Ылмыстың объективтік жағының міндетті белгілері және олардың сипаттамасы.

Қылмыстың объективтік жағы - белгілі бір жағдайларда, жерде уақытта ағып жатқан және қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың сыртқа көрінісі. Қылмыстың құрамының объективтік жағы - қылмыстық қол сұғушылықтың сыртқы процесін бейнелейтін заңмен бекітілген қылмыс белгілерінің жиынтығы.Қылмыстың объективтік белгілерінің болуы қылмыстық жауапкершіліктің негізі болады және олар заңда көрсетілген. Сол себепті қылмыстық жауапкершілікке тек қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекеттер үшін ғана тартуға болады. Тек ойы, көзқарасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Адамның негізгі құқықтарының бірі - өмірге деген құқығы: өз қалауы бойынша ойлау, қалауы бойынша оқу, музыка немесе суретпен өзінің талабы бойынша қызығу, т.б. Нақты қылмыс үшін жауапкершілік көрсетілген қылмыстық заңда объективтік жағына жақсы түсінік беріледі.Ерекше бөлімнің кейбір баптарында қылмысты қылмыс еместен бөлетін критерилері ретінде объективтік жақтар белгілерін көрсетеді.Бір немесе әртүрлі объектілерге қол сұғылатын қылмыстар бір-бірінен іс-әрекеттің формасымен, қылмысты жасау тәсілімен, келтірілген зардабымен және басқа да объективтік жағының белгілерімен ерекшеленеді. Ұрлықтың 7 тәсілі ұрлықтың 7 формасын белгілейді.Қылмыстың объективтік жағының белгілері негізгі және факультативтіболып бөлінеді. Негізгі белгілеріне: қылмыстық іс-әрекет (әрекет, әрекетсіздік) қылмыстық зардап; себепті байланыс.

Іс әрекет: әрекет (орындауға қылмыстық заң тийым салған және ерекше бөлім баптарында көрсетілген жүріс тұрыстарының бір формасы), әрекетсіздік (адамның тиісті іс әрекетті орындамауы, өоғамға қауіптілік білдіретін заңда анықтайтын жүріс тұрыс ережесінің бір формасы). Зардап: мүліктік (матер.зардап мүліктік немесе ақшалай сомасында келетін зардап түрлерін білдіреді. Көлемі бойынша: ұсақ, жай, елеулі, ірі, аса ірі), физический (өмірге, денсаулыққа келетін зардаптар: жеңіл, орташа, ауыр), моральдық (ар намысына тиетін зардаптар, олардың құрамы қылмыстық құқықта анықталмаған). Себебті байланыс:әрекет және әрекетсіздікпен туындаған зардаптың арасында пайда болған объективті байланыс. Себебі, іс әрекет мағыналығына, орын алуына қарай соған сәйкес келетін зардап туындайды. Объективтік байланыс: қажетті, кездейсоқ. Себепті байланыс: тікелей, қажетті.

20.Обьективтік жақтың қосымша белгілері және олардың мәні. Факультативті белгілері: қылмыс жасалған жері, уақыты, қылмыс жасау тәсілі, қаруы және құралы. Қылмыс жасалған орны - бұл қылмыс жасалған территория. Мысалы, 288 б 1 б тиым салынған жерде заңсыз аң аулау, ал 287 б 1 б тиым салынған жерлерде су жануарларын және өсімдіктерін алу.Қылмыс жасалған уақыт - қылмыс жасалуы мүмкін уақыт мезгілі. Мысалы, 367 б 3 б әскери уақытта бұйрықты орындамау немесе бағынбау.Қылмыс жасау құралы және қаруы - бұл қылмыс жасау заттар, яғни құралдары. Қылмыскердің қолданған құралдары қоғамға қауіптілік деңгейіне әсер етеді. Қылмыс құралы қылмыстың қоғамға қауіптілігін үлкейтсе ол заңшығарушымен қылмыстың құрамының объективтік жағына кіргізіледі. Мысалы, қарақшылық кезінде қару қолдану қоғамға қауіптілігін арттырады сол себепті қару қолдану арқылы жасалған қарақшылықты заңшығарушымен ҚК 179 б 2 б 2 тармағымен жіктеледі.Қылмыс жасау тәсілі деп қылмыскер қылмыс жасау үшін қолданған әдістері. Қылмыс жасау тәсілі әрекеттік қоғамға қауіптілігіне әсер етеді. Қоғамға қауіптілік деңгейін үлкейткен жағдайда қылмыс жасау тәсілі заңшығарушы ойы қылмыс құрамының белгілеріне енгізіледі. Мысалы, жала жабу жариялы түрде жасалса немесе теледидар арқылы ------ бұл үшін заңмен ------- жауапкершілік белгіленген. (ҚК 129 б 2 б)ҚР ҚК Ерекше бөлімінің баптарын қылмыстың жасау тәсілін бейнеленуіне байланысты келесідей құрады:

1) диспозицияда қылмысты жасаудың жалғыз тәсілі көрсетіледі.

