Мына тапсырмалар жарамсыз .... 1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс
Силлабус
1. Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі; байланыс ақпараты; оқытушының ғылыми мектебі мен ғылыми қызығушылығы. Практикалық қазақ тілі кафедра доценті, ф.ғ.д. А.О.Тымболова, доценттер, ф.ғ.к. А.А.Мұсабекова, Қ.Е.Тілешова, аға оқытушы Ә.Қ.Мағзұмбекова.
Байланыс телефоны: 32-233
2. Пәннің коды, атауы және кредит саны. Пәннің атауы: Қазақ тілі.Курстың коды: K (R) Ya 1105. Кредит саны – 6.
3. Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны: І-ІІ жартыжылдық, кесте бойынша.
4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
Бакалавр мамандықтарының студенттеріне мемлекеттік тілді халықаралық стандартқа негізделген 6 деңгейлі оқыту жүйесін басшылыққа ала отырып, В2 – негізгі стандартты деңгей бойынша оқыту көзделді. Студенттердің қазақ тілінен орта мектеп деңгейінде лексикалық минимум мен грамматикалық құрылым бойынша алған білім негіздері практикалық түрде жетілдіріледі.
Постреквизиттері:бакалавр мамандықтарында оқитын студенттерге мемлекеттік тілді оқыту барысында олардың өзара еркін сөйлесіп, ішкі ойын бір-біріне қазақ тілінде еркін жеткізуіне, оқыған мәтіннің мазмұнын дәл, анық жеткізе алуына жағдай жасау, қазақ елінің тұрмысы мен салт-дәстүрін, мәдени-рухани жетістіктерін насихаттаужәне олардың бойында отансүйгіштік сезімін нығайту.
5. Оқу пәнінің сипаттамасы.
5.1.Оқу пәнінің аты:Қазақ тілі пәні жоғары оқу орнында оқитын студенттердің мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне толық жағдай жасау үшін, оларды грамматикалық және лексикалық тұрғыда толық сауаттандыру үшін жүргізіледі.
5.2. Оқу пәнін оқыту мақсаты: Жоғарғы оқу орнындағы бакалавр мамандықтарында оқып жүрген студенттерге қазақ тілінің тілдік жүйесі мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту.
5.3. Пәнді оқыту міндеттері
Осы мақсат негізінде төмендегі міндеттер жүзеге асуға тиіс, олар: тақырыптарды баяндау, алған мәліметтерге өз көзқарастарын білдіру, дәлелдеу; сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау, мәліметтерге қызығушылық таныту, белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу; тыңдалым дағдыларын түсіну; электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметтерді ала білу; техникалық ережелерді, буклет, каталог, ас м,0, 00 әзіріндегі қажетті мәліметтерді оқи және оны қолдана алу.
5.4. Оқу пәнінің мазмұны:
- студенттердің сөздік қорларын молайту;
- қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын, жазу сауаттылығын арттыру;
- өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары
І семестр
Апта | Тақырып аты | Сағат саны | БӨЖ тапсырмалары |
Отан отбасынан басталады. Фонетика. Орфография. Екпін. Үндестік заңы. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Отан, ел туралы мақал-мәтелдер. «Сәлемің түзу болсын» деген тақырыпта эссе жазу. | |
Жас отбасы және дәстүр. Ілік септік. Күрделі сөздер. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.). | «Жаңа дәстүр, жаңа салт» деген тақырыпта эссе жазу. | |
Қазіргі тұрғын үй. Сілтеу есімдіктері, олардың түрленуі. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Ұлттық киіз үй жабдықтары. «Үйі бардың күйі бар» деген тақырыпта эссе жазу. | |
Мінез және келбет. Етістіктің шақтары. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6сағ.) | «Жаным – арымның садағасы» деген мақалды қалай түсінемін?» деген тақырыпта эссе жазу. | |
Уақыт және адам. Есептік сан есім. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Уақыт алтыннан қымбат. Эссе. | |
Бос уақыт және қызығушылық. Реттік сан есім. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Ұлылардың хоббиі. (әңгіме). «Біз уақытты қадірлейміз бе?» деген тақырыпта эссе жазу. | |
Денсаулық – зор байлық Есімшенің өткен шағы. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Дені саудың – жаны сау» деген тақырыпқа эссе жазу. | |
Аралық бақылау. Тест тапсырмалары | |||
Менің Отаным Қазақстан. Жалпы және жалқы есімдер. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Менің туған қалам. Эссе. Әнұранды жатқа білесіз бе? | |
Тәуелсіздік тұғыры. Шылау, оның түрлері. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Тәуелсіздік тұғыры | |
Халықаралық қатынастар. Сын есім, оның түрлері. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Қ.Тоқаевтың “Қазақстан Республикасының дипломатиясы” деген кітабын пайдалана отырып, “Қазақстан және Еуропа елдері” деген тақырыпта ауызша ақпарат дайындау. | |
Мен елімнің патриотымын. Есімдік, оның түрлері. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Отаншылдық – ұлы қасиет | |
Елордасы Астана. Етіс, оның түрлері. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Сабақты пысықтау сұрақтарымен жұмыс | |
Мемлекеттік тіл. Жалғаулықтар. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6сағ.) | «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тақырыпта шағын шығарма жазу. | |
Ұлттық дәстүр. Зат есім тудырушы жұрнақтар. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | «Ұлттық дәстүр» тақырыбында эссе жазыңыз. | |
Аралық бақылау. Тест тапсырмалары. | |||
Ұлттық мәдениет. Қос сөз және біріккен сөздер. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Қаладағы ұлттық мұражайлар |
ІІ семестр
