Quot;Цесна-Астық" Коцерні" ЖШС-нің жұмысының түсіндірме қағазы
Кіріспе
Ұн − ең бағалы дәнді ұнтақтау арқылы алынған өнім. Бұны нан пісіруде, макарон, кондитерлік өнімдерді және тағы басқа тамақ өнімдерін жасауға пайдаланылады. Ұннан жасалған өнімдердің тағамдық құндылығы өте жоғары болады және жеңіл сіңіріледі, сондықтан ұннан ең көп жасалынатын өнім − нан, адамның тамақтануында ең басты орын алады.
Қондырғылардың техникалық қызмет көрсету сферасындағы маманның басты міндетіне әртүрлі технологиялық үдеріс кездеріндегі сол жабдықтардың жалпы сипаттамасы мен олардың қолданылу бағытын, оның шикізатты өңдеу кезіндегі аралық және соңғы нәтижелерге әсерін толық білу жатады.
Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында мемлекет күшінің басты назары ауыл шаруашылық өндірісіндегі екі негізгі салаға мал және өсімдік шаруашылықтарына аударылған.
Қазақстанның астық өндірісі мұнай өндірісімен қатар стратегиялық болып табылады. Сондықтан «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында астық азық-түлік нарығының негізін құраушы ретінде қарастырылады. Аграрлық кешеннің басты тапсырмасы халық сұранысына сәйкес нарықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл тапсырманы орындау көбінесе астық шаруашылығының тиімді жұмыс істеуіне байланысты. Астық шаруашылығының дамуы елдің политикалық, экономикалық тұрақтылығын және азық-түлік қауіпсіздігін анықтайды.
Техникалық базаның даму тиімділігі және астық шикізатын өңдеу мәселесінің шешімі көбінесе астық өңдеу кәсіпорындарының жобалау және құрылыс дәрежесімен анықталады. Технологиялық процесстердің қарқынды дамуын, өндіріс процесстерін автоматтандырылуын және жаңа техниканы есепке алсақ, жаңа кәсіпорындарды жобалау және істегі кәсіпорындарды қайта қаруландыру қажет болып табылады.
Сонымен қатар мемлекеттік жоспарлы экономика нарықтық қарым қатынастарға көшуіне байланысты, әрбір кәсіпорын өз жұмысын жоспарлауда және өнімдерін сатуда еркіндік алды.
Тұтынушы ұн түрін және өндірушіні ерікті түрде таңдаған кезде, оның сұранысы өнімнің сапасы мен бағасына негізделеді. Өндірілетін өнімнің тұрақты жоғары сапасы және бәсекеге түсе алатын баға ұн зауытының тиімді жұмысының негізі болып табылады.
Әр түрлі ассортименттегі және сападағы ұнды өңдеу үшін дәннің әр түрлі ұн тартуларын пайдаланады. Ұн тарту дегеніміз берілген ассортиментте және сапада бидайды ұнға тарту операцияларымен технологиялық процесстердің бір ізді, үйлесімді жиынтығы.
Индустриалдық-иновациялық даму стратегиясына сәйкес аграрлық кешенге жалпы және отандық өнім өндірушілерге арнайы көмек көрсету шаралары қарастырылған. Қазіргі кезде ұн өндірісінің жаңартылуы жүргізіліп жатыр.
quot;Цесна-Астық" Коцерні" ЖШС-нің жұмысының түсіндірме қағазы
«Цесна-Астық» Концерні – тауар айналымы көлемі бойынша елдің жүз ірі компаниясына енетін, Қазақстанның астық өңдеу саласындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорын. Инновацияларға зеректігі және ұсынып отырған өнімдерінің жоғары сапалылығы Қазақстанда 90-шы жылдары ұн нарығында төңкеріс жасаған компанияны ерекшелендіреді. Көптеген шет елдерде "Цесна" ең жоғарғы сапалы ұнның эталоны болды.
Концерннің құрылымы өзіне бірнеше еншілес және серіктес кәсіпорындарды енгізеді. Жинақтала келе олар технологиялық өзара байланысты өндірістік және тұрмыстық тізбекпен интегралды агроөнеркәсіптік холдинг құрады. Бұл шикізатты өндіру сәтінен бастап, өнімнің соңғы сатып алушысына жеткенге дейінгі барлық бизнес-процесстерді бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Өнімнің ассортиментін есептегенде шамамен 200-ге жуық атауы бар, соның ішінде: сұрыптамалы бидай ұны, макарондар, нан-тоқаш өнімдері, жармалар, құрама жемдер, сондай-ақ, "Денсаулық өнімдері".
