Концепцияның орындалу механизмі

28 желтоқсан 2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық бірегейлікті және бірлігін нығайту және дамыту тұжырымдамасын мақұлдады. Тұжырымдаманың мақсаты«Мәңгілік Ел» азаматтығы және ұлттық патриоттық идеялар мен құндылықтар қағидатына негізделген және қазақстандықтардың жеке басын және бірлігін нығайту және дамыту болып табылады.

Осы Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлеу қажеттілігі «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарыныңболашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі «Бірегейлік пен бірлік» атты төртінші бағытының міндеттерімен негізделген.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тіл туралы», «Мәдениет туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру тұжырымдамасына, Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасына, ҚХА-ның даму тұжырымдамасына негізделеді. Тұжырымдама мынадай басты қағидаттарға негізделеді:

1) негізгі бағыт – ел Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы;

2) «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының біріктіруші құндылықтары – азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге құрмет, зайырлы ел;

3) қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы – мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар;

4) қазақстандық бірегейлік пен бірлік – ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын процесс. Ол әрбір азаматтың этностық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруына негізделеді. Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды: «Біздің бір ғана атамекеніміз, бір ғана Отанымыз бар – ол Тәуелсіз Қазақстан». Бұл таңдаудың мәнін ұғыну – бірігудің басты негізі.

Тұжырымдаманы әзірлеу барысында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымның ұсыныстары ескерілді. Тұжырымдама Қазақстанның барлық өңірлерінде талқыланды.

Тұжырымдама қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, басқарушылық шаралар жүйесін қабылдауға негіз болады.

Тұжырымдаманың негізгі міндеттері:

1) азаматтық қағидаттарында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту жөнінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының бірыңғай жұмыс жүйесін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтары негізінде жаңа қазақстандық патриотизмді құру;

2) ел дамуының стратегиялық мақсаттары төңірегіне топтасқан, қазақстандық бірегейлік пен бірлік қағидаттарында тәрбиеленген «Мәңгілік Ел» жаңа қазақстандық патриотизм ұрпағын қалыптастыру;

3) еңбек және кәсіпқойлар қоғамын қалыптастыру, онда отбасы, достық, бірлік, сондай-ақ еңбексүйгіштік, адалдық, оқығандық пен білімділік, үштілділік сияқты құндылықтар дәріптеледі;

4) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тарихи ескерткіштер мен халықтың рухани-мәдени мұраларын нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан қоғамының рухани бірлігі қағидаттарына негізделген мемлекеттің зайырлы сипатын дамыту жөніндегі шараларға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыруы;

Сонымен қатар монитоинг, есептілік және орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының тұжырымдама шараларын жүзеге асыру бойынша қызметін бақылау механизмін құру, сонымен қатар біртұтас болашақ ұлтын қалыптастыру басымдықтары бекітілген тұжырымдаманың негізгі міндеттері болып табылады.

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту жөніндегі бүкіл жұмыс ҚХА аясында және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы төңірегінде мына бағыттар бойынша жүргізілетін болады:

- азаматтық қағидат негізіндегі бірегейлік.

- ұлттың тәуелсіздік жылдарындағы тәжірибесін көрсететін құндылықтар жүйесі – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын ілгерілету;

- үштұғырлы тіл;

- «Мәңгілік Ел» ұрпағын өрбіту.

Тұжырымдама әлеуметтік институттардың, мемлекеттік басқару органдарының, үкіметтік емес сектордың, бизнес құрылымдарының және ел азаматтарының жүйелі, жоғарыдан төмен және бір деңгейдегі өзара байланысы қағидаттарына негізделіп іске асырылады.

Тұжырымдаманы жүзеге асыруды екі кезеңге бөледі:

Сонымен 2015 – 2020 жылдарға мыналар енеді:

1) ҚХА туралы заңнаманы жетілдіру;

2) елдегі қоғамдық келісім кеңестерінің жүйелерін одан әрі дамыту;

3) ҚХА медиация жүйесін және ҚХА қайырымдылық жүйесін қалыптастыру;

4) қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыру;заңнаманы жаңғырту және ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдаудың жаңа нысандарын (гранттар мен сыйлықтар) енгізу.

2. 2021 – 2025 жылдар:

1) білім беру жүйесін үш тілге көшіруді аяқтау;

2) ҮЕҰ-ның жергілікті басқаруға қатысуын кеңейту;

3) елде қоғамдық бақылау жүйесін қалыптастыруды жетілдіру;

4) «Мәңгілік Ел» құндылықтарын қоғам мәдениетінің негізі ретінде бекіту;

5) жаңа қазақстандық патриотизмді нығайту үшін жағдайлар жасау;

6) өскелең ұрпақтың бірегейлігі және оларды әлеуметтендіру саласының тетіктері мен инфрақұрылымын дамыту және нығайту.

Тұжырымдаманы жүзеге асырудың басты нәтижесі қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті одан әрі нығайту, Қазақстанның әлемдегі 30 анағұрлым дамыған мемлекеттерінің қатарына табысты енуі үшін Біртұтас болашақ ұлтын қалыптастыру болып табылады.

Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін жұмыс мынадай бағыттарда іске асырылатын болады.

1. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтарын қоғамдық сана мен мәдениетте, мемлекеттік басқару, білім және тәрбие беру жүйелерінде орнықтыруды қамтамасыз ету.

2. «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы.

Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуға, болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік, ақпараттық және ғылыми жобалар кешенін іске асыру.

Басым жобалар: «Ұрпақ+» балалар мен жасөспірімдердің мәдени ағарту жобасы; жалпыұлттық мерекелер күнтізбесін түзу; мемлекеттік рәміздерді пайдалану жүйесін жаңғырту; мәдени-туристік кластерлер мен этноауылдарды қалыптастыру жөнінде жекелеген өңірлердің табысты тәжірибесін одан әрі тарату; ҚХА қолдауымен қайырымдылық пен медиацияны, сондай-ақ, қоғамдық бақылау институттары ретінде ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерін дамыту; ҚХА-ны дамытудың жаңа тұжырымдамасы.

Қайырымдылық қызметтің және қоғамдық бақылау мен медиация тетіктерін үйлестіруші болатын ҚХА-ны дамытудың жаңа бағыты жобаны іске асырунәтижесі болмақ.

3. «Менің елім» жалпыұлттық жобасы.

Қазақстан Республикасының мәдениет саясатының, оның ішінде әдебиет, театр, музыка, хореография, орындаушылық және цирк өнері саласындағы саясаты тұжырымдамасын жаңғырту көзделеді. 2025 жылға дейінгі дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға басым назар аударылатын болады.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен жұмыстың жаңа форматын енгізу көзделеді.

Қазақстан Республикасында ҮЕҰ-ны дамытудың жалпыұлттық жоспары қоғамды әлеуметтік жаңғырту шеңберінде мемлекет пен ҮЕҰ өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпыұлттық және өңірлік брендтерді қалыптастыру мен ілгерілету Қазақстанды әлемнің тануына, танымалдығының артуына ықпал ететін болады.

Кең ауқымды «Қазақстан энциклопедиясы» интернет жобасы елдік анықтамалық және виртуалды қарым-қатынас алаңына айналады.

Қазақстанның жетекші музейлері жұмысының форматын жаңғырту оларды қоғамдағы әлеуметтік оқиғалар орталығына айналдыруға мүмкіндік береді.

4. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ілгерілету жөніндегі жалпыұлттық жоба.

Жаһандық бәсекелестік жағдайындағы еңбек – әлеуметтік әл-ауқатқа қол жеткізудің басты факторы.

Қазақстандықтардың жетістіктерінің тарихын ілгерілетуге және Еңбек адамының беделін арттыруға бағытталған арнайы жобалар іске асырылатын болады.

5. «Нұрлы болашақ» жалпыұлттық жобасы.

Жобаның басты мақсаты – 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру аясында мемлекет құрудың жаңа кезеңінде жастарды табысты түрде әлеуметтендіру және патриоттық тәрбиені жетілдіру.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын оқу бағдарламаларына енгізу жас ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Үш тілде білім беруді енгізу мақсатында арнайы Жол картасы іске асырылатын болады, 2020 жылға дейінгі тілдерді қолдану мен дамыту, білім мен ғылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жаңғыртылды, сондай-ақ, үш тілде білім беруді ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шаралар жоспары іске асырылды. Қазақстандық құндылықтарды зерттеу жөніндегі жалпыұлттық орталық құрылатын болады.

6. Болашағы біртұтас ұлтты ілгерілету жөніндегі жалпыұлттық ақпараттық жоба.

Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту және одан әрі дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдамалық тәсілдер енгізілетін болады, «Болашағы біртұтас ұлт» ақпараттық науқаны, «Болашаққа 100 қадам» медиажоспары іске асырылады.

«100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» ұлттық жоспарының барлық бағыттарының іске асырылу барысын медиа қолдау үшін «100kadam.kz» сайты жұмыс істейді.

«Мәңгілік Ел» арнаулы кешенді жоспары аясында тарих және тарихи тұлғалар, Қазақстан мәдениеті және елдің бүгінгі өмірі туралы кинокартиналар, телесериалдар мен хабарлар түсіру болжанады.

Тұжырымдаманы тиімді іске асыру Болашағы біртұтас ұлт тұжырымын жүйелі дамытуға ықпал ететін болады, Н.Ә. Назарбаев моделінің табысты ілгерілеуін және оның мызғымастығын қамтамасыз етеді.

Бірінші. Қоғам санасында Болашағы біртұтас ұлттың жаңа түсініктері мен базалық тұжырымдары қалыптасатын болады:

1) жалпыға ортақ мәдениет пен прогресс жолындағы ұлт;

2) зияткер ұлт;

3) еңбек және кәсіпқойлар ұлты;

4) инновациялық ұлт;

5) саламатты өмір салтын ұстанатын ұлт.

Екінші. Азаматтық қағидат негізіндегі қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайтуда және дамытуда практикалық нәтижелерге қол жеткізілетін болады.

Мемлекеттік органдар мен ҚХА жұмысын жетілдіру саласында:

1) қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту саласында барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының жұмысын үйлестіруші ретінде ҚХА-ның жаңа функциялық бағыттарын дамыту, қайырымдылықты үйлестіру, медиацияны және қоғамдық бақылауды дамыту;

2) барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт жоспарының «Бірегейлік және бірлік» бағытындағы іс-шараларды іске асыру бойынша ведомствоаралық үйлестіру және өзара іс-қимыл тетіктерін жасау;

3) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, қоғамдық келісімді нығайту және дамыту саласындағы қызметін мониторингтеудің, есеп беру және бақылаудың жаңа тетіктерін енгізу;

4) азаматтық қағидаттары мен болашағы біртұтас ұлттың негізі ретінде «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы құндылықтары негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қоғамның жұмыс жүйесін жаңғырту;

5) қоғамдық келісім мен халық бірлігін нығайту жөніндегі институттардың жаңа инфрақұрылымын қалыптастыру.

Мәдениет, білім беру, жастар, отбасылық-демографиялық және гендерлік саясат саласында:

1) болашағы біртұтас ұлттың негізі ретінде жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тұжырымдары мен тәсілдерін ілгерілету;

2) ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты шарты ретінде үштілділікті дамытудың инфрақұрылымы мен шарттарын жаңғырту;

3) жаңа қазақстандық патриотизм, қазақстандық бірегейлік пен бірлік қағидаттары негізінде білім беру және жастар саясаты саласындағы жұмысты жаңғырту;

4) отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты және оның отбасы институтын, ана мен бала құндылықтарын нығайту жөніндегі құндылық негізін жаңғырту;

5) экономика мен әлеуметтік еңбекпен қамту сегменттері ретінде мәдениетті, туризмді және спортты дамытудың жаңа стратегиялық тәсілдері;

6) бұқаралық дене шынықтыру мен спортты, саламатты өмір салтын танымал ету, ұлттық және олимпиадалық спорт түрлерін дамыту және халықаралық аренада еліміздің спорттағы жетістіктерін көбейту.

Қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті одан әрі нығайту, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына табысты қосылуы үшін болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру Тұжырымдаманы іске асырудың басты нәтижесі болады.

Қазақстандық бірегейлігі бірегей, тарихи түрде ол «Көптүрліліктегі біртұтастық» формуласы бойынша өзіне өркениеттік және этномәдени өзара іс-қимылдың барлық спектірін жинайды.

Бұл – «Елбасы, Халық, «Мәңгілік ел түсініктерінің үш тұғырлығы негізіндегі көп құрамды бірегейлік, онда әрбір қазақстандық өзін-өзі және жалпы біріктіру бастауын таба алады.

Бірегейлік пен бірлікке назар аудару жаһандық трендтерді шарттастырады. Тұтастай, әлемнің барлық елдеріндегі жаһандандыру Сындарлы патриотизмді дамытады.

ХХІ ғасырдағы патриотизм – бұл әркімнің кәсіби секторда және тұтастай алғанда нарықтық экономика жағдайда өзін-өзі таныту мәселесі.

Бүгінгі күні әлемде бірегейліктің бірқатар модельдері бар, олардың әрқайсысы мемлекеттердің тарихи қалыптасқан дәстүріне сүйенеді.

Қазақстандық бірегейлікті, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік моделін дамыту мен нығайтуда жетекші рөлді Қазақстан Республикасының Конституциясы атқарады.

Негізгі заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы қызметінің негізін қалаушы принциптердің бірі қоғамдық келісім болып жарияланды. Өз кезегінде полиэтникалық қоғамдағы қоғамдық келісім ұлттық бірліксіз және үйлесімді этносаралық қатынастарсыз, барлық азаматтардың ұлттық тегіне тәуелсіз құқықтары мен бостандықтарының теңдігісіз қол жеткізілуі мүмкін емес.

Нақ қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, қазақстандық патриотизм негізін қалаушы, бекітілген конституциялық принциптер болып табылады.

Қазақстан Конституциясының он бір бабында этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласын реттейтін нормалар бар.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев моделінің басты конституциялық принциптері:

- адамның және азаматтың тегіне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, әлеуметтік топтарға және қоғамдық бірлестіктерге тиістілігіне қарамастан оның құқықтары мен бостандығының теңдігі;

- Конституцияға және халықаралық құқық нормаларына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтарына кепілдік;

- елдегі бүкіл этностардың тілдерді және этникалық мәдениетті дамытуға ықпалы;

- Қазақстанның тарихи қалыптасқан тұтастығын сақтау;

- мемлекет қауіпсіздігін бұзуға бағытталған қызметке, қатыгездікке және әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни артықшылыққа мәжбүрлеуге табыну;

- Қазақстан Республикасы шегінен тыс азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау;

- ел Парламентінде этностардың мүдделерінің уәкілеттілігі;

Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясы «Бірегейлік пен бірлік» бағыты бойынша басты базалық негізгі реформалар болып табылады.

Сондықтан мемлекет Басшысының тапсырмаларына сәйкес, осы салада төрт басты басымдық анықталған:

1) біріншіден, Қазақстандық бірегейлік азаматтық принципі негізінде құрылатын болады;

2) екіншіден, негізгі, «зәкірлік» жалпы азаматтық құндылықтар «Мәңгілік Ел» болып табылады. Бұл – баршаның заң алдындағы теңдігі, еңбексүйгіштігі, адалдығы, білімділік пен білім беру мәдениеті, мемлекеттің зайырлылығы. Жаңа азаматтық бірегейліктің негізгі идеясы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Моделінің тарихи жетістіктерінің шоғырлануы болады.

3) үшіншіден, түбегейлі мәселе қазақ, орыс және ағылшын - үш тұғырлы тіл болып табылады;

4) төртіншіден, бірегейлік – бұл буындастық процесс болғандықтан барлық жұмыс «Мәңгілік Ел» жас ұрпағын өзгертуге бағытталады.

Жаңа қазақстандық бірегейлік экономикалық, әлеуметтік және мәдени мүмкіндіктер теңдігі, өмір сапасы, тұрақтылық негізінде құрылады.

Әдебиеттер:

1.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы -Қазақстан 2050 стратегиясы.

2.Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар

3.Н. Ә. Назарбаев: « Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Астана, 2015жылғы 30 қараша

4.«Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақала. Н. Ә. Назарбаев,Астана, 2016жыл 6 қаңтар

Наши рекомендации