Апта | Тақырып аты | Сағат саны | БӨЖ тапсырмалары |
Қазақ халқының дәстүрлі өнері. 1.Халықтық қолөнер. 2.Қазақ театры және кино өнері. 3.Өнер жұлдыздары Шылау | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Қазіргі қазақ өнері жайлы шағын шығарма жазыңыз. | |
Ұлттық мәдениет тамыры. 1.Айтыс өнері. 2.Күй атасы – Құрманғазы. 3.Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар. Септеулік шылау | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.). | Ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілдері | |
Өлең – сөздің патшасы. 1.Хакім Абайдың философиясы. 2.Жамбыл шығармаларындағы батырлық концепция. 3.Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы. Есімше. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Классик жазушылардың шығармаларымен танысу. | |
Көркем сөз – көркем өнер. 1.Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы. 2.М.Әуезов – суреткер. 3.О.Бөкей шығармаларындағы табиғат сұлулығы. Үстеу, оның түрлері. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Менің жерімнің табиғаты. Эссе. | |
Адам және табиғат егіз. 1.Қазақстанның экологиясы. 2.Қазақстанның табиғи саябақтары мен қорықтары, оларды қорғау. 3.Қызыл кітап. Көсемше | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Қазақстан экологиясы | |
Туған жерге саяхат. 1.Өз өлкеңді таны. 2.Қазақстандағы туристік нысандар 3.Қазақстанның тарихи орындары (Түркістан, Отырар, Ақмешіт т.б.) Сан есім, оның түрлері | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6сағ.) | Әйгілі саяхатшылар | |
Қазақстанның көрікті жерлері 1.Қазақстандағы туризм 2.Қазақстандағы туристік нысандар Сан есім, оның түрлері | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Туған өлкеңді таны. | |
Аралық бақылау. Тест тапсырмалары. | |||
Менің мамандығым. 1.Университет - білім ордасы. 2.Мен таңдаған мамандық Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Мамандық таңдау | |
Басшы келбеті. 1.Басшының басқару стилі 2.Кемел көшбасшы. 3.Ел үміті – қоғам қайраткері Ыңғайлас салалас | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – ( 6сағ.) | Басшы және ұжым | |
Қоғам және жастар 1.Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда. 2.Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында. 3.Жастар және қоғамдық ұйымдар. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Жастардың қоғамдық ұйымдары | |
Қазақстан - әлемдік кеңістікте 1.Қазақстан – Азия барысы. 2.Қазақстан - әлемдік кеңістікте Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6сағ.) | Қазақстан және әлемдік ұйымдар жайлы әңгіме. | |
Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі 1. Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі 2. Тәуелсіз Қазақстанның дамуы. Сабақтас құрмалас сөйлем. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас. | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Классик жазушылардың шығармаларына шолу жасау. | |
Қазақстандағы білім беру жүйесі 1.Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс 2.Кредиттік оқыту жүйесіндегі артықшылықтар Себеп бағыныңқылы сабақтас | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Білім беру жүйесіндегі реформалар | |
Білім де бәсекеге түседі 1.Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі. 2.Ел болашағы білікті мамандардың қолында .Аралас құрмалас сөйлем | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6сағ.) | Оқу, білім туралы қанатты сөздер. | |
Аралық бақылау. Коллоквиум | |||
15. | Ғылым мен техника 1.Ғылым-инновациялық экономиканың негізі 2.Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары Мақсат бағыныңқы сабақтас | Практ.- (3 сағ.) БӨЖ – (6 сағ.) | Қазақстандағы белгілі ғалымдар. Әлем картасындағы ғылыми-технологиялар(биотехнология мен биохимия, экоэнергетика, экология) |
Барлығы практ. 90 сағат., БӨЖ-180 сағ.
6. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
6.1. Негізгі әдебиеттер:
1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ. т.б. Қазақ тілі. Оқу құралы, Алматы, 2008.
2. З.С. Күзекова Қазақ тілінің грамматикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Ғылым», 2009 ж. 3. www.til.gov.kz. (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиялық кешен). Астана, 2010 ж.
4. Қазақ тілі каешені.Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. Алматы, 2009.
6.2. Қосымша әдебиеттер
- Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі. – Алматы, 2007.
- Салқынбай А.Б., Иманасова Ж. Қазақ тілі. Алматы, 2007.
- Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. (қаржы инст.) Алматы, «Раритет», 2009.
- Рысбаева Г.Қ.Қазақ тілі (грамматикалық анықтағыш), Алматы, 2000.
- Р.Ғ.Сыздықова, К.Ш.Хұсайын. Қазақша-орысша сөздік. Алматы, 2008. Русско-казахский словарь. І-ІІ том. Алматы, 2007.
- Қазақша-орысша терминологиялық сөздік: Әдебиет және лингвистика. Алматы: Рауан, 2000.
- Қакзақша-орысша терминологиялық сөздік: Мәдениет және өнер. Алматы: Рауан, 2000.
- Қазақша-орысша тілмаш. – Алматы, 2005.
тілін жоғары деңгейде тереңдете оқыту құралы. Өскемен. «Medi.ASoft» - 2009 ж.
7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау.
Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, БӨЖ тапсырмаларының орындалу сапасын бақылау, тестілеутүрінде екі аралық бақылау;ауызша қорытынды емтихан жоспарлануда.
