Азақстан Республикасындағы медиацияның құқықтық реттелуі: артықшылықтары мен мүмкіншіліктері

[email protected]

Түйін: (10 пт.)

Аталған жұмыстың негізі, ол Қазақстан Республикасындағы құқықтық қатынастарды реттеудің қолданылу аясына өзгері енгізген, оның ішінде медиация түсінігіне анализ жасап, медиацияны ұйымдастыру мен процедуралық аспектілеріне анализ жасаған. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: халықаралық іс жүргізу құқығындағы медиация институтының құқықтық жағдайын зерттеу табылған. Медиацияны әрі қарай дамыту үшін ғылыми-негізделген тұжырымдар жасап, нақты ұсыныстар енгізген. Әлемдік ынтымақтастық қазіргі медиациялық процедура аясындағы нормалардың толық және айқын болмауына байланысты, медиациялық процедураға қатысты механизмді нақтылау қажеттігінің туындауына сәйкес, тез арада барлық мемлекеттер мен аймақтарда міндетті заңды күші жүретін, нормалары айқын және нақты көрсетілген бірыңғай стандарттар қабылдау қажеттілігін қарастырған.

Abstract: (10 pt.)

The main purpose of scientific work: to study of the legal status of mediation institutions in international procedural law. The main method used in the research work: theoretical and methodological techniques such as analysis, comparative and logical method. The main tasks of this article, is that research the concept of mediation in some legal relationships in the Republic of Kazakhstan , so analyse the institutional and procedural aspects of private mediation, to develop and offer evidence-based recommendations for the further development of mediation. The international community should take more clear and specific uniform standards in the implementation of the mediation procedures that would operate in all regions and countries, as necessary to specify the mechanism of implementation of mediation procedures in connection with the fact that modern standards are ambiguities and shortcomings.

Кілттік сөздер: медиация, құқықтық қатынас, құқықтық дау, бітімгершілік, медиатор, қоғам, демократия, заң.

Keywords: mediation, legal relationship, legal controversy, peacemaking, mediator, society, democracy, law.

азақстан Республикасындағы медиацияның құқықтық реттелуі: артықшылықтары мен мүмкіншіліктері

Қазіргі жаңа, яғни қоғамдық қатынастардың субъектілері жүріп-тұру ережесін бекітіп және оларды қадағалауды дербес жүзеге асыра алатын заманда өзін-өзі реттеу механизмі аса үлкен маңызға ие. Азаматтық айналымның қатысушыларының белсенділігі мен жауапкершілігінің артуы мемлекеттің азаматтарға, азаматтық қоғамның институттарының белгілі бір шеңбері аясында өз құзыреттілігінің белгілі бір сатылары бойынша, пайдалану құқығын беру мүмкіндігін туғызады. Халықаралық тәжірибе құқықтық дауларды реттеу мен шешуді аталған шеңбер аясына жатқызады.

Бүгінгі таңда әлемде сот өндірісі және басқа да азаматтық істерді шешу мен қараудың заңды механизмдері құқықтардың, бостандықтар мен заңды қажеттіліктердің бұзылуынан қорғайтын негізгі тәсілдер болып отыр. Дегенмен, жаңа заман талаптарына сай азаматтық қоғамның дағдылы түрде дамуы мен қалыптасуы сол тәсілдердің тиімділігінің жеткіліксіз болып жатқанын мойындау қажет. Басты назар азаматтық-құқықтық даулардың әр түрлі категорияларын реттеу барысындағы заңды органдар қызметіндегі медиацияны дамытуды бағыттауға аударылған.

Әлем бойынша қолданыста ең жиі кезедесетін, дауларды шешудің ең перспективті және альтернативті тәсілдерінің бірі, – ол медиация.

«Медиация» түсінігінің өзі латынның mediare (делдалдық) деген сөзінен бастау алған және бейтарап үшінші тұлға – медиатордың (делдал) қатысуымен жүргізілетін дауды шешудің альтенативті жолы дегенді түсіндіреді.

Қазіргі таңда аталып отырған институт дауларды шешудің ең тиімді және ең заманауи тәсілі болып отыр. Жаһандану заманында азаматтық қатынастар бойынша даулар тек бір мемлекеттің шегінде ғана емес,сонымен қатар шетел элементі шиеленіскен азаматтық іс жүргізу қатынастары бойынша да жиі кездесіп жатыр. Сол себепті Қазақстандағы медиациялық процедураны қолдануды тәжірибеге енгізуді тездетіп, осындай мәселелерді реттеу және шешу үшін барлық мемлекеттерге үлгі болатын халықаралық құжаттар қабылдануы тиіс.