2) диспозицияда қылмысты жасаудың нақты тізімін көрсетеді.

3) диспозицияда қылмысты жасаудың нақты тізімін көрсетеді. Бұл жағдайда қылмыс көрсетілген басқа да тәсілмен жасалуы мүмкін.

4) диспозицияда қылмысты жасаудың әр түрлі тәсілдерімен жасалу мүмкіндігін көрсетеді.

Егер қылмысты жасау жері, уақыты, құралы, тәсілі қылмыстың объективтік жағының белгілері болмаса да олар жаза тағайындау барысында жеңілдетін немесе ауырлататын мән-жайлар болуы мүмкін немесе қылмыстық іс бойынша дәлелдеме мағынасын ойнауы мүмкін.

21. Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыс құрамындағы алатын орны.Қылмыстың субъективтік жағы - адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланыстың жоғының көрінісі. Ол кінә, ниет, мақсат арқылы сипатталады. Қылмыстың субъективтік жағының белгілерінің барлығы бір мағына бермейді. Қасақаналық немесе абайсыздық барлық қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгілері. Ниет пен мақсат кейбір құрамдар үшін міндетті, ал кейбір құрамдар үшін факультативті белгілері болады.Субъективтік жағының мәні қылмысты саралау үшін ұқсас құрамдарды ажырату, жауапкершілікті жекелеу үшін қажет болып табылады.

Қылмыс құрамының ішкі жағын сипаттайтын белгілер қылмыстың субъективтік жағы д.а.

22. Кінә түсінігі және нысандары. Заңда кінәлінің жалпы түсінігі берілмеген. Заңшығарушы кінәнің психологиялық, әлеуметтік, қылмыстық құқықтық түсінігін оның формалары арқылы береді. Кінәнің формалары айырмашылығы тұлғаның жасап жатқан іс әрекетіне түсіну деңгейі және зардаптарды көре білуден және кінәлінің еркінен тұрады.ҚК 19 б 3 б кінгәнің 2 формасы көрсетілген: қасақана және абайсыздық. Кінәнің әр формасы психиканың қызметінің интеллектуалдық және еріктік элементтерден тұрады.Кінәнің мәні:

1) Ол қылмыстық жауапкершіліктің субъективті негізі болады

2) Оның формалары ниет және мақсат объективтік белгілерімен ұқсас қылмыстарды ажыратуға жол ашады.

3) Оның формалары, ниет және мақсаты қылмыстың және қылмыскердің қоғамға қауіптілік деңгейін және сипатын, қылмысты жіктеуге және жауапкершіліктің деңгейіне әсер ету туралы анықтауға әсер етеді.

Объективті айыптау іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке кінәсіз де тартуға жол береді. ҚК 19 б 2 б бойынша объективті айыптауға яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.Жанама қасақаналық адам зардаптың болуын тілегенмен оның болуына саналы немесе немқұрайлы түрде жол беру дегеніміз кінәлінің есінде жетуге тырысқан басқа мақсаттар тұрады. Сол мақсаттарға жету процесінде сол зардаптар келеді. (Мысалы банкті тонаудан кейін қылмыскерлер сол жерді кедергісіз тастап кету үшін қоршағандарға оқ жаудырады, яғни қылмыскерлер біреуді жарақаттау мүмкіндігін немесе өлтіруіне саналы түрде жол береді немесе немқұрайлы қарайды. Жанама қасақаналы іс-әрекеттер келтірілген зардаптарына байланысты, мысалы, егер тура жақын жерден оқ ату барысында қару мүлт кетсе онда оның іс-әрекетін адам өлтіруге оқталу деп қаралу керек. Ал егер кінәлі бір топ адамға атса оның әрекетін келтірілген зардапқа байланысты саралау керек.

Кінә екі нысаны: қасақана және абайсыздық.

