Бөлім iii. нарықтық жағдайдағы ұлттық экономиканың ұдайы өндірісі

Тақырып. Ұлттық экономика: мазмұны, құрылымы және нәтижесін өлшеу

Жоспар

1 Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс

2 Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс

1ҰЕЖ-де басты назар елдің экономикалық қызметінің (табыс немесе шығын) нәтижелеріне аударылады. Демек ҰЕЖ қоғамның экономикалық денсаулығына кестесін және оның айығуына ықпал ететін дұрыс саясатты жасауға мүмкіндік тудырады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – бұл ел азаматтары белгілі кезеңде (әдетте бір жыл ішіндегі) өндірген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасы. ЖҰӨ-ді мөлшерлеудің екі түрлі тәсілі бар. Біріншісі - өндірістің рыноктағы барлық өнімін сатып алу үшін қажетті барлық шығындардың сомасы секілді ЖІӨ-ге көзқарасты білдіреді. Бұл - өндіріс бойынша, немесе шығындар бойынша ЖҰӨ-ді анықтайтын тәсіл. Екінші тәсіл – ЖҰӨ өндіріс процесінде алынған немесе жасалынған табыс тұрғысынан қарауды болжамдайды. Бұл – түсімі бойынша ,немесе шығындар бойынша ЖҰӨ-ді анықтайтын тәсіл бұл екі тәсілді өте тереңірек талдау олардынң келіп тірелетін мәнін ашуға мүмкіндік береді Жалпы ішкі өнім ( ЖІӨ ) – белгілі кезеңде елдің ішінде өндірілген барлық түпкілікті тауарлар мен қызметтердің ңарықтық бағасы. Таза ұлттық өнім ( ТҰӨ ) – бұл ЖҰӨ - нен амартизация сомасын алып тастағаннан қалған, жабдықтың тозу бағасы болып есептеледі.

ТҰӨ = ЖҰӨ - А

Ұлттық табыс (ҰТ) – бұл экономикада өндірістің барлық фаторларымен (жермен, еңбекпен, капиталмен, кәсіпкерлікпен) өндірілген өнімнің бағасы.

ҰТ = ТҰӨ - жанама салықтар

Немесе

ҰТ = бір жылдағы барлық табыстардың сомасы = жалақы + пайда +капиталға пайыз (процент) + жер рентасы

Жеке табыс (ЖТ) – барлық үй шаруашылықтары табыстарының сомасы + трансферттік төлемдер. Ол тұтынуға, ақшаны жинауға, салықтарды төлеуге кетеді.

ЖТ = табыстар Z + трансфертік төлемдер

Қолдағы табыс (ҚТ) – бұл барлық салықтар мен салықтан тыс төлемдері кейім шаруашылықтардың иелігіне қалатын табыс.

ҚТ = ЖТ - салықтар

2Кеңес елінің саяси экономиясында материалдық өндіріс саласына жұмсалған еңбек қоғамдық өнімді өндіреді деп түсіндіріледі. Материалдық өндірістен тысқары қалғандар қайта бөлуден кейін қоғамдық өнімді тұтыну саласын құрайды. Материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді өндіруші салаларды қамтитыны белгілі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс), сонымен қатар материалдық қызмет көрсету саласы (өнімдерді) тұтынушыларға жеткізуші транспорт пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, атап айтқанда, киім тігу мен жөндеу, киімді жуу, тазалау, радио және электрлік тұрмыс тауарларын жөндеу т. б. Соңғы отыз жылда ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуы мен қоғамдық еңбектің терөңдеуі, қоғамның бүкіл-әлеуметтік шаруашылық жүйесінің күрделенуі жаңа салалардың пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де, көп салалы және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс орғанизмі осы мамандығы терең де жоғары басқарушылар мен ұйымдастырушыларды, қаржы-несие мәселелері, маркетинг т. б. бойынша маман кадрларды талап етуде. Бұл қызметкерлердің еңбегіне деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз деп бөлудің кандай да болмасын жолдарының теориялық негізін жоюда. Материалдық емес игіліктерді (рухани байлықтарды) өндіретін сонымен қатар материалдық емес қызмет көрсететін сала (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда. Аталған салалардың барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы — жұмыс күшіне баға белгілеуде тікелей қатынасады. Көрсетілген салалардың даму деңгейі еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал етеді. Жалпы қоғамдық Өнім, қоғамның бір жыл ішінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы десек, онда тек материалдық өндірісте еңбек ететіндердің қоғамдық еңбегі — қазіргі экономиканың жағдайын сипаттайтын өлшем деп айтуға болмайды. Жалпы қоғамдық өнім көрсеткішінде еңбек заттары қайталама (екінші рет) есептеліп отыр, яғни шикізат материалдар, аспаптар, отын, энергия. Мұндай қайталама есеп біртекті еңбек заттарын өндіріс циклының әр қилы сатысында есептеуіне байланысты орын алды.

Наши рекомендации