Текстиль материалдарын стандарт бойынша сапасын бағалау

Жұмыстың мақсаты:Текстиль материалдарын стандарт бойынша сапасын бағалау

Текстиль материалдарының сортын анықтау:

Мата сорты жалпы ақау санына байланысты анықталады-Побщ.

Ал ол өз алдына сыртқы түрінің ақауларын бағалау-Пв.в және физико-механикалық қасиеттері мен нормативтік көрсеткіштерге сәйкес келуімен бағаланады-Пф.м.

Побщ=Пв.в+Пф.м

Қолданылатын стандарт бойынша әр мата үшін ақау саны әр түрлі болады.

таблица 7.3.1

Материал сорты Мақта матасы Жүн матасы Жібек Зығыр Тоқып тігілген жайма
1-2 гр. 3-4 гр.    
- -  

Текстиль материалдарын физико-механикалық қасиеттері бойынша бағалау: Әр текстиль материалдары үшін стандарт бойынша нормативтік көрсеткіштер мен физико-механикалық қасиеттер қойылады. Олар мата сапасына кепілдік береді. 2-сорт материалдарының кейбір ақаулары үшін стандарт белгіленген. Ал 1-сорт материалдары үшін нормативтік көрсеткіштер мен физико-механикалық қасиеттерден ауытқуы болмау керек.

таблица 7.3.2

Көрсеткіштер аталуы Зығыр,жартылай зығыр Тоқып тігілген жайма
Ені 1,5 - 1,5  
Келетін жіптер саны - -
Үзу жүктемесі
Беттік тығыздығы -
Тігіс тығыздығы -

3) Бояуының беріктігі бойынша материал сортын бағалау:

Бояуының беріктігі бойынша маталар қойылған нормаларға сәйкес келуі керек. Мақта маталары үшін: МеСТ 11151077, МЕСТ 135027, МЕСТ 2846-82, МЕСТ 7913-76, МЕСТ 12930-67

Зығыр маталары үшін: МЕСТ 7780-87, МЕСТ 9591-78

Жібек маталары үшін: МЕСТ 7779-75, МЕСТ 23433-79

Трикотаж үшін: МЕСТ 2351-88

Физико-механикалық әсерлерге байланысты трикотаж материалдары үшін үш топқа бөлінеді: 1. КО-кәдімгі беріктікті боялған маталар

2. ПК-берік боялған маталар

3. ОПК-өте берік боялған маталар

Мата бояуының беріктік тобына және қолданылуына байланысты жоғарыда айтып кеткен стандарттар беріктік-бояу нормасын физико-механикалық әсерлердің түріне қарай балл түрінде қойылады. Барлық тоқыма материалдары үшін жүн және жартылай жүн маталары үшін бояуының беріктік нормасынан ауытқу болмайды. Бейматалар үшін бояу беріктігі сортын анықтау кезінде ескерілмейді. 2-сортты жүн және жартылай жүн маталары үшін бояу беріктігі ОК тобы бойынша нормадан 1 баллға төмендетіледі. Ал 1 сорт бойынша бұл көрсеткіштер 3 баллға төмендетіледі.

Материалдың сыртқы түрінің ақауларын бағалау ерекшелігі. Материалдың сыртқы түрінің ақаулары көрсеткіш экранда немесе өлшеуіш столда матаның сыртқы жағын тексеру арқылы анықтайды.

Матаның сырт жағындағы ақаулары барлық матада таралған түрде болады. Берілген учаскеде орналасқан ақаулар ретінде болады. Материалды тексерген кезде табылған ақауларға баға беріледі. Ақау түрі мен мата түріне байланысты баға беріледі.

Мыс: астарлық матаға жіберілетін ақау, жоғарғы киімге арналған матаға жіберілмейді.Текстиль материалдардың сыртқы түріндегі ақауларды бағалау, ақаулардың жалпы санымен жүргізіледі – Пв.в.Сонымен сыртқы түрінің ақаулары саны келесі формуламен анықталады:

Пв.в =Пр+Пу.м

Пу.м=Пф*Lу/Lф

Пр-матаның сыртқы түріндегі таралған ақауларды бағалау

Пум-белгіленген жергілікті ақаулар түрі

Пф-жергілікті фактілі ақаулар

Lу-бөлік ұзындығы

Lф-фактілік ұзындығы

Мата Ені, см Кесектің шартты ұзындығы
Мақта мата,химиялық талшықтар мен аралас   Сол кесілген түгімен   Жүннен жасалған Жібектен жасалған 1 және 2 топ   3 және 4 топ 80-ге дейін 80-100 100-ден аса 100-ге дейін 100-ден аса Барлық ендер 100-ге дейін қоса 100-ден жоғары 130-ға дейін қоса 130-ға дейін қоса 130-дан жоғары  

Сыртқы түрі Пвв порогінің суммарлық бағасы Пвв=Пр+Пум формуласымен есептеледі. Пр-матаның сыртқы түріне таралған пароктар бағасы.

Мақта матаның сорттық бағасының ерекшеліктері. Мақта мата, аралас және химиялық талшықтардан жасалынған маталар 4 топқа бөлінеді: 1-көйлектік, киімдік және қолданбалы жихаздық;

2-ішкиімдік;

3-астарлық, матрацтық, жастық тыстық, тауарлы дөрекі және төменгі сортты мақтадан жасалған маталар;

4-қырқылған түкті.

Жібек маталарының сорттық бағалануының ерекшеліктері. Жібек маталары 4 топқа бөлінеді:

1-көйлектік, костюм көйлектік, пальтолық және басқа сырт киімдер үшін;

2-астарлық, одеалдық, жихаздық, аяқ-киімдік, бас-киімдік, корсеттік, пижамалық, шомылу костюмдік,маркировкалық;

3-түкті сырт киімдік, көйлектік, ауыстыруға арналған;

4-түкті аяқ-киімдік, ойыншыққа арналған, киімге арналған.

Зығыр маталарының сорттық ерекшеліктері. Зығыр маталары 7 топқа бөлінеді:

1-үстелдік;

2-іш киімдік;

3-орамалдық;

4-киімдік;

5-декоративтік;

6-төсемелі және қаптаулық;

7-техникалық.

Жүн маталарының сорттық ерекшеліктері. 2-сортты жүн матасына нормативтен физико-механикалық қасиеттерімен, бастырылған матада таралған пороктің бірден аспауы керек. Рұқсат етілген физико-механикалық 2-сортты матадағы минимал ауытқу 1-сорт матада желіс және арқаудың тығыздығы, күштік айырылуына және ұзаруына, беттік тығыздығына 1-сортқа рұқсат етілген ауытқудың жартысынан аспауы керек.

Тоқыма маталарының сорттық бағасының ерекшеліктері. Физико-механикалық қасиетінің көрсеткіші бойынша және бояудың тұрақтылығына байланысты тоқыма кездемелері нормативке сай келуі керек, кездемеге арналған стандарт немесе техникалық шартта қарастырылған. Бояу тұрақтылығы МЕСТ 2351-88-ге сай келуі керек.

Кездеменің сорты әр квадрат метрге бөлек тағайындалады. 1 м2 іш киімдік кездемеге сегіз пороктан, 2-сортқа –3 тен, сырт киімдік кездемеде 1 және 2 сортқа –3 тен аспауы керек.

Жұмыс нәтижесі 7.3.4 формалы түрде келтіріледі.

Наши рекомендации