Компанияның пайда болу тарихы, сонау 1969 жылдары, Қазақ ССР Целиноград қаласындағы Целиноград нан қабылдау пунктін пайдалануға бергеннен басталады. Даму жылдарында "Цесна-Астық" Концернімен ескі өндірістік қуаттылықтардың көп бөлігі, қайта құрылып, жаңартылған, жаңа нысандар құрылып, енгізілген, алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілердің "«Buhler», «Wachtel», «Fawema», «Ocrim»" атты компанияларының заманауи жоғары технологиялық жабдықтарымен жарақтандырылған. Холдингтің құрылымына енетін нан зауытында қалыпты нан, сопақша және дөңгелек қара бидай нанын пісіріп шығаратын жаңа желілер орнатылған, ұнды ыдыссыз сақтау цехы іске қосылды. Азық-түлік саясатындағы негізгі мақсат, табиғи және пайдалы өнімді дамыту болып табылады. Нарыққа соңғы ұсыныстардың бірі жоғары рецептуралы, дәнді«Финский», «Фьйорд», «Восточный» нандарының тізбесі болды.
2006 жылы Концерн әлемдік нарықтағы көшбасшы «Buhler» компаниясының жабдығымен жарақтандырылған, заманауи диірмен-макарон кешенін іске қосты. 2010 жылдан бастап, өз өніміне жоғарылап жатқан сұранысты толық түрде толтыруға мүмкіндігі болмасада, диірмен-макарон кешені толық өндірістік қуаттылықта жұмыс атқарады. 2011 жылғы қазан айында «Buhler» фирмасымен макарон өнімдерін өндіру бойынша желіні орнату туралы жаңа келісім жасалған, ал 2012 жылы қарашаның 30-да жаңа желі іске қосылды. Осы кезден бастап, күніне қазақстан өндіріп шығарған ең үздік 100 тонна макарон өнімдері республиканың нарықтарына ғана емес, сондай-ақ, таяу және шет елдерге жіберіледі. "Цесна" сауда белгісінің танымалдылығы: Ресей, Грузия, Молдава, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия, Ауғаныстан, Оңтүстік Корея елдерін қамтиды.
Делдалдық санын қысқарту, өнімнің сапасын бақылау және оны тиімді сату нүктелеріне тарату мақсатында, "Цесна-Астық" Концерні дистрибуция бағытындағы қызметті дамытуда. Осылайша, Қазақстанның бүкіл қалаларындағы ресми серіктестік орталықтарынан басқа, Алматы, Астана, Қарағанды және Көкшетау қалаларында дистрибуцияға жауапты жаңа кәсіпорын компаниялары ашылуда.
Өндірістік алаң Астана қаласы, Ақжол көш. 24 мекен-жайы бойынша орналасқан.
№1 Диірмен зауыты, "Цесна-Астық" Концерні" АҚ
№1 Диірмен, өнімділігі тәулігіне 300 тонна, астық элеватордың жоғарғы галереясынан келіп "қара шұңқыр" аталатын бункерлерге түседі. Дәнді дайындау бөлімінде астықты скальператорлар, електер, тас бөлгіштер, триерлер сияқты машиналарда қалдықтардан тағы бір тазалайды. Содан соң дәннің бетін дуаспиратор деген обойкалық машиналарда өңдейді.
Тазаланған дәнді жуу машиналарында ылғалдандырылып, "бүктіру шұңқырларына" салынады, әдетте бір рет жуылған дән стандартты ылғалдылыққа сәйкес келмегендіктен үдеріс екі рет қайталанады. Майдалауға дайын болған астық ұн зауытының майдалау бөліміне түсіп, онда білікті станоктар, рассевтер, ауалы-електі машиналарда қайта өңделеді. Дайын өнім қаптау бөліміндегі қаптарға қалталауға жіберіледі.
Атмосфераны дәнді немесе ұнды шаңмен ластануы көздері аспирационды және пневмотасымалдаушы жүйелер болып табылады.
Атмосфераға түспес бұрын ластанған ауа 4БЦШ типті циклондардан тазартудан өтеді.