойынша бәсеке кезінде тұтынушыларды тартудың көптеген жолдары қолданылады. Оның ішінде: жарнама жасау, сервистік қызмет көрсету, тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер беру және т.б.

Наши рекомендации