Қазіргі таңда аталып отырған институт дауларды шешудің ең тиімді және ең заманауи тәсілі болып отыр. Бүгіндері медиация процедурасының құқықтық реттелуі тек ұлттық заңнамаларда нақты орын алған, ал халықаралық азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша диспозитивті сипаттағы халықаралық құжаттар қабылданған жоқ. Тек әр сала бойынша халықаралық құжаттардың кейбір бөлімдері және аймақтық халықаралық ұйымдардың сол аймаққа ғана міндетті күші жүретін заңнамалық құжаттары қамтиды.

Демек, 2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық сауда бойынша Комиссиясының халықаралық коммерциялық бітімгершілік процедура туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының барлық мемлекеттерімен ұсынылған Типтік заңы қабылданды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 24.01.2003 жылғы № A/RES/57/18 Резолюциясында халықаралық және ішкімемлекеттік тәжірибедегі бітімгершілік процедурасы сот өндірістеріне балама болып табылатыны жайлы көрсетілген. 2012 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы делдалдық қызметтің тиімділігіне қатысты мәселелер бойынша Басшылығы делдалдық шараларға қолдау көрсететін делдалдар, мемлекеттер мен басқа да субъектілер үшін ресурс ретінде өңделді.

Еуропалық Одақтың «Медиаторлардың өзін-өзі ұстау туралы Кодексі» Еуропа мемлекеттеріне ортақ құжат ретінде қабылданды. Сондай-ақ, ТМД мемлекеттері арасында, азаматтық және қылмыстық іс жүргізу құқықтары бойынша кейбір мәселерде аталып отырған медиация процедурасын қолдану туралы ортақ құжат қабылдау жоспарлануда.

Уақыт өте келе, медиацияның тиімділігі мен өзектілігі Қазақстанды да қызықтыра бастады.

Қазақстандағы медиация институты қызметі келесі заңнамалық актілермен қамтамасыздандырылады:

1. Қазақстан Республикасының медиация қағидалары мен өткізілу тәртібін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындауды ұйымдастыру аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін «Медиация туралы» 2011 жылдың 28 қаңтарындағы Заңы;

2. «Медиация мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Н.Ә.Назарбаевпен қол қойылған 2011 жылдың 28 қаңтарындағы заңы;

3. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Азаматтық іс жүргізу кодексінің кейбір нормалары;

Елімізге жаңадан енуіне орай, отандық ғалымдардың азаматтық қатынастар бойынша қолданылатын медиация институтын зерттеу жұмыстары болмағандықтан, көбінесе шетел ғалымдарының диссертациялық жұмыстарын негізге алдым. С.И. Калашникованың «Азаматтық юрисдикция аясындағы медиация» тақырыбындағы диссертациялық жұмысында медиацияның теориясы мен тәжірибелеріне арнайы арналған бөлімдер бар. А.Н.Кузбагаров жеке құқықтық даулар бойынша тараптарды достастыру мәселелерін оқытуда медиацияның кейбір аспектілерін қарастырған.

Медиация (латынның medius деuty сөзі – екі көзқарастың немесе екі жақтың ортасында болу, орта жолды ұсыну, бейтарапты болу деген мағынаны білдіреді) – бұл, дау – жанжалға қатысушылардың, біріге отырып, пайда болған келіспеушілікті шешу процесі[1]. Айтылған процесстің белгілі бір жетістіктерге жету мүмкіндіктері зор, себебі мұнда ерекше процессуалдық жағдайлармен қатар медиатордың кәсіпкерлік көмегі, жақтардың бір келісімге келуіне бағытталған. Медиацияны кең танылған бітістіру мен табыстыру рәсімдерінің "кемелденген түрімен" салыстыруға болады. Медиация көптеген ғасырлар бойы бейбітшілікті орнықтыру қызмет жолында қолданылғаны мәлім.