Қасақана: тікелей және жанама. Тікелей қасақаналық адамның өз іс әрекетін қоғамғақауіпті екенін сезінуі, одан белгілі бір зардаптың тундайтынын көре білуі, және сондай әрекеттің боуын тілеуі. Жанама қасақаналық адам өз іс әрекетінің қоғамға қауіпті екенін сезінуі, зардаптың туындауынын көре білуі, сол зардаптың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол беруі ннемесе мән мағынасыз қарау.

Абайсыздық менмендіктен және немқұрайдылықпен жасалады.Қылмыс менмендікпен мынадай жағдайда, егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілдікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе. Немқұрайлық деп адам өзінің іс әрекетінің зардабын көре білмеуі, бірақ қажетті ұқыптылық болғанда зардаптың туындайтынын көре біле алуы және осындай зардаптардың туындайтынын білуге мүмкіншілігін немесе міндеттілігінің болуы.

23. Қасақаналық және оның түрлері.Кодекстің 20 бабында қасақаналықтың 2 түрі белгіленген (тікелей және жанама) және оларды құрайтын белгілері анықталған. Қай саланың сипатталған белгілеріне байланысты олар 2 топқа бөлінген. Тікелей және жанама қасақаналықтың 1-ші тобын адамның интеллектуалдық элементтері құрады, ал екінші тобын еріктілік элементтері құрады. Тікелей және жанама қасақаналықтың екеуінің жалпы белгісі болып тек адамның іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін сезіну болып табылады.Өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін сезіну деп адамның өз әрекетімен қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зардап келтіретіндігін түсіну. Мысалыға ұрлық жасау барысында адам біреудің жеке меншігіндегі затты алу арқылы жеке меншік құқығы бұзып отырғандығын біледі және ол заттың егесі бұдан былай ол затпен өз еркі бойынша қолдана алмайды, өйткені ол зат одан алынды. Бұл белгі 14 жастан жауапкершілік белгіленген қылмыстардың шеңберін заңды анықтауда негізгі критерисі болып табылады. 14 жастағы жас өспірімнің психофизиялық дамуы әлеуметтік тәжірибесі ҚК 15 б 2 б көрсетілген іс әрекеттердің қоғамға қауіптілігін түсінуге мүмкіндік береді. Қасақаналық түсінігіне заң шығаруша адамның іс-әрекетінің құқыққа қарсылығы түсінгендігін жатқызбайды, өйткені құқыққа қарсылық қоғамға қауіптілік заңды көрінісі. Интеллектуалдық қасақаналықтың келесі белгісі болып қылмыстық іс-әрекеттің зардабын білу болып табылады. Іс-әрекеттің зардабын білу деп тұлғаның жасаған әрекетенің нәтижесін көре білуді айтамыз. Бір әрекет жасау барысында кейбір әрекеттен бас тарту арқылы ол адам болатын зардап нәтижелерін болжамдайды. Тікелей қасақанада қоғамға зиянды зардапты болжау сөзсіз болатын түрде емес болуы мүмкін ретінде алдын ала болжанады. Зардаптардың болу мүмкіндігі тікелей қасақаналықты жанама қасақаналыққа қарағанда үлкен. Қоғамға қауіпті зардаптың мүмкіндігі немесе болмай қоймайтындығы қасақаналықтың еркіне байланысты. Тікелей қасақаналықта зардаптың болуын тілейді, жанама қасақаналықта зардаптың болуына біле тұра жол беру. Зардартың болуы тікелей қасақаналықта үлкен өйткені оны тілейді және оған жетуге талпынады (мысалы, адамды өлтіремін деп оған жақын жерден оқ ату немесе жүрегіне пышық салу, бұл адамның өз нәтижелеріне жетуге талпынуын көрсетеді, яғни адамды өлтіруге тырысады.).

