Санаторлы – курорттық мекемелерде анимациялық бос уақыттық іс әрекет
Қазіргі кезде туризм саласында туристік анимация деген жаңа бағыт пайда болды, ол туристік бағдарламаларда ең қажетті элементі болып табылады.Туристік терминологиялық сөздікте анимациялық қызмет көрсетуді көңіл көтеру бағдарламаларының жандануы ретінде түсіндіреді.
Анимация сөзі латын тілінен шыққан, «anima»- жан, «animatus» - жандану, яғни тiршiлiк күштерді белсендiлiкке, жiгерленуге, ынталандыруға, тартуды, жандану дегенді бiлдiредi. Анимациялық бригадалар туристермен бүкіл күн бойы жұмыс істейді: таңертең ойын, спорт және сауықтыру бағдарламаларын ұсынады, күндіз – театрленген көріністер, кешке қызықты шоу, туған күндер, танысу кештерін, би кештерін ұйымдастырады. Жасөспірімдерге ойын бағдарламалары, су аттракциондары, экскурсиялар, атпен серуендеулер, конкурстар, көркем және мультипликациялық фильмдер, түрлі үйірмелерді үйымдастырады. Әсіресе мұндай белсенділік Турция, Египет, Греция, Испания, Кипрда көп кездеседі. Ең маңыздысы келген туристі қызықтыратындай ұмытылмастай болатын бағдарламалар ұсыну керек, турист өзін арманындағыдай сезіну керек. Қонақжайлық жақсы көрсетілсе турист бұл қонақүйге бір емес бірнеше рет келетін болады. Тураниматор - жеке және ұжымдық анимация бағдарламаларының өңдеумен шұғылданатын маман. Бiз анимация бағдарлама аясында оның туристтiк, дене сауықтыру, мәдениеттi-жаппай, танымдық және әуесқойлық шаралардың өткiзу жоспарынына бiрiккен бiр мақсатты немесе ниетті түсiнемiз. Анимация-бұл қызмет көрсету сапасын жоғарылатуды мақсат тұтатын өзіндік бір қызмет түрі, сонымен қоса ол- қонақтарды қайта келуге шақыратын, туристік өнімді нарықта өткізуге, туристік бизнесті табысы мен пайдасын көтеруге бағытталған жарнаманың бір формасы.Анимациялық бағдарламаларды дайындау және өңдеу – туристік саланың ерекше іс-әрекеті болып табылады. Оларға спорттық ойындар мен жарыстар, би кештері, карнавалдар, ойындар, рухани қызығушылықтарына байланысты шаралар, т.б. кіреді. Жалпы туристің демалыспен қанағаттануы, жақсы көңіл-күйі, жағымды әсерлері, моральдық және физикалық күштерінің қалпына келуі туристік анимацияның басты мақсаты болып табылады. Демалыс бағдарламасы – туристік, денешынықтыру-емдік, мәдени-бұқаралық, танымдық, әуесқойлық шаралары жалпы мақсатпен және оймен біріктірілген жоспар. Анимациялық бағдарлама қызметтері – мәдени, емдік және спорттық шараларды ұйымдастыру мен басқару, олардың туристер арасында жалғасын табуы. Туристік анимацияның маңыздылығы мынада: турөнімнің сапасынын, өзгешелігі мен тартымдылығын жоғарлату, тұрақты клиенттер санын көбейту, турөнімге сұранысты жоғарылату, туристік мекеменің материалдық базасына жүктеменің көбеюі, яғни оны қолданудың эффектілігінің жоғарылауы, сонымен қатар, туристік іс-әрекеттің табысы мен рентабельділігінің жоғарлауы.