Қазақстан өзінің құқықтық қалыптасу кезеңін бастан кешіріп отыр. Қазіргі таңда осыған байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев сот, құқыққорғау органдарының жұмысын жетілдіріп, құқыққорғау саласын реформалаудың байыпты жүргізілуін қатаң қадағалауда. 2011 жылдың 28 қаңтарында Елбасы дауларды шешудің қосымша әдісі ретінде Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңына қол қойды[2].

Бүгінгі таңда, бүкіләлемдік тәжірибе, медиацияның ірі бизнестерден бастап, жанұялық дау – жанжалдарда, айрылысу мен дүниені бөлісу деген сияқты мәселелерде қолданылатынын дәлелдейді. Халықаралық санаққа жүгінетін болсақ, медиация арқылы бүкіл келіспеушіліктердің 30 – 40% өтеді, сонымен қатар, ойдағыдай нәтижеге оның 85% ие болады [3]. Мұндай жетістікке жетудің өзі кездейсоқтық емес, себебі медиация бір шешімге келу мүмкіндіктері тәмәмдалды деген жағдайларында да өз шешімін тауып, көптеген қаржылық шығындарға ұшырамай, және де бос уақытты шығын қылмай, жақсы достық, серіктестік, қарым-қатынастарды сақтап қалумен қатар абыройға кір келтірмеуге мүмкіндік береді.

Медиатордың негізгі қызметі - жақтардың бірлескен қөзқарасқа келуіне барлық күш-жігерін салу. Жақтардың бірлескен қөзқарасқа келуі, олардың алда өткен келіссөздің аса дұрыс нәтижелі болды деген сенімін бекіте түседі. Осындай жолмен жетілген келісімде, жеке арақатынастық мәселелер қарастырылуы, яғни келісімде талқыланған жағдайлар ресми сот талқылау кезінде сытрқа шығарылып айтылмауы әбден мүмкін. Жетілген келісімнің жеке арақатынастық мәселелерге қатысты болуы, келісімнің аса берік болуына негіз болады.

Медиация түсінігі XX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып дами бастады. Ең алдымен АҚШ, Австралия, Ұлыбританияда, кейіннен Еуропа мемлекеттеріне таралды. Әрине, алғашқы медиацияны дауларды шешуде қолдану неке-отбасылық қатынастарында болды. Осы үдеріс уақыт өте тек аталып өткен неке-отбасылық қатынастарында ғана емес, сондай-ақ көпжақты сауда және жария ауқымындағы дау-дамайларды да қамтып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Халықаралық тәжірибеде медиацияны заңдастыруға байланысты мысалдар жеткілікті. Сәйкес актілер АҚШ, Австрияда, Германияда қабылданған. Еуропалық комиссия медиатор Кодексін бекітті, ал Еуроодақ медиаторлар қызметін реттейтін директивалар қатарын басып шығарды. Медиация туралы типтік заң БҰҰ халықаралық сауда құқығы бойынша комиссия басшылығымен жасалынды. Оның түсініктемелік жазбасында осы институт қолданыста бар мемлекеттердің медиация барысындағы жеткен заңдық тиімділігі бойынша үлгілер және келісімнің міндеттемелері мазмұндалған[4].

Кейбір сарапшылар медиацияның ҚР-да даму мүмкіндігінің аздығын мәлімдейді. Мұндай мүмкіндіктің аз болуы, жақтардың тым ашушаң әрі сенімсіз болу себебінде деген ой – пікірлер аз емес. Сонымен қатар РФ-да медиаторлар саны 100 млн долларға жететін келіспеушіліктерді айтарлықты жоғары дәрежеде қарастыруда, алайда бастапқыда, дауласып жатқан компанияларды бітістіру мүмкіндігі тым аз болған еді. Сенімсіздік көзқарастағы сарапшылардың пікірлерін өзгертуге Қытай елінің медиацияны дамытудағы үлгісі негіз болады. Қытай елінің өкіметі 10 жыл ішінде медиацияға деген қызығушылықтың туындауына қол жеткізді. Қазіргі таңда медиация арқылы келіспеушіліктердің 40% қарастырылудың нәтижесінде, елді жаулап алған корпоративтік жанжалдардың мәселесі шешілді. Медиациямен ондаған мемлекеттік жүйелер мен жеке мекемелер көптен бері айналысады. Ең танымал болған медиация орталықтары - Ұлыбритания, Франция және де Италия.

