Көлік өнімдерінің өзіндік құны ұғымы
Өзіндікқұн кәпісорын көлік бірлігінің өнімін шығару үшін шығандарының ақшалай түрдегі көрінісі.
Көлік кәсіпорны жұмысының басты экономикалық көрсеткіші пайда болып табылады. Демек, пайда тасымалдаудың өзіндік құнынан тікелей байланысты, көлік қызметкерлерінің маңызды міндеттерінің бірі болып өзіндік құнды төмендету және жинақтаудың резервті қорын ұлғайту болып табылады.
Автомобиль көлігінің қозғалмалы құрамын ұстауға кеткен шығындар экономикалық сипатына қарай (олардың нысаналы мақсатына байланыссыз) екі топқа бөлінеді: жанды және заттанған еңбекті өтеуге кеткен шығындар.
Көлік өнімінің өзіндік құнын қалыптастыру кезінде шығындар тура не жанама түрде болады, сондықтан олар тура және жанама болып бөлінеді.
Тура шығындарға көлік өнімі бірлігінің өзіндік құнына тікелей енгізілуі мүмкін шығындар: жүргізушілердің еңбекақысы, автокөлікке арналған жанар-жағар май және майлау материалдары, техникалық қызмет көрсету және қозғалмалы құрам бөлігін жөндеу, автокөлік дөңгелектері, қозғалмалы құрамының амортизациясы жатады.
Жанама шығындарға өнімдердің жекелеген түрлерінің өзіндік құнына жатпайтын және олар арасында жанама түрде үлестірілетін жалпы шаруашылық шығындар жатады. Сонымен бірге, өндірістік ғимараттарды ұстауға (жылыту, жарықтандыру, амортизация), көмекші жұмысшылар мен әкімшілік-басшылық персоналға жалақы төлеуге кететін шығындар жатады. АКӨ осы шығындары кәсіпорынның техникалық жабдықталуы, қуаттылығы және тағайындалымының деңгейінен байланысты болады. Жалпы шаруашылық шығындар сметаға және 1 автокөлік-күн және 1 автокөлік- жұмыс сағатына қатысты тасымалдаудың өзіндік құнын есептеу кезінде бір жылға жоспарланады.
Автомобиль көлігінің өнімін өзіндік құнын анықтау барысында көлік өнімінің бірлігіне (1 т-км, 1 жолаушы-км немесе 1 км ақылы қашықтық) тура да, жанама да шығындарды тікелей жатқызу қиынға соғады. Ауыспалы шығындарға автомобильдің жалпы жол жүрісінің өзгеруіне байланысты шығындар жатады. Бұл жанармайға, майлау материалдарына, автомобилді жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге, қозғалмалы бөліктер бойынша амортизациялық есптеулер және т.б. кеткен шығындар. Олар, негізінен, автомобильдің жүрген жолынан байланысты болады және 1 км жүрген жолға есептеледі.
Жүріс қашықтығының, жол, климаттық жағдайлардың және пайдалану көрсеткіштерінің өзгеруі 1 км жол жүріске қарастырылған нақты және жоспарлы ауыспалы шығындарыдың көлеміне әсер етеді.
Ауыспалы шығандарға шартты түрде автомобилдің жол жүрісіне қатысты емес кейбір шығындарды жатқызады, мысалы, жанармай шығындарының ішкі гаражына кеткен шығындар, күнделікті қызмет көрсету, ысатын материалдар, автомобильді жөндеуге кеткен шығындардың бір бөлігі (бояуға кеткен шығындар) және т.б. Демек, есептелген шығындардың абсолютті көлемі көп емес, оларды ауыспалы шығындардың тиісті бабына енгізу АКТ-дағы жоспарлы жұмыстарды жүргізуді жеңілдетеді.
