Мәліметтерді компьютерлік өңдеу..., №60 А-лық қызметті автоматтандыру
Экономикалық субъектілердің қызметін жүзеге асыру процессінде дербес компьютерлер олардың ішінде есеп ақпараттарын өңдеуге және ішкі аудитті жүргізуге арналған компьютерлер кеңінен қолданылады.
Сыртқы аудитор өзінің жұмысында компьютерді және компьютерлік ақпараттық жүйені (КАЖ) екі тәсілмен пайдалана алады:
• клиент ретінде барлық қаржы-есептік ақпараттарды немесе оның белгілі бір бөлігін тіркеу үшін компьютерді пайдаланады;
• аудит өткізуді жеңілдету үшін, әсіресе клиент компьютерлік жүйені пайдаланатын болса.
Тексеруге кірісе отырып, аудитор мәліметтерді өңдеудің ұйымдық нысанымен және басқару міндеттерін, оның ішінде бухгалтерлік есептің міндеттерін автоматтандыру деңгейімен танысады.
Компьютерлік ақпараттық жүйе (КАЖ) дегеніміз - бұл, басқарудың барлық деңгейінде тиімді шешімдер қабылдау, жоспарлау және өзінің жауап беретін салаларына бақылау жасау үшін қажетті ақпараттар дайындап берудің ресми ережелері мен процедураларының жинағынан тұратын көптеген кіші жүйелерді біріктіруші жүйе.
Тексеру жүргізу барысында аудитор клиенттің компьютерлік ақпараттық жүйесіндегі есептік мәліметтерді өңдеуді ұйымдастырумен байланысты барлық маңыздырақ жақтарды зерттеуге және құжаттауға тиісті. Есеп регистрлерін тапсыру нысандарының және оларды құру технологиясының компьютерсіз есеп жүйесінде пайдаланылатындардан елеулі айырмашылығы бар екендігін есте сақтау керек.
Тексеру жүргізу барысында аудиторға клиенттің құжат айналымы жүйесіне, құжаттарды тіркеу, сақтау, өндеу мен олардың мәліметтерін бухгалтерлік шоттарға жазу жүйесіне зерттеу жүргізу және оларды бағалау керек. Соңдай-ақ, бастапқы ақпараттардың пайда болу орындарын және оларды жинау мен тіркеудің автоматтандырылу дәрежесін анықтау керек.
1008 "Тәуекелдікті бағалау және ішкі бақылау-Ақпараттық жүйені басқарудың сипаттамасы мен талдауы" деп аталатын Халықаралық аудит стандарты төмендегі негізгі сипаттамаларды айқындайды:
• компьютерлік ақпараттық жүйе туралы білімдердің шоғырлануы;
• бағдарламалар мен мәліметтердің шоғырлануы;
• енгізілген құжаттардың жоқ болуы;
• шаруашылық операцияларының және нәтижелердің көзге көрінетін іздерінің жоқ болуы;
• мәліметтер және компьютерлік бағдарламаларға кірудің жеңілдігі;
• бақылаудың бағдарланған жүйесі;
• жүйемен жасалынған операциялар;
• бағдарламалардың есінде сақталған мәліметтер мен ақпараттардың осалдығы.
401 "Компьютерлік ақпараттық жүйелік ортадағы аудит" деп аталатын Халықаралық аудит стандартында компьютерлік ақпараттық жүйелік ортада аудиттің жалпы мақсаты мен масштабы өзгермейтіндігі атап көрсетілген. Алайда компьютерді пайдалану қаржылық ақпараттарды өңдеу, сақтау және тапсыру процессін өзгертеді және субъект пайдаланатын бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесіне әсерін тигізуі мүмкін.
Бұл стандарттың мақсаты клиентте жұмыс істейтін компьютерлік ақпараттық жүйе жағдайында аудитті жүзеге асыру кезінде аудиторлық ұйымның іс-әрекетін анықтау болып табылады.
Стандарттың міндеттері:
• компьютерлік ақпараттық жүйе жағдайында аудит өткізу кезінде аудиторлық ұйымдарға қойылатын негізгі талаптарды анықтау;
• клиент пайдаланатын компьютерлік ақпараттық жүйені бағалау үшін аудиторлық ұйым шақырған (тартқан) мамандарға қойылатын негізгі талаптарды қабылдау;
• компьютерлік ақпараттық жүйелік ортада аудитті жоспарлау ерекшеліктерін сипаттау;
• компьютерлік-ақпараттық жүйе жағдайында аудиторлық тәуекелдікті анықтау;
• компьютерлік-ақпараттық жүйе жағдайында басқару құралдарын анықтау.
401 "Компьютерлік ақпараттық жүйелік ортадағы аудит" деп аталатын Халықаралық аудит стандартына сәйкес тексеруді жоспарлау кезінде аудитор клиенттің компьютерлік ақпараттық жүйесінің маңыздылығы мен жұмыс істеу күрделілігі жөнінде мағлұмат алуға тиісті. Егер ақпараттарды өңдеу кезінде пайдаланушыларға олардағы қателерді түзету, операциялардың көлеміне байланысты, қиынға түсетін болса, онда бухгалтерлік бағдарламаның күрделі болғаны. Сондай-ақ, жоспарлау процессінде аудиторға компьютерлік ақпараттық жүйенің қызметтік міндеттерді шектеуге әсер етуін қарастыру қажет.
Аудитордың жұмысын жеңілдету мақсатында компьютерлер төмендегі қажеттіліктер үшін пайдаланылуы мүмкін:
- клиенттің есвп жүйесіне зерттеу жүргізу кезінде блок-схема құру үшін. Блок — схемаларды құру жөніндегі бағдарламалар аудиторларға дәл (анық), жақсы дайындалған блок схемаларды құру кезінде көмек көрсетуі мүмкін. Бағдарламалар өздерінің жүйеге аудитордың орнына талдау жасай алмайтындығына қарамастан, олар жеңіл оқылатын нәтижелерді береді және компьютерлік жүйенің өзгеруі кезінде жаңартылуы мүмкін. Ал блок-схемаларды қолмен жасау кезінде ондай мүмкіндіктер болмайды.
- толық ақпараттарды сақтау үшін:
а) мәліметтердің барлық файлдары бойынша (сақтау құралдары, ұйымдастыру, маркирлеу, қайталау құрылғылары);
ә) жүйені тексеру нәтижесі және аудитор жүргізген жүйені бақылау құралдарының тиімділігі бойынша;
- аудиторлық тәуекелдікті бағалау үшін.
Аудитор компьютерге клиент жүйесінің әртурлі келісімдері бойынша өзінің бағасын енгізуіне болады. Компьютер бұл ақпаратты бағдарламалардың біріне жаза алады сонымен бірге сараптамалық жүйелік бағдарлама арқылы тестілеудің қажетті деңгейі бойынша нұсқаулар бере алады.
- аудит бағдарламасын дайындау үшін.
Аудит бағдарламалары компьютерде терілуі мүмкін, бұл, әрине, келесі жылдары ақпараттарды жаңарту процессін жеңілдетеді. Кейбір фирмаларды компьютерлік мәліметтік базада сақталатын стандартты аудиторлық тестілер болуы мүмкін. Тест жүргізу қажеттілігіне қарай олар мәліметтік базадан аудит бағдарламасына көшіріледі. Бұл, әрине, барлық тексті компьютерде қайта теруге қарағанда әлдеқайда аз уақыт алады.