«Анимация», «рекреациялық анимация», «қонақүй анимациясы», «курорттық отельдердегі анимация», «туристік анимация» түсініктерінің айырмашылығы бос уақыт анимациялық әрекет бағдарламалары мен формаларының көптүрлілігімен байланысты. Бұл әртүрлілік тек туристік маршруттар құрастырудағы қонақүй шаруашылығында емес, заманауи өмірдегі адамдар бос уақытын ұйымдастыруда да: мемлекеттерде, қалаларда, қалалық басшыларда және муниципалитеттерде, саябақтарда, клубтар мен ассоциацияларда, ұйымдар мен оқу орындарында білінеді. Сондықтан қалалық және муниципалдық, клубтық және саябақтық, өндірістік және оқу орындары (балалар, жасөспірімдер, студенттер, зейнеткерлер үшін, отбасылық, мүгедек, ұлттық азшылықтар үшін, т.б.) анимациялық бағдарламалары туралы айтуға болады.
Рекреациялық анимация– адамның рухани және физикалық күштерін қалпына келтіруге бағытталған бос уақыт іc-әрекеттінің түрі. Рекреациялық мақсаттардағы бағдарламаларды туристер және қонақтармен туристік мекемелер де, жергілікті тұрғындармен бос уақыт мекемелері де іске асырады. Бұл бізге «рекреациялық анимация» түсінігін «туристік анимация» мен «қонақүй анимациясы» түсініктерінен ауқымды деуге құқық береді. Туристік және қонақүй анимациясы рекреациялық анимациямен тығыз байланысты, себебі анимациялық бағдарламалардың басты рөлі қонақүйлерде, туркешендерде және санаторияларда сияқты мамандандырылған анимациялық турларда да демалушыларды сауықтыру, күнделікті шаруаларынан көңілін аударту, көңіл-күйін көтеру, яғни өмірлік күші мен энергясын қалпына келтіру болып табылады.
Туристік анимация – туристік кәсіпорында (туркешен, қонақүйде) көлік құралында (круиздік теплоходта, поезда, автобус, т.б.) немесе туристердің тоқталған орнында жүзеге асырылатын туристік іс-әрекеттің бір түрі, ол арнайы жасалған бос уақыт бағдарламаларында әртүрлі шараларға қатыстыру арқылы туристерді қызықтырады. Басқа сөзбен, туристік анимация – бұл туристі белсенді әрекетке қызықтыратын туристік қызмет көрсету. Анимациялық бағдарлама қызметтер турпакетінде тек қана физикалық көлемі бойынша емес, рухани күштерді ынталандырушы құралы жағынан мақсатты, басым және доминатты болып келеді. Мұндай анимациялық бағдарлама турөнімдегі бағақалыптастырушы фактор болып табылады. Әдетте бұл бағдарламалар ортақ қызығушылықпен біріккен жеке адамдарға немесе бірыңғай туристік топтарға арналады.
Айтылған анимациялық бағдарламаларға кіреді: мәдени-танымдық және тақырыптық, фольклорлық және әдеби, музыкалық және театрлық, өнертанымдық және ғылыми, фестивальдық, карнавалдық және спорттық, немесе әртүрлі мемлекеттерде орналасқан казино-орталықтарына казино ойындарын сүюшілерге ұйымдастырылған тур-сапарлар.
Курорттық қонақ үй анимациясы – тураниматор мен туристтің жеке адамгершілік байланыстарына және туркешеннің анимациялық бағдарамасында ұсынылатын көңіл көтерулерге олардың бірге қатысуына негізделген кешенді рекреациялық қызмет көрсетулер. Қонақ үй қызмет көрсетулері жаңа философиясын іске асыру мақсатын көздейді – ұсынылатын қызметтер сапасын және туристтің демалыспен қанағаттану деңгейін жоғарылату. Қонақ үйдің маркетингтік стратегиясында негізгі тартымды қызметтердің бірі болып қолданылады.
Курорттық қонақ үй анимациясы– қарастырылып отырған үш ұғымның ішіндегі өте тар ұғым, өйткені туристерді орналастыру орындарында: туркешендерде, отель, қонақ үй, турбазаларда және т.б. бос уақытты ұйымдастыруды ғана жобалайды. Басқа сөзбен айтқанда, қонақ үй анимациясы – бұл қонақ үйлермен, отельдермен, туристік кешендермен ұсынылатын бос уақыт әрекеті. Туристік анимацияның ең маңызды бөлігі болып табылады. Анимациялық бағдарламалар демалысты әр түрлі (клубтарда, әр түрлі мақсаттық бағытталған және әр түрлі шамадағы қонақ үйлерде) ұйымдастырумен ерекшеленеді .