Ағымдық бақылау: - 20%
Аралық бақылау: Тест - 20 %
Ағымдық және аралық бақылау - 20%
Қорытынды бақылау - 40%
Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы
Әріптік жүйе бойынша баға | Сандық эквивалент | % мазмұны | Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А | 4,0 | 95-100 | Үздік үздік |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы жақсы жақсы |
В | 3,0 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық қанағаттанарлық |
С | 2,0 | 65-69 | |
С- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 1,0 | 50-54 | |
F | 0-49 | Қанағаттанарлықсыз |
8. Оқу пәнінің саясаты. Студенттерден аудиториялық сабақтарға міндетті түрде дайындықпен келу, БӨЖ тапсырмаларын белгіленген мерзім ішінде орындау, барлық бақылауға қатысу талап етіледі.
Оқу үдерісінің 7, 14 апталарында аралық бақылау алынады. Аралық бақылаудың түрлері: тест тапсырмалары.
Пәнді оқыту барысында тақырыптық бақылау жұмыстары (жазбаша), ауызша сұрақтарға жауап беру, аралық бақылаулар, қорытынды емтихан қолданылады.
ГЛОССАРИЙ – СӨЗДІК
Белсенді үлестірмелі материал(БҮМ) (Hand-outs) – оқу сабақтарында білім алушының тақырыпты табысты меңгеруіне шығармашылығын арттыратын үлестірмелі көрнекі иллюстрациялық материал (дәріс тезистері, сілтемелер, слайдтар, мысалдар, глоссарий, өздік жұмыс тапсырмалары);
Білім алушының аралық аттестациясы – емтихан сессиясы кезінде оқу пәні мазмұнының бір бөлігін немесе оны оқып болғаннан кейін оқу пәнінің барлық көлемін меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін амалдар;
Білім алушының қорытынды аттестациясы (Qualification Examination) – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемі мен оларды меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін амалдар;
Білім алушының оқудағы жетістіктері – оқу үдерісінде қол жеткізген және тұлғалық дамуының деңгейін көрсететін білім алушының білімі, шеберлігі, дағдысы және құзіреттілігі;
Білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау – жоғары оқу орны тарапынан анықталатын бақылаудың түрлі формаларымен (ағымдық, аралық және қорытынды) және аттестаттау арқылы білім алушының білім деңгейін тексеру;
Білім алушының өздік жұмысы (ары қарай – БӨЖ) – өздігінен оқуға белгіленген тақырыптар тізімі бойынша жұмыс, ол тақырыптар оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етіліп, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп түрінде бақылау жүргізіледі; білім алушының санатына байланысты студенттің өздік жұмысы (ары қарай – СӨЖ), магистранттың өздік жұмысы (ары қарай – МӨЖ) және докторанттың өздік жұмысы (ары қарай – ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушының күнделікті өздік жұмысын талап ететін тапсырмалармен анықталады;
Демонстрация(лат. Demonstpatio – көрсету) – барлық топқа әр түрлі көрнекі құралдарды көрсетуде қолданылатын әдістемелік тәсіл.
Диалог –екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.
Дискуссия(лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.
Жағдаяттық тапсырма – білім алушының белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға қатысты орындайтын жұмысы. Көп жағдайда бұл тапсырма рөлдік үлгіде орындалады.
Жазылым– сөйлесім, тыңдалым-оқылым үнемі жазба жұмыстарымен ұйымдастырылады. Жазба жұмысының тақтада жазу,көшіріп жазу, шағын реферат, баяндама, аннотация т.б. түрлері жүргізіледі.
Монолог – бір адамның кез келген тақырыпты немесе естіген, оқыған материалдарды ауызша баяндауы.
Оқылым- өз бетінше іштей оқу, дауыстап оқу техникасын меңгеру. Газет материалы, естеліктер және әңгімелер, повестер оқу тапсырылады. Өздік жұмыс барысында оқу нормаларын, талаптарын жетілдіреді.
Презентация(лат. Praesentatio - таныстыру) – жеке немесе топта орындалған оқу-танымдық жұмыстың нәтижелерін көрсету.
Сөйлесім – белгілі бір тақырып, проблема жайлы өз білгендерін қазақша толық жеткізе алуға және пікірін қарсыласымен жарыссыз арқылы жеткізуге дағдылану: Ауызекі және ресми сөйлесім үлгілерін меңгеру.
Тыңдалым – меңгерілген лексикалық материал және қосымша таныс емес мәтін материалын ауызша мәнерлеп оқып,тыңдауға жаттығу.Радио, теледидар хаьарларын тыңдауларға жаттығу және аудио-видио құралдарынан берілетін мәтіңді тыңдау,айтып беруге үйрену.
Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі:
Міндетті әдебиеттер:
1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ. т.б. Қазақ тілі. Оқу құралы, Алматы, 2008.
2. З.С. Күзекова Қазақ тілінің грамматикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Ғылым», 2009 ж. 3. www.til.gov.kz. (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиялық кешен). Астана, 2010 ж.
4. Қазақ тілі каешені.Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. Алматы, 2009.
Қосымша әдебиеттер
- Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі. – Алматы, 2007.
- Салқынбай А.Б., Иманасова Ж. Қазақ тілі. Алматы, 2007.
- Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. (қаржы инст.) Алматы, «Раритет», 2009.
- Рысбаева Г.Қ.Қазақ тілі (грамматикалық анықтағыш), Алматы, 2000.
- Р.Ғ.Сыздықова, К.Ш.Хұсайын. Қазақша-орысша сөздік. Алматы, 2008. Русско-казахский словарь. І-ІІ том. Алматы, 2007.
- Қазақша-орысша терминологиялық сөздік: Әдебиет және лингвистика. Алматы: Рауан, 2000.