Автомобиль көлігінің тұрақты шығындарына автокөліктің жалпы жол жүруінен байланыссыз шығындар жатады. Олар 1 автокөлік-күн немесе 1 автокөлік- жұмыс сағатына жоспарланады. Осы үстеме шығындар мен есептеулері бар жұмысшылардың жалақысы. Еңбекке ақы төлеудің жүйесіндегі жүк автомобильдері жүргізушілерінің жалақысы шартты түрде тұрақты шығындарға енгізіледі, себебі оның көлемі жүкті тасымалдау қашықтығынан, яғни автомобильдің жүрген жолынан, сонымен қатар техникалық жылдамдықтан, автомобильдің жүті арту-жүкті түсіруден, жүрген жол мен жүк көтерімділікті пайдалану коэффицентінен байланысты болады (осы көрсеткіштер жақсарған жағдайда жалақы көтеріледі, төмендегенде-төмендейді).
Көлік өнімі бірлігінің өзіндік құны (1 т-км, 1 жолаушы-км, 1 км ақылы жол жүру және т.б.) белгі уақыт кезеңіде өндірілген өнім ( тонна-километр, жолаушы-километр, ақылы жол жүру километрлер және т.б.) санына кеткен шығындарды жалпы сомасын бөлімен анықталады.
Көлік өнімінің бірлігіне кеткен шығындарды анықтауды өзіндік құн калькуляциясы деп аталады. Автомобиль көлігінің жұмысын жоспарлау барысында - жоспарлы, есептік кезең қортындыларын жасаған кезде есептік калькуляция жасалады. Өзіндік құн жүк автомобильдеріне 10 т-км немесе 10 автомобиль-сағатқа есептеледі, автобустық тасымалдау - 10 жолаушы-км, такомоторлыларға – 10 км ақылы жол жүрісіне.
Тасымалдаудың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде автомобиль көлігінен жұмсалаған барлық шығындар олардың тағайындалымына байланысты баптар бойынша топтастырылады.
«Әлеуметтік сақтандыруы бар кәсіпорын персоналның негізгі және қосымша жалақсы» бабында: негізгі жалақы (кәсіпорынның барлық жұмысшыларының), жалақыларға үстемеақылар, қосымша төлемдер, сыйақылар; қосымша жалақылар, жалақыға есептелген қаражат кіреді. Осы бапқа жанармай, дөңгелек пен автомобиль жол жүрісінің жөндеу аралық жұмыстарды асыра орындаудан үнемдеі үшін сыйақылар енгізілмейді. Олар «Автомобильдер жанармайы», «Тозуды қалпына келтіру және дөңгелектерді жөндеу» және т.б. баптары бойынша есептеледі.
«Автомобильдер жанармайы» шығындар бабына осы АКТ автомобильді пайдалану кезінде қолданылатын жанармайдың барлық түрлерінің құны енеді: бензин, дизельді жанармай және т.б. жұмсалатын жанармайдың мөлшері пайдаланудың ерекше жағдайларына үстемелердің есебімен қолданыстағы шығын мөлшерін , көлік жұмысының мөлшерін негізге ала отырып анықталады. Жанармайдың қолданыстағы бағасының негізінде осы бап бойынша шығындардың жалпы сомасы анықталады.
Бұған сақтау және беру орындарына отынның жеткiзілуi бойынша шығындарын кіргізеді. «Майлаушы және қалған қолдану кезiндегi материалдар» бабы бойынша шығындарды материалдардың әрбiр түрi және олардың құны бойынша шығындардың қазiргi нормаларына сүйене отырып есептелінеді (бапқа станоктық және басқа да АКК жабдықтары үшiн майлаушы материалдар қосылмайды). «Жылжымалы құрамның техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеуi» бабы бойынша ЕО, ТО-1, ТО-2 және ТР орындауға шығындарды жоспарлайды, (автокөлiктердiң, тiркеу және агрегаттардың толық жөндеуін амортизация фонды қорларының қаржысы арқасында орындайды). Осы шығындар бабына материалдардың және автокөлiктердің қосалқы бөлшектері құны кiредi.