Жүйелік амал тұрғысынан туристік анимация – бұл арнайы айрықша тілдесудегі, қозғалыстағы, мадениеттегі, шығармашылықтағы, уақытты жағымды өткізудегі, көңіл көтерудегі туристік қажеттіліктерді қанағаттандыру.
Бұл қажеттіліктер алуан түрлі болады, себебі адамдар демалыс түсінігін әртүрлі мағынада ұғынады: біреулеріне демалыс саяхат болса, басқаларына бұл кітап оқу, орманда серуендеу, балық аулау және т.б. Саяхаттың сұранысы мен мотивациясына байланысты туристік қызмет көрсету тәжірибесінде туристтердің (демалушылардың) әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын келесідей анимация түрлері қалыптасады:
қозғалыстағы анимация– заманауи адамның рахаттылық пен жағымды әсерлерімен үйлесетін қозғалыстағы қажеттіліктерін қанағаттандырады;
уайымдау арқылы анимация– тілдесуде, ашылуларда, сонымен қатар қиындықтардан өту кезінде жаңаны, белгісізді сезіну қажеттіліктерін қанағаттандырады;
тілдесу арқылы анимация– жаңа, қызықты адамдармен тілдесуде, адамдардың ішкі дүниесін ашуда және тілдесу арқылы өзін тануда қажеттіліктерін қанағаттандырады;
тыныштану арқылы анимация– адамның күнделікті шаршаудан психологиялық жеңілдену қажеттілігін тыныштану, жеке қалу, табиғатпен байланыс арқылы қанағаттандырады;
мәдени анимация– адамдардың жеке тұлға рухани дамуындағы қажеттілігін мәдени-тарихи ескерткіштермен және мемлекет, аймақ, халық, ұлт мәдениетінің заманауи нұсқасымен байланыстыру арқылы қанағаттандырады;
шығармашылық анимация– адамның шығармашылықта, өзінің таңдай білу қабілетін көрсетуде және рухани жақын адамдармен біріккен шығармашылық арқылы байланыс орнатуда қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Іс-шара өтетені уақыти | Тақырып | Атауы, қысқаша сипаттамасы | Өткізетін орын | Жауапты | Өткізу уақыты (кезеңі) |
9:30– 12-00 | Спорттық-сауықтыру ойындары | - стрейчинг - садақтан ату - шөп үстіндегі хоккей - бочча - крикет - крокет - мини-гольф | күнделікті | ||
12:00 – 13-00 | Хауыз маңындағы ойындар Спорттық конкурстар | - су полосы - су аэробика үздік сүңгуірге - үздік жүзушіге | аптасына 1 рет күнделікті аптасына 1 рет | ||
15:30 – 17-00 | Спорттық-сауықтыру шаралары | - футбол - баскетбол - волейбол - степ-аэробика - би сабақтары - үстел теннисі - үлкен теннис | күнделікті | ||
20:00 – 22-30 | Мәдени-сауықтық бағдарламалар | Жанды әуен. Мини-дискотека (балалар үшін). Конкурстар, викториналар, лотереялар | күнделікті | ||
22:30 – 03-00 | Кешкі шоу Дискотека | күнделікті |
Әртүрлі әдибиет көздерін сараптай келе, курорттық отельдегі анимациялық іс-әрекеттің бірнеше бағытын анықтауға болады:
Спорттық-сауықтыру бағыт
Спорттық анимация теориялық дайындықты ұйғарады, себебі теориялық база болған жағдайда ғана нәтиже болады.
Спорттық анимация негізінде салауатты өмір салты жатыр. Салауатты өмір салты адамның қоғамдық, кәсіби және тұрмыстық қыметтерін орындауына үлес қосатының бәрін біріктіреді.
Денсаулықты сақтау және нығайту – спорттық анимацияның басты қызметтері.