- Қакзақша-орысша терминологиялық сөздік: Мәдениет және өнер. Алматы: Рауан, 2000.
- Қазақша-орысша тілмаш. – Алматы, 2005.
Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
Тапсырма – оқу материалы мазмұнын оқу жағдайына айналдыру тәсілі, студенттің оқу іс-әрекетінің мазмұны, білім алушының оқу материалын меңгеру тәсілі, әртүрлі оқу іс - әрекетінде білім алушылардың орындауына бағытталған, сонымен қатар оқу материалын меңгеруді ұйымдастыруға бағытталған оқу тәсілі. Білім алуышының оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін теориялық білімді бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалардың жүйелілігі мен оларды құрастыру белгілі бір ұстанымдар мен талаптар негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл ретте тәрбиелеп оқыту ұстанымы, грамматикалық заңдылықтарды есте сақтауға, жазуға үйрету ұстанымдары, теорияны практикамен ұштастыру және тұтастық ұстанымдары, оқытуды үйренушілердің өзіндік және жеке қабілеттеріне сәйкестендіру ұстанымы, оқытудың жағдаяттық ұстанымы, жүйелілік және сатылылық ұстанымдары өте тиімді. Сонымен қатар берілген тапсырманың шығармашылық сипатына басты назар аудару қажет. Шығармашылық ойлау қабілетінің дамуына әсер ететін логикалық операцияларды орындауға бағытталған тапсырмалар олардың ойлау мүмкіншілігін жан-жақты аша түседі, өзбетімен ізденуіне, талаптануына жол ашады.
Жалпы білімгердің оқу материалын меңгеру деңгейін өздігінен анықтауына көмектесетін тапсырмаларды мейлінше түрлендіру оқытушының шеберлігіне байланысты. Бүл тапсырмалар өтілген әрбір лексика-грамматикалық тақырыптардан кейін берілуі керек. Тапсырмалар қатысымдық әрекеттердің (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым, тілдесім) түрлеріне байланысты іріктеледі.
Бақылауға арналған сұрақтар
- Қазақ өнері
- Шылау
- Ұпттық әдебиет
- Септеулік шылау
- Классикалық әдебиет
- Есімше
- Мен және қоршаған орта
- Үстеу және оның түрлері
- Адам және табиғат
- Көсемше
- Саяхат және туризм.
- Сан есім және оның түрлері
- Қазақстанның көрікті жерлері
- Сын есімнің шырайлары
- Менің мамандығым
- Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем
- Басшы келбеті.
- Ыңғайлас салалас
- Қоғам және жастар.
- Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
- Қазақстан әлемдік кеңістікте
- Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
- Тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесі
- Сабақтас құрмалас сөйлем. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас.
- Білім де бәсекеге түседі
- Аралас құрмалас сөйлем
- Ғылым мен техника
- Мақсат бағыныңқы сабақтас
Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
Бұл өздік жұмыстарында студенттер әртүрлі тақырыптар бойынша оқытушының алдын ала берген күнтізбелік тапсырмасына орай, жұмыстар жүргізеді. Осындай тақырыптар шегінде оларға Отан, ел, тіл туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер беріліп, студенттер оларды талдап үйренеді. Соған орай, аталған тапсырмаларды орындау барысында орыстілді студенттердің қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдылары қалыптастырылады. Сонымен бірге, өздік жұмыста студенттердің дыбыстау дағдыларын қалыптастыру үшін патриоттық тақырыптағы өлеңдер беріледі. Оларды жаттау барысында қазақ тілінде сөйлеу актілері қалыптасса, оған қоса жаңа лексикалық минимумды игеру жұмыстары да қоса жүргізіледі.
Өздік жұмыс барысында, сонымен қатар, оларға жазба жұмыстарын жүргізу де мақсат етілген. Осындай жазба жұмыстарының негізгі түрі – эссе жазғызу. «Менің туған қалам», «Ұлттық дәстүрлер», «Өнер түрлері», «Қазақ өнері», «Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері», «Қазақстанның сыртқы саясаты» және тағы да басқа ұсынылған тақырыптар бойынша жазылған эсселер арқылы студенттердің жазылым дағдысы қалыптасады. Сондай-ақ жазу дағдысымен бірге олардың қазақ тілінде ойлау жүйесі де мейлінше артады. Бұларға қоса олар өз жұмысын жазу барысында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланады. Соның негізінде, студенттердің мемлекеттік тілдегі сөз қорлары мейлінше еселенеді.
Білім алушыларға арналған өздік жұмыстары студенттердің академиялық сабақтарда алған тілдік дағдылары мен машықтарын бекітуге жәрдем жасайды.
Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
Апталар | Тақырып аты | Тапсырма түрі | Сағат саны |
1 апта | Өнердің түрлері | Реферат жазу | 4 сағ. |
2 апта | Ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілдері | Баяндама әзірлеу. | 4 сағ. |
3 апта | Классик жазушылардың шығармаларымен танысу. | Көркем шығарма оқу | 4 сағ. |
4 апта | Менің жерімнің табиғаты. | Эссе жазу | 4 сағ. |
5 апта | Қазақстан экологиясы | Эссе жазу | 4 сағ. |
6 апта | Әйгілі саяхатшылар | Пікір алмасу. | 4 сағ. |
7 апта | Туған өлкеңді таны. | Эссе жазу | 4 сағ. |
8 апта | Мамандық таңдау | Баяндама әзірлеу | 4 сағ. |
9 апта | Басшы және ұжым | Сипаттама беру | 4 сағ. |
10 апта | Жастардың қоғамдық ұйымдары | Реферат жазу | 4 сағ. |
11 апта | Қазақстан және әлемдік ұйымдар | Эссе жазу | 4 сағ. |
12 апта | Тәуелсіздік жетістіктері | Реферат әзірлеу | 4 сағ. |
13 апта | Білім беру жүйесіндегі реформалар | ақпараттар әзірлеу | 4 сағ. |
14 апта | Оқу, білім туралы қанатты сөздер. | «Білім-өмір шырағы» эссе жазу | 4 сағ. |
15апта | Қазақстандағы белгілі ғалымдар. | Бейне көріністер | 4 сағ. |
Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік
нұсқаулық
Білім алушылар қазақ тілі пәнінен типтік бағдарламаға сай тақырыптар негізінде семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу барысында мәтіндерді оқып, мәтіндер бойынша тапсырмаларды орындайды. Мәтіндерді түсініп оқу, мазмұнын айту, өзара пікірлесу және сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорларын байытып, қазақ тілінде өз ойын жеткізе білуге дағдыланады.
Сондай-ақ тақырыпқа сай түрлі жазба жұмыстарын орындай отырып, өз ойларын жаза білуге, жазылым дағдыларының қалыптасуына, сауатты жаза білуге үйренеді.
Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу барысында білім алушылар күнделікті сабақта жазылым, тыңдалым, оқылым бойынша алған тілдік дағдыларын дамыта алады.
І СЕМЕСТР
БІРІНШІ АПТА (3-сағат)
«Отан – отбасынан басталады»
Грамматика: Фонетика. Үндестік заңы. Жіктік жалғаулар.
1.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Сәлем – сөздің анасы
Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі, тәрбие талғамы сәлемнен басталады. Сәлем – сөз анасы, сөздің қасиеті.
Сәлемдесу - әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы, сөз бастаудың әрі танысудың дәнекері. Сәлемдесу арқылы адамдар арасында жақсы қарым-қатынастар қалыптасады. Адамдар бір-бірлеріне сәлем беру арқылы дос болады, жақындасады. Ал, сәлем болмаған жерде ешқандай да қатынас жақсы нәтиже бермейді.
Сәлемдесу – сағынышты басу, ниеті бір адамдардың жүректен шыққан тілек шашуы. Алыс пен жақынды танытатын, жақсыдан үлгі алдырып, көңіліндегі ой-түрткі сезімдерден арылтатын сәлем емес пе?!
Сәлемдесу – ағайын-туысты жақындату ғана емес, ата салтын жалғастыру, алысты жақындату, араздасқанды татуластыру, елдің елдігін, халықтың бірлігін баянды ету. «Сәлем бермеген туысыңнан қадіріңді білген жат жақсы» деген мақалды халқымыз бекер айтпаған. Сәлемдесу – үлкен мәдениеттің белгісі.
Жаңа сөздермен танысыңыз.
Лебіз –внимание талғам – вкус
Қасиет – качество әдептілік – воспитанность
Дәнекер – связь ағайын-туыс – родственники
Ата салты – традиции жат – чужой
2. Қазақ тілінде амандасудың бірнеше нұсқасы бар.
- Ассалаумағалайкүм!
- Уағалайкүмассалам!
- Сәлеметсіз бе?
- Сәлемет пе?
- Амансыз ба?
- Шүкір, аманшылық.
- Қалайсыз?
- Жақсы.
- Жағдайыңыз қалай?
- Рақмет, жаман емес.
3. Еске түсіріңіз.
Қазақ алфавиті 33 орыс әрпінен және 9 қазақ әрпінен тұрады. Қазақ әріптері мыналар: ә, і, ө, ұ, ү, ң, ғ, қ, һ.
Олар төмендегіше жіктеледі:
Дауысты дыбыстар
1) Жуан дауысты дыбыстар – а, о, у, ұ, ы, /ю, я, ё/
2) Жіңішке дауысты дыбыстар – ә, е, и, ө, ү, і, /э/
Дауыссыз дыбыстар
1) Қатаң дауыссыз дыбыстар – к, қ, п, с, т, ф, х, ц, ч, ш, щ, һ
2) Ұяң дауыссыз дыбыстар – б, в, г, ғ, д, ж, з
3) Үнді дауыссыз дыбыстар – л, м, н, ң, р, й / у
4. Келесі сөздерді оқуға жаттығыңыз. Дыбыстардың үндесуіне назар аударыңыз.
А: Ана, аға, ата, астана, аң, асық, ақыл.
У: Укол, ультрадыбыс, ультракүлгін, уролог, уқалау, улы газ.
Ұ: Ұя, ұйықтау, ұйқы, ұзын, ұнату, ұят.
Ы: Таза, қайшы, қызыл, пышақ, зауыт, қызылша, сырқат.
О: Осал, отыз, омыртқа, ояу, отыр, шомылу.
5. Оқып, есте сақтаңыз. Өз сөзіңізбен мазмұндап айтыңыз.
Амандық-саулық сұрасудың түп-төркіндері мен тарихы тым әріден басталады... Көне дәуірлерде адамдар бір-бірлеріне ең алдымен күнделікті ғұмырларына қажет нәрселерді тілеген тәрізді. Мәселен, қазір адамдар бір-біріне ұшырасқан сәттерінде: «Сен тамақ іштің бе?»-деп хал-жағдай сұрасса, аң-таң қалатыныңыз ақиқат. Ал, императорлық Қытайда бұл дағдылы амандасу салты болған. Көне парсылар сәлемдескен кезде: «Пейіліңіз ашылсын!» - дем тілек тілейді екен.
