Пәнінен оқу-әдістемелік құрал

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті


Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

пәнінен оқу-әдістемелік құрал

Көкшетау
ӘОЖ 951/959 (5к)

ББК 74.263.4 (5к)

У 82

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен басылымға ұсынылған

Пікір жазғандар:

тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбуев Қ.Қ.

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сейітқасымов А.А.

Утегенов М.З.. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәнінен оқу-әдістемелік құрал. Көкшетау, - 153 бет.

Оқу-әдістемелік құралда орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәні бойынша өткізілетін аудиториялық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары, дәрістердің қысқаша мазмұны, семинар сабақтарының жоспары, ОБСӨЖ тапсырмалары, пән курсы бойынша негізгі ұғымдар мен терминдердің анықтамасы, студенттердің өз бетінше жұмыс істеуі үшін тест тапсырмалары, реферат тақырыптары мен әдістемелік нұсқау беріліп, пайдалануға ұсынылатын әдебиеттердің тізімі көрсетілген.

Оқу-әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының тарих мамандығы бойынша оқитын студенттеріне арналған.

© Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

© Утегенов М.З.

Пәнінен оқу-әдістемелік құрал - student2.ru

Мазмұны:
Кіріспе............................................................................................................. 3
І. Аудиториялық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық

жоспары........................................................................................................ 5


ІІ. Дәріс тезистері және ОБСӨЖ тапсырмалары................................. 11
IІІ. Семинар сабақтарының жоспары және әдістемелік нұсқау...... 83
ІV. Глоссарий............................................................................................... 103
V. Реферат тақырыптары және әдістемелік нұсқау......................... 108
VI. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер.......................................... 110
VII. Тест тапсырмалары............................................................................ 113
VIII. Тест сұрақтарының жауаптары.................................................... 156


Алғы сөз
Қазіргі уақытта тарих ғылымының алдында тұрған міндеттердің бірі – Отанымыздың тарихи өткеніндегі түрлі оқиғалар мен құбылыстарды, тұтас тарихи үрдістерді, өзекті мәселелерді шынайы түрде жетік меңгерген кәсіпқой тарихшыларды дайындау. Өйткені, еліміздің қоғамдық-саяси және мәдени дамуы мен дүниежүзілік қауымдастықта өзіндік маңызды орнын иеленуі үшін тарихи мұраларымызды сақтап, халқымыздың төл тарихын танып-білудің алар орны ерекше.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы болашақ тарихшы мамандардың арнайы дайындығын қамтамасыз ететін іргелі пәндердің қатарына жатады. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы курсында VI-XVII ғғ. қазақ даласында мемлекеттік бірлестіктердің қалыптасуы, дамуы, өркендеуі және құлдырауы төңірегіндегі мәселелер қарастырылады. VI ғ. – XІІI ғ. басы Қазақстанның орта ғасырлар тарихына түрік дәуірі деген атпен енді. Бұл кезең Орталық Азияда Түрік қағанатының құрылуы, гүлденуі мен күйреуі сияқты тарихи оқиғалардан бастау алып, артынша Ұлы далада өмір сүрген Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қарахан, Қыпшақ мемлекеттерінің тарихымен ұласады.

VI ғ. – XІІI ғ. басындағы түрік тайпаларының отырықшы және көшпелі мәдениетінің, түрік өркениетінің қазақ этногенезіндегі, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен даму үрдісіндегі алатын орны ерекше.

Қазақстанның XIV-XVII ғғ. аралығындағы тарихи кезеңі қазақ этносының қалыптасуының аяқталуы, Қазақ хандығының құрылуы, нығаюы, өркендеуі мен құлдырауы, қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің дамуы сияқты тарихи құбылыстармен сипатталады.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы курсының мақсаты – Қазақстан жерінде түркі мемлекеттерінің құрылуы, монғол үстемдігі кезіндегі қазақ даласы және Қазақ хандығының құрылуы мен дамуы тарихынан студенттердің жүйелі білімдерін қалыптастыру.

Осы мақсатқа байланысты курстың келесі міндеттері туындайды:

– орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының хронологиялық шеңберін, оның басты тарихи кезеңдерін анықтау;

– орта ғасырлардағы Қазақстан тарихындағы түрік өркениетінің орны мен рөлін түсіндіру;

– монғол шапқыншылығы мен монғол ұлыстарының құрылуы, оның Қазақстан аумағындағы халықтардың дамуына тигізген әсері жайлы білім беру;

– қазақ этногенезінің негізгі тарихи кезеңдеріне тоқталу;

– қазақ мемлекеттігінің құрылуының тарихи алғышарттары мен заңдылықтарын көрсету;

– Қазақ хандығының қалыптасуы мен даму үрдісіне талдау жасау;

– қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетімен танысу.

Оқу-әдістемелік құралда аудиториялық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары, дәрістердің қысқаша мазмұны, семинар сабақтарының жоспары, ОБСӨЖ тапсырмалары, пән курсы бойынша негізгі ұғымдар мен терминдердің анықтамасы, студенттердің өз бетінше жұмыс істеуі үшін тест тапсырмалары, реферат тақырыптары мен әдістемелік нұсқау беріліп, пән курсы бойынша пайдалануға ұсынылатын әдебиеттердің тізімі көрсетілген.

Оқу-әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының тарих мамандығы бойынша оқитын студенттеріне арналған.

т.ғ.д., профессор Әбуев Қ. Қ.

Наши рекомендации