Сімдік шаруашылығы - ауыл шаруашылығының негізі
Өсімдік шаруашылығы егін шаруашылығы егіншіліктен, бақша шаруашылығы мен жүзім өсіруден тұрады.
Егіншілік дақылдар түріне қарай астық шаруашылығы, техникалық, азықтық, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп өсіруге бөлінеді.
Егін шаруашылығы географиясына табиғи факторлар, яғни топырақ пен агроклиматтық жағдайлар (жылу, жарық, ылғал) тікелей әсер етеді.
Белсенді температуралар жиынтығы орманды дала зонасында 1800- 2000°-ка, дала зонасында - 2000-2600°, шөлейт зонада - 2400-3000° және шөл зонасында 3000°-тан жоғары болып келеді.
Өсімдіктің жылу сүйгіштігі жоғары болған сайын, оны өсіруге көп мөлшерде белсенді температуралар жиынтығы қажет. Өсімдіктің ылғалмен қамтамасыз етілуін ылғалдылық коэффициентінің көмегімен анықтайды.
Ауыл шаруашылық дақылдарын орналастырудың климаттық жағдайларына талдау жасау үшін агроклиматтық карталар пайдаланылады.
Еліміздегі егіншіліктің басты саласы - дәнді дақыл өсіру (астық шаруашылығы). Олар егістік жерлердің 2/3 белігін қамтиды. Ең алдымен, бұл - бидай, одан әрі - арпа,жүгері, күріш, сұлы, қарақұмық, тары және қарабидай.
Бидай жылуды жақсы көретін дақыл, ол үшін ең қажетті топырақ түрлері - қара және қара қоңыр топырақтар.
Оны негізінде 3 тың облыстары - Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан құрайды. Олар республикадағы астықтың 4/5-ін береді.
Қазақстанның жылы оңтүстік аймағында күзде, қысқа қарай себілетін күздік бидай өсіріледі. Ол ерте, маусым айында пісіп, көктемгі және күзгі жауын-шашынды пайдаланғандықтан, тұрақты өнім береді.
Жылу және ылғал сүйгіш, тропиктік өсімдік — күріш, бұл су жайылған егістік жерлерде - атызда (чек) өсетін біздің еліміздегі бірден-бір дақыл. Оны Оңтүстіктің суармалы жерлерінде, Сырдарияның (Қызылорда облысы), Іле мен Қараталдың (Алматы облысы) аңғарларында өсіреді.
Арпа мен сұлы негізінен азықтық өсімдіктер. Арпа - тез пісетін, ең төзімді есімдік болғандыктан, барлық жерде таралған дәнді дақыл. Сұлы ыстыққа төзімсіз, ылғал сүйгіш өсімдік. Оның негізгі өсірілетін аудандары - Солтүстік пен Шығыс.
Жылу мен жарықты сүйетін жүгеріні Қазақстанның Оңтүстігіндегі суармалы жерлерде, жылуды көп қажет етпейтін күздік бидайды елдің Шығысында, құрғақшылыққа төзімді тарыны Батыс пен Солтүстікте өсіреді.
Техникалық дақылдар - мақта, қант қызылшасы және күнбағыс.
Мақтадан бағалы талшық, тұқымынан май алынатындықтан, оны «ақ алтын» деп атайды. Оған, әсіресе, көп мөлшерде жылу, жарық әрі мол су қажет. Ол үшін ең қолайлы топырақ - сұр топырақ. Елімізде мақта шаруашылығымен тек жалғыз Оңтүстік Қазақстан облысы (Сырдария мен Арыс) ғана айналысады.
Қант қызылшасы - ол жылуды, ылғалдылықты, құнарлы топырақты, сонымен қатар көп еңбекті қажет ететін дақыл. Сондықтан оны халық көп қоныстанған суармалы жерлерде өсіреді. Біздің елімізде ондай жерлер - Алматы жәнe Жамбыл облыстары.
Күнбағыс — құрғақшылыққа төзімді, жылуы, жарығы мол, топырағы кұнарлы жерлерде жакқы өседі. Оны Қазақстанның барлық облыстарында дерлік өсіреді. Бірақ егістік пен жинаудын, 3/5-і Шығыс Қазақстан облысының үлесіне тиеді.
Картоп - бір уақытта азық-түлік, мал азығы, әрі техникалық дақыл болып табылады. Картоп құнарлы, ылғалды топырақта жаксы өседі, жазы салқын жылдарда мол өнім береді.
Оны егін шаруашылығы мүмкін жерлердің бәрінде өсіреді. Өнімнің 3/4 бөлігі Солтүстік және Оңтүстік аудандардың үлесіне тиеді, ал еліміздің негізгі «картоп жүйегі» болып бұрыннан бері Алматы облысы саналады.
Алуан түрлі көкөністер - негізгі әрі арзан дәрумендер көзі болып табылады. Көкөніс дақылдарының көпшіліғі (қызанақ, қияр, баклажан, бұрыш) жылуды, жарықты, ылғалды, құнарлы топырақты сүйеді. Бақша дақылдарыныц (қарбыз, қауын, асқабақ, кәді) олардан өзгешелігі - құрғақшылыққа төзімділігі, олар борпылдақ, құмды топырақта жақсы өседі. Көкөністің 2/3-сін, қауын-қарбыздың 9/10-ын беретін Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарын еліміздің «дәрумен цехы» деп дұрыс атайды.
Бірақ Оңтүстік - ең негізгі «Қазақстан бағы» емес, өйткені бақтардың 3/5-і және жүзімдіктердің 9/10-ы Іле және Талас Алатауларының етегінде орналасқан. Мұнда жүзімнің 30-дай түрі, еліміздегі алма (апорт) мен алмұрттың (орман аруы) ең жоғары сорттары өсіріледі.
3. Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқыжәне түйе шаруашылықтары жатады.
Ірі қара өсіру
Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.