ТҚ шығындар және жөндеу жұмысы автокөліктердің жоспарлы жүрісі негізінде және әр техникалық әсердің 1000 км жүрісінің түрі бойынша шығындардың бекітілген нормалары бойынша есептеледі. Нормалар пайдаланудың шарттарының II дәрежесi үшiн орнатылған. I дәреже шарттарында жұмыс iстегенде 0,84-шi коэффициент қолданылады, ал III дәреже шарттарында - 1, 25. Барлық есептеулер автокөліктердің тозушылық дәрежелері бойынша парктерге бөлу маркаларымен және типтері бойынша орындайды. Осылай, бірінші толық жөндеуге дейінгі орнатылғанның жартысынан аз жүрісі бар автокөліктер үшін ағымдағы жөндеу жұмысына деген шығындар нормалары 50%-ға төмендейдi.
Бір тіркемесі бар борттық автокөліктер үшін шығындар нормасы 15%-ға, екі тіркемесі бар борттық автокөліктер және бір тіркемесі бар өзіаударғыш-автокөліктер үшін 20%-ға, екі тіркемесі бар өзіаударғыш-автокөліктер үшін 25%-ға ұлғаяды.
Шығындардың жоспарлы соммаларын егжей-тегжейлі талдау керек. Сонымен қатар, техникалық қызмет көрсету міндетті болып танылады, ал ағымдағы жөндеу жұмыстары қажеттілік бойынша өткізіледі. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына есептелген шығындар алдағы кезеңдердің деректері есептемелерімен қатар қояды және олардың төмендеу мүмкіндігін анықтайды.
«Автокөлік шиналарының жөндеу жұмыстары және тозушылықты қалыпқа келтіру» бабы бойынша шығындар автокөліктер жүрісі және қалыпқа келтіру шығындары нормативтері және автокөлік шиналарының бір комплектісінің прейскуранттық бағасынан пайыздық 1000 км жүрісі жөндеу жұмысына негізделіп анықталады. Шиналарды шина жөндеу зауыттарында жөндеу кезінде шығындарға шина жөндеу зауыттарының немесе шеберханалардың есептер сомаларын қосады. АКК-да шиналарды жөндеу кезінде шығындарға берілген бап бойынша жөндеу жұмысының бағасы кіреді.
«Қозғалмалы бөлік амортизациясы» бабына қозғалмалы бөлікті толық қалыпқа келтіру үшін арналған АКК-ның төлем есебіне аударылатын амортизациялық төлемдер кіреді. Олардың сомаларын 3.2 бөлімінде берілген нормаларға сәйкес анықтайды.
Жалпы шаруашылық шығындар қозғалмалы бөліктің типінен, қуатынан, АКК-ның техникалық қамтамасыз етілуінен тәуелді. Автокөліктер санының өсуімен жалпы шаруашылық шығындар ұлғаяды, бірақ автокөліктер санына қарағанда аз дәрежеде. Автокөліктердің жүккөтергіштігінің өсуімен шығындардың жалпы қосындысы өседі, өйткені, өндірістік бөлмелердің, тұрақтардың ауданы ұлғаяды және т.б., бірақ коліктік өнімнің бірлігіне шаққан жалпы шаруашылық шығындар қосындысы парктың өнімділігінің өсуі арқасында төмендейді.
«Жалпы шаруашылық шығындар» бабына электроэнергия, жылу энергиясының құнын, жерді қолдану төлемін; бірлестіктерді, концерндерді, келісім шарттар және жарғылар бойынша ассоциацияларды ұстау құнын; негізгі және пассивті фондтар бойынша толық қалыпқа келтіру амортизациясын; суға, медициналық сақтандыруға және мұлікті сақтандыруға, қоршаған орта ластануына, шаруашылық техқызмет көрсету автокөліктерін ұстау үшін төлемді; қысқа мерзімді несие үшін пайыз бойынша төлемді; автокөлік жолдарының тұтынушыларына, көліктік құралдар иелерінен, автокөліктік құралдарды иеленуге, көліктік салықтарды енгізеді.