24. Абайсыздық және оның түрлері.Қылмыстық әрекетінің соңына байланысты әр адамның абайсыздыққа деген психикалық қатынасы ерекше болады. Негізінен абайсыздық қылмыстар қылмыс нәтижелі болғанда, нәтижеге жетуге қолданылған тәсілдер бойынша сараланады. Бәрімізге белгілі абайсызда жасалған қылмыстарда дайындалу, оқталу және қылмысқа қатысу сияқты түрлері (формалары) жоқ, бұл қылмыстық жауапкершілікті де азайтады.Абайсыздық менмендіктен және немқұрайдылықпен жасалады.Қылмыс менмендікпен мынадай жағдайда, егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілдікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе.Мысалы: автокөлік жүргізушісі өте жоғары және тез жүргенді сезе отырып, жоғары жылдамдықта тез тоқтаймын немесе қауіпті жағдай туғызбаймын деп сенеді. Бірақ ол тез тоқтата алмай көшеде келе жатқан адамды соғып, оған дене зақымын келтіреді.Жүргізуші алдында болатын жағдайларды ескере отырып, бірақ оны болдырмаймын деп ойлайды. Ол менмендікті жүзеге асырғысы келді. Менмендікті бір жағынан қылмысты сезіне отырып оның болдыруына жол бермеуі, ал екінші жағынан қылмыс жүзеге асқаннан кейін сезіну.Сонымен қатар менмендік былай мінезделеді: а) қоғамға қауіпті жағдайларды біліп тұру б) бұл жағдайларды менмендікпен болдыртпау.Қоғамға қауіпті іс-әрекетті біле отырып және оның жүзеге асуының нәтижесін ескеріп, осылар менмендіктің интеллектуалды эелементін құрайды, ал оны жеңілдікпен болдырмау адамның еркіне байланысты, осы екі бөлігінің жиынтығы қылмыстың менмендікпен жасауына тура әкеледі.Немқұрайлық қоғамға қауіпті әрекеттерді көрмей немесе оның жүзеге асуын білмей отырып мінездеуге болады, бірақ кейбір жағдайда оны білу керек және алдын-ала шара қолдануы мүмкін еді.Бұны мына мысалмен келтіруге болады: Е аң аулап болған соң Б екеуі ат шанамен келе жатады. Шанада қарулы (оқталған) мылтық жатады. Жолдың қтылысында Е мылтықты басып қалады, мылтық атылып Б-ны жарақаттандырады. Осы мәселені сот абайсызда жасалған деп зақымы деп саралайды. Бірақ Е өзінің әрекетін, нәтижесін білмей отыра оны тиісті түрде ескеріп қарулы мылтықты оқсыздандырып ету керек еді. Келген зардабы бойынша қылмысқа психикалық қатынасы немқұрайлық түрінде жүзеге асады.Немқұрайлық екі жағдайда мінезделеді: теріс - яғни қоғамға қауіпті іс-әрекетінің зардаптарының көруінің болмауы, дұрыс - қауіпті жағдайлардың болуы және өз әрекетінің нәтижесін субъект білу керек немесе алдын ала көруі керек еді. Бірінші жағдайда немқұйлық қасақана жасаудан (тікелей және жанама) және менмендіктен ерекше айырмашылығы бар. Екінші жағдайда ол барлық кінәсіз келтірілген зиянды зардаптардан, яғни сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын тұлғаларды айтуға болады. Мына жағдайларды анықтауға бағытталған яғни қоғамға қауіпті зардаптарды білуі керек және алдын-ала көруі туралы қылмыстық құқық теориясы мен соттық тәжірибе екі тұрғыда анықтайды: объективті және субъективті.Объективті тұрғысы: немқұрайлық заңда былай көрсетілген: "алдын-ала білу керек еді" (96 б); яғни адамды қоғамға қауіпті әрекеттерді білуді міндеттейді және оны болғызбайтын шаралар қолдандырады.Ал немқұрайдылықтың субъективтік тұрғысы (заңда "көруге болушы еді") адамды нақты жағдайда персоналды тәсілдермен және жеке қабілеттігін (өмірдегі тәжірибі, білімі, денсаулық жағдайы, психикалық көзғарасы және т.б.) қолданып қоғамға қауіпті зардаптарды көруге алдын ала білуі керек екеніне әкеледі. Қылмыстық құқық әдебиетінде казус түсінігі кездеседі. Казус (жағдай) - яғни қоғамға қауіпті зардаптар келтірілген кезде адамның әрекетімен себептік байланыста болады, бірақ адам оны көрген жоқ, көруге болушы жағдайдың болмауы және осы әрекеттердің нәтижесіне жетудің білмеуі. Осы жағдайлардың болғызбауына міндетінің болмауы ерекше мән-жай болады, яғни адамның кінәлігін жояды. Сондықтан болған зардаптары қандай да объективті тұрғыда болмасын жауапкершілікті жояды.Заңда қылмыстың құрамдары бір қатарда еоекше белгіленген және құрамның объективті жағының белгілері әрекеттің ерекше қасиетіне юерілген, келген нәтижеге бір түрлі көрсетіледі. Осыған байланысты субъективті тұрғысынан қарағанда адамның жасаған әрекетіне байланысты психикалық қатынасы және келген зардаптарды психикалық көзғараста ерекшеленеді. Бұл жағдайларда біз кінәнің ерекше (қиын) түріне кездесеміз: әрекетіне байланысты қасақана ойы және келтірілген қоғамға зардаптарды абайсыз қатынасы.Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру барысында абайсыз жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырса (ҚК 103 б 3 п) келген зардаптарға тікелей қатынасы қасақана деген орынға ие болады(тікелей және жанама) және жасалып жатқан қылмыстың қоғамға қатысты ерекше мінезделеді, сондықтан бұл мән-жайлар кінәлінің әрекеті тек қана денсаулыққа ауыр зиян келтіруге бағытталған. Осыған сүйене отырып субъект келетін зардаптарды алдын ала біледі және олардың нәтижесіне жетуін тілейді. Бірыңғай адам дене зақымын келтіру барысында, бұл әрекеттер адамның өліміне әкелетінін сезбейді, келетін зардаптарды ескермейді, бірақ оны білуі және алдын ала көруі, жәбірленушінің өліміне әкелетінін ескеруі керек еді. Бірақ ерекше түрде оны жеңілдікпен болдырмаймын деп сенеді.Кінәнің қиын түрі объективті жағынан барлық жерде болуы мүмкін егер де бір қылмыста объективті мен субъективті белгілерінің қиындалған түрлері болады және бұл қасақана қатынасына сәйкес болады.