АҚШ –та соттардың қарамағында медиация арқылы келіспеушіліктерді қарастыруға арналған орталықтар мен кеңестері құрылған, ал медиаторлар ретінде экономиканың, құқықтың және де өндірістің әртүрлі салаларында құзырлы әрі беделді адамдары таңдалған.

Біздің елде медиация сияқты келіспеушіліктерді қарастырудың альтернативтік инструментінің дамуы - өркениетті құқықтық кеңістіктің әрі жоғары сатылы демократиялы қоғамның көрсеткіші болып табылады.

Медиация дауларды шешудің алтернативті жолы ретінде дауласушы жақтардың ұзақ және қымбат сот рәсімдерінен бас тартуына және медиатордың көмегімен дауды бейбіт шешуге мүмкіндік береді. Бүгіндері күн тәртібінде заңдағы медиацияның тәжірибесін дұрыс бейнелеу және оны тарату мәселесі тұр.

Қолданбалы рәсімдер үдерісінде қатысу шарттарының бірі жақтардың келісімді түрде өз еркін білдіруі болып табылады. Сонымен қатар, жақтар кез келген уақытта медиация жалғастығынан бас тартып, сотқа жүгіне алады. Медиатор алаламайтын, тәуелсіз және жақтардан бейтарап болуы тиіс және дауласушы жақтардың біріне жағымды қарым-қатынас танытуға тиіс емес. Медиацияға қатысу артықшылықтарының тағы біреуі үдерістің құпиялылығы болып табылады. Медиация институты қазақ қоғамына жат емес. Ұлтымыздың тарихында билер институты болған. Билердің негізгі шешетін мәселесі келген шығынды қалпына келтіріп, дауласушыларды бітімге жеткізіп, екі тарапты да қанағаттандыру.

«Медиация туралы» Заң жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды шешуге қолданылады. Әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың мүдделеріне қатысты, тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын дауларға, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы істер бойынша қолданылмайды. Медиаторлар тізіміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор) және кәсіби емес негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін. Қырық жасқа толған және кәсіпқой емес медиаторлар тізімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін кәсіби емес негізде жүзеге асыра алады. Ал, негізінен медиатор болу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіппен даярлау бағдарламасынан өткендігі жөнінде сертификат алуы, жоғары білімі болуы шарт. Ол адамның жиырма бес жасқа толуы және кәсіпқой медиаторлар тізімінде тұруы қажет [5].

Кезінде Авраам Линкольн: «Соттасудан аулақ болыңдар. Өз қарсыласыңызды бітімге келуге көндіріңіз. Соттағы бір жеңісіңіз – шығындар мен уақытты жоғалтудағы нақты жеңілісіңіз болып табылады»,- деген екен. Бұған дауласушы адамдардың жақсы, өркениетті қарым-қатынастарының жоғалуын, олардың жалпы өмір сапасының (денсаулық, еңбектегі табыс және т.б.) нашарлауын қосыңыз. Заң ережелерін қолданысқа барынша белсенді түрде енгізу, оның өміршеңдігін қамтамасыз ету, қоғам мен халық үшін жасалған игілікті іс болмақ.

Бұлай тұжырым жасауға негіз де бар, себебі, бұл заң: «Қазіргі таңда соттарға түсіп отырған өте жоғары іс жүктемесін кемітіп, сот төрелігінің сапасының артуына, сыбайлас жемқорлық көріністеріне, құқықбұзушылықтары мен қылмыстарына құнарлы негіз болып отырған жайттардың жолын кесіп, кемітуге септігін тигізері анық деген сенімдеміз»,- деген кіріспе сөзбен ашты. Аталған заң даудың бітімгершілік жолмен екі жаққа бірдей тиімді шешілуіне, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ қылмыстық құқықтағы жеңіл дәрежедегі қылмыстар бойынша жәбірленушілер мен айыпталғандардың кешірімге келуіне, қылмыстық құқықты ізгілендіруге ерекше үлес қосары сөзсіз.

Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциялық талаптарына сай, соңғы кездері сот істерін баламалық негізде шешуге айрықша көңіл бөлінуде. Соған бірден-бір лайықты жол – дауды бітімгершілікпен шешуді сот өндірісіне енгізудің қажет екендігі халық болып талқыланды. Бұл заң алдағы уақытта халық пен сот билігі арасындағы ашықтық пен жариялылықты, әсіресе қарапайым халықтың соттарға деген сенімін одан сайын арттыра түспек. Өйткені дауларды сотқа дейін бітімгершілікпен шешу тәсілін заң жүзінде енгізу, оны халық арасында жариялы түрде талқылау, сондай-ақ дау шешімдерінің бірнеше баламалы институттарын енгізу идеясы, дауласушы тараптардың дауы қиын жағдайда осындай тәсілмен тиімді жол табуға мүмкіндік туғызатынын өмірдің өзі көрсетіп берді.