Қыр көшпенділері амандық-саулық барысында «Ел-жұртың, мал-жаның, қора-қопсың аман ба?» деп сәлемдескен. Негізгі кәсібі мал бағып, дала төсінде ғұмыр кешкен қазақ халқына да бұл салттың тән екенін білеміз.
Үш құрылыққа тереңдей енген мұсылман діні жолай кездескен елдер мен халықтарды қылыштың жүзімен, найзаның ұшымен бағындырды. Бірақ мұсылман іліміне мойын ұсынған осынау аймақтарда бейбіт тыныштық орнай қоймады. Бейбітшілік пен тыныштық – халықтар көксеген ең мұратты армандардың бірі болып еді. Адамдар да өзара кездескен сәттерінде бір-біріне осыны тіледі.
- Ассалаумағалейкүм!
- Уағалейкүмассалам!
Араб тілінен аударғанда «Сізге тыныштық тілеймін», «Сізге де бейбітшілік болсын!» деген ұғымды білдіреді.
Ж.Бейсембаев.
6. Төмендегі сәлемдесу үлгілері кімдерге арналатынын анықтаңыз.
Сырттан кірген адамның дауыстап сәлем беруі –
Қолын кеудесіне салып, басын иіп сәлемдесу –
Қос қолдап сәлемдесу –
Төс қағыстырып сәлемдесу –
Тізе бүгіп иіліп сәлем беру –
Бауырына басып, бетінен, маңдайынан сүю –
Маңдайына ернін тигізу –
7. Төмендегі сәлемдесу ұнамды әдетке жата ма?
Сәлемді селқос қабылдау, сәлемдескенде қолының ұшын ғана беру, жақтырмаған кейіп таныту, сәлемдескенде қабағын түнерту, жүзін суытып, сүйкімсіз тыржиту, естілер-естілмес сәлем беру.
8. Мақалдарды еске сақтаңыз
v Сәлем – сөздің атасы.
\
v Сәлеміне қарап, кісіні таны.
9. Жағдай сұрау:
- Қалың қалай? – Қалыңыз қалай?
- Қалыңыз жақсы ма? Как ваши дела?
- Хал - жағдайыңыз қалай?
- Хал - ахуалыңыз қалай?
- Деңсаулығыңыз қалай? Как ваше здоровье?
- Деңсаулық жақсы ма?
- Тәуірсіз бе?
- Көңіл – күйіңіз қалай?
Жақсы – хорошо
Өте жақсы – очень хорошо
Жаман емес – неплохо
Ойдағыдай – благополучно
Тамаша – прекрасно
Тәуірмін – мне лучше (выздоравливаю)
Шүкір Слава богу, помаленьку Құдайға шүкір
Шүкіршілік Құдай деп
Танысу.
- Сәлеметсіз бе? Сіз қайда оқисыз? Есіміңіз кім?
- Сәлеметсіз бе? Есімін – Аяулым. Мен Еуразия ұлттық университетінде оқимын. Сіз ше?
- Мен де осы университетте оқимын. Есімін – Айдар. Сіз қай факультетте оқисыз?
- Мен филология факультетінде оқимын. Ал, сіз ше?
- Мен инженер-құрылыс факультетінде оқимын. Сіздің мамандығыңыз қандай?
- Журналистика. Сіздің мамандығыңыз ше?
- Жылу энергетикасы мамандығы.
- Мен сабаққа кіремін, Айдар. Танысқаныма қуаныштымын. Сау болыңыз.
- Мен де қуаныштымын, Аяулым. Хабарласып тұрайық. Сау болыңыз.
Үндесу /Сингармонизм.
Егер сөздің соңғы буыны жуан болса, қосымша да жуан болады. Ал, сөздің соңғы буыны жіңішке болса, қосымша да жіңішке болады.
Мысалы: мектеп-тер, бала-лар, кітап-тар и т.д.
Екінші сабақ (1 сағат)
1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Мұғалімдер жағалап Қырғызбайдың үйіне келді. Аттан түседі.
- Ассалаумағалейүм!
- Әліксәлем! Қай балаларсыңдар? Жол болсын? – дейді Қырғызбай.
- Әлей болсын. Оқуға түсетін балалардың тізімін алып жүрміз,- дейді Әлібек деген қазағы. – Оқу жасында балаларыңыз бар ма?
Шал ойланып қалады. Өз кіндігінен оқуға түсер бала жоқ. Ал Тұрардың оқуға дер шағы. Бірақ оны жұрт көзінен тасалап жүргенде, жария етіп не жыны бар?
- Қандай оқу, қарағым?
- Оу, отағасы, естімеп пе едіңіз, таяуда Әулие ата оязының өзі келіп, жеті болыс Меркеге арнап орысша-мұсылманша мектеп аштырып кетті ғой. Мектеп үшін Айбар байдың үйін сатып алды.
- Ал, ол оқу не береді?
- Не береді! Балаңыз сот, прокурор болады.
Шал сескеніп қалды. Сот, прокурордан үркек. Оған шатасар жайы жоқ.
- Бізде оқуға беретін бала жоқ, қарағым, - Қырғызбай қипақтай береді.
Бұл әңгімені естіген Салиха бәйбіше ... ернін сылп еткізіп, бетін шымшыды.
- О не дегенің, байғұс-ау, алжиын дедің бе? Тұрарды қайтесің? Ол бала емес пе екен?... Мен шақырып келейін... Тұрар! А, Тұрар! Қайдасың? Шапшаң кел үйге!