25. Кінәнің қос нысанымен жасалған қылмыстар.

Көп жағдайларда қылмыс бір ғана қылмыс нысаны арқылы істеледі. Кейбір жағдайларда қылмыстың екі нысаны кездесуі мүмкін. Қасақаналық жіәне абайсыздық қабыстырылған кезде қылмысты іс әрекеттің істелуі қасақаналықпен, ал қылмыстың нәтижесінен болар зардап абайсыздықпен сипатталады. Мұндай қылмыстарда кінәнің бір нысаны әрекет немесе әрекетсіздік жөнінде бөлек орын алса, ал екінщі бір нысаны іс ірекетпен туындайтын қылмыстың зардабы жөнінде бөлек орын алады. Қылмыстық құқық теориясында оны кейде екі жақты немесе күрделі, аралас кінә нысандары деп те атайды. Бұл аталған терминдердің түпкі мәні біреу - ол бір қылмыс құрамында кінәнің екі бірдей нысаны –қасақаналық жңне абайсыздықтың қатар қабаттас болатындығын көрсету болып табылады. Кінәнің қос нысанын ҚК 22 бабы «егер қасақана қылмыс жасаудың салдарынан заң бойынша неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын және адамның ниетімен қамтылмаған ауыр зардаптар келтірілсе, мұндай зардаптар үшін қылмыстық жауаптылық, егер адам олардың пайда болатынын алдын ала білсе, бірақ осыған жеткілікті негіздерсіз оларды болдырмауға менмендікпен сенген жағдайда немесе адам бұл зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе, бірақ болжауға тиіс және болжай алатын болған жағдайда ғана пайда болады» деп анықтаған. Кінәнің аралас нысандарына Қылмыстық кодекстің 103 бабының 3 бөлігіндегі денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден жәбірдленушінің қазаға ұшырауы, 152 бапта көрсетілген еңбек қорғау ережелерін бұзу, 117 баптың 4 бөлігіндегі заңсыз аборт жасаудан жәбірленушінің қаза болуы немесе басқа да ауыр зардаптарға әкеліп соқтырушы құрамдар жатады . Кінәнің қос нысаны бар қылмыс үшін жауаптылық заң баптарында арнайы көрсетілмесе, онда қылмыстар жиынтығымен сараланады.

