Азақстан Республикасының есепке алу және есеп беру нормативті реттеу жүйесі

Қазақстан Республикасында есеп беру құқықтық және нормативті құжаттармен регламенттеледі.Мемлекет Үкімет,қаржы Министрлігі,Ұлттық Банк атынан,заңдар, қаулылар, және нұсқаулықтар көмегімен есепке алу тәртібін белгілейді. Бухгалтерлік есеп бойынша негізгі әзірлеуші ҚР қаржы Министрлігі болып табылады.ҚР есеп берудің нормативті реттеу жүйесі 3 суретте жүйелі түрде берілген.Осы уақытта бухгалтерлік есеп бойынша заң шығарушы актілердің төрт деңгейлі жүйесі құралған.

Бірінші деңгейге заң шығарушы деңгей, негізінен ҚР азаматтық Кодексі, ҚР еңбек Кодексі, ҚР салық Кодексі, 2007 жылдың 28 ақпанында шыққан № 234-III «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы(оған бухгалтерлік есептің маңызды мәселелері және басқа да заңдар,жарлықтар,қаулы) кіреді.

Азақстан Республикасының есепке алу және есеп беру нормативті реттеу жүйесі - student2.ru

3 сурет. Бухгалтерлік реттеуіштер иерархиясы

ҚР азаматтық Кодексі азматтық-құқықтық сипаттағы келісімдердің ұйымдастырылу және жасалуы құқытарын,меншікке ие болу құқығын алу және ауыстыру негізін анықтайды.

ҚР салық Кодексі салық салу тәртібін анықтайды.

ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңы қаржы құралдарын есепке алудың құқықтық негіздерін,оның мазмұнын, қағидаларын, ұйымдастырылуын, бухгалтерлік қызметтің негізгі бағыттарын және есеп беруді құруын анықтайды.

Заң шығарушы актілер мен Үкіметтік қаулылар ұйымдағы бухгалтерлік есептің жүргізілуін және ұйымды тікелей және жанама регламенттейді және олар қолданыс үшін міндетті.

Екінші деңгей ұлттық стандарттардың жүйесін құрайды, негізінде ҚР қаржы Министрлігімен бекітілген, № 218, 2007 жылдың 21 маусымында шыққан қаржылық есеп беру Ұлттық стандартының № 1 бұйрығы және ҚР қаржы Министрлігімен бекітілген,2007 жылдың 27 маусымында шыққан қаржылық есеп беру Ұлттық стандартының № 2 бұйрығы.

2007 жылдың 28 ақпанында шыққан ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңына сәйкес,Қазақстанда бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру қаржылық есеп берудің ұлттық стандартына (ҚЕҰС) және қаржылық есеп берудің ұлтаралық стандартына (ҚЕҰС) сай орындалуы тиіс.

Қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттары - уәкілді органмен бекітілген,қаржылық есеп беру стандарты.Бүгінде №1 қаржылық есеп берудің ұлттық стандарты және №2 қаржылық есеп берудің ұлттық стандарты ҚР ҚМ әзірленіп, бекітілген.

Қаржылық есеп берудің № 1-шi ұлттық стандарты бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін анықтау және ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес анықталатын қаржылық есеп берудің шағын кәсіпорын субъектілерін құру мақсатында ҚР «Бухгалтерлік есеп беру және қаржылық есеп беру туралы» Заңына сәйкес әзірленген. ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы шаруа және фермерлік шаруашылықтар,заңды тұлғалар (ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер) үшін,сонымен қатар ықшамдалған декларация негізінде ҚР салық Заңнамасына сәйкес қолданылады

Қаржылық есеп берудің № 2-шi ұлттық стандарты оперативті басқару (қазыналық кәсіпорын) құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар мен ҚР Заңнамасына сай,ҚР аумағында тіркелген шетел заңды тұлғалардың уәкілдерімен, коммерциялық емес ұйымдармен және филиалдармен,ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес анықталатын орта және шағын кәсіпкерліктің қаржылық есеп берудің субъектілерін құру және бухгалтерлік есепті жүзеге асыру тәртібін анықтау болып табылады.

Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары(International Financial Reporting Standards (IFRS)) — сыртқы пайдаланушылардың кәсіпорынға байланысты экономикалық шешімдерді қабылдау үшін керек,қаржылық есеп берудің әзірлеу ережелерін регламенттейтін, құжаттар жиынтығы(стандарттар және интерпретациялар).

