Азақстан қола дәуірінде (Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеті).

Қазақстан аумағындағы ерте дәуір: қола (б.з.б. ХVІІІ - ІХ ғғ.) және темір (б.з.б. VІІІ - б.з. V ғғ.).Қола дәуіріндегі Андронов мәдениеті.Металл балқытуымен адамзат өз дамуында келесі кезеңге өтті. Бұл кезеңнің негізгі материалы мыс пен қалайының қоспасы болғандықтан археологтар оны қола ғасыры деп атады. Қоладан әртүрлі еңбек құралдары жасалды – орақ, кетпен, әшекейлер т.б. құралдар. Қола ғасырының өзіне тән ерекшелігі – металлургия мен дамыған жер және мал шаруашылығының кешенді дамуы.

Өнімді мал шаруашылығына көшу ілгері басқан құбылыс болды. Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дами бастады. Қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен егіншілік бірін-бірі толтырып, өзара байланысты болды.

Егіншілік өзінің сипаты жағынан қарапайым болып қала берді және мал өсірумен салыстырғанда көмекші рөл атқарды, бірақ ол тамақ өнімдерін алудың маңызды көзі болды.Қола дәуірінде аң және балық аулау өзінің бұрынғы маңызынан айырылды. Жабайы жануарлардың сүйектерінің үлесі алдыңғы қола дәуірінің қоныстарында 3,6%, соңғы қола дәуірінде 1% -ке дейін болды.

Әдетте, қоныстар өзен жағасында, көл маңында орналасты. Жартылай жертөлелердің негізгі үш түрін атап өтеуге болады, олар: тік бұрышты, сопақ және сегіздік тәрізді, бәрінің шаршы метрден 300-400 шаршы метрге дейін жетіп отырды. Қоныстарға жақын жерде рулық зираттар орналасты.

Діни нанымдар мен табынушылықтар. Қола дәуіріндегі тайпалардың тұрмысы мен әл-әуқаты түгелдей табиғат деп білді. Бұл ең алдымен күн, от, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі болды. Күн мен от жылының біреуі – мұның бәрі қайырымды, құдіретті рухтармен байланыстырылды.

Қола дәуіріндегі тайпалар отқа табынған, мұны сол дәуірде кең таралған өлікті өртеу ғұрпы көрсетеді. Ежелгі адамдардың ұғымынша, ол денені жамандықтардан тазартады және өлген адамды зұлым рухтардан қорғайды. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде шаруашылықтың жаңа түрі көшпелі мал шаруашылығының дамуына байланысты күнге табынумен бірдей ай мен жұлдыздарға табыну пайда болды, өйткені көшпелілер түнде көшкенде соларға қарап бағыт ұстайтын болды.

Қазіргі уақытта Орталық Қазақстанда қола дәуірінің 50-ге жуық қонысы мен 150 ірі қорымы табылды. Қазба ісі 40 қорым мен 10 қонысты жүргізілді.

Орталық Қазақстанға Андронов мәдениеті тайпалары өз дамуында бірінен соң келетін екі кезеңнен өтті, алдыңғысы – Нұра кезеңі, ортаңғысы – Атасу кезеңі. Соңғы қола дәуірінде (б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ.) олар Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары, көрнекті Дәндібай-Беғазы мәдениетін құрды.

Дәндібай – Беғазы заманындағы (б.з.б. Х-ҮІІІ ғғ.) тайпалар мәдениеттік дамуы бірінен кейін бірі келетін үш кезеңге: өтпелі, дамыған және соңғы кезеңдерге бөлінеді.

Атасу заманынан Дәндібай-Беғазы заманына дейінгі өтпелі кезең Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған көптеген ескерткіштермен сиппатталады. Беғазыдағы бай кесенелердің көңіл қоярлық ерекшеліктердің бірі – діни ғұрыптың заттарды қою үшін және құрбан шалу үшін арнайы істелген мехрап орны.

Сұрақтар:

1. Ежелгі дәуірдегі алғашқы әлеуметтік бірлестіктер ұзақ жылдар бойы қалыптасқан.

Осы әлеуметтік бірлестіктердің негізгі түрлеріне сипаттама беріңіз.

2. Қазақстан жеріндегі Андронов мәдениетіне сипаттама беріңіз (кезеңдері,

археологиялық ескерткіштері).

Негізгі әдебиеттер:

1.Қазақстан тарихы / Көне заманнан бүгінге дейін. – 5 томдық. 1 том. Алматы,1996.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

3. Ч. Мусин. Қазақстан тарихы. Алматы, 2008.

4Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана. А., 1979.

5Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К. Археология Казахстана. А ., 2005.

6Кадырбаев М.К., Курманкулов Ж.К. Культура древних скотоводов и металлургов

Сары-Арки. А., 1992.

7.Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. А., 1979.

8.Маргулан А.Х., Акишев К.А., Қадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура

Центрального Казахстана.- Алма-Ата, 1966.

9.С. Наскальные изображения верхнего Прииртышья. А., 1992.

Қосымша әдебиеттер:

1. Абдакимов А. История Казахстана. Учебное пособие. –Алматы, 1997.

2. Абилев А.К., Евдокимов В.В. Казахстан в древности. Учебное пособие. – Караганда, 1991.

3. Авеста: Избранные гимны / Пер. И.М. Стеблина-Каменского. ­­­­­­– Душанбе, 1990.

4. Деревянко А.П., Петрин В.Т., Таймагамбетов Ж.К. и др. Палеолит Семизбугу. – Новосибирск, 1993.

5. Зданович Г.Б. Феномен протоцивилизации бронзового века Урало-Казахстанских степей. Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций. А., 1989.

6. Кадырбаев М.К., Марьяшев А.Н. Наскальные рисунки хребта Каратау. А., 1992.

7. Кривцова-Гракова О.А. Алексеевское поселение и могильник // Труды Гос. историч. Музея. Том XVIII. М., 1948.

8. Максимова А.Г. Могильник эпохи бронзы Каракудук // Труды ИИАЭ АН Каз ССР. 12-том, 72-86 бб. А., 1961.

9. Массон В.М. Первые цивилизации. Л., 1989.

10. Медоев А.Г. Геохронология палеолита Казахстана. А., 1982.

11. Сорокин В.С. Могильник бронзовой эпохи Тасты-Бутак І в Западном Казахстане // Материалы и исследования по археологии. № 120. М., 1962.

12. Средняя Азия в эпоху камня и бронзы. Л., 1966.

Наши рекомендации