Кінәнің қос нысанымен жасалатын қылмыстардың заңда өмір сүру себебі, ол кейбір қасақана жасалатын қылмыстарда қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекеттерді өзі ойлаған, тілеген мөлшерденде ауыр зардаптарға соқтыру ықтималдылығы деп түсіну керек. Мысалы қарақшылық қылмысында күш қолдану жай түрде емес, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті түрде болады. Қазіргі қылмыстық кодекстің бұрынғы қылмыстық кодекстен бір айырмашылығы және жетістігі, бұл қасақаналықпен қылмыс жасауға бағытталған әрекеттердің абайсыздықта одан да ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін қылмыс түрлерін анықтап, ол қылмыстарды қарастыратын баптарда кінәнің қос нысанымен жасалатын құрамдарды келтіруінде. Анығырақ айтқанда, кінәнің қос нысанымен жасалған қылмыстарда қылмыстық заңда жеке-жеке қарастырылған екі қылмыстың белгілері болады, бірақ кінәнің аралас нысанын келтірген баптың бөлімінде бұл екі қылмыс белгілері бір құрам ретінде белгіленеді. Кінәнің екі түрлі нысанымен жасалатын қылмыстардың өзге, тек абайсыздықпен немесе қасақаналықпен, сондай-ақ қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалатын қылмыстардан айырмашылығы, ол мұндай кінәсынандағы қылмыстарда қасқаналықпен жасалған әрекеттердің бір қылмысты, ал абайсыздықта ауыр зардапқа соқтырған әрекеттердің екінші қылмысты білдіретіндігі байланысты. Мұндай құрамда сондықтан тек екі кінә кездесіп қана қоймайды, сонымен бірге екі қылмыс объектісіде кездеседі деп түсіну керек. Қылмыстық заң неліктен кінәнің аралас нысанымен жасалатын қылмыстарды қасақаналықтың бір түрі ретінде бағалайды деген сұрақ туындайды. Мұның жауабы ретінде кінәнің осындай нысанымен жасалғанқылмыстарға және заң баптарындағы ережесіне назар аударсақ, онда жасалған қылмысты әрекетте алдымен қасақаналықтың болатындығын айту керек. Яғни қылмыс қасақаналықпен басталады, абайсыздықта ауыр зардаптардың туындауымен аяқталады. Жалпы алғанда, кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстардың субъективтік мазмұнын терең зерттеу объективтік белгілері өзара ұқсас қылмыстарды бір бірінен дұрыс ажыратуға немесе істелген іс әрекетті қасақана я болмаса абайсызда істелген қылмыс құрамына дәлме дәл жатқызуға толық мүмкіндік береді.

26. Жазықсыз зиян келтірудің және оның құқықтық салдары.1. Егер iс-әрекет жасаған адамның iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) және одан кейiн пайда болған қоғамдық қауiптi зардаптар оның ниетiмен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда мұндай әрекет жасағаны және қоғамдық қауiптi зардаптар келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылық көзделмесе, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.

2. Егер әрекет жасаған адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамдық қауiптiлiгiн ұғынбаған және iстiң мән-жайы бойынша ұғына алмаған болса, не қоғамдық қауiптi зардаптардың пайда болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлмесе және iстiң мән-жайы бойынша оларды алдын ала бiлуге тиiс болмаса немесе бiлуi мүмкiн болмаса, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады. Егер әрекет жасаған кезде қоғамға қауiптi зардаптардың пайда болуын алдын ала бiлген адам оны болғызбауға жеткiлiктi негiзде сенген болса не өзiнiң психика-физиологиялық қасиеттерiнiң қысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуiне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға байланысты осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмесе де, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады.

27. Қылмыстың субьективтік жағының қосымша белгілері және олардың мәні. Кінә кез келген қылмыс құрамының субьективті жағының міндетті белгісі б.т. Қылмыстық ниет және мақсат кінәға қарағанда кейбір құраммдар үшін заңда көрсетілген реттерде қажетті белгі болады. Ал олай болмаған жағдайларда ниет пен мақсат қылмыс құрамының факультативті белгісі ғана б.т. Қылмыстық ниет белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуына байлансысты адамның соларды басшылыққа ала отырып саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз. Қылмыстық мақсат деп адманың қылмыс істеуі арқылы болашақта белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз. Қылмыстың мақсаты қылмыстық ниетке негізделіп пайда болады. Ал қылмыстық ниет қылмыстық мақсатпен бірге белгілі бір іс әрекетті жүзеге асыру арқылы түпкілікті нәтижеге жетуге итермелейді.

. Қылмыстың субъектісі және оның белгілері.

ҚР ҚК 14 б:1.Қылмыстық жауапкершілікке тек есі дұрыс, жасы осы кодексте белгіленген жасқа жеткен жеке тұлға тартылады.2.Қылмыс жасаған тұлғалар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне және өзге де кез-келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей.3Жеке тұлға - ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ азаматтар және шет ел азаматтары.Жеке тұлға субъект ретінде 2 міндетті белгісі болуы тиіс:Есі дұрыс болуы.Заң бойынша қылмыстық жауапкершілік бекіткен жасқа жетуі.Бұл белгілер қылмыстық жауапкершіліктің міндетті шарттары және олар қылмыс құрамының белгілері ретінде болады. Кей жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту тек қосымша белгілері болған жағдайда іс асырылады. Мысалы, пара алу - тек лауазымды тұлға. Бұл белгілер де міндетті белгілерге кіреді және қылмыс құрамының арнайы субъектісін сипаттайды. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың субъектісі болып қасақана немесе абайсыз қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған, жасы жеткен, есі дұрыс кейбір жағдайларды нормалармен көрсетілген кейбір арнайы белгілері бар тұлға болады. Қылмыстың субъектісі болып тек жеке тұлға болады, яғни заңды тұлғалар қылмыс субъектісі бола алмайды.

