Жыл аяғындағы активтер немесе пассивтер балансы
Активтер | Міндеттемелер және меншік капитал |
1.Қаржылық емес 2. Қаржылық | 2.1.Қаржылық 2.2.меншік капиталының таза құны(1.1.+1.2.-2.1.) |
Активтер мен пассивтер балансы көрсеткіші бойынша экономика секторнының «меншік капиталының таза құны» есептеледі. Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер ішкі экономика секторлары арасында өзара өктеледі. Сонымен , ҰШЖ барлық экономика секторларының меншік капиталына таза құнының жиынтығына еліміздің ұлттық байлығын немесе ұлттық капиталын құрайды.
Елдің ұлттық байлығы Осы елдің резиденттерінің Қалған елдердің
немесе меншік қаржылық емес активтерінің талаптарына арналған
капиталаның = құны + қаржылық таза құн
таза құны
Таза құн – бұл меншік капиталының жинақталған тозу сомасын шегергендегі ағымдағы құн.
Қалған елдердің Осы елдің Осы елдің резиденттерінің
талаптарына резиденттерінің қалған әлемге арналған шетелдік
арналған қаржылық = шетелдік қаржылық + қаржылық міндеттемелерінің
таза құн активтерінің құны шетелдік құны
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі ұлттық байлықты, бұрынғы әдіс бойынша, қоғам еңбегімен жасалған , жинақталған материалдық игіліктер ретінде санайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық байлық элементтері экономикалық мақсатқа сәйкес мынадай топтарға бөлінеді: негізгі капитал, материалдық емес активтер, тауарлы материалды қосалқы қорлар.
Ағымдағы бағада жиналған мемлекеттік ұлттық байлығы материалдық, табиғи ресрстарға жыл аяғында келген институционалдық бірліктердің ақша шығынын көрсетеді. Құрылымның үлес салмағы жалпы қорытындыдағы ұлттық байлықтың құрамдас бөлігі ретінде есептеледі және ұлттық байлықтың құрамын көрсетеді. Ұлттық байлықтың құрылымдық теңдігі базистік және есептеу кезеңдеріндегі өтіп жатқан өзгерістерді көрсетеді. Ұлттық байлықтың динамикасының нақты көлемін суреттеу үшін тұрақты бағада оның элементтерінің бағалануы қолданылады немесе индекс көмегімен қайта санау жүргізіледі, индекстің көмегімен есептеледі:
I= ∑pq / ∑pq= ∑pq/ i /pq
мұндағы:
I - ұлттық байлықтың физикалық көлемінің индексі.
∑pq- есептеу кезеңдегі тұрақты бағада есептегенде реалды ұлттық байлықтың көлемі;
∑pq – базистік кезеңдегі ұлттық байлық;
∑pq – есептік кезеңдегі ұлттық байлық;
i– ұлттық байлықты құрайтын элементтердің жеке индекстері.
Негізгі капиталдың бар болуы, күйі және қозғалысының статистикасы
Негізгі капитал – ол өндіріс процесінде жиі немесе үздіксіз пайдаланылатын , пайдалану ұзақтығы бір жылдан жоғары және өз құнын дайын өнімге амортизация түрінде бөліп сіңіретін қаржылық емес экономикалық активтер. Негізгі активтер материалдық және материалдық емес болып бөлінеді. Олардың құрамы келесі кестеде көрсетілген.
Негізгі капиталдың статистикалық міндеттері:
1. Ақпараттарды жинау және негізгі капиталдың көлемін анықтау;
2. негізгі капиталдың құрылымын анықтау
3. негізгі капиталды бағалау, қайта бағалау
4. негізгі капиталды пайдаланудың және қозғалысының күйінің бар болуының статистикалық талдауы.
Негізгі капиталды сыныптау
Негізгі капитал | |
1. Материалдық | 2. Материалдық емес |
1.1.Үйлер мен ғимараттар Олардың ішінде: - тұрғын үйлер - басқа үйлер мен ғимараттар. 1.2. Машиналар мен жабдықтар Олардың ішінде: - көліктер - басқа машиналар мен жабдықтар. 1.3. Өңделетін биологиялық активтер. Олардың ішінде: - көп жылдық екпе ағаштар - ересек жұмысшы және өнім беретін мал - балық өсірушілік - омарташылық, бал арасын өсіру, және | 2.1.Бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстары 2.2. Электрондық есептеу машиналары және компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз ету. 2.3. Әдеби және көркем шығармалардың түпнұсқалары 2.4. Ғылымды қажет ететін өнеркәсіптік технологиялар. |
Статистикада негізгі капиталды мына белгілері бойынша топтастырады:
а) кәсіпорындардың меншігінің формасы
ә) экономика саласы
б) аймақ
Негізгі капитал туралы статистикалық ақпараттың алғашқы көзі – баланс.
Негізгі капиталдың статистикалық баланстары микродеңгейдегі, макродеңгейдегі, толық бастапқы және қалдықтық құнынан құралады.