Ш.Мұртаза. «Қызыл жебе»
2. Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын анықтаңыз.
Қай балаларсыңдар? -
Жол болсын? -
Өз кіндігінен -
Оқуға дер шағы -
Не жыны бар?-
Отағасы –
Үркек –
Оған шатасар жайы жоқ –
3. Cұрақтарға, жақшадағы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, жауап беріңіз.
· Қырғызбай атаның үйіне келгендердің мақсаты не еді? (балалар, оқу, жинау)
· Ата Тұрарды неліктен жасырды деп ойлайсыз? (Рысқұл, бала)
· Салиха әже неліктен Тұрарды шақырды? (білім алу)
· Бұл қай кезең деп ойлайсыз? (кеңес, алғашқы жыл)
·
4. Жіктік жалғауларды есте сақтаңыз.
Жақтар | Жіктеу есімдіктері (жекеше түрі) | Жіктік жалғаулары | Жіктеу есімдіктері (көпше түрі) | Жіктік жалғаулары |
І | Мен | -мын,-мін,-бын, -бін,-пын,-пін Жақсы+мын, ұстаз+бын, студент+пін | Біз | -мыз, -міз, -быз, -біз,пыз, -піз Жақсы+мыз, ұстаз+быз студент+піз |
ІІ | Сен | -сың, -сің Жақсы+сың, ұстаз+сың, студент+сің | Сендер | -сыңдар, -сіңдер Жақсы+сыңдар, ұстаз+сыңдар, студент+сіңдер |
Сыпайы түрі | Сіз | -сыз, -сіз Жақсы+сыз, ұстаз+сыз, студент+сіз | Сіздер | -сыздар, -сіздер Жақсы+сыздар, ұстаз+сыздар, студент+сіздер |
ІІІ | Ол | - Жақсы, ұстаз, студент | Олар | - Жақсы, ұстаз, студент |
5.Мәтінді оқып,
Оқыңыз, қызық!
- Орта ғасырлар кезінде ел кезген сері–рыцарлар үйдің босағасынан аттай бере темір дулығаларын шешіп, өздерінің үй иесіне сенетіндігін, оны құрмет тұтатынын білдіреді екен. Бұл дағды біздің сәлемдесу салтымыздың бір белгісі ретінде қалып қойды. Амандасқанда, үйге кіргенде бас киімді алу – ежелден келе жатқан салт.
- Тибеттіктер бір-бірімен сәлемдескенде, оң қолымен бас киімін шешіп, сол қолын құлағының артына ұстап, тілдерін шығарады екен.
- Жапондардың амандасу салтында үш түрлі тәжім ету рәсімі бар: төмен, орташа және жеңіл иілу.
- Үнділер екі алақанды біріктіріп, маңдайға тигізіп, бас иеді.
- Түркі тектес кейбір халықтардың ескі дәстүрінде келіндер жолы үлкен адамдар үйге енгенде, оң тізесіне екі қолын тигізіп, сол аяғын бүгіп, үш рет сәлем беретін болған. Қазір де ауылдық жерлерде жас келіндер екі қолын қусырып, иіліп ізет жасайды. Мұндай сәттерде оларға: «Көп жаса, қарағым!» - деп рақмет айтады.
- Халықаралық этикет бойынша, бірінші болып жасы үлкен – кішіге, әйел – еркекке, ұстаз – шәкіртіне, бастық – қызметкеріне қол ұсыну жүйеленген. «Міне, мен саған бірінші болып қолымды ұсынып отырмын, бұл саған деген ниетімнің дұрыс екенін көрсетеді» деген пейіл абы бар онда.
Ж.Бейсенбаев.
6. Төмендегі сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Сәлем берді – Амандасты, саулық сұрасты.
Сәлемдеме берді – сыйлыққа зат беріп жіберді.
Сәлемі түзу – Ниеті дұрыс, көңілі жақсы.
7. Төменде берілген жіктеу үлгісін жалғастырыңыз.
І Мен атама сәлемдестім Біз атамызға сәлемдестік
ІІ Сен Сендер
Сып.
түрі Сіз Сіздер
ІІІ Ол Олар
8. Төмендегі көмекші етістіктерді жіктеп жаттығыңыз.
Мен отырмын, тұрмын, жатырмын, жүрмін
Сен отыр ..., тұр ... , жатыр ... , жүр ... .
Сіз отыр... , тұр... , жатыр... , жүр... .
Ол отыр... , тұр... , жатыр... , жүр... .
9. Жағдаяттық әңгіме.
А) Алыстан әжеңіз келді. Амандасыңыз, хал-жағдайын сұраңыз.
Ә) Әріптесіңізбен танысыңыз.
Б) Курстасыңызбен 20 жылда кездестіңіз. Амандасыңыз, хал-жайын сұраңыз.
10. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
1. Таңертең қалай сәлемдеседі?
А. Кеш жарық!
Ә. Қайырлы таң!
Б. Қайырлы күн!
2. Күндіз қалай амандасады?
А. Қайырлы кеш!
Ә. Сәлеметсіз бе?
Б. Жайлы жатып, жайлы тұрыңыз!
3. «Жолыңыз болсын» сөз тіркесінің орысша баламасын табыңыз.
А. Счастливого пути!
Ә. До встречи!
Б. Будем знакомы!
4. «Танысқаныма қуаныштымын» сөз тіркесінің орысша баламасын табыңыз.
А. Добрый вечер!
Ә. Рад познакомиться!
Б. Будем знакомы!
5. «Жақын» сөзінің антонимі
А. алыс
Ә. Таяу
Б. алыс емес
7. Мақалды аяқтаңыз.