29.Есі дұрыстық.Есі дұрыс еместіктің тусінігі және критериилеріҚылмыстың субъектісі тек есі дұрыс тұлға болады.Есі дұрыстық деп жалпы айтқанда заң алдында өз әрекеті үшін жауап бере алатындығы. Есі дұрыстық - бұл қоғамға қауіпті іс-әрекет жасау барысында өз ісіне есеп бере алатын оларды басқара алатын психикалық жағдайы.ҚК 16 б сәйкес есі дұрыс еместік 2 критериймен белгіленеді: медициналық, заңды. Медициналық критерий - адамның созылмалы психикалық ауруын, психикалық қызметінің уақытша бұзылуын, басқа аурумен ауыратын жағдайын айтамыз. Олардың 4 түрі:1) созылмлы психикалық ауру 2) уақытша психикалық ауру 3) кем ақылдық және т.б. ұқсас аурулар.Созылмалы психикалық аурулар ұзақ ауру және қиын жазылатын немесе жазылмайтын аурулар. Кейде олар приступ арқылы көрінуі мүмкін, бірақ өзінен кейін дефект қалдырады. Бұл аурулар: мизефрения, эпилепция, паралич.Уақытша психикалық аурулар - бұл уақытша психикалық аурулар, яғни жазылатын аурулар. Бұлар: потологиялық, психикалық істен шығуы.Кем ақылдылық - психикалық іс-әрекеттің түсуі, адамның интеллектуалдық қабілетіне әсер етілуі. Бұл ауру адамның ми қабілетілігінің жоғалтуы немесе ол туылғаннан немесе психикалық ауру арқылы пайда болады. Кем ақылдылықтың 3 түрі бар: 1) жеңіл 2) орта 3) ауыр.Басқа да психикалық аурулар - бұл аурулар психикалық ауруларға жатпайды, бірақ соған қарамастан психиканың бұзылуымен бірге келеді. Мысалыға, гомоцинацияға әкелуі мүмкін және сол уақытта аурудың ақыл ойының немесе еркінің жұмыс істеуі бұзылуы мүмкін. Бұл сияқты жағдайлар бас миының травмалануы немесе мидың ісігі ауруларында болады.Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін тек медициналық критерий жеткілікті емес. Мысалы, кейбір деңгейдегі кемақылдылықтың әрқашанда оның іс-әрекетін және тәртібін басқара алу қабілеттілігінен айыра алмайды. Егер кем ақылдылық деңгейі а) болса және құқықтық критеридің болмау себебінен ол адам есі дұрыс деп танылуы мүмкін. Дәл осылай адам мысалыға мас болуының себебінен өз іс-әрекетінің қабілеттілігін түсінбеуі мүмкін. Бұл жағдайда тұлға қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды және есі дұрыс емес деп танылмайды. Яғни тек құқықтық және медициналық критерилердің қосындысы ғана тұлғаны есі дұрыс емес деп тануға негіз бола алады.Есі дұрыстық сияқты, есі дұрыс еместік те құқықтық түсінік. Сол себепті тұлғаның есі дұрыс немесе есі дұрыс еместігі туралы қорытынды нақты қылмыстық іс бойынша сот (алдын ала тергеу барысында анықтау органы, тергеуші, прокурор) береді. Бірақ өз шешімдерін заңгерлер сот-психиаторлық эксперт қорытындысымен негіздейді. КІЖК байланысты бұндай экспертиза жүргізуге міндетті, егер айыпталушының немесе сезіктінің есі дұрыстығына немесе іс бойынша іс жүргізу кезінде өз әрекеттеріне есеп беру немесе оларды басқару туралы күмән туса. Бірақ анықтаушы тергеуші сот үшін бұндай қорыиынды барлық экспертизалардың қорытындылары сияқты міндетті емес. Олар сот психиатордың экспертиза қорытындысымен келіспеуі мүмкін, бірақ бұндай келіспегендіктің нақты негіздері болуы керек. 1997 ж ҚР ҚК бірінші рет Қазақстанның қылмыстық құқығында ерекше боп пайда болды, есі дұрыстығын нақтылайтын психикасы бұзылған тұлғалардың жауапкершілігі. (17 б).17 б 1 б сәйкес қылмыс жасаған кезінде психикасының бұзылуы салдарынан өзінің іс әрекетінің іс жүзіндегі сипатымен қоғамдық уақытымен толық көлемде ұғына алмаған не оған не болмаған есі дұрыс адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс. Сонымен бірге осы баптың 2 бөліміне сай есінің жоқтығын сыртқа шығармайтын психикалық бұзылуы сот жаза тағайындау кезінде жеңілдетуші мән-жай ретінде ескереді және медициналық мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз бола алады. Сол себепті психиканың бұзылуы деп ҚР қК 17 б 2 б сәйкес есі дұрыстықты жоққа шығармайтын психикалың бұзылуы әрқашан қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін жеңілдетуге міндетті емес. Яғни ҚР ҚК басқа мемлекеттің ФРГ, КР және басқа мемлекеттің КК сияқты тікелей формулировкада жасалған емес. Бұл дұрыс болып табылады, өйткені жазалау барысында сот істің барлық мән жайларын және қылмысекрдің жеке міндеттемелеріне сүйене отырып тиісті жазасын белгілеуге тиіс. Егер психикалық анамалиялар қылмыс жасауға және оның нәтижелерінің болуына әкеліп соқтырған себепті байланыстың негізі болған жағдайда бұл адамның жазасы жеңілдетуі мүмкін. ҚР ҚК 18 бабы былай дейді: Алькоголді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.ҚК бұл бабы паталогиялық емес мастылықиң жай түрін айтып отыр. Жай мастану кезінде өз әрекетіне есеп беру қабілеттілігінен айырылса да өз әрекеттерін басқара алмаса да есі дұрыс еместік деп қарауға жатпайды. Өйткені бұл жағдайда медициналық критерий жоқ, яғни бұл адамда есін шектейтін психикалық бұзушылық жоқ. Мастылық алкогольдік ішімдікті немесе наркоткалық затты пайдаланудан болады және оның мөлшеріне байланысты мастылық жағдайдағы тәртібі болуы. Бұл басқа да факторлармен ерекшеленеді мысалыға оның тәрбиеленуі, культуралық деңгейі және т.б. Бұның барлығы мастылықты психикалық аурудан ажыратуға жол береді. Жай мастылықтан паталогиялық мастылықты ажырата білу тиіс. Паталогиялық мастылық - алкогольді қабылдаудан пайда болатын ауру жағдайы. Психиатрияда бұл мастылық психиканың бұзылуына жатқызылады.