1973 жылдан бастап 2001 жылға дейін стандарттарды қаржылық есеп берудің халық стандарттар Комитеті (International Accounting Standards Committee (IASC)), International Accounting Standards (IASС)деген атпен шығарды. 2001 жылы IASС қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты бойынша Кеңеске(International Accounting Standards Board (IASB)) қайта ұйымдастырылды.2001 жылдың сәуірінде IASB болған IAS-ті қабылдап, International Financial Reporting Standards (IFRS) атты қайтадан құрылған стандарттарды шығарып, жұмысын жалғастырды.

Есеп берудің кейбір ұлттық ережелеріне қарамастан, қатаң жазылған ережелерде емес, қағидаларда негізделген МСФО стандарттарды ұсынады.Негізгі мақсат белгілі бір базалық ережелерді айналып өтуге мүмкіндік беретін нақты жазылған ережелерде амал табуға тырысуында емес,құрастырушылар кез келген жағдайда қағидаларды ұстануында.

Қағидалар ішінен: есептеп шығару қағидасы (accrual basis),қызмет үзіліссіздігінің қағидасы (going concern), сақтық қағидасы (prudence),орындылық қағидасы (relevance) және т.б.

Стандарттар және әдістемелік кепілдемелер кепілдік сипатта болады.

Үшінші деңгейәртекті әдістемелік нұсқаулықтарды, салалық есепке алатын, ҚР қаржы Министрлігінің кепілдемелерін(негізінде) қосады. Қаржылай шаруашылық жұмысының бухгалтерлiк есебi есептерiнiң үлгi жоспарында қаржылардың бухгалтерлiк есебiндегi шаруашылық қызметін тiркеуінеен және фактілердің топтау сұлбасынан құралады, синтетикалық есептердің және қаржылай бухгалтерлiк есебiнiң есептерiнiң тiзiмiн жүйелейдi.

Сонымен қатар, 2007 жылдың 21 маусымындағы «алғашқы есепке алынатын құжаттардың формаларын бекіту туралы» ҚР қаржы Министрінің бұйрығы және 2007 жылдағы ҚР қаржы Министрі бұйрығымен бекітілген,бухгалтерлік есепті жүргізу Ережелері.

Төртінші деңгейұйымның ішкі жұмыс құжаттарын қосады,негізінде, есеп саясаты, салықтық есеп саясаты.

Есеп саясаты - қаржылық есеп беруді әзірлеу және ұсыну үшін ұйым қолданатын маңызды қағидаларды,негіздерді,ережелерді және нұсқаулықтарды білдіреді.

Салықтық есеп саясаты –табыстарды және (немесе) шығыстарды анықтаудың,оларды мойындаудың,бағалау және үйлестіру, сонымен қатар,салық төлеушінің қаржы-шаруашылық көрсеткіштеріне салық салу мақсаты үшін басқа керектілерді есепке алу,Салық Кодексі әдісімен(әдістемесімен) жіберілетін,салық төлеушімен таңдалған жиынтық.

Басқаша айтқанда, бұл бұйрықта бекітілетін міндетті ережелердің жиынтығы.Олар арқылы есеп беру (салықтық) кезеңнің ағымында нақты салықтар бойынша салықтық базаны анықтау мақсатындағы шаруашылық операциялар туралы ақпарат жалпыланады және жүйеленеді.

Салық салу мақсаты үшін есеп саясатын әзірлегенде негізгі міндет салық есебінің оңтайлы жүйесін құру болып табылады.

Бухгалтерлік есептің нормативтік реттеу жүйелері әр түрлі уақытта әзірленген, соның арқасында олардың кейбірлеулері бір-біріне қайшы келеді.Осыған байланысты,практикалық тәжірибедегі нормативтік актілердің мәліметтерін қоланғанда,шаруашылық субъектілері келесі ережелермен басқарылуы тиіс:

Егер иерархиялық деңгейдегі нормативтік актілер арасындағы қарама-қайшылықтар бар болса,бекіту (күшке енуіне) мерізіміне қарамастан, жоғары деңгейдегі нормативтік құжат басымдылыққа ие болады.

Егер иерархиялық деңгейдегі нормативтік актілер арасындағы қарама-қайшылықтар бар болса,бекітудің (күшіне енуінің) кешірек мерзімі бар нормативтік құжат басымдылыққа ие болады.

Бухгалтерлерден зейінділік,асқан дәлділік және жақсы есте сақтау ғана емес,сонымен қатар білім де талап етіледі.Тәжірибеде бухгалтерлік есептің дұрыс қойылуын заңның қатал орындалуы қатамасыз етеді.

Наши рекомендации