Дауларды сотқа дейін баламалы негізде шешудің конституциялық негізгі принципі Қазақстан Республикасы Конституциясыны 13-бабының 1-бөлігінде «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы» екені анық көрсетілген [6]. Бұл – әр азаматқа қатысты даулы істі бітімгершілікпен шешуге сілтеме беріп тұрған айқын да анық құқықтық тұжырым.

Соның ішінде еліміздің сот төрелігіне медиация институтын заңдылық тұрғыдан енгізу, оны айналымдағы заңдармен тең дәрежеде қолданудың негізгі принциптері, рәсімдері, медиатордың құқығы мен міндеттері, конфиденциалдығын сақтау жөніндегі кепілдік және келісімді бекітудің тәртібі, сондай-ақ қоғамдық ортада орын алған әртүрлі дауларды шешуде бұл тәсілдің тиімділігі жоғары екенін көрсеткен бірқатар елдердің тәжірибесі жан-жақты түрде бағамдалды.

Осы медиация, яғни бітімгершілік – біздің ата-бабаларымыз Қазақ елінің дәстүрлі құқығының негізінде мыңдаған жылдар бойы ұстанып келе жатқан бітімгершілік жолы. Ендеше, медиация бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің өркенді жолын жақсы қырынан дамытуға, оның саяси құқықтық тұжырымдамасы мен баянды бағдарламаларына мінсіз қызмет көрсететінін нық сеніммен айтуға әбден болады.

Бүгінгі заман талабына сай және сот реформасын одан әрі тереңдету мақсатындағы осы жылдың тамыз айының басынан қолданысқа енгізілген «Медиация туралы» заңның қоғамдағы құқықтық қатынастарды реттеудегі маңыздылығы туралы айтқанда, осы заңның қыл­мыстық істер бойынша қолданылуы жайлы тоқталайық.

Өздеріңіз білетіндей, осы 2011 жылдың 18-қаңтарынан қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қылмыстық заңнаманы либерилизациялау жүзеге асырылды. Бұл деген еліміздің сот жүйесіне медиация институтын енгізу – мемлекет тарапынан атқарылып жатқан заңнаманы жетілдіруге, сот беделін кемелдендіруге өз уақытында қосылған жетістік.

Аталған институтты талдау нәтижесі бойынша, азаматтық іс жүргізу құқығында медиацияны қолдану мен оны әрі қарай дамытуға байланысты келесідей қорытынды тұжырымдар жасадым:

Біріншіден, әлемдік ынтымақтастық қазіргі медиациялық процедура аясындағы нормалардың толық және айқын болмауына байланысты, медиациялық процедураға қатысты механизмді нақтылау қажеттігінің туындауына сәйкес, тез арада барлық мемлекеттер мен аймақтарда міндетті заңды күші жүретін, нормалары айқын және нақты көрсетілген бірыңғай стандарттар қабылдау қажет.

Екіншіден, медиацияның нақты анықтамасын көрсететін және процедураның ұйымдастырылуын реттейтін халықаралық Конвенция қабылдау керек.

Үшіншіден, мемлекет ішінде және одан тыс азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша туындап жатқан мәселелерді реттеп, заңдылығын қадағалап отыратын арнайы халықаралық ұйымдар құру қажет.

Төртіншіден, ҚР «Медиация туралы» Заңының кейбір нормаларын өзгертіп, басқа да ұлттық заңнамалардағы медиацияға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

Ал азаматтық және әкімшілік істерде көбіне қағаз жүзіндегі құжаттамалар басымдылыққа ие болады. Сондықтан, «Медиация туралы» заңның, яғни бітімгершіліктің қылмыстық іс жүргізу заңнамаларында кеңінен қолданылуы – қоғамда орын алатын қылмыстық құқықты барынша ізгілендіруге, сондай-ақ сот беделінің үнемі артуына айрықша үлес қосады деп білемін.

Наши рекомендации