30.Қылмыстың арнайы субъектісі.Арнаулы субъекті болып субъектінің жалпы белгілерінен басқа қосымша белгілері бар тұлға болады. Бұндай қосымша белгілер Ерекше бөлімнің баптарында көрсетілген. Қылмыстың арнайы субъектісін оның белгілерін дұрыс түсіну қылмысты саралауға қажет. Арнаулы субъекті белгілеріне байланысты сипатталады. Олар тұлғаның құқықтық жағдайына, оның қызметтік жағдайына және демографиялық сипатына және субъектінің жәбірленушімен қатынасы. Бұл тұлғалардың жауапкершілігі көзделген қылмыс құралдары - арнаулы субъектілік құрам деп аталады. Сол себепті қылмыс құрамында көзделген арнаулы субъектілердің белгілері болмаған қылмыс үшін жауапкершілік болмайды.Мысалы, егер сот пара алған адамды лауазымды тұлға емес екендігін ангықтаса ол іс тоқтатылуы тиіс, өйткені ҚК 311 бабының субъектісі арнаулы. Қылымстың арнаулы субъекті болып тек қылмысты орындаушы болады. Арнаулы субъектілі қылмыстық қатысушылары ретінде белгілері жоқ тұлғалар да бола алады.

Қылмыстылықпен күресу тəжiрибесiнде қасақана қылмыс жасаған адамның өзiнiң қылмыстық ниетiн жəне ойлаған əрекетiн соңына дейiн толық жүзеге асыра алмау жағдайлары жиi кездеседi. Мұндай жағдайларда қылмыстық əрекет қай сатыда үзiлгендiгiн анықтау қажеттiлiгi туады. Осы мақсатта қылмыстық құқық теориясы мен сот тəжiрибесi қылмыстық заңға сүйене отырып қылмыс жасау сатыларын қарастырады.

Наши рекомендации