Жалпы шаруашылық шығындар тасымалдау түрлері бойынша тағайындалады: жүктік, автобустық, жеңіл. АКК-ның араласына оларды автокөлік-күндеріне пропорционалды тағайындайды (жүк автокөліктері, автобустар, жеңіл автокөліктер). Бұл бөлу шартты түрде ғана және тасымалдар түрлері бойынша жүкқағаз шығындарының нақты тағайындалуына сәйкес келмейді, өйткені қозғалмалы бөліктің жүккөтергіштігін, жолдағы жұмыс уақытын және т.б. ескермейді. Мүмкін кейбір шығындарды тасымалдаудың белгілі түріне апару, мысалға, автобустық станцияларды ұстау шығындарын, автобустық тасымалдарға апару дұрыс. Оыдан кейін қалған жалпы шаруашылық шығындарды жоғарыда көрсетілгендей тағайындайды.
АКК шығындарына автокөлік жолдарын жөндеу және тозушылықты қалыпқа келтіру шығындары кірмейді. Бұл мақсаттарға автокөлiк кәсiпорындардың тасымалдаудағы жалпы табыстарының 2 % сомасының өлшемiндегi мақсаттық бөлiп шығарулары жүредi. АКК шығындарына көп жағдайда жүк жіберушілер және жүк қабылдаушылармен жүзеге асатын жүк тиеу жұмыстарына деген шығындар кірмейді. Жүк-тиеу жұмыстарының шығындар шамасы бұл жұмыстарды механизациялау дәрежесіне, олардың көлеміне және басқа техникалық және ұйымдастырушылық факторларға тәуелді қатты ауытқиды. Жүк-тиеу жұмыстарына шығындар үлесі жалпы автокөлік тасымалының өзіндік құнынан жүк түріне, тасымалдау алшақтығына, автокөліктің жүккөтергіштігіне және басқа да эксплуатациялық факторларға тәуелді қатты өзгереді. Әсіресе ол тасымалдаудың қысқа қашықтығына және жүк-тиеу жұмыстарын орындаудың қолдық тәсілі кезінде үлкен болады. АКК-мен орындалатын жүктердi жiберуге және жүк-тиеу жұмыстарына шығындар сметасы бөлек жасалады.
Әр бап бойынша шығындар есептелген соң, автокөліктік тасымалдардың өзіндік құнын белгілі уақыт периодында автокөлік паркін ұстау бойынша шығындар қосындысын ΣS сол уақытта орындалған көліктік жұмысқа ΣP бөлумен анықтайды:
АКК жүк коліктер үшін, р/тּкм,
С = ΣS/ΣРкּкм,
АКК жолаужылар үшін, р/жолаушы-км,
С = ΣS/ΣРжлауш-км.
1 сағат деп төлем уақыт периодын алып, көліктік жұмысты орындауға кеткен шығындардың жалпы қосындысын табуға болады (жолды пайдалану және жүк-тиеу жұмыстары шығындарысыз):
ΣS = Sалғ + Sтұр,
мұндағы, - 1 сағат жұмысқа сәйкес тұрақты және ауыспалы шығын
есептерінің қосындысы.
1 сағаттағы жұмыстың ауыспалы шығын есебі:
мұндағы, -1км жүрістегі ауыспалы шығын қосындысы;
– жұмсалатын жылдамдық.
Алынған формуланың мағынасын қойсақ, транспорттық жұмыстың шығынын анықтайды:
Онда АҚК жүк тасу үшін автомобиль тасудың өзіндік құнына тең:
Ал АҚК жолаушылардың:
Такси өнеркәсібіі үшін 1 км жүру ақысының өзіндік құны 1с 1 автомобилдің төленген жай тұрысы 1км жүрісте төленетін өзіндік құны:
1 сағаттағы жүрудің сандық мағынасы жұмсалатын жылдамдыққа тең. Онда
1 сағатта төленетін жай тұрыс:
– жай тұрысқа төленетін сағат
Жай тұрыс кезіндегі ауыспалы шығын 0 тең болатынын ескерсек, және 1с тең, онда 1 сағатта төленетін жай тұрыс тұрақты шығын қосындысына тең, яғни
Жұмыс кезінде 1с жүк тасушы және жеңіл автомобильдердің 1 км жүрісі 1км жүріспен анықталады:
Аралас АҚК-да жүк тасудың әр түрінен өзіндік құн есебі 1км төлем жүрісімен анықталады.