Жаңа заман жағдайында жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы

Бүгінгі патриоттық идея да, патриоттық тәрбие де қазіргі заман адамдарына, олардың талғамдары мен мүдделеріне сай анық та түсінікті түрде болғаны жөн. Қазіргі заманғы патриоттық идеология мемлекеттің құрылу процесіндегі барлық жетістіктерді, сондай-ақ ұзақ мерзімді басымдықтар мен талаптарды да назарына алуы керек.

Өз халқыңның тарихының өнегелі жақтарын білу, өз еліңнің кешегі және бүгінгі қаһармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігіне тағзым ету, оларға сай болу патриотизмнің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыда алғанда, республикамыздың оқу-тәрбие мекемелерінде белгілі деңгейде әр түрлі шаралар жүргізілуде. Қазақстан тарихы мектептерде, орта арнаулы және жоғары білім беру мекемелерінде оқытылуда, тарихтың жарқын беттері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталуда, қаһармандарымыздың есімдері ұлықталып, олардың аттары елді мекендерге, көшелерге, мектептерге, түрлі мекемелерге берілуде.

Патриотизмге тәрбиелеудің ұзақ мерзімді мақсаты — азаматтарды біріктіру, азаматтарға Тәуелсіздіктің құндылықтары мен жетістіктерін ұғындыру, оларды мемлекеттік рәміздер мен идеология төңірегіне топтастыру. Бұл — ұзақ мерзімді мақсат. Оған қол жеткізудің басты жолы — толеранттылық, бірлік, өзара көмек, қайырымдылық т.б.

Патриотизм іс-әрекет ретінде барынша керек нәрсе және қоғамды консолидациялау ісінде жүйені қалыптастырушы күш ретінде көрінеді.

52."Мәңгілік ел" концепциясының негізгі тұғырнамалары: «Менің елім» идеясының құндылықтары.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа жыл сайынғы Жолдауында «Қазақстандық жол», «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы», «Мәңгілік ел» секілді түйінді тұжырымдар арқылы халқымыздың ерікжігерін дамудың дара жолына бағыттайтын бірегей бағдарламалар ұсынғаны мәлім. Дегенмен, елдігіміздің негізгі тірегі болған, Қазақстан халқының басым бөлігін ұстайтын мемлекет құрушы ұлт - Қазақ ұлтының түйіткілді мәселелеріне Ұлытау сұхбаты біршама анығырақ жауап берген секілді. «Мәңгілік ел» - Қазақстан халқын ұйыстырушы идея. «Ұлттықмемлекеттік идеологияның қоғамның барлық мүшелерін, әсіресе, әр түрлі әлеуметтік, этникалық және саяси топтарды біріктіруде, билік пен халықты бір-біріне жақындастыруда маңызы айрықша. Ұлы тарихымыз көрсеткендей, қандай идеологиялық жүйе болмасын ол біртұтас болған жағдайда ғана қоғам өз тұтастығын сақтайды. Бір қоғамда әртүрлі идеологиялық жүйенің қатар орнауы қоғамды ыдыратып қана қоймай, сөз жоқ,мемлекеттің идеологиялық қайшылығы нәтижесінде құрдымға кетуіне себепкер болатындығын да тарих көрсетті»

53."Қазақстан-2050" Стратегиясының манызы.
Қазақстан-2050" Стратегиясы - 2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бүгін біз шын мәнінде тарихи оқиғаның куәсі болдық. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандық жол 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталды. Сонымен қатар алдағы ХХІ ғасырдың жаһандық он - сын қатері деп: – тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, судың тым тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, үшінші индустриялық революция, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, өркениетіміз құндылықтарымыздың дағдарысы, жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупін атап өтті.
Президент Қазақстанның қазіргі заманғы осы аталған сын-қатерлерге жауап ретінде дамудың 2050 жылға дейінгі кезеңіне арналған Стратегияны қабылдады.

54. "Мәңгілік ел" идеясы баянды болашаққа бастар бағдар.
1991 жылы 1 желтоқсанда қазақстандықтар өздерінің Тұңғыш Президентін сайлап, сенім артты, ел тәуелсіздігін аманат етті, жауапкершілік жүгін арқалатты, халық өздері таңдаған Көшбасшысының не істеу керектігін білетіндігіне, елді адастырмайтынына, тура жолға бастайтынына сенді. Еліміз бен халқымыздың сол сенімін Елбасының толық ақтап отырғандығына да осы күндері көзіміз анық жетіп отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісуге арналған салтанат сол жылдың, яғни 1991 жылдың 10 желтоқсанында болған еді. Президенттің қызметіне кірісу және ант беру салтанаты ежелгі халықтық дәстүр мен қазіргі өркениет үлгілерінің айшықталған жағдайында өтті. Президент ежелгі дәстүр бойынша ақ киіздің үстіне көтеріліп, қолын Конституцияға қойып, ант берді.

55. Елбасы және Тәуелсіз Казакстан.
Президентке бүкіл халық атынан өкілдік берілгеннен кейін 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң» қабылданды.Тарих бізге 1991 жылдың 16-желтоқсанынан бас тап Тәуелсіз мемлекет құрудың сыбағасын ұсынды. Сөйтіп, еліміздің тар жол, тайғақ кешулі қасиетті сапары, азаттықтың арпалысқа толы ақ жолы басталып еді. Елбасы өзінің туған халқына деген сеніммен тәуекел деп тәуелсіз елдің іргетасын қалауды, оны нығайтуды қолға алған болатын.
Елбасы Назарбаев өзіне сенім артқан өз халқына ең бір қиын жылдардың өзінде орындалуы мүмкін болмайтын мәселеге байланысты ешқандай уәде бермеді. Халқының алдындағы беделі сонысымен де арта түсті. Егер уәде бере қалса, бәрін де орындады. Бойындағы туа біткен қасиеті және өмірлік тәжірибемен бекіген төзім шіл дігі, сабырлығы, ұстамдылығы бар Тұң ғыш Президентіміз бүкіл қазақстандықтарды өзінің айналасына топтастыра алатын сая саткер және дара тұлға екендігін танытты. Н. Назарбаевтың Ұлт Көшбасшысы екендігін Парламент қабылдаған Конституциялық Заңнан көп бұрын-ақ халықтың өзі мойындаған еді.

Наши рекомендации