Алыстан алты жасар бала келсе, .................
А. алпыс адам сәлем береді
Ә. алпыстағы шал сәлем береді
Б. алпыс рет сәлем бер
Үшінші сабақ (1 сағат)
ІІ Отбасы – шағын мемлекет.
Грамматика. Септік жалғаулары. Ілік септігі және тәуелдік жалғау.
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сіздің отбасыңыз үлкен бе?
2.Отбасыңызда неше адам бар?
3. Сіздің анаңыздың жасы нешеде?
4. Анаңыз кіммен тұрады?
5. Қандай туыстарыңыз бар?
6. Сіздің қанша балаңыз бар, олардың жасы қаншада?
2. Мәтінді оқып, мазмұндап айтыңыз.
Отбасы
Отбасы дегеніміз – туыстық байланыста болатын, бірлесіп өмір сүретін адамдар тобы. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер, дәстүрлер адамға өмір бойы серік болады.
Отбасында ер адам – басты тұлға. Әйел – оның серігі, көмекшісі. Ер-азамат – шаңырақ иесі, әйел – отбасының алтын қазығы.
Балалар жас кезінен үлкендерді сыйлап, олардың айтқандарын есте сақтап, орындап отыруға тиіс. «Балаңды бір жастан жеті жасқа дейін патшадай сыйла. Жетіден он беске дейін құлыңша жұмса, одан соң өзіңе дос сана, ақыл-кеңес сұра».
Қазақ отбасындағы ең жақсы дәстүрлердің бірі – балаға ата-бабасын, яғни жеті атасын және нағашы жұртын таныстырып отыру. Ата-ана баласына кіммен (қай румен) тұрмыс құруға болатынын айтып отырады.
Жеті ата - бір кісіден тараған аталас қауым. Олар жеті атаға жеткенде, түйе, боз қасқа сойып, үлкен жиын жасайды. Бұл – «бұдан былай аталастарға қыз алысуға болады» деп бата беру деген сөз.
(«Қазақтың салт-дәстүрлері»)
Сұрақтарға жауап беріңіз.
- Отбасы дегенді қалай түсінесіз?
- Отбасында әйел мен ер кісінің орны қандай?
- Отбасындағы балалар тәрбиесі жайлы не айтасыз?
- Жеті ата дегенді білесіз бе?
Жаңа сөздермен таныс болыңыз.
Дәстүр – традиция
Тұлға – личность
Шаңырақ иесі – хозяин дома
Құл – слуга
Боз қасқа – конь
Аталас – родные по крови
3. Тапсырма. Сөздікті пайдаланып, туыстық атаулардың анықтамасын дұрыс тауып, сәйкестендіріңіз.
1. Ата а. болашақ жар, ана
2. Әже ә. әкенің әкесі
3. Әке б. ата-анадан тараған ұрпақтар
4. Ана в. әкенің шешесі
5. Бала г. өзіңді өмірге әкелген,
ақ сүтін берген адам
6. Қыз ғ. үй басшысы, асыраушысы
4. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Қазақта «шаңырақ» сөзі «отбасы» деген мағынаны білдіреді. Адамзат өмірінің бастауы да осы отбасы. Отбасы – адам өмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін ең кіші әлеуметтік топ. Ондағы адамдардың әрқайысы әр отбасы мүшесінің дамуына ықпал етеді.
Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сөздің бар екенін білетін боларсыздар? Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің төбесіндегі ең қасиетті, киелі бөлігі екені де сіздерге белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз.
5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сіздің отбасыңыз үлкен қалада тұра ма, әлде кішкентай қалада тұра ма?
«Шаңырақ», «отбасы» деген сөздердің қандай байланысы бар?
Сіз қандай үйде тұрасыз, жеке үйде ме, әлде мемлекеттің пәтерінде ме?
Сіздің пәтеріңіз қай қабатта, төменде ме, әлде жоғары қабатта ма?
«Шаңырағың биік болсын!» деп қандай жағдайда айтылады?
Сіздің қарындасыңыз қайда оқиды, университетте ме, әлде колледжде ме?
Сіз университетті бітірген соң жұмыс істейсіз бе, әлде магистратураға оқуға түсесіз бе?
Сіз отбасын құрдыңыз ба, әлде құрған жоқсыз ба?
6. Көп нүктенің орнына тиісті ы, і әріптерін қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.
Б...зд...ң отбас...м...з тату тұрад... . Анам қ...здар... мен кел...ндер...н, немерелер...н жақс... көред... . Б...з жаз айлар...нда қалан...ң с...рт...на ш...ғ...п демалам...з. Қала с...рт...нда демалат...н ор...ндар көп. Таудан аққан өзенн...ң жағасы тым әсем, көр...кт... . Онда аласа талдар өзенд... көмкер...п тұрад... . Әр...ректе көкпеңбек жаз...қ дала. Онда мал жай...л...п жүред... . Малд... ау...лда б...зд...ң ту...стар...м...з бар. Б...з оларға да бар...п сәлемдесеміз.
7. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Мен 1973-шы жылы Қарағанды қаласында дүниеге келдім, ал сіз ше?
2.1979-1988 жылдары Керімбай болыс атындағы орта мектепте оқыдым, сіз ше?
3.1988 жылы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түстім, ал сіз ше?
4.Мен институтты «заңгер» мамандығы бойынша бітірдім, сіз ше?
Еске түсіріңіз: қазақ тілінде сұраулық мағынаны білдіретін сұраулық демеуліктері - ма, ме, ба, бе